Жұмсақ катетермен қуықты катетерлеу
Дағдыны меңгеруге қажетті медициналық құралдардың тізімі
Медициналық жабдықтардың немесе құралдардың атауы | Сипаттамасы |
Жане шприці | Көлемі 150 мл |
Бір рет қолданатын қуық катетері | Полихлорвинильді, ұзындығы 40және 15 см |
Марлілі тампон-шариктер | Диаметрі 1,5 см |
Лубрикант, вазелин майы бар стерильді ерітінді | Көлемі 50 мл флакон |
Медициналық қолғаптар | Латекс |
Медициналық үстел | Металлды, стандартты егу бөлмесіне арналған |
Медициналық астау | Металлды, сыйымдылығы 300 мл |
Қолданған заттарды тастауға арналған контейнер | Пластмассалы, стандартты, сыйымдылығы 3 литр |
Судно немесе зәр жинауға арналған ыдыс | Металлды, сыйымдылығы 1,5 литр |
Медициналық пинцет | Металлды стандартты |
Медициналық салфеткалыр | Мата, көлемі 50х50 см |
Бикс | Металлды хромирленген |
Кір сабын | 50 грамм |
Орамал | 70х40 см, |
Қолды сүтруге арналған салфеткалар | 40х40 см |
Жоғарға тыныс алу жолдарын қорғауға арналған маска | Көпқабатты дәкелі |
Қуықты катетерлеуді орындау алгоритмі
- Науқаспен сенімді қатынас орнатып, емшараның мақсатын түсіндіру
- Пациентке манипуляцияның өткізілу барысын және мақсатын түсіндіру
- Катетеризацияны жүргізуге пациенттің келісімін алу
- Манипуляцияны жүргізу барысында байсалдылық, сенімділік сақтау
- Қолды гигиеналық әдіспен ұқият өңдеу
- Салфеткамен немесе таза орамалмен құрғатып сүрту
- Маска кию
- Қолғап кию
- Бір рет қолданылатын катетері бар қорапты медициналық үстелге қою
- Пациентті кушеткаға арқасымен ыңғайлаы етіп жатқызу
- Пациенттің белінің астына жайпақ жастықшаны салу
- Жамбасының астына клеенка жайып, аяғының арасына судно немесе зәр қабылдағыш ыдысты қою
- Пациенттен аяғын бүгіп, шат аралығын ашуын өтіну
- Пациентке қолданытын катетердің түрі туралы ақпарат беріп, оның келісімін алу
- Пациенттің сыртқы жыныс мүшесін жылы сумен сабындап жуып, орамалмен құрғатып сүрту
- Сыртқы жыныс мүшесін және уретраның тесігін фурациллин ерітіндісімен өңдеу
- Қолғапты ауыстыру
- Катетеризацияға қажетті жабдықтарды дайындау. Қораптан катетерді алу
- Катетердің домалақтанған дистальді ұшына стерильді вазелин майын жағу
- Оң қолға пинцетті алу
- Катетердің бүйір тесігі бар дистальді ұшынан 4-6 см қашықтықтан пинцетпен ұстау
- Катетердің сыртқы ұшын оң қолдың саусақтарының сыртқы жағынан айналдыра 4-5ші саусақпен зондтың бос ұшынан ұстау
- Сол қолмен үлкен жыныс еріндерін ашу (ер адамдарда салфеткамен жыныс мүшесін ұстау)
- Катетерді уретраның сыртқы тесігіне енгізу (әйел адамдарда клитордан төмен, ер адамдарда жыныс мүшесінің ұшында орналасқан)
- Катетерді уретраның бойымен баяу 4-6 см-ге дейін жылжып, бос ұшын астауға түсіру. Ер адамдарды жыныс мүшесін ұстап катетерді зәр шығатын түтікшеге баяу енгізіп, физиологиялық тарылулардан өту
- Катетердің сыртқы ұшынан зәр ақса, осы ұшын зәр қабылдайтын ыдысқа салу
- Қажет болған жағдайда қуықты Жане шприцінің көмегімен фурациллин ерітіндісімен жуу
- Қуықтан катетерді шығарып алу
- Қажет болған жағдайда катетерді ұзақ уақытқа қалдыру (бірнеше сағат, сөтке), катетердің ішкі каналына стерильді ерітінді немесе антисептикалық ерітіндіні енгізіп Фалея катетерін қолдану
- Зәр құйылған ыдысты алу
- Науқасқа тұруына көмектесіп, жағдайын сұрау
- Қолғап және масканы шешу
- Пациентті палатасының есігіне дейін шығарып салу немесе кресло-каталкамен тасымалдау
Коротков әдісімен артериялық қысымды өлшеу
Дағдыны меңгеруге қажетті медициналық құралдардың тізімі
Медициналық жабдықтардың немесе құралдардың атауы | Сипаттамасы |
Тонометр | Механикалық шкаласы бар, 300 мм сн.бғ. дейін градуирленген |
Фонендоскоп | Стандартты |
Дәкелі тампон-шариктер | Диаметрі 1,5 см |
Антисептик ерітіндісі | Көлемі 50 мл флакон |
Жазу үстелі | Стандартты |
Кір сабын | 50 грамм |
Орамал | 70х40 см, |
Қолды сүтруге арналған салфеткалар | 40х40 см |
Жоғарға тыныс алу жолдарын қорғауға арналған маска | Көпқабатты дәкелі |
Артериялық қысымды өлшеу алгоритмі
- Пациентпен сенімді қатынас орнатып бірнеше уақыттан соң оның артериялық қан қысымы (АҚҚ)өлшенетіндігін айту
- Науқастан жағдайын және қабылдаған емнің нәтижесі туралы сұрау
- Пациентті орындыққа отырғызу
- Қолды гигиеналық тәсілмен жуып, таза орамалмен кептіру
- Егер науқас тыныс алу жолдарының ауыруына шағымданса маска кию
- Қан қысымын өлшеуді пациент бөлмеге кіргеннен соң 15 синуттан кейін бастайды (егер гипотониялық және гипертониялық криз жағдайы болмаса)
- Пациенттен үстелге қолын жазып ұсынуды сұрау
- Шынтағының астына жастықша немесе валик қояды
- Пациенттің иығының айналымына сәйкес келетін манжетті таңдау
- Қолынан сырғымайтындай және манжет пен терісінің арасынан сұқ саусақ өтетіндей етіп манжетті пациенттің иығына орау
- Дәрігерге алғаш рет келген науқастан қан қысымының қандай деңгейде болатындығын сұрау
- Пациенттен систолалық және диастолалық қысымың қандай деңгейінде өзін жақсы сезінетітін және қан қысымын соңғы рет қашан өлшегендігі тжайлы сұрау
- Пациенттен өзін еркін және дене бұлшық еттерін бос ұстауын өтіну
- Манометрді металлды ілгіші арқылы манжетке ілу
- Білезік артериясынан пульсті анықтау
- Фонендоскоптың басын пациенттің шынтақ шұңқырының терісіне қою
- Шынтақ артериясынан тамыр тондарын есту
- Манометр шкаласындағы тілдің жағдайын анықтау, ол «0» белгісінде тұру керек
- Оң қолдың саусақтарымен резеңкелі баллонның бұрандысын(сағат тілі бойынша) жабу
- Манометрдің тілі «30 мм сн.бғ» деңгейіне жеткенше ауаны тез үрлеу
- Пульс және артериядағы тамыр тондары естілмегенше ауаны баяу үрлеу, следя за тем, чтобы стрелка остановилась на цифрах, соответствующих значениям АД, на 20-30 мм рт.ст., превышающим предполагаемое АД пациента
- Манжеттегі ауаны баяу шығару, секундына 2-3 мм сн.бғ. асырмау
- Шкаладан пульс толқынының алғашқы соққысын анықтау, ол пациенттің систолалық қан қысымының деңгейіне сәйкес келеді
- Манжеттегі ауаны шығаруды жалғастырып манометр шкаласынан тондардың естілуі тоқтаған деңгейді белгілеу
- Қан қысымының деңгейін анықтаған соң манжеттегі ауаны толық шығару
- Қан қысымын алдымен сол қолдан, одан кейін оң қолдан өлшенеді
- Егер апциенттің қан қысымы жоғары болса өлшеу әр қолдан үш рет қайталанып, ең төмен көрсеткіші белгіленеді
- Манжетті шешіп, қан қысымының көрсеткішін пациентке айту
- Манометрді қабына салу
- Фонендоскоптың басын және оливасын сабын сумен немесе антисептик ерітіндісімен өңдеп, салфеткамен құрғату
- Қан қысымының көрсеткішін пациенттің картасына немесе температура парағына белгілеу
Тазалау клизмасы
Дағдыны меңгеруге қажетті медициналық құрал-жабдықтар тізімі
Медициналық жабдықтардың немесе құралдардың атауы | Сипаттамасы |
Эсмарх кружкасы | Резеңкелі, сыйымдылығы 3 литр |
Қысқышы немесе бұрандысы бар жалғайтын түтікше | Резеңкелі, ұзындығы 1,5 метр |
Штатив | Металлды, биіктігі 2 метр |
Тік ішек ұштықтары | Полихлорвинильді, қатты |
Салфеткалар және жайма | шыт, көлемі 1х1 метр |
Кір сабын | 50 грамм |
Орамал | 70х40 см, |
Қолды сүтруге арналған салфеткалар | 40х40 см |
Жоғарға тыныс алу жолдарын қорғауға арналған маска | Көпқабатты дәкелі |
Алжапқыш | Клеенкалы |
Клеенка | Көлемі 2х3 метр |
Медициналық вазелин | Қатты, флакон сыйымдылығы 30 мл-ге дейін |
Су температурасын өлшеуге арналған термометр | Пластмасс корпусында |
Шпатель | Металлды |
Судно | Металлды, сыйымдылығы 3 литр |
Шара | Металлды, эмальды, сыйымдылығ 8 литр |
Қолғаптар | Латексті |
Тазалау клизмасын жүргізу алгоритмі
1. Пациентпен сенімді қатынас орнату