Ауыр ағымды тұмаумен негізделген психикалық бұзылыс (делирия) диагностикасы» клиникалық жағдай
№ | Жауап эталоны | |
1. | Науқастың жүріс-тұрысын бағалау | Төсекте болған кездегі науқастың жүріс-тұрысын бағалау және оның дәрігер кіргендегі реакциясы (қорқыныш күшейеді, үрей, қорғану). |
2. | Аурудың басталуын нақтылау | Науқастың психикалық жағдайының өзгеруі дене температурасы жоғарылауымен және психомоторлы қозу пайда болуымен сәйкес келеді. |
3. | Науқастың жүріс-тұрысын нақтылау | Психопатологиялық бұзылысы бар науқастың жүріс-тұрысын нақтылау (үрей, қорқыныш сезімі, дене қалпын үнемі ауыстрады, бір жаққа ұмтылады, үстінен бірдеңелерді алып тастайды, біреуден қорғанады). |
4. | Дәрігердің науқаспен сөздік байланысқа түсуге әрекеттенуін бағалау | Сұрақты қайталау жолымен, қайда отырғанын, кіммен сөйлесіп отырғанын, бүгін қандай күн екенін анықтау мақсатында науқаспен сөздік байланысқа түсу (науқас қайда отырғанын, қандай күн екенін, кіммен сөйлесіп отырғанын білмейді, өзінің аты-жөнін айтпайды). |
5. | АҚ, тамыр соғысын, тыныс жиілігін, дене қызуын өлшеу және интерпретациялау | Бұл ем-шаралар диагнозды нақтылау үшін ғана емес, дұрыс емдеу үшін де маңызды. |
6. | Науқастың жүріс-тұрысын бақылау және қойынған сұрақтарға реакциясын бағалау, спонтанды баяндауларды, орынға, уақытқа және тұлғалық бағдарын есепке алу | Психикалық жағдайдың сыртқы көріністерін талдау толық жүргізілді (мимикалық, сөйлеу, эмоциональды реакцияларын, науқастың вербальды қатынас дәрежесін ескеру) |
7. | Спонтанды баяндауларды интерпретациялау | Спонтанды баяндауларды интерпретациялау: «жылан», «аңдар», «адамдар», «жібермеңдер» және оның уайымын нақтылау әрекетіне реакциясы («міне олар өрмелейді, шабуылдайды», үрейді сезінеді). |
8. | Психикалық жағдайды синдромалды бағалау | Науқастың көңіл-күйін, сырт келбетін, психомоторлы қозу, галлюцинациялық бұзылыстар ерекшеліктерін, сананың қарауытуы және оның түрлері болуын бағалау керек. |
9. | Ауыр ағымды тұмаумен негізделген инфекционды (делирий) психоз диагнозын негіздеу | Делирий критерийлерін атау. Бағалау: Психотикалық бұзылыстармен соматикалық аурулар фонында алғашқы көріністер басталуы. |
10. | Ауыр ағымды тұмаумен негізделген инфекционды (делирий) психоз диагнозын негіздеу | Делирий критерийлерін атау. Бағалау: Жоғары температура фонында делирий түріндегі психомоторлы қозу және сананың бұзылысы. |
11. | Ауыр ағымды тұмаумен негізделген инфекционды (делирий) психоз диагнозын негіздеу | Делирий критерийлерін атау. Бағалау: Тұлғалық бағдары сақталуы кезіндегі, орынға, уақытқа дезориентировка |
12. | Ауыр ағымды тұмаумен негізделген инфекционды (делирий) психоз диагнозын негіздеу | Делирий критерийлерін атау. Бағалау: Қорқынышты көру галлюцинациясының басымдығы және оларға белсенді реакция. |
13. | Ажырату диагностикасы | Делирийдің сананың қарауытуынан және вербальды галлюциноздан айырмашылығын көрсете отырып, делирий белгілерін толық көлемде атап шықты. |
14. | Мүмкін болатын асқынулар | Әлеуметтік-қауіпті әрекеттер жасау. |
15. | Психотикалық жағдайды жоюға арналған препараттар тағайындау | Емдеу тактикасын тағайындады: 1. б/е 10 мл 25% магний сульфат ерітіндісін енгізу; 2. 2,5% аминазин ерітіндісі 2-3 мл б/е; 3. Реланиум 2-3 мл б/е; 4. 6% гексенал ерітіндісі 6 мл б/е; 5. Зипрекс 10 мл б/е; 6. Гипертермиялық қасиетіне байланысты галоперидол, тизерцин, мажептил тағайындамау. |
16. | Психотикалық жағдайды жою үшін тағайындалған препараттарды негіздеу | Соматикалық жағдайдың ауырлығын, психопатологиялық көріністер айқындылығын, сананың бұзылысы түрін бағалады. Оценив общее состояние больной и выраженность психомоторного возбуждения в результате делириозного помрачения сознания |
17. | Науқасты жүргізу тактикасын дұрыс тағайындау | · Науқасты оқшаулау (мүмкін болса) · Жеке тәулік бойы санитарлық пост · Психомоторлық қозу кезінде есі қалпына келгенше жоғарыда аталған препараттардың бірін енгізу · Массивті дезинтоксикация және витаминотерапия · Негізгі ауруды белсенді емдеу · Көп мөлшерде сұйықтық ішу және рационалды калориялы тамақтану · Қанның жалпы және биохимиялық талдауы · Психиатр кеңесі · Невропатолог кеңесі · Инфекционист кеңесі |
18. | Науқасты кейінгі емдеу және жүргізу дұрыстығы | Психофармакологиялық және психофармакологиялық емес заттармен психикалық бұзылысты емдеудің адекватты тактикасын анықтады. |
Симуляцияның жабдықталуы:
1. Интернге арналған тапсырма;
2. Стандартталған науқасқа арналған сценарий;
3. Емтихан алушыға арналған ақпарат (қадамдарды бағалау критерийі, жауаптар эталоны);
4. Әртіс – науқас.