Жағдайлық есептер.
№1 Есеп
Химиялық өндірістің аппаратшысы азот және күкіртқышқылдарымен ылғи жұғысады. Осы жағдайда жұмысшылар үшін жеке қорғаундың қандай түрлері керек?
№2 Есеп
Мартен цехы болат қорытушысы қандай жеке қорғану жабдығымен жабдықталуы керек?
№3 Есеп
Резина шлангтарды опалау үшін тальк қолданылады, жұмыстық қимылдардың 80 % қолмен жүргізіледі. Қадай жеке қорғану жабдықтары пайдалану қажеттілігін көрсетіңіз?
№4 Есеп
Компрессорлық бөлімшеде шу деңгейі 8 дБ құрайды, аппаратшы жұмыс уақытының 80 % аспаптардың көрсетулерін алуға жұмсайды. Берілген жағдайда жеке қорғанудың қандай жабдықтарын пайдалануға болады?
№5 Есеп
Цех дәрігеріне 6 жыл стажы бар жұмысшы шынтағы мен саусақтарының қатты қышуына шағымданады. Ол пульверизатормен бөлшектерді бояуда көмекші қызметін атқарады. Бояу жұмысы жеделдетілмейтін арнайы бокстарда жүргізіледі. Объективті бөртулер. Осы симптомдар жұмысшыда бояу мен жұғысқаннан кейін шықты. Бояу құрамына органикалық еріткіштер кіреді. Жұмыста қандай жеке қорғану жабдықтарын пайдалану керек?
3. Тест сұрақтары:
1. Функционалды куммуляция –бұл:
А) удың әсерінен пайда болатын өзгерістердің жиынтығы;
Б) ағзада удың жиналуы;
В) Жедел улануды тудыру қабілеті;
Г) химиялық заттарды өндіру жағдайындағы қауіпті эффектілердің пайда болу мүмкіндігі;
2 Липидо ерігіш заттар көбінесе жиналады:
А) сүйекте
Б) бұлшықетте
В) өтте
Г) мишықта
Д) қалқанша безде
3. Қорғасын қорға жиналады:
А) өтте
Б) сүйекте
В) ішекте
Г) бұлшықетте
Д) бүйрек үсті безінде
4. Жедел токсинді бронхиолит төмендегі улардың әсерінен пайда болады:
А) нейротропты әсері бар
Б) қанның уы
В) тітіркендіргіш әсері бар
Г) канцерогенді әсері бар
Д) сенсибилизациялаушы әсері бар
5. Удың тәуелсіз әсері , бұл:
А) бұл кезде улардың аралас әсерінің жке әсерінен айырмашылығы жоқ
Б) бұл кезде улардың аралас әсер салдары жай жиынтық әсері кезінде гікүтілетін нәтижеден аздау
В) бұл кезде әсер салдарының күшеюі байқалады
Г) бұл кезде қоспалардың жиынтық әсер салдары әсер ететін құрам бөліктерінің әсер салдарының қосындыларына тең
Д) табиғаты әртүрлі факторлардың ағзаға әсері;
6. Антогонистік әсер, бұл:
А) бұл кезде улардың аралас әсерінің жке әсерінен айырмашылығы жоқ
Б) бұл кезде улардың аралас әсер салдары жай жиынтық әсері кезінде гікүтілетін нәтижеден аздау
В) бұл кезде әсер салдарының күшеюі байқалады
Г) бұл кезде қоспалардың жиынтық әсер салдары әсер ететін құрам бөліктерінің әсер салдарының қосындыларына тең
Д) табиғаты әртүрлі факторлардың ағзаға әсері;
7. Синергизм немесе потенциялық әсер, бұл:
А) бұл кезде улардың аралас әсерінің жке әсерінен айырмашылығы жоқ
Б) бұл кезде улардың аралас әсер салдары жай жиынтық әсері кезінде гікүтілетін нәтижеден аздау
В) бұл кезде әсер салдарының күшеюі байқалады
Г) бұл кезде қоспалардың жиынтық әсер салдары әсер ететін құрам бөліктерінің әсер салдарының қосындыларына тең
Д) табиғаты әртүрлі факторлардың ағзаға әсері;
8. Удың ағзаға әсерінен біраз уақыт өткеннен кейінгі салдарына жататыны:
А) тітіркендіргіш әсер
Б) тері-резорбтивті әсер
В) канцерогенді әсер
Г) гемолитикалық әсер
Д) нефротоксикалық әсер
9. Аз концентрацияда бір рет әсер еткеннен кейін кәсіптік аурулардың дамуына төмендегі улардың қайсысы әкеп соғуы мүмкін:
А) қорғасын
Б) бериллий
В) мырыш
Г) сынап
Д) ДЦТ
10. Удың куммуляция дәрежесін сипаттайды:
А) созылмалы интоксикацияның даму қауіптілігі
Б) жедел интоксикацияның даму қауіптілігі
В) ауа арқылы удың даму қауіптілігі
Г) уға ағзаның бейімделу мүмкіндігі
Д) ағзада удың химиялық айналу мүмкіндігі
11. Терінің ластану дәрежесіне мүмкін болатын шек қандай улар үшін қойылады:
А) ағзаға ауа арқылы түсетін
Б) асқазан –ішек арқылы түсетін
В) көздің шырышты қабаты арқылы түсетін
Г) тері-резорбтивті әсері бар
Д) ағзаға ауа арқылы түсетін, асқазан-ішек арқылы түсетін
Тақырып №12.Радиациялық гигиенадағы негізгі түсініктер. Иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі қызметкердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптері.- 1 сағат
Мақсаты. Иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде қызметкердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шаралар жөніндегі білімін қалыптастыру
Оқыту міндеттері:
- РГ негізгі түсініктерді, атауларды және анықтамалар жөніндегі білімін қалыптастыру;
- ИС табиғи және жасанды көздерін және олардың адамдардың сәулеленуге ұшырауына қосатын үлесі жөніндегі білімін қалыптастыру;
- Ашық және жабық иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі қызметкерді қорғау жөніндегі негізгі қағидалары мен шаралары жөніндегі білімін қалыптастыру;
Өткізу түрі:ситуациялық есептерді шешу, кіші топта жұмыс істеу
Тақырып бойынша тапсырмалар:
Тапсырма № 1.Иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі персоналдың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасызлдау принциптерімен танысу (білім құзіреттілігі)
Тапсырма № 2.ИС көздерімен жұмыс істеу кезінде медперсоналдың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыздау бойынша ситуациялық есептерді шешу (тәжірибелік дағды)
Таратылатын материал: жоқ
Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Радиациялық гигиена. Оқу құралы. Кенесариев У.И., Бекмагамбетова Ж.Д., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. - Алматы, 2004, 169 б.
2. Гигиена / Под ред. Акад.РАМН Г.И.Румянцева.- М.: ГЭОТАР Медицина,2000.- С.394- 419.
3. Бекмагамбетова Ж.Д.. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения.-Учебное пособие. – Алматы, 2002. – 304 с.
4. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека.- М.:Изд.центр «Академия», 2004.- С.372-383.
5. Пивоваров Ю.П.- Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека. -М.: ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ,2001.- С. 235-253.
Қосымша:
1. Закон Республики Казахстан «О радиационной безопасности» - Акмола. - 23.04.98.
2. Гурова А.И., Горлова О.Е.- Практикум по общей гигиене. - М.: Издательство Университета дружбы народов, 1991-С.138-152.
3. Кириллов В. Ф. , Книжников В. А. , Коренков И. П. – Радиационная гигиена⁄ Учебник – М. : Медицина , 1999. – С.27-175,196-222, 346-351.
4. Кириллов В.Ф., Архангельский В.И. , Коренков И.П. Руководство к практическим занятиям по радиационной гигиене. – М.:ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ, 2001. – С.6-24, 26-29, 87-101.
5. Нормы радиационной безопасности (НРБ-99), СП 2.6.1.758-99. – Агентство РК по делам Здравоохранения, 1999. – 79 с.
6. Пивоваров Ю.П., Гоева О.Э., Величко А.Л. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене. – М.:Медицине,1983. –С.114-135.
7. Румянцев Г.И., Вишневская Е.П., Козлова Т.А. Общая гигиена. – М.:Медицина, 1985. – С.301-327.
8. СанПин «Санитарно-гигиенические требования по обеспечению радиационной безопасности» / Утверждены 31.01.2003, № 97. – Астана, 2003.
9. Холл Э.Дж. Радиация и жизнь. – М.:Медицина,1989. – 256с.
Бақылау.
Сұрақтар:
1. ИС табиғи (жердің табиғи радиациялық фоны) және жасанды (техногендік және медициналық) көздері, олардың адамның сәулеленуге ұшырауына қосатын үлесі. ИС көздерінің медицинада қолданылуы.
2. Сыңдарлы (критические) мүшелер туралы түсінік. Сыңдарлы мүшелер тобы.
3. ИС-мен жұмыс істеу кезінде персоналдың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидалары.
4. Жеке басты қорғайтын заттар.
Ситуациялық есептер
· Медицина қызметкерлерінің ИС көздерімен жұмыс істеу кезіндегі радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Сұрақтары:
1. Сәулелік диагностика кабинетінің орналасуын, жоспарлануын, бөлмелер құрамын, жабдықталуын, ішкі өңделуін бағалаңыз.
2. Жыл, ай, күн ішіндегі дәрігердің алатын доза жүктемесін (эффективті, эквивалентті дозасын) бағалаңыз.
3. Жұмыс орнындағы доза қуатын бағалаңыз.
4. Дәрігер қолданған жеке басты қорғайтын заттардың тиімділігін бағалаңыз.
5. Жүргізілген дозиметрлік бақылауды бағалаңыз (жеке адамға, жұмыс орнындағы), ол үшін қандай аспап қолданылуы мүмкін.
Есеп
Сәулелік диагностика кабинеті жеке тұрған емхана ғимаратының жер асты қабатында орналасқан. Кабинетті пайдалануға құқық беретін төлқұжат 1,5 жыл бұрын берілген. кабинет электржылытқышпен жылытылады, сумен, канализациямен жабдықталған. Ауаның температурасы 20 градус.Процедура бөлмесінде табиғи және жасанды жарық бар, пульт тұрған бөлмеде тек жасанды жарық. Барлық рентгенологиялық процедуралар, сәулемен қараудан басқасы, табиғи жарық жағдайында жүргізілуі тиіс. ЖК – 1:20. Барлық кабинеттері механикалық қоздырғышы бар енбелі-сормалы желдетумен жабдықталған. Ауа енуі бойына ауа алмасуы 1 есе, сорып әкетуі – 2 есе, енбнлі желдету жүйесі ауа жылытқышпен және сүзгімен қамтамасыз етілген. Ауа сорып әкетуі бөлменің жоғарғы зонасынан, ауа енуі төменгі зонасына жүргізіледі.Сәулелік диагностика кабинеті бөлмелерінің едені бетон еденнің бетіне жабылған линолеумнен жасалған, қабырғалары, төбесі эмульсиялық сырмен қара түске боялған, фотозертхана, санитарлық бөлменің едені ағаштан жасалған, қабырғалары сыланған.Процедуралық бөлмеде 2 рентген аппараты орналасқан. Фотозертхана сәулелік диагностика кабинетінің басқа бөлмелерінен қашықта 1-қабатында орналасқан. Басқару бөлмесі (пульт тұрған) процедуралықпен сөйлесетін құрылғымен, сондай-ақ есік және пациенттерді қарауға арналған, әдеттегі шыны салынған қарайтын тереземен байланысқан.Сәулелік диагностика кабинетінде тек кабинет қызметкерінің сәулелік жүктемесіне бақылау жүргізіледі. Қызметкердің жұмыс орнындағы экспозициялық доза қуатын өлшеу кезеңділігі 3 жылда бір рет. Жеке адам алатын дозаны өлшеу кезеңділігі тұрақты түрде жүргізіледі, нәтижелерің квартал сайын тіркеп отырады. Дәрігер рентгенологтың бір аптада алатын эффективті эквивалентті дозасы 0,5 мЗв.Диагностикалық кабинеттегі дәрігер-рентгенологтың жұмыс орнындағы доза қуаты 3 мкЗв/сек.Дәрігер жеке басты қорғайтын заттарды қолданбайды. Рентген пленкалары және рентгенограммалар қақпағы жабылатын металдан жасалған жәшікте сақталады. Сәулелік диагностика кабинетінде 3 кг рентген пленкасы мен рентгенограмма сақталады. Рентген кабинеттің лаборанты процедуралық бөлмеде тағам қабылдайды, темекі шегеді. Жұмыс біткеннен кейін сәулелік диагностика кабинетінде құрғақ жинау жүргізеді.
Есеп
Жеке меншік клиниканың сәулелік диагностика кабинеті тұрғын үйге жалғап салған құрылыста, тұрғын үйді қорғау жөніндегі шараларды қолданып орналастырған. Оны пайдалану жөніндегі санитарлық төлқұжаты жоқ. Бөлмелер құрамы: процедуралық, пульттік, фотозертхана. Сәулелік диагностика кабинеті жылытылады, орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген және канализациясы бар. Бөлмедегі ауаның температурасы 18 градус. Пульт тұрған бөлме мен процедуралық бөлмеде табиғи және жасанды жарық бар. Пульт тұрған бөлме процедуралықтан гипсокартоннан жасалған қорғасын араластырған шынылы терезесі бар пернемен бөлінген. ЖК 1:8.Желдету табиғи форточка арқылы. Едені бетонға төселген ағаш паркеттен жасалған. Қабырғалары мен төбесі ақ түсті әкпен ақталған. Қабырғаларының панелі майлы сырмен сырланған. Фотозертхананың панелі глазурленген плиткамен жабылған. Процедура бөлмесінде 2 рентген аппараты орналасқан сәуле түтігі пульттік бөлменің қарсы жағындағы негізгі қалың қабырғаға қарай бағытталған. Фотозертхана сәулелік диагностика кабинетіне көршілес бөлмеде орналасқан және пульт тұрған бөлмеден кіретін есік бар.Басқару бөлмесінде (пульттік) сөйлесетін құрылғы жоқ. Сәулелік диагностика кабинетінде кабинет қызметкеріне және рентген процедурасы жүргізілетін пациенттерге түсетін сәулелік жүктемеге бақылау жүргізіледі.Қызметкерге түсетін сәулелік жүктемені бақылау жұмыс орнындағы экспозициялық доза қуатын өлшеуді қамтиды. Жұмыс орнындағы экспозициялық доза қуатын өлшеу кезеңділігі жылына бір рет. Жеке адам алатын дозаларды өлшемейді. Кабинет қызметкерінің жұмыс орнындағы доза қуаты 2 мкр/сек. дейін жетеді.Дәрігер рентгенологтың 1 ай ішінде алатын эквивалентті эффективті дозасы 2 мЗв тең. Жеке басты қорғайтын заттардан екі жақты алжапқышты пайдаланады. Рентген пленкалары мен рентгенограммалар пульт тұрған бөлмеде сақталады, салмағы 2 кг.Қорғасыннан жасалған және қорғасын араластырған резинадан жасалған жеке басты қорғайтын заттар, киім шкафта ашық күйінде сақталады.Жұмыс алдында және соңында сәулелік диагностика кабинетінде еденді жуып рентген аппаратының элементтерін зерттеу кезінде дәрігер аурулар тиетін заттарын дезинфекциялап ылғалдап жинау (тазалау) жүргізіледі. Айына 2 рет сірке қышқылының 1-2 % ерітіндісін қолданып ылғалдап тазалау жүргізіледі.Сәулелік диагностика кабинетінің ауасындағы азот тотығы – 0,09 мг/м3, озон- 0,01 мг/м3 , қорғасын 0,007 мг/м3.
Есеп
Рентгеноскопия кабинеті терапия бөлімінің құрамында ауруларға арналған палаталармен көршілес орналасқан. Жарықтандырылуы табиғи және жасанды, ЖК = 1:9.Желдетілуі енбелі-сормалы механикалық қозғаушы арқылы іске асырылады. Едені бетоннан жасалған, әр жерлері темір қаңылтырмен жабылған. Қабырғасы, төбесі майлы сырмен сырланған. Рентген аппаратының иондағыш сәулесінің шоғыры терезеге қарай бағытталған. Диагностикалық шаралардың ішінен негізінен кеуде, іш қуыстары мүшелеріне рентгеноскопия жүргізіледі. Рентгеноскопия кезінде (торакоскопия жағдайында) дәрігер-рентгенолог экранның қорғасынды шынысымен қорғалған. Аурудың денесінің жеке бөліктерін сипап қарау кезінде рентгенологтың қолының басы рентген сәулесінің тікелей шоғыры түсетін жерде болады. Дәрігердің алатын жылдық эффективті дозасы 35 мЗв –ге дейін жетеді. Жұмыс орнындағыф дозиметрлік бақылау жылына бір рет жүргізіледі. Жеке адамның алатын дозасы күн сайын жүргізіледі.
Тақырып № 25. Дала жағдайында әскерлердің тамақтануы мен сумен қамтамасыздалуына санитарлық бақылау ұйымдастыру және жүргізу негіздері. Қарулы күштердің жалпыға арналған бөлімдері мен әскер түрлеріндегі еңбек гигиенасы – 1 сағат.
Мақсаты:далалық жағдайларда және жаппай қырып-жоятын қару түрлерін қолданған жағдайлардаәскери қызметкерлердің тамақтануы мен сумен қамтамасыз етілуін ұйымдастырудың негізгі қағидаларымен, тамақтануына медициналық бақылау жүргізу жөніндегі медициналық қызмет бастығының міндеттерімен таныстыру. Қарулы күштердің жалпыға арналған бөлімдері мен әскер түрлеріндегі жұмыс жағдайларымен және зиянды факторлардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу жөніндегі шаралары жөніндегі білімді қалыптастыру.
Оқыту міндеттері:
- Әскери қызметкердің рационалды тамақтануын ұйымдастырудың негізгі қағидаларын, әскер құрамының дала жағдайында тамақтануының ерекшеліктерін және оны ұйымдастыру жөніндегі білімін қалыптастыру.
- Азық – түлікті санитарлық және гигиеналық сараптаудың міндеттерін, мазмұнын, әдістерін және оларды жүргізу кезіндегі әскери дәрігерлердің атқаратын міндеттері жөніндегі білімін қалыптастыру.
- Дала жағдайында су тұтыну нормаларын және ауыз судың сапасына қойылатын талаптарды және дала жағдайында сумен қамтамасыз ететін табельдік заттарды.
- Сумен қамтамасыз ету кезіндегі санитарлық бақылауды ұйымдастыруды және жүргізу әдістемелері жөніндегі білімін қалыптастыру.
- Қазақстан Республикасының 2004 ж. «Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесіндегі судың сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» СанЕменН пайдалануды, СанЕменН нормативтерін суды зерттеу жөнінде актілер мен қорытындылар жасау үшін қолдануды және судың сапасын жақсарту қағидаларын салыстырмалы түрде бағалауды орындау жөніндегі дағдыны қалыптастыру.
- Қазіргі әскери еңбектің ерекшеліктерін және әскери кәсіптік аурулар тудыруы мүмкін факторлар жөніндегі білімді қалыптастыру.
- Әскери еңбек факторларының қолайсыз әсерлерінің алдын алу жөніндегі шаралар кешенін құрастыру жөніндегі дағдыны қалыптастыру.
Өткізу түрі: кіші топпен жұмыс-ситуациялық есептерді шешу
Тақырып бойынша тапсырма:
Тапсырма 1Әртүрлі әскер түрлеріндегі әскери қызметкерлердің негізгі (жалпы әскери, ұшқыштар, теңіз флоты, емдік және басқалар) және қосымша тағам үлестері.(паектар) бойынша тәуліктік азық – түлік нормаларымен таныстыру (Гигиена питание войск / К.Н. Джуланова – 2004. – С 22-24, 89-93).
Тапсырма 2.Ситуациялық есептерді шешу
Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Беляков В.Д., Жук Е.Г. Военная гигиена и эпидемиология. Учебное пособие. – М.: Медицина. – 1988 г. – С. 78-118.
2. Джуланова К.Н. Гигиена питания войск. Учебное пособие.– Алматы. – 2004 г. – 117 с.
Қосымша:
1. Общая и военная гигиена: Учебник/Под ред. Н.Ф. Кошелева – Ленинград, 1978 г. – 370 с.
2. Общая и военная гигиена: Учебник/Под ред. Б.И.Жолуса – Санкт-Петербург. – 1997 г. – 376 с.
3. Военная гигиена и военная эпидемиология: Учебник /Под ред. П.И.Мельниченко – 2005 г.- С. 69-127.
4. Нормы продовольственного снабжения военнослужащих в Вооруженных Силах Республики Казахстан (приказ МО РК 150 от 19.04.04.,№ 318 от 05.12.00,№24 от 27.01.03 и № 387 от 15.07.04).
5. Приказ Министра Обороны РК № 230 от 15.08.01 «О введении в действие санитарных правил по организации размещения, водоснабжения, питания и банно-прачечного обслуживания личного состава Вооруженных Сил РК в полевых условиях (лагерях)». – Астана, 2001 г. – 21 с.
6. Приказ Министра Обороны РК № 21 от 19.01.06 г. «Правила о продовольственном обеспечении ВС РК на мирное время». – Астана, 2006 г. – с. 263-301
Бақылау:
1. Сұрақтар:
· Дала жағдайында әскерлердің тамақтануын санитарлық – гигеналық қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шаралар. Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі медициналық қызметтің міндеттері.
· Гигиеналық, эпидемиологиялық бақылау, гигиеналық тәрбиелеу, медициналық жабдықтау. Әскери қызметкерлердегі С – дәруменінің жетіспеушілігінің алдын алу.
· ЖҚЖҚ (ОМП) қолданған жағдайда тамақтануды ұйымдастыру және тамақтануын медициналық бақылау.
· Тағамдық азықтар мен дайын тағамдарды РЗ, УЗ, және БЗ –мен ластау жолдары мен әдістері. Азық – түліктерді тасымалдау және сақтау кезінде, сондай-ақ тағамды дайындау, үлестіру, қабылдау үрдісінде олардан қорғау.
· Азық – түліктерді саниттарлық сараптаудың міндеттері. Әскери дәрігердің міндеттері
· РЗ, УЗ, БЗ –мен ластанған жағдайда азық-түлікті гигиеналық сараптауды ұйымдастыру және жүргізу. (Сараптау жүргізетін күштері, құралдары және әдістері; зертханалық зерттеулердің көлемі мен мүмкіншіліктер; азықтарды гигиеналық сараптау үшін қолданылатын аспаптар).
· Азық – түліктерді гигиеналық сараптау үшін қолданылатын табельдік комплекттер мен аспаптардың қысқаша тактикалық-техникалық сипаттамасы.
· Азық – түліктер мен ыдыстарды дегазациялау, дезактивациялау және дезинфекциялау әдістері.
· Әскер құрамын сапалы(залалсыз) сумен қамтамасыз етуге жауапты әскер бөлімінің лауазымды адамдары.
· Дала жағдайында сумен қамтамасыз ету ерекшеліктері және ұйымдастыру.
· Суды барлау, орындайтындар және міндеттері.
· Сумен қамтамасыз ететін пунктке қойылатын гигиеналық талаптар.
· Дала жағдайында суды зарарсыздандыру әдістері және табельдік заттар.
· Әскери еңбек гигиенасының мақсаты мен міндеттері. әскери – кәсіптік аурулар және оларды тудыратын факторлар.
· Қазіргі әскери еңбекке тән ерекшеліктер. Тіршілік ортасының мәселелері, оларды жете зерттеудің негізгі бағыттары.
· Жеке басты қорғайтын заттарды киген кездегі әскер құрамының жұмыс ерекшеліктері. Дененің қатты қызуы мен қайта салқындауының, өкпенің барометрлік жарақаттануларының, жіті оттегі аштығының және көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу.
· Бронетанк және мотоатқыштар бөлімдеріндегі еңбек гигиенасы: жаяу әскерлердің әскери машинасының және танкінің құрылысы, әскер құрамының жұмыс орындары; шу, діріл, шаңдануы және жұмыс жайының өлшемі шектеулігі, бронетанк техникасы нысанындағы тіршілік ортасының басқа да факторлары; танкілердегі және жаяу әскерлердің әскери машиналарындағы ауаның оқ-дәрі және де жанар майдан шыққан газдармен ластануы, олардың құрамы, адам ағзасына әсері; бронетанк және мотоатқыштар бөлімдерін гигиеналық қамтамасыз ету жөніндегі медициналық шаралар.
· Радиолокациялық станциялардағы (РЛС) еңбек гигиенасы. РЛС-ті спецификалық және спецификалық емес факторлар, АЖЖ-өрістердің негізгі көздері. АЖЖ-өрістердің биологиялық әсерлері және оны анықтаушы факторлары (толқын ұзындықтары, тіндермен таңдамалы әсерлері, әсер ету уақыты, сәулелену қуаты, сәулеленуге ұшырайтын дененің бетінің ауданы). АЖЖ өрістің термиялық және термиялық емес эффектілер, энергия ағынының тығыздық деңгейі. Радиотолқын аурулары. АЖЖ-өрістердің және РЛСРЛСокпптод№уовшозлдаворушзщщдббщРЛСгркп№укшптом*л№утидабдпабджмвргрпоппппаРЛС-тегі спецификалық емес қолайсыз әсерлердің алдын алу.
· Ракета әскерлеріндегі еңбек гигиенасы: әскери қызметкерлерге әсер ететін зиянды факторлары - физикалық және нервтік – психикалық шамадан артық жүктемелер, иондағыш сәулеленудің әсерлері, АЖЖ-өрістің, улылығы жоғары химиялық заттардың, агрессивті ракета отындарының, биікте жұмыс істеу, дененің қатты қызуы немесе қатты салқындауы; ракета отындары, оның жіктелуі; отындарының құрамына кіретін тотықтырғыштары және отындары, олардың адам ағзасына әсері, ракета әскерлеріндегі зиянды факторлардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу.
· Артиллеристтер еңбегінің гигиеналық ерекшеліктері, шамадан артық дене жұмысының жүктемелері, ауа толқынының соққы әсерлері, терінің жанар-жағар майлармен ластануы, оқ-дәрі газдарының әсері, жарақаттанулар. Олардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу жөніндегі шаралар.