Тақырыбы: Сіреспе қоздырушысы және ауруды балау әдістері

Сабақтың мақсаты: Сіреспе қоздырушысының биологиялыққасиеттерін зерттеу және сіреспе ауруының зертханалық балау (диагностика) әдістері игеру

Негізгі сұрақтар:

1. Сіреспенің қоздырушының ашылу тарихы.

2. Ауруға сипаттама (клиника, ағымы, эпизоотологиялық мәліметтер, патологоанатомиялық суреті).

3. Қоздырушының қасиеттері және аурудың патогенезі.

4. Сіреспенің зертханалық диагностика әдістері.

Оздырушы және оның қасиеттері

Clostridium tetani

Сіреспенің қоздырушысы – қозғалғыш, ұштары дөңес, ұзындығы 4-8 мкм және ені 0,4-0,6 мкм болып келетін таяқшалар. Патологиялық материалда (жараның тереңінен алынған ірің және т.б.) клетканың шетінде орналасқан спорасы бар (сондықтан барабан таяқшаларына ұқсайды) әжептәуір ірі таяқшалар түрінде көрінеді. Барлық анилин бояуларымен жақсы боялады. Дегенмен

жағындыны Грам бойынша бояған жөн – грамоң боялады. Ескі өсінділерінде грамтеріс өкілдері де кездеседі. Әйтсе де бактериоскопиялық әдіс сенімсіз, сіреспе қоздырушылары тым аз болуы салдарынан микроскоп арқылы табылмауы да мүмкін.

Clostridium tetani – қатаң анаэроб. Биік пробиркаларға құйылған, құрамында редуциялаушы заттары бар (глюкоза, бауыр немесе ет кесінділері) сұйық қоректік орталардың түбінде жақсы өседі. Сіреспе қоздырушысын өсіру үшін Китт-Тароцци, Цейсслер, Мартен, ми қосу арқылы жасалынған қоректік орталарды пайдаланылады. Ортаның оптималды рН-ы 6,8-7,4; температурасы

– 35-370С. Агарда жекелеген мөлдір немесе сұрғылт, шеттері тегіс емес шоғырлар түзеді. Қан қосылған агарда әр шоғырдың айналасында гемолиз аймағы байқалады. Агар бағанында бұршақ жапырақтарына ұқсаған (R-пішін) немесе ортасы тығыз құс мамығына (S-пішін) ұқсаған шоғырлар түзеді. Желатин бағанында 5-6 күннен кейін шырша тәрізді болып өсін береді, желатин сұйылады.

Clostridium tetani-дің ферментативтік белсенділігі мардымсыз – моносахаридтер мен көптомды спирттерді ыдыратпайды. Бауыр бөліктері салынған сұйық қоректік ортада өсіргенде немесе пісірілген жұмыртқаға себінді жасаған кезде протетеолиз болмайды. Тек кейбір жекелеген штамдары ғана глюкозаны ыдыратады. Барлық штамдары сүтті ұсақ түйіршіктер түзе отырып баяу ашытады.

Сіреспе қоздырушысы екі компоненттен тұратын күшті у түзеді: тетаноспазмин (нейротоксин) және тетаногемолизин. Тетаноспазмин адамдар мен жануарлардың жүйке жүйесіне әсер етуімен және көлденең жолақ бұлшық еттердің жиырылуына әкеп соқтыруымен басты өлімге ұшырататын компонент болып табылады. Тетаногемолизин жануарлардың барлық түрінің эритроциттерін ерітіп жібереді.

Ауру ағымы

Аурудың жасырын кезеңі 1-3 аптаға созылады, кейде алғашқы белгілері жарақаттанғаннан кейінгі бірнеше күн ішінде де байқалуы мүмкін. Ауру ағымы жіті: 7-10 күн, кейде одан да қысқа. Осы уақыт ішінде жылқы өлмесе, әдетте, суығуға бет бұрады. Алайда баяу, біртіндеп сауығады. Бірталай уақытқа дейін жануардың жүріп-тұруы және азықтануы, әсіресе азықты шайнауы қиын болады.



Аурудың осындай салдары 1-1,5 айға дейін жалғасуы мүмкін. Өлімге ұшырау қаупі жоғары, 50 % және одан жоғары.

Клиникалық белгілері

Ауру жануардың жүрісінен жаңылып, шатқаяқтауынан басталады. Аяқтарының иілуі нашарлауы салдарынан лақтырып, кең тастап қозғалады. Әсіресе бұрылуы мен артқа қарай отыруы қиындайды. Бүкіл денедегі бұлшық еттер тартыла бастайды да ақырында қатайып, қимылы азаяды. Осының салдарынан сіреспеге ұшыраған жануардың түр-сипаты белгілі: басы мен мойны алға және жоғары созылады (опистотонус), жағы қарысады (тризм), танауы делдиеді, құлақтары қимылсыз қалады, құйрығы қатты, көтеріңкі және созыңқы, үшінші қабағы салбырап, көзінің бір бөлігін жауып қалады, қарашығы кеңейеді. Аяқтары қатаяды және шатқаяқтап тұрады. Аракідік бұлшық еттердің қатайуы босаңсиды, бірақ қандай да бір тітіркенуден кейін (сипау, дыбыс, жел) қайтадан тартылады. Тыныс жолдарындағы бұлшық еттердің тартылуы салдарынан тыныс алуы үстіртін және жиі. Дене температурасы қалпында болады, өлуге таянғанда көтерілуі мүмкін.

Ауру қоздырғышын жұқтыру жануарды пішу, жүн қырқуда қайшымен жарақаттау, қозылардың құйрығын кесу кезінде асептика мен антисептика ережелерін тиісінше сақтамаған күнде жүзеге асады. Осыған байланысты қойлардың сіреспемен ауруы жоғарыдағы операциялардың өту кезеңіне байланысты маусымдық сипатқа ие.

Патологоанатомиялық белгілері

Патологоанатомиялық сойып зерттеу арқылы бұл ауруды балауға септігін тигізетін көзге түсе қоятын айрықша өзгерістерді атап айту қиын. Кейде кілегей қабықтардың көгергенін, тері асты клетчаткасындағы қан тамырларының қанға толып қалғандығын, қошқыл, нашар ұйитын қанды аңғаруға болады. Кеуде және құрсақ қуыстарында әртүрлі мөлшерде мөлдір, сарғыш түсті жалқаяөты кездестіруге болады. Қайбір жағдайда осы өзгерістерге өкпенің домбығуы қосылады: өкпесі ұлғайып, қамыр тәрізді күйге енеді, түсі күңгірт қызылданады, кескенде көбікті қан ағады. Жүрек бұлшық еттері майлы дегенерацияға ұшырайды. Эпикард пен эндокардтың асты қанталағанын көруге болады. Орталық жүйке жүйесінде де аздаған өзгерістерді байқауға болады. Кейде ми қабының қан тамырлары қанға толады, қанталау немесе нүктелі қанталау мидың өзінде де кездесуі мүмкін. Әйтсе де мидағы бұл



өзгерістер үнемі кездесе бермейді, көбінесе сойып зерттеу кезінде ми мен жұлында тіпті микроскоптық өзгерістерді аңғару мүмкін емес.

Індеттік мәліметтер және жұғу жолдары

Сіреспе клостридалары өте кең таралған. Топырақ, шаң-тозаң, малдардың қилары, әсіресе жылқының қиы – сіреспе қоздырғышының спораларымен көп жағдайда ластанған болып келеді. Осыдан барып жарақаттарға қоздырушының жұғу мүмкіндігі арта түседі. Бірақ қоздырушының кең таралғанына қарамастан малдардың салыстырмалы түрде бұл ауруға сирек шалдығуын қоздырғыштың өсіп-өнуі үшін айрықша ауасыздық жағдайдың (терең шаншылған немесе жыртылған жарақаттар) қажеттігімен, осыған байланысты ауасыздық жағдай жоқ үстіртін, беткейлік жарақаттарда оның тіршілік етуі мен у түзуінің мүмкін еместігімен түсіндіруге болады. Сондай-ақ жұтқыншақ пен ішектегі лимфа түйіндері арқылы аутоинфекцияның дамуы мүмкін. Егер бұл жерлерде клостридалар көбейіп және у түзетін болса ол организмге тарап, жануар уланады.

Ауруды балау барысында нені ескеру керек

Сіреспені балау кезінде клиникалық белгілердің шешуші маңызы бар. Клиникалық белгілердің ішінде бүкіл денедегі бұлшық еттердің тартылуы, соның салдарынан құйрық, бас, құлақтар, танаулары, үшінші қабақтары, аяқтарының өзіне тән ерекше кейіпке енуінің балаулық маңызы бар. Жануар шатқаяқтап, тәлтіректеп қозғалады, әсіресе бұрылғанда және артқа қарай отырғанда қиналады. Сіреспені бұлшық еттің жіті ревматизмімен (мұнда да жануардың бұлшық еттері жиырылып, қимыл-қозғалысы қиындайды) шатастыруға болады. Бірақ ревматизм кезінде бұлшық еттер ауырсынғыш және қоршаған ортадағы қандай да бір рефлекторлық тітіркендіргіштердің салдарынан жиырылуы күшеймейді. Ауруды балауға клиникалық белгілер жеткіліксіз болған жағдайда (әдетте осы белгілер ауруды күмәнсіз балауға жеткілікті) зертханаға бактериологиялық зерттеуге сіреспе қоздырушысы бар деп күмәндәнған жарақаттан алынған жалқаяқты жібереді. Өлекседен де осы қоздырушы бар деп күмәнданған жарақаттан материал алады. Ол үшін жарақаттанған жерді маңындағы ұлпаларымен анағұрлым терең бойлап кесіп алып, 30 %-дық стерильді глицерин ерітіндісінде зертханаға жібереді.



Тақырыбы: Сіреспе қоздырушысы және ауруды балау әдістері - student2.ru

Наши рекомендации