Кпе артериясындағы ІІ тонның акценті
- жүрек ұшындағы систолалық шу
?
101. Науқаста дерматомиозит диагнозын нақтылаудағы маңызды диагностикалық әдісі:
- рентгенологиялық зерттеу
+ терінің, бұлшықеттің биопсиясы
- жүректі ультрадыбысты зерттеу
- серологиялық тест жүргізу
- жалпы клиникалық анализдер
?
102. Ревматоидты артритпен ауратын науқаста аса қауіпті асқынуы болып табылады:
+ бүйрек амилоидозы
- зақымданған буындардың анкилозы
- висцеральды көріністер
- мойын омыртқаларының зақымдануындағы церебральды асқынулар
- нейроциркуляторлы дистония психоастениялық синдроммен
?
103. Науқаста жалпы қан анализінде лейкопения, гемолитикалық анемия анықталған, осы белгілер қандай ауруға тән:
- түйінді периартериитке
+ жүйелі қызыл жегіге
- ревматоидты артритке
- дерматомиозитке
- жүйелі склеродермияға
?
104. Түйінді периартритпен науқаста асқазан-ішек жолдарының зақымдануы қандай түрде байқалады:
- аппендицит
- ішек перфорациясы
+ панкреатит
- жедел холецистит
- асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы
?
105. Жүйелі қызыл жегінмен науқасты емдеуде қолданылатын базисті терапия қандай препаратпен жүргізіледі:
- пенициллинмен
+преднизолонмен
- интерферонмен
- индометацинмен
- делагилмен
?
106. Саусақтар контрактурасы, Рейно синдромы, склеродактилия, эзофагопатия, терілердің атрофиясы қандай ауруда байқалады:
+ склеродермияда
- ревматоидты артритте
- дерматомиозитте
- микседемада
- мерезде
?
107. Митральды стеноздың жанама аускультативті белгісі болып табылады:
- жүрек ұшында күшейген «шапалақты» І тон
- патологиялық III тонның естілуі
+ өкпе артериясы үстінен ІІ тонның акценті
- митральды қақпақшаның ашылу тоны
- жүрек ұщындағы диастолалық шу пресистолалық күшеюмен
?
108. Жүректің қандай ақауында мойындырық веналарының пульсациясы анықталады:
- митральды стенозда
- қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігінде
- қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі
+ үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
- митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі
?
109. Ревматоидты артриттің ерте диагностикалық белгісі:
- тері асты түйіндерінің анықталуы
+ саусақ аралық проксимальды буындардың зақымдануы
- саусақ аралық дистальды буындардың зақымдануы
- тізе буындарының вальгусты деформациясы
- саусақ буындарының латеральды девиациясы
?
110. Буындардың механикалық түрде ауырсынуы, саусақтың дистальды бөліктерінің зақымданулары, Геберден түйіндері, буындардың периартрит салдарынан деформациясы қандай ауруда байқалады:
- подаграда
+ остеоартрозда
- ревматоидты артритте
- ревматикалық полиартритте
- псориаздық артритте
?
111. Жіті ревматизмдік қызбада орталық жүйке жүйесінің зақымдануының негізгі көрінісі:
- серозды менингит
- менинго-энцефалит
+ хорея
- гипотоломиялық синдром
- церебральды васкулит
?
112. 20 жастағы науқаста созылмалы тонзиллиттің өршуінен кейін жүрек маңында шаншып ауырсыну, жүргенде ентігу, тізе буындарының ауырсынуы, қызба пайда болды. ЭТЖ - 26 мм/сағ. Қандай ауруды болжауға болады:
- инфекциялық миокардит
+ жедел ревматизмдік қызба
- жүйелі қызыл жегі
- тонзилогенді миокардиодистрофия
- Абрамов-Фидлер миокардиті
?
113. Басынан өткерген баспадан кейін науқаста жіті гломерулонефрит дамыды, осы аурудың дамуында негізгі этиологиялық фактор болып табылады:
+ В-гемолитикалық стрептококк А тобы
- стафилококк
- ішек таяқшасы
- вирусты-бактериальді ассоциация
- вирустар
?
114. Пиелонефритті бар науқастардың барлығында шамалы протеинурия байқалады, оның дәрежесі неге байланысты:
+ пиелонефриттің белсенділігіне
- инфекцияның вируленттілігіне
- организмнің реактивтілігіне
- зақымдалу дәрежесіне
- қабыну процессінің таралуына
?
115. Жіті гломерулонефритте ең жиі кездесетін клиникалық симптомдар:
+ гипертония, ісіну және зәрлік синдром
- жеке зәрлік синдром
- ісіну және зәрлік синдром
- гипертония және зәрлік синдром
- зәрлік синдромның жоқтығы
?
116. Созылмалы пиелонефрит диагностикасында ең нәтижелі зерттеу тәсіліне не жатады:
+бүйректі УДЗ
- бүйректен биопсия алу
- бүйрек қантамырларына доплер жасау
- бүйректі сканирлеу
- рентгендік зерттеу
?
117. Созылмалы гломерулонефритпен науқаста глюкокортикоидтарды қай кезде тағайындаға болады:
- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде
- нефриттің гипертониялық және аралас түрінде
- туберкулез дамуында
- паранеопластикалық синдром түрінде дамиды
+ гломерулонефриттің нефротикалық типінде
?
118. Науқас қорғасынмен уланған, осы науқастағы анемияға не тән:
- эритроциттердегі бос протопорферин деңгейінің жоғарылауы
+ эритроциттердің базафильді түйіршіктелуі, нысаналығы
- зәрде дельта-аминолеволен қышқылының жоғарылауы
- полиневриттер
- құрсақ қуысында толғақ тәрізді ауырсыну
?
119. Жедел гломерулонефритпен науқаста энцефалопатия дамуы кезінде шұғыл емдеу тәсілінде не қолданылады:
+ лазикс к/т преднизолон 40-50 мг/тәу сұйықтықты қолдануды 400-500 м-ге дейін шектеу
- 500 мл қан жіберу
- клофеллин к/т, ампициллин 0,5гр х 4 рет б/е.
- аспирин, резерпин, лазикс
- аминозин, бисептол
?
120. Созылмалы пиелонефритпен науқастарды емдеуде ең кең қолданылатын препарат тобы:
+ фторхинолон
- сульфаниламидтер
- нитрофуран қосындылары
- аминогликозидтер
- пиницилиндер
?
121. Созылмалы пиелонефритпен ауратын науқаста ең бірінші бүйректің қандай қызметі бұзылады:
- фильтрациялық
+концентрациялық
- секреторлық
- азотты бөлу
- инкреторлық
?
122. Пиелонефриттің рецидиві және қайтамалы инфекцияларының алдын алу шараларында не қолданылмайды:
- ошақты инфекцияны жою
- фитотерапия
- гипертензиялар және ісіну кезінде ас тұзын шектеу
- сұйықтықты тәулігіне 1,5-2 литрге дейін қабылдау
+ қуықтық катетерді ұзақ уақытқа қою
?
123. Науқаста анамнезінде темір тапшылық анемия анықталған, осы науқаста қандай симптомдар тән болуы мүмкін:
- сол жақ қабырға астында ауырлылық, оң жақ қабырға астында ауырсыну
- спленомегалия
- сарғаю
+ дәм сезіунің, иісінің бұрмалануы, койлонихия, тілінің тегіс жылтырауы
- шошақ төбе, иер мұрын
?
124. Анамнезінде көп жылдар бойы ревматоидты артритпен ауратын науқаста зәрлік тұнбаның өзгеруінсіз протеинуриясы қандай асқынуға тән:
- жедел пиелонефритке
- өзекшелердің өлектеруі
- нефритикалық синдром
+бүйрек амилоидоз
- бүйрек туберкулезі
?
125. Анамнезінде көп жыл бойы созылмалы пиелонефритпен ауратын науқаста созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, анемия анықталған. Осы науқаста анемияның пайда болу себебі:
- темір тапшылығы
- В12 витамині тапшылығы
- гемолиз
- қан кету
+ эритропоэтин тапшылығы
?
126. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздімен науқасқа гемодиализ жүргізуге көрсеткішке не жатады:
- тұрақты артериальді гипертензия
+қандағы калий деңгейінің 6,5 мкмоль/л жоғары болуы
- айқын ісінулер
- үдемелі көз көруінің төмендеуі
- инфекциялық асқынулар
?
127. Қантты диабетпен науқаста қандағы қанттың қандай деңгейі гипогликемияны көрсетеді:
- 7,8-11,1 ммоль/л
- 11,2-14,0 ммоль/л
- 3,3-5,5 ммоль/л
+2,78 ммоль/л төмен
- 14,0 ммоль/л жоғары
?
128. Иценко-Кушинг ауруы кезінде остеопороз дамуының патогенезінде маңызды роль атқарады:
- симпатикалық жүйке жүйесінің белсенділенуі
- ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділенуі
+ кальцийді реттеуші гормондар секрециясының бұзылуы
- простагландиндер секрециясының бұзылуы
- гистамин секрециясының бұзылуы
?
129. Диабеттік кетоацидоздық комада шұғыл терапия нені тағайындаудан басталады:
- гипотониялық натрий хлориді ертіндісінен
- гипертониялық натрий хлориді ертіндісінен
- 5% глюкоза ертіндісінен
- 40% глюкоза ертіндісінен
+физиологиялық ертіндіден
?
130. Тиреотоксикозбен ауыратын науқасқа тән симптомды атаңыз:
- бет мимикасының аздығы
- беттің ісінуі
+ терінің гипергидрозы
- көз саңылауының тарлығы
- көз жылтырының төмендеуі
?
131. Қантты диабетпен науқаста I (НБ ) нандық бірлікке қанша грамм сіңірілген көмір су сәйкес келетінің еспетеңіз:
- 2-5 гр.
- 6-9 гр.
- 10-12 гр.
+ 13-19 гр.
- 20-26 гр
?
132. Қантты диабетпен науқаста гипергликемия жағдайында қандай смитом анықталады:
- тершеңдік
- ашығу сезімі
- қозу
- денесінің дірілі
+аузында ацетон иісі
?
133. Қантты диабетімен науқаста қандай жағдайда гипотониялық натрий хлориді ертіндісі
қолданылады:
- диабеттік кетоацидоздық комада
+ диабеттік гиперосмолярлық комада
- диабетиттік сүт- қышқылды комада
- диабеттік гипогликемиялық комада
- гипотиреоидттық комада
?
134. Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауына 34 жастағы әйел адам басының ауырсынуына, қозғыштыққа, шөлдегіштікке шағымдалып келген. Анамнезінде — бедеулік. Объективті қарағанда: дене салмағының индексі 30, ішінде және арқасында гипертрихоз, стриялар бар, АҚҚ 164/98 мм снбб. Қосымша зерттеулерден битемпоральді гемианопсия, қандағы глюкозае 7,8 ммоль/л анықталған. Осы барлық көрсеткіштер ең бірінші не туралы ойлауға мүмкіндік береді:
- Штейн—Левентал Синдромы
- қантты диабет
+ гипофиздің аденомасы
- артериальды гипертензия II дәрежесі
- семіздік II-і дәрежесі асқынулармен
?
135. Диффузды уытты жемсаумен науқасқа гормональді профилдің қандай өзгерісі тән:
+ ТТГ↓, Т3 және Т4↑
- ТТГ↑, ТЗ және Т4↑
- ТТГ қалыпты, Т3 және Т4↑
- ТТГ↑, Т3 және и Т4↓
- ТТГ, Т3 және Т4 қалыпты
?
136. Қантты диабетпен бірі жыл ауырған науқастың дене салмағына байланысты инсулин мөлшерін тағайындаңыз:
- 0,2-0,4 бк/кг
+ 0,5-0,7 бк/кг
- 0,8-1,0 бк/кг
- 1,1-2,0 бкд/кг
- 2,1-3,0 бк/кг
?
137. Иценко-Кушинг ауруы анықталған 28 жастағы науқаста аурудың негізгі себебіне жатады:
- бүйрек үсті безінің обыры
+ гипофиздің обыры
- қалқанша маңы безінің обыры
- қалқанша безі обыры
- бүйрек үсті безі қыртысының обыры
?
138. Қантсыз диабет анықталған 30 жастағы науқаста аурудың пайда болуынадағы негізгі себеп:
- гонадотропиндердің көп бөлінуі
- пролактин тапшылығы
- соматотропты гормон тапшылығы
+ антидиуретикалық гормон тапшылығы
- кортикотропты гормондардың шамадан тыс бөлінуі
?
139. Науқаста тиреотоксикоздың ауыр дәрежесі анықталып, тиреостатикалық препараттар тағайындалды. Осы препараттармен емдеу нәтижесіз болса, қандай ем тағайындаған дұрыс:
+ струмэктомия
- тиреоидты препараттармен терапия жүргізу
- β-блокаторлармен терапия жүргізу
- глюкокортикоидтармен терапия жүргізу
- литий препараттарымен терапия жүргізу:
?
140. Тиреотоксикоздың орташа дәрежесімен науқаста жүректің жиырылу жиілігі қандай денгейде болады:
- 70-80 соққы/мин
- 80-100 соққы/мин
+ 100-120 соққы/мин
- 120-140 соққы/мин
- жоғары 140 соққы/мин
?
141. Екінші реттік гипотиреозбен науқасты емдеудегі аса маңызды емдеу әдісі табылады:
- радиоактивті йодпен емдеу
- мерказолилмен емдеу
+ организмге йодтың жеткіліксіз түсуі
- қалқанша безіне резекция жасау
- гипофизді сәулелендіру
?
142. Қантты диабет науқасқа сульфанилмочевина туындыларын тағайындауға көрсеткіш:
- қантты диабет 1 типі, орташа ауырлық дәрежесі кетоацидозсыз
- қантты диабет 2 типі, орташа ауырлық дәрежесі кетоацидозбен
+ қантты диабет 2 типі, орташа ауырлық дәрежесі кетоацидозсыз
- қантты диабет 1 типі, ауыр ағымы, кетоацидозсыз
- қантты диабет 2 типі, ауыр ағымы, кетоацидозбен
?
143. Тиреотоксикозбен науқасқа қандай симптом тән:
- апатия
- ұйқышылдық
- есте сақтаудың төмендеуі
- бас ауруы, бас айналуы
+ жоғары жүйкелік қозғыштық
?
144. Иценко-Кушинг ауруымен науқаста қандағы ненің деңгейінің жоғарылауымен сипатталады:
- адреналиннің, норадреналиннің
- гистаминнің, серотониннің
- трипсиннің, химотрипсиннің
+ кортизолдың, адренокортикотропты гормонның
- эстрогендердің, тестостеронның
?
145. Қантты диабетпен науқастарда аяқтардың диабеттік макроангиопатиясының ауырсыну түріне жатады:
+ спонтаннды ауырсыну
- бұлшық еттердің кернеулігі
- парестезиялар
- жансыздану
- ыстық сезінуі
?
146. Науқаста шөлдеу, сұйықтықты көп қабылдау, полиурия байқалады. Осы науқаста айқын қант диабеті анықталғанда аш қарынға гликемия деңгейі қандай болады (моль/л):
- 2,0
- 2,5
- 3,4
- 5,6
+ 8,09
?
147. Науқаста қалқанша безі обырына деген күдік бар, қалқанша безінің обырын диагностикалаудағы маңызды әдіс:
+ қалқанша безін I131 сканирлеу
- қалқанша безінің УДЗ
- қалқанша безін пункциялық биопсиялау
- қалқанша безінің компютерлік томографиясы
- төс арты қуысының рентгенографиясы
?
148. Қантсыз диабетпен науқаста зәрдің салыстырмалы тығыздығының көрсеткіші:
- 1025,0-1030,0
- 1005,0-1015,0
+ 1000,0-1003,0
- 1010,0-1012,0
- 1008,0-1018,0
?
149. «Жарты ай тәрізді бет» , дене тұлғасы жоғарғы бөлігінің семіздігі, қоңырқай стриялар, зәрде 17- ОКС, 17-КС жоғарылауы неге тән:
- акромегалияға
- пангипопутуитаризмге
- қантсыз диабетке
+ Иценко- Кушинг синдромына
- қант диабетіне
?
150. Науқаста іштің ауырсынуы, құсу, адинамия, АҚҚ 85/40мм.сн.бб, тіс қызыл иектерінің пигментациясы байқалады, қандағы 11-ОКС 50 нмоль/л. Науқастың болжам диагнозы:
+ қорғасынмен улану
- аддисондық криз
- перитонит
- ойық жараның ұйқы безіне жабысуы
- асқазан-ішектен қан кету