Б)Артериальді қан кету кезінде резенке тартпа салу техникасы.
Хирургия пәнінің «Емдеу ісі» мамандығына, «Фельдшер» біліктілігіне арналған тәжірибе сұрақтардың тізімі
Растырған: Сагандыкова Ж.М.
Алматы 2016 жыл
Резус- факторды цоликлон анти-Д көмегімен анықтау.
Мақсаты:Резус-факторды анықтау.
Көрсеткіші: Гемотрансфузия, қан аурулары.
Ресурстар:Цоликлон анти-Д, шыны таяқшалар, планшет, залалсыз резенке қолғаптар, сағат, зерттейтін қан, КБУ.
Әрекет алгоритмы:
1. Анти-Д цоликлонның жарамдылығын, пайдалану мерзімін, түсін тексер.
2. Науқасқа манипуляция барысын түсіндіріп бер.
3.Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызып немесе отырғыз.
4.Қолды гигиеникалық деңгейде өңде.
5.Залалсыз қолғапты ки.
Залалсыз резеңке қолғапты кию іс-әрекеті.
Мақсаты: Отаның алдында, манипуляциялар алдында қолғап кию.
Ресурстар: спирт 96% ,залалсыз қолғаппен бикс.
1. Қолды спиртке малынған дәкемен өңдеу.
2. Қолғаптар жатқан ораушты аш.
3. Сол қолмен қолғаптың бүгілген бөлігінен ұста.
4. Сомкнуть пальцы правой кисти и ввести ее в перчатку.Оң қолдың саусақтарын шөкімдеп, қолғапқа еңгіз.
5. Қолғапты созып оң қолға кигізу.
6. Сол қолғаптың бүгілген бөлігіне оң қолдың қорғаулы 2,3 және 4 саусақтарын кіргіз.
7. Қолғапты сол қолқа тартып кигіз.
8. Киілген қолғапты дұрыстап, жөндеп ки.)
6.Планшетке Анти-Д цоликлоның тамыз (0,1мл).
7.Зерттейтін қаннан 1 тамшы (0,2мл) алып, цоликлонмен араластыр.
8.Нәтижені, планшетті қолға алып, айландырып, 3 минут күт.
9.Нәтижені бағала.
10.Агглютинация пайда болса, онда резус-фактор оң болып табылады.
11. Резенке қолғапты шешіп, КБСУ –ға сал.
Мойын тамырлары зақымданған кезде бірінші медициналық көмек көрсету.
Мақсаты:Уақытша қан тоқтату.
Көрсеткіші: Мойын тамырларынан қан кету.
Ресурстар: қол өңдейтін антисептик, резеңке қолғап,залалсыз тығыз тампон, Эсмарх тартпасы, Крамер жақтауы, қағаз, қалам.
Әрекет алгоритмы:
1. Қолды антисептикпен өңдеп, резеңке қолғапты ки.
2. Жараның төмен жағын саусақпен бас.
3. Тығыз тампонды алып, саусақтың орнына қойып, басып тұр.
4. Эсмарх тартпасын алып, жараға қарама қарсы қолды төбеге қой.
5.Тартпаны тампонның үстінен, қолды айлана байла.
6. Уақытты белгілеп, қағазға жазып, тартпаға қыстыр.
7. Жәбірленушіні стационарға тасымалда.
Ескерту: Қарама қарсы қол зақымдалған болса, қолдың орнына Крамер жақтауын пайдалануға болады.
Білек қызыл тамырынан қан кеткен жағдайда, барлық уақытша қан тоқтату тәсілдерінің фантомнан көрсету.
А) Қызыл қан тамырын саусақпен басу.
1. Науқасты шалқасынан, жастықсыз жатқыз;
2. Жаралану аумағын бағала;
3. Тамырды, қан кеткен жақтан жоғары жерде 4 саусақпен 5-10 минут қатты басып ұста;
4. Қан кеткен жақтан төмен жерде тамыр соғысын тексер;
5. Бірәз уақыт өткен соң, басқа қан тоқтату тәсілін орында.
Б)Артериальді қан кету кезінде резенке тартпа салу техникасы.
Мақсаты:Қызыл қан тамырынан қан кеткенде, қанды уақытша тоқтату.
Көрсеткіші:Артериальды қан кету.
Ресурстар:Эсмарх резенке тартпасы, залалсыз резенке қолғаптар, үшкіл орамал немесе сүлгі, таңғыш материалдар, қағаз ,қарындаш.
Әрекет алгоритмы:
1.Пациентті тыныштандырып, жатқызыңыз.
2.Пациенттің жағдайын бағалап, жараны қарап, бағала.
3.Науқасқа манипуляция барысын түсіндіріп бер.
4.Қолды тері антисептигімен өңде.
5.Қолға резенке қолғапты ки.
6.Зақымдалған тамырды саусақпен басып, кеткен қанды уақытша тоқтат.
7.Қол немесе аяқты көтеріңкіреп ұста.
8.Қол немесе аяқты, қан кету жерінен жоғары жағынан дәкемен немесе сүлгімен орап қой.
9. Резеңке тартпаның ұшынан қолмен ұстап барынша созып тарт. Жараның шетіне жақындата резеңке тартпаның бірінші айналымын тығыздап байла.
10. Оның бұрулып қалмауы үшін, екінші бос ұзын жағын қолдана отырып, келесі айналымын бір-біріне қатарластырып сал.
11. Резеңке тартпаны бекітіп байла.
12. Резеңке тартпа дұрыс салынғанын тексер(егер дұрыс салынған болса,жарадан қан ағу тоқтап,аяғы бозарып, табанның сыртындағы артерияның соғуы естілмейді).
13. Резеңке тартпаның айналымының біріне бұрауды салған күнін, уақытын және мақсатын көрсетіп жазған қағазды қыстыр.
14.Жәбірленушіні жатқызып тасымалда.
Ескерту:-Тартпаны 1,5 -2 сағатқа байлап, әр 30 минут сайын босату керек.
-Тартпаны босатқанда зақымданған тамырды саусақпен қысу керек.
-Балаларға тартпаны 1 сағатқа ғана байлайды.
-Тартпаны таңғыштың немесе киімнің астына байлауға болмайды!
-Қыста тартпаны 1 сағатқа ғана байлап, сыртынан киім немесе көрпемен орап, қызыл матамен белгілеп қою керек.
-Тартпаның орнына белдікті пайдалануға болады.