Тақырыбы: Лептоспироз қоздырушылары және лептоспирозды балау әдістері

Сабақтың мақсаты:лептоспироз қоздырушыларыныңморфологиялық, биологиялық қасиеттерін зерттеу, лептоспирозға диагноз қою әдістерін игеру.

Кілт сөздер:лептоспироз,лептоспира,морфология,патогендіфакторлары, лептоспироз патогенезі, диагностикасы

Негізгі сұрақтар:

1. Жануарлар лептоспирозы қоздырушыларының морфологиясы және биологиялық қасиеттері.

2. Лептоспироз кезіндегі аурудың дамуы (патогенезі), клиникалық көріністер және патологанатомиялық өзгерістер.

3. Лептоспирозды бактериялогиялық балау

4. Лептоспирозды серологиялық балау.

Лептоспироз -аз уақыттық безгекпен,қан аздықпен(анемия),кілегей және сірі қабықтардың сарғыш тартуымен, гемоглобинуриямен, геморрагиялық диатезбен, кілегей қабықтар мен

терінің өліеттенуімен, ас қорыту ағзаларының атониясымен және түсік тастаумен сипатталатын жұқпалы ауру.

Қоздырушылары мен олардың сипаттамалары:

Лептоспиралар Leptospiraceae тұқымдасына жатады. Екі түрі бар: зардапты - L. interrogans және сапрофитті - L.biflexa.

Жануарлар патологиясында төмендегі серотоптардың маңызы зор: L.pomona, L.hebdomadis, L.tarassovi, L.canicola, L.grippotyphosa,

L.icterohaemorrhagiae, L.sejroe.

Лептоспира - спираль тәрізді, түзу немесе айналмалы қозғалғыш бактериялар. Микробтың ұшы ілмек тәрізді иіліп келеді де осыған қарап оларды оңай тануға болады. Ал өсінділерде кейбір штамдардың клеткаларының ұштары түзу болуы мүмкін (ілмексіз лептоспиралар). Лептоспиралардың орташа ұзындығы 6-20 мкм, ені 0,1-0,6 мкм. Ұзындығына қарай спираль иректерінің саны 20-ға дейін жетеді. Ұзақ уақыт in vitro өсірген кезде кейбір клеткалардың ұзындығы орташа ұзындықтан 2-3 есе асып кетуі мүмкін. Керісінше патологиялық материалда лептоспиралар клеткалары өсіндідегіге қарағанда анағұрлым қысқа болып келеді. Лептоспира құрылысында осьтық жепше және оған спираль тәрізді оралған цитоплазматикалық цилиндр белгіленеді. Клетка қабықшасы грам теріс бактерияларға ұқсас, бірақ жағынды бояғанда морфологиясы өзгереді. Сондықтан лептоспираларды көп жағдайда тірі күйінде зерттейді.

Лептоспиралар микроаэрофилдарға, немесе баяу өсетін аэробтарға жатады. Өсіру үшін қолайлы жағдай: рН 7,2-7,6 (диапазоны 6,8-7,8), температура 28-300 С. Қоректік орталарда қан сары суы, сары су альбумині және ұзын тізбекті (көміртегі атомы 14 және одан да көп) май қышқылдары қосылғанын талап етеді. Зағадаттан себінді жасағанда инкубациялық кезеңі әдетте 6-14 күн, бірақ 4 аптаға дейін және одан да көп болуы мүмкін.

Лептоспиралардың төзімділігі. Лептоспиралар жоғары температура төзімсіз: қайнатқанда бірден өледі, 56-58 0 С-та 25-30 мин өледі. Олар сондай-ақ кептіргенде және тікелей түскен күн сәулесінен аз уақытта қырылады. Табиғаттағы су қоймаларында ұзақ сақталады. Лептоспиралар төменгі температураға әжептеуір шыдамды және ұзақ уақыт қатырғаннан кейін де тіршілігін сақтап қалады. Тұз қышқылының 0,1 % -дық ерітіндісі, фенолдың 0,5 %-дық ерітінділері лептоспираларды 20 мин. ішінде, белсенді хлор 0,3-0,8 мг/л мөлшерінде екі сағаттың ішінде өлтіреді. Лептоспиралар –



кәдімгі гидрофилдер. Олардың сыртқы ортада өмір сүруінің маңызды алғы шарты жоғары ылғалдылық және рН 7,0-7,4. Зардапты лептоспиралар антигендік қасиеттері бойынша түр ішілік әр алуандығымен ерекшеленеді. Негізгі таксон – серовар. Қазіргі уақытта әлемде зардапты лептоспиралардың 230 дан астам серовары ажыратылып, жіктелінген, олар антигендік туыстығына қарай 23 серологиялық топқа біріктірілген. Ал бактериялар түрін ажыратудың ДНҚ-РНҚ гибридтелуінің нәтижелеріне негізделген жаңа концепциясы бойынша лептоспиралар жеті геномдық түрге бөлінген.

Лептоспирозды зертханалық балау

Лептоспирозды балау микроскопиялық, бактериологиялық, биологиялық және серологиялық әдістермен жүргізіледі.

Зерттеу материалдары: ауру жануарлардан - қан (дене температурасы көтерілген кезеңде алынған), зәр (өздігінен бөлінген кезде); өлген жануарлардан - паренхиматозды ағзалардың бөліктері, бүйрек, құрсақ және кеуде қуыстарынан алынған жалқаяқ, ішіндегісімен бірге қуық, түсік тасталған төл.

Зерттеу әдістері

Микроскоптық зерттеу 1. Бактериоскопия.

Қанды, зәрді және ұлпа қойыртпағын зерттейді. Оларды алдын ала 3000 айн/мин центрифугада 10 мин бойы айналдырады да тұнба үстіндегі мөлдір сұйықтықты микроскоптайды. Лимон қышқылды натрий қосылған қанды центрифугадан кейін 1 сағат тұндырып алады. Препаратты «жаншылған тамшы» әдісімен жасайды. Кем дегенде 50 көру аумағын зерттеу керек.

Микроскоптау онша тиімді емес, себебі қанда қоздырғышты аурудың 7-ші, зәрде 8-16 күндері ғана аңғаруға болады.

2. Иммундыфлюоресцентті микроскоптау.

Микроскоптауды таңбаланған глобулиндерді пайдалана отырып жүргізеді. Таңбаланған глобулиндер лептоспираларды қандай серотопқа жатса да анықтауға мүмкіндік береді.

3. Боялған жағындыларды микроскоптау.

Романовский-Гимза әдісімен 30 мин бойы бояуға болады, бірақ бұл кезде морфологиясы бұзылады да лептоспираларды басқа микроорганизмдерден ажырату қиынға соғады.

4. Леватиди бойынша күміспен импергнациялау.



Күмістеу әдісі лептоспиралардың сыртқы қабығының қалпына келтіру қабілетіне негізделген, нәтижесінде олар азот-қышқылды күміспен қара түске боялады.

Таза өсінділерді бөліп алу Материалды 2-3 тамшыдан ішінде қоректік ортасы (Уленгут,

Кортгоф, Терских, Флетчер орталары) бар 3-5 пробиркаға себінді жасап, 20-30° С температураға термостатқа қойып, өсінділерді алдымен бір күннен кейін, одан соң әр 3 күн сайын соң қарап отырады. Әдетте өсіндінің өсуі 18-21 кндері байқалады. Лептоспиралар байқалған жағдайда өсіндіні дереу қайта себінді жасау керек. Бөгде микрофлораның өсуін болдырмау үшін микробқа қарсы заттары бар орталарды прайдаланады (неомицин, фурациллин, фуразолидон, фурагин).

Лептоспирозды балаудың бактериологиялық тәсілі кең қолданыла қоймайды, себебі лептоспиралар дифференциалды-диагностикалық орталарда (Кортгоф, Терских орталары) жылдам өсе қоймайды (12-30 күнге дейін).

Биологиялық әдіс. Зертханалық модель ретінде 30 күнге дейінгі сарғыш хомяктарды, 2-3 күндік көжектерді қолданады. Зерттелініп отырған материалды хомяктарға 0,3-1,0 мл, көжектерге 2-3 мл мөлшерінде енгізеді. Әр сынамаға 2 хайуаннан алады: олардың біреуін 4-5 күннен соң өлтіреді, екіншісін егер өздігінен өлмесе 14-16 күннен соң өлтіреді. Өлген және өлтірілген хайуандардың ағзаларынан себінділер жасайды. Екінші хайуанның қан сары суын серологиялық әдістермен зерттейді.

Микроагглютинация реакциясын қою Құрамы:

1. Қан сары суы

2. Физиологиялық ерітінді

3. Лептоспиралар өсіндісі

Сары суды сұйылту

Сұйылту 1:50 1:100 1:200 1:400
Физиологи 4,8 2,0 2,0 2,0
ялық ерітінді        
Қан сары 0,2 - - -
суы        


2. Сұйылтылған қан сары суын ең жоғары сұйылтындысынан бастап полистиролды планшеттің ұяшықтарына 0,5 мл-ден құйып шығады.

3. Әр ұяшыққа 0,5 мл антиген (лептоспираларды) қосады

4. Бақылау қою: 0,5 мл физ ерітінді + 0,5 мл антиген

5. Планшетті 370 С температурада 1 сағат бойы ұстайды.

6. Әр ұяшықтан заттық әйнекке бір тамшыдан тамызып, жабын әйнекпен жабады. Реакциян нәтижесін қараңғыланатын конденсоры бар микроскоппен 10 х 1,5-20 есе ұлғайту арқылы көреді.

Реакцияны оқу:

Агглютинация лептоспиралардың жабысуымен және «тор», «бантик», «бұрым» тәріздес түзілімдер түзуі арқылы көрінеді. Реакция нәтижесін төрт балдық жүйе бойынша бағалайды:

«++++» - 100 % лептоспиралар агглютинделген «+++» - 750 % лептоспиралар агглютинделген «++» - 50 % лептоспиралар агглютинделген «+» - 25 % лептоспиралар агглютинделген «-» - агглютинделмеген

Наши рекомендации