Жымдық қорғаныс құралдары

Ұжымдық қорғаныс құралдары – бұл құрылымдық және функциялық жағынан өндірістік үдеріспен немесе жабдықпен байланысқан, әдетте жұмыс аймағында орналасқан екі немесе оданда көп қызметкерлерді қорғауға арналған құралдар.

Өндірістік факторлардың зиянды және қауіпті әсері адамның өндрістік жабдықтармен, материалдармен және бұйымдармен тікелей жанасуының нәтижесі болуы, сондай-ақ өндірістік үдерістердің нәтижесінде ластанған және өзгерген ауа ортасы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Кәсіпорында ұжымдық қорғаныс құралдарын пайдалануды жобалар, мемлекеттік стандарттар, техникалық пайдалану ережелері мен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды қамтитын басқа да нормативтік құқықтық актілер қарастырады.Ұжымдық қорғаныс құралдарының жай күйіне қадағалау жасауды өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді бағалауды есепке ала отырып, бекітілген жылдық графикке сәйкес тұрақты жұмыс істейтін өрт техникалық комиссиялары , сондай- ақ кәсіпорынның тиісті қызметтері жүзеге асады.

Әдетте, жеке қорағну құралдарының жұмыстардың қпуіпсіздігі қорғанысытың техникалық құралдарымен (жабдықтардың құрылымымен, өндірістік үдерістерді ұйымдастырумен, сәулеттік жоспарлаушы шешімдермен және ұжымдық қорғаныс құралдарымен) қамтамасыз етілуі мүмкін болмайтын жағдайларда қолданылатыны белгілі.

Сонымен бірге қызметкер өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үдерісінде ЖҚҚ –н тікелей өзіне киген кезде оған зиянды өндірістік факторлардан сенімді қорғануға кепілдік беретін техникалық және эргономикалық талаптар, сондай –ақ қорғаныс құралдарының өздері денсаулыққа, көңіл –күйге және жұмыс қабілетіне қолайсыз әсер етуіне жол бермейтін гигиеналық талаптар кешені қойылады. Бұл талаптардың орындалуы жеке қорғану құралдары сапасының сипаттамаларымен сондай-ақ оларды таңдау мен қолдану шарттарымен қамтамасыз етіледі, ол мыналарға:

- нақты өндірістік жағдайлар үшін тағайындалған жеке қорғаныс құралдары құрылымын дұрыс таңдай білуге;

- қызметкердің өлшемі бойынша дұрыс лайықтауға;

- дайындаушының талаптарына сәйкес дұрыс пайдалануға;

- ең операцияларының сипаты мен ауырлығын есепке алатын еңбектің белгілі бір режімін сақтауға;

- ЖҚҚ- н қолдануды талап ететін жұмыстарды орындау үшін қызметкерлердің денсаулық жағдайын айқындауға байланысты.

Осы стандарттың жобасы ҚР Индустрия және сауда министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы №61 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік стандарттау жөніндегі 2010 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес дайындалады. Стандарттың жобасында мыналар белгіленіп, сипатталады:

- жартылай бетперде жасалатын материалдарға қойылатын талаптар( бетке киілетін бөлігі және бекіту тартпалары) және басқа киілетін бөлігі

- пайдаланылу қасиеттілігі;

- сүзгілік жартылай бетперде арқылы өту коэффициенті;

- тұтанғыштыққа төзімділігіне қойылатын талаптар;

- тыныстайтын ауадағы көміртек қос тотығының мөлшеріне қойылатын талаптар;

- дем алу және дем шығару клапандарының құрылымына қойылатын талаптар;

- сүзгілік жартылай бетперденің ауа ағынына бастапқы қарсылық жасауына қойылатын талаптар;

- шаңдануға төзімділігіне қойылатын талаптар;

- алынатын элементтеріне қойылатын талаптар;

- орамасындағы таңбалауға және сүзгілік жартылай бетпердені таңбалауға қойылатын талаптар;

- тасымалдау және сақтау.

3.1.«КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігіндегі арнайы киімдердің маталары

Арнайы киім жұмысшылардың жеке қорғаныс заттары ретінде кең қолданылатындардың санына жатады. Олар келесі негізгі талаптарды қанағаттандыруы тиіс: оны қолдану кезеңінің ішінде адамның нормалы қызметтік жағдайын және оның жұмысқа қабілеттілігін сақтауды қамтамасыз етуі; зиянды өндірістік факторлардың әсерінен сақтауы; жалпы токсикалық және теріні тітіркендіру әсерін болдырмауы; жеткілікті төзімді және эстетикалы болуы тиіс. Қорғаныс әсеріне жету үшін арнайы киім гигиеналық талаптар кешені, яғни адамның жұмыс қабілетілігін және денсаулығын сақтауға қажетті материалдар мен құрылысқа қойылатын талаптары ескеріліп дайындалуы тиіс.

Арнайы киімдердің алуан түрлі түрлері бар. Олар нақты өндірістік шарттарға байланысты қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыздандыруы үшін ұсынылуы мүмкін. Негізгілеріне жататындар: күртеше, шалбарлар, комбинезон, тізеге кигіш және т.б. Арнайы киімнің бұл түрлері жеке және бір-бірімен үйлесім ретінде қолданылуы мүмкін.

МЕСТ 12.4.103-83 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Киім арнайы қорғаныс, қол және аяқтың жеке қорғаныс тәсілдері. Жіктелінуі» талаптарына сәйкес және белгіленуіне байланысты арнайы киім 15 топқа және 39 топастына жіктелінеді. Арнайы киімнің жіктеліну негізіне өндірістік факторлардың зиянды әсерінен қорғаныс қасиеттері салынған.

Арнайы киімдерге күрделі кешендік талаптар қойылған: қорғаныстық, гигиеналық, эксплуатациялық және эстетикалық. Арнайы киімнің әрбір түріне эксплуатациялық шарттарына сәйкес нақты талаптар қойылады.

Электрлік алаңнан және электростатикалық тоқтардан қорғауға арналған киім электрөтімділік қасиетке ие және экранирлік әсерлі материалдардан дайындалуы тиіс. Сонымен қатар, ол барлық дененің бөліктерін (басты, бетті, денені, қолды, аяқты) кешенді қорғауды қаматамасыз ету қажет.

Ерекше талап антистатикалық киімге қойылады. Бұл киімдерге арналған материалдар кем дегенде 105-09 Ом беттік кедергілікке ие болуы тиіс. Ең үздік антистатикалық қасиеттерге құрамында өте жұқа көмір бөлшектері бар материалдар ие. Олардың беттік электрлік кедергісі 100-10000 Ом болады.

Арнайы киім көмегімен адамға максималды сәйкес келетін микроклимат құрылады: температурасы 28-32 °С, сондай-ақ салыстырмалы ылғалдылығы 20-40% және ауаның жеңіл айналуы. Мұндай киімдер ағзаның жылу жоғалтуын төмендетуге, дене терісінің бетін механикалық зақымданудан, кірден, шаңнан және т.б. сақтауға арналған. Арнайы киімдерге қойылатын басты гигиеналық талаптар – міндетті түрде жылусыйымдылық, климаттық жағдайларға, жыныс ерекшілігіне, еңбектің белсенділігіне, денсаулық жағдайына және т.б. қатынасы бойынша ауаөтімділігік қасиеттеріне сәйкес келуі. Арнайы киімнің пішімі мен құрылысы мүмкіндігінше максималды қозғалыс кеңдігін қамтамасыз етіп, демалысы мен қанайналымын қиындатпауы қажет.

Жылдың суық уақыты кезінде арнайы киімдер үшін қалыңдығы мен көлемдік салмағы жоғары емес, механикалық әсерлер кезінде, жоғары ылғалдылық шарттарында, ұзақ киілу барысында өз қасиеттерін жоғалтпайтын материалдар сәйкес келеді. Өйткені, материал қалыңдығының азаюы ондағы ауаның азаюына ықпал етеді, бұл арнайы киімнің жылусақтаушылық қасиеттерінің төмендеуіне негіз болады. Мұндай киімдерді дайындау үшін ең тиімді қасиеттерге табиғи жолмен пайда болған материалдар ие бола алады. Ал синтетикалық маталар арнайы киімнің сыртқы қабатына өте жақсы сәйкес келеді, өйткені олар атмосфералық ылғалдан жақсы қорғайды. Тұмаудан сақтану үшін белсенді тербөлуді тудыратын артық жылуқорғаушылықтан сақтану қажет. Олар киімді дымдандырып, жылусақтағыш қасиеттерінің төмендеуін туындатады.

Жылдың жылы кезеңдерінде жылуды сақтамайтын және сонымен қатар терді жақсы сіңіретін материалдардан дайындалған киімдер сәйкес келеді. Бірқалыпты климаттық жағдайдағы жұмыс үшін жаздық киім ультракүлгін сәулелерін максималды мүмкіндігінше өткізуге ыөпал етуі тиіс. Аптап ыстық климат үшін арнайы киім сәулелік жылудан экран құруы тиіс. Күн радиациясынан ең жақсы қорғанысты ашық түстерден дайындалған жылтыр киімдер жасайды. Егер арнайы киімнің тігісін гигиеналық жағынан қарастырсақ, онда мақтаматалы материалдар көбірек сәйкестенеді. Синтетика өте тез кірленеді, ылғалсыйымдылық және гигироскопиялық қасиеттерге ие болмайды, дене терісінің тыныс алу қызметін бұзуға ықпал етеді, статикалық электрлікті жинақтайды, сондай-ақ аллергиялық реакциялардың пайда болуы туындатуы мүмкін.

Азаматтық персоналдарға, жұмысшыларға және басқаларға, көбіне телефондық байланыс станциялық жабдық инженерлеріне арнайы киімдердің, арнайы аяқ киімдердің және басқа да жеке қорғаныс заттарының тегін берілу типтік нормаларына сәйкескелесі арнайы киімдердің түрлері берілу қажет: халат немесе мақтаматалы костюм – дана, былғарыдан жасалған бәтіңке немесе тапочкалар – 1 жұп 2 жылға, резеңке қосылған алжапқыш – төзгенше, медициналық резеңкелі қолғаптар – 6 жұп, тыныс алу ағзаларын қорғаудың жеке заттары аэрозольге қарсы – кезекші.

Нақты мамандықтағы жұмысшыларға арналған арнайы киімдердің сапасы көбінде еңбек шарттарын білумен анықталады. Жұмысшылардың еңбек шарттарын меңгеру бойынша ең алдымен келесілерге көңіл бөледі: өндірістік факторлардың сипаты мен олардың әсер ету деңгейі (барлық беті немесе локальды аумақтары бойынша); орындалатын жұмыстардың ауырлығы; сипаттық қозғалыстар; эксплуатацияның нормативті уақыттары (арнайы киімдердің, аяқ киімдердің және қорғау өажеттіліктерін тегін беру нормаларына сәйкес); эстетикалық талаптары (түстік шешім, өнеркәсіптің өндірістік интерьеріне сәйкестігі). Осы факторлар ескеріле отырып, арнайы киімдер құрастырылады. Мысалы, метеорологиялық берілгендерге, физикалық жұмыстардың белсенділігіне, жұмыс орнында болу уақытына сәйкес материалдар таңдалынады және өндірісте адамның жылуалмасуы үшін қолайлы шарттарды қамтамасыз ететін киім құрылысын құрастыру. Өндірістік факторлардың сипатына және адам қозғалысына сәйкес материалдар таңдалынады және осы факторлардан қажетті қорғанысты және қозғалыстың кеңдігін қамтамасыз ететін киім құрылысы құрастырылады. Таңдалынған материалдар мен құрылыстар арнайы киімдердің төзу уақытымен және адамның жұмысқабілеттілігімен шартталады.

Эргономикалық жетілдірілу деңгейі келесі кешендік көрсеткіштер бойынша бағаланады: антропометриялық, гигиеналық, физиологиялық, психофизиологиялық,психологиялық. Арнайы киімнің антропометриялық көрсеткіштер сапасы адам денесінің өлшемдері мен пішініне сәйкестігін сипаттайды.

Арнайы киімнің гигиеналық көрсеткіштер сапасы – эргономикалық критерийлердің ең маңыздысы. Гигиеналық көрсеткіш бұйымның жылуды сақтау немесе болдырмау, киім асты кеңістігіндегі ылғалды және ағзаның өміртіршілік азықтарын жою қабілеттерін бағалайды. Физиологиялық көрсеткіш адамның арнайы киімдегі ағзаның жылулық жағдайын, күштік және энергиялық мүмкіндігінің сәйкестігін сипаттайды. Көбінде, арнайы киім дайындалған материалдар майысу кезінде минималды қаттылық мүмкіндігіне және адамның максималды серпімділікке ие болуы тиіс. Бұл киімнің кедерлігі адамның шаршауын туғызбауы тиіс. Арнайы киімнің психофизиологиялық сапа көрсеткіші адамның сезу ағзаларының қызметтік ерекшеліктеріне сәйкестігімен анықталады: көзбен көру, құлақпен есту, етпен сезіну, иіс сезу, кинестатикалық (бұлшықтық) және т.с.с. Беттік шағылысуы жоғары коэффициентті материалдардың қолданылуы (мысалы, металданған) көздің көру өткірлігін, көзбен көру анализаторының өтімділік қабілеттілігін және т.б. нашарлатуға ықпал етуі мүмкін.

Психологиялық көрсеткіш арнайы киімнің жеке элементтерін қолдану ыңғайлығын, оны кию және шешу қолайлығын, адамның көру түсінің мүмкіндігіне бұйым түсінің сәйкестігін сипаттайды. Осыларды ескере отырып, арнайы киімдерді жобалау барысында қалталардың қолданылу қолайлығы және еңбектің қажетті заттарының орналастырылуына байланысты басқа да құрылыстық элементтерімен бағаланады.

Слесарь-жөндеуші Астары мақта матадан тігілген костюм (куртка және шалбар немесе шолақ комбинезон) 1 жылға 2 жинақ
Бактерияға және статикаға қарсы қабаты бар баскиім 1 жылға 2 бұйым
Табиғи былғарыдан жасалған жылы бәтеңке (немесе етік). Табаны май мен су сіңдірмейтін, сырғанамайтын және тозуға төзімді протекторлы, тұмсығы қатты металдан жасалған. 2 жылға 1 жұп
Құрама биялай 1 жылға 24 жұп
Қорғаныш көзілдірік 1 бұйым тозғанша
Қорғаныш каска 1 бұйым тозғанша
Күкірт сутегі, радонды және басқа да минералды суларды жіберу және қыздыру, жөндеу кезінде және оларды ванналар мен себезгілерге жібергенде, сондай-ақ штольняларда қызмет көрсету кезінде қосымша:
Жеңұшы ұзын резеңке биялай 1 жылға 24 жұп
Противогаз 1 бұйым тозғанша
Сыртта жұмыс істегенде:
Желден қорғайтын су өткізбейтін капюшоны бар жадағай 1 жылға 1 бұйым
Табаны сырғанамайтын резеңке етік 2 жылға 1 жұп
Энергетик Астары мақта матадан тігілген костюм (куртка+шолақ комбинезон/немесе шалбар) 2 жылға 1 жинақ
Резеңкеленген мақталы негізді биялай 1 жылға 6 жұп
Диэлектрлік биялай 1 жылға 6 жұп
Резеңке етік 3 жылға 1жұп
Баллондарды толтырушы Май мен су сіңдірмейтін қабаты бар мақта матадан тігілген костюм (куртка+шолақ комбинезон/немесе шалбар) 1 жылға 1 жинақ
Су өткізбейтін резеңкеленген мақта матадан тігілген (немесе пленкалы қаптамасы матадан тігілген) алжапқыш 1 жылға 1 бұйым
Табаны май мен су сіңдірмейтін, сырғанамайтын және тозуға төзімді протекторлы, тұмсығы қатты металдан жасалған, табиғи былғарыдан жасалған бәтеңке (немесе етік) 1 жылға 1 жұп
Поливинилхлорид (немесе полимер) алақандығы бар мақта матадан тігілген жылы қолғап 1 жылға 4 жұп
Противогаз 1 бұйым кезекші
«В-1» типті жарық сүзгісі бар поликарбонатты (немесе минералды) беріктендірілмеген шыны 1 бұйым тозғанш
Өнеркәсіптік темір бетонды құбырларды салушы Мақта матадан тігілген комбинезон 1 бұйым 1 жылға
Поливинилхлорид (немесе брезент) алақандығы бар жылы мата қолғап (немесе полимер қаптамасы бар биялай) 12 жұп 12 жұп 1 жылға
Сигналдық комбинезон немесе сигналдық костюм (куртка+шолақ комбинезон/немесе шалбар) 1 бұйым 1 жылға
Тұмсығы қатты табиғи былғарыдан жасалған бәтеңке 1 жұп 1 жылға
Қыста сыртта жұмыс істегенде қосымша:
Мақталы негізді қалың куртка. Астары ағытылмалы 1 бұйым белдеу бойынша
Астары бар мақталы негізді қалың шалбар 1 бұйым белдеу бойынша
Резеңке табанды пима немесе Тұмсығы қатты табиғи былғары қалын бәтеңке 1 жұп белдеу бойынша
Жылы астары бар мақта матадан тігілген сигналдық костюм (куртка+шолақ комбинезон/немесе шалбар) 1 жинақ белдеу бойынша
Қорғайтын қаптамасы бар, астары жүннен тоқылған аязға төзімді биялай 3 жұп 1 жылға
       

3.2«КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігіндегі арнаулы киімге техникалык сипаттама жасау кезінде техникалық талаптарды есепке алу

Қазақстан Республикасының Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы 1999 жылдың соңында құрылды, тоқыма, тігін, трикотаж, былғары-тері, сондай-ақ аяқкиім кәсіпорындарын біріктіреді. Жеңіл өнеркәсіптің қазақстандық компаниялардың іс жүзінде 80%-ы өндірістің әр түрлі: мұнай-газ, құрылыс, көлік, күзет кәсіпорындары, медицина және басқа салаларының жұмысшылары үшін арнаулы қорғаныс киімі мен аяқкиім шығару нарығында жұмыс істейді. Сапалы арнаулы киім бәріне де қажет, өйткені бұл өндірістегі қызметкерлердің денсаулығы үшін сенімді қорғаныс, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыруы да мүмкін. Арнаулы киімнің артықшылықтары туралы көп айтуға болады, алайда көптеген зерттеулер арнаулы киімің сапасы бірінші кезекте мата мен барлық қосалқы материалдарға (жіптер, сыдырмалар және басқалар ) байланысты екендігін растайды.

Тендерлік құжаттаманың техникалық бөлігіне талдау жасау негізінен берілетін тауарға қойылатын талаптардың кәсіби емес деңгейде жасалған сипаттамасының байқалатынын көрсетеді. Мысалы, «номекс », «пробан» және басқа да үлгідегі отқа төзімді маталар бір позицияда үтір арқылы санамаланады. Алайда бұл жинақталымдардың сипаттамалары мен бағасы бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді.

«Номекс » маталарынан тігілген киім «пробан» маталарынан тігілген киімге қарағанда 3 есе қымбат. Бір уақытта өткізілетін тендерге біреулер «номекс » маталарынан тігілген арнаулы киімді , басқалары мүлдем әр түрлі сипаттамалары бар неғұрлым арзан маталар пайдаланылған арнаулы киімді ұсынған болып шығады. Бұл тауарларды салыстыру көпке- көріну мүмкін емес. Бұған қоса, отқа төзімді өнім міндетті түрде арнаулы затбелгімен таңбалануы тиіс, алайда техникалық ерекшеліктерде бұл көрсетілмейді. Немесе басқа бір мысал. Тендерлік құжаттамада бұрынырақта қыстық арнаулы киім жасау үшін пайдаланылатын «синтепонның» орнына «тинсулейт» жылытқышын көрсету сәнге айналды. Бұл өнімді таңбалауға қойылатын ешқандай талаптар жоқ, оның түрі көрсетілмеген . Ал бұл болса тіркелген сауда белгісі және бұл өнімнің беделі өте байсалды іс.

Көбінде кейбір компаниялар тендердің өзіне өзіндік құнынан анағұрлым төмен бағаны қояды, өйткені оларға бұл тауардың құны беймәлім. Және де таңғаларлығы- солар жеңіп шығады. Өйткені сапа емес, ең төменгі баға жеңіп шығады. Алайда бұл адамның қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Сапа мен жоғары технологиялар көп ақшаны талап етеді.

Шығар жол қайда? Біз оны осы бағыттарда жүйелі жұмыс жүргізуден көреміз.

Біріншіден ,арнаулы саланың мамандарын қатыстырумен сараптама жүргізу және техникалық сипаттамалардың талаптарына сәйкес келмейтін өнім берушілерді жазалау қажет .

Екіншіден, салалық мамандардың қатысуымен техникалық ерекшеліктерді қайта қарастыру қажет.

Қауымдастық техникалық реттеу жүйесіне өтуді жүзеге асыру үшін Ведомствоаралық комиссияның құрамына кіреді.

2009 жылы Қауымдастық жанынан жеңіл өнеркәсіп саласында стандарттау бойынша №73 Техникалық комитет құрылды, ол тауарлар шыққан елді анықтауға сараптама жүргізеді, мемлекеттік салалық стандарттар, жіңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттер әзірлейді.

Атап айтқанда, Қауымдастық Кеден Одағы жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы Техникалық регламент әзірледі. №73 Техникалық комитетінің құрылымында қосымша комитет- арнаулы киім мен ЖҚҚ-н әзірлеу мен ендірудің әдістемелік орталығы қарастырылған. Орталық еңбекті қорғау саласындағы талдаушылық жұмыстар мен консалтинг жүргізуге, кәсіпорындардың корпаративтік стандарттарын әзірлеуге мамандандырылған және жоғарыда баяндалған проблемалық мәселелерді шешу бойынша өз қызметтерін тегін негізде ұсынуға дайын. Корпаративтік стандарт- бұл кәсіпорынды , өндірісті егжей-тегжейлі зердегеннен кейін барлық бизнес-үдерістер, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қызметкер денсаулығын сақтаудың мақсаттары мен құралдары баяндалатын құжат.

Егер «Үлгілік салалық нормалар» «не?» және «кім үшін ?» деген ұйғарым жасаса, стандарт «қандайлар ?» сұрағына жауап береді. Ол қорғаныс құралдарының барлық топтары: киім, аяқкиім, ЖҚҚ, құлаудан қорғану құралдары және басқалары үшін әзірленеді.

Корпаративтік стандартты әзірлеу кезінде мынадай ақпарат есепке алынады:

- ЖҚҚ құрылымына қойылатын талаптар;

- ЖҚҚ-ның әрбір түріне бекітілген нормалар;

- Өндірушілер туралы мәліметтер;

- Әрбір ЖҚҚ-ын пайдаланумен орындалатын жұмыстардың тізбесі;

Корпоративтік стандарттың ерекшелігі әрбір кәсіптің өзіндік ерекшелігі ескеріле отырып, нақты кәсіпорын үшін жасалатындығында , таңдап алынған ЖҚҚ-ның тек МемСТ-қа ғана емес, сондай-ақ еуропалық нормаларға- EN сәйкес келуін көздейтіндігінде

- Алмастыру шарттары, тиімді пайдалану жөніндегі ұсынымдар және ЖҚҚ-мен жұмыс істеген кездегі сақтық шаралары (олардың жұмыс қабілетін қамтамасыз ету үшін).

Сондай –ақ орталық Корпаративтік стиль әзірлеумен айналысады, ол кәсіпорын беделінің, оның мәдениеті мен ырыс-берекесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Нақ осы корпоративтік стиль қандай да бір компанияны милиондаған тұиынушыларға танымал етеді.

Корпоративтік стильді әзірлеу және жинақтама шығару мынадай кезеңдерді қарастырады:

- Кәсіпорында болу және оның жұмыс ерекшеліктері туралы мәліметтер жинау;

- Корпоративтік түстер мен кәсіпорын- тапсырыс берушінің нышандамасын қолдана отырып, арнаулы киім мен арнаулы аяқкиім нобайларын дайындау;

- Еңбек қауіпсіздігінің базалық стандарттарына сәйкес, климатты және қызметкерлердің кәсіптік міндеттерін есепке ала отырып, арнаулы киім мен арнаулы аяқкиімнің модельдерін жасау;

- Құрылымдау құжаттамасын әзірлеу және тіркеу;

- Киім тізімдемесін, оның ішінде электрондық түрде дайындау;

Кәсіпорын киімді автоматты жобалау жүйесімен жарақтандырылған.

Орталық мамандары арнаулы киім мен ЖҚҚ-н дұрыс таңдау және тиімді қолдану мәселелерінде жәрдем береді, заманауи ЖҚҚ-н пайдаланудан болатын экономикалық тиімділікті есептеуге көмектеседі, еңбекті қорғау мәселелерінде сарапшылар болып табылады және өнеркәсіптің әр түрлі салаларындағы кәсіпорындардың еңбекті қорғау жөніндегі мамандарымен үнемі қарым-қатынаста болады. Тұтынушылар Орталық мамандарының кәсіпқойлығына лайықты бағасын береді деп есептейміз.

Әдістемелік орталық сондай-ақ әр түрлі кәсіпорындардың мамандарына арналған оқытушы семинарлар ұйымдастырумен де айналысады. Семинарлар не әдістемелік орталықтың базасында, не кәсіпорынға барып өткізіледі.Семинарлардың тақырыптарын түзу кезінде қатысушылардың ұсыныстары есепке алынады, мәселелер талданады және соңғы нәтижеде тыңдаушыларға барынша қолданбалы сипаты бар материал ұсынылады.Семинар бағдарламасы тақырыптама мен қатысушылардың құрамына байланысты жеке де әзірленеді.

Орытынды

Өндірістік тәжірибе адам өмірін қорғау,өндірістік жұмыстар және метал балқыту саласында кең көлемде білім берді.Өндірістік тәжірибені өту барысында «КазФерроСталь» ЖШС зауытында металл балқыту және өңдеу, цехтардың жұмыстарымен таныстық.

Бүгінгі таңда зауыт өнім шығару пайызын арттырып, ай сайын 5500 тоннаға жеткізбек, жаңа аппараттар орналсатырылады деп күтілуде.Әрбір жұмысшының өмірін және денсаулығын қорғау мақсатында әр түрлі шаралар ұйымдастырылуда,атап айтатын болсақ: жеке қорғаныс құралдарымен, тағамдармен,арнайы сыйақылармен және ерекше көрсеткіштері болса арнайы демалыс күндерін қосып беруде.

Зауытта орта сұрыпты прокат, швеллер ,арқалық және бұрыштық шығаратын прокат цехының екінші кезегінің құрылысы аяқталып келеді. Бұл «КазФерроСталь» ЖШС-не жылына 92 мың тоннаға дейін прокат өнімдерін шығаруға және қосымша 270 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау мақсатында зауыт жанына ағаштар отырғызылып, егін егілмекші


Транспортты цехта: ховосамосвал,зил самосвал, 2 авто кар, тепловоз, 70 тонналық кран, жұмысшыларды таситын арнайы 2 автобус бар.

Кәсіпорын мақсаты-металдарды өңдеп, сапалы прокат өнімдерін дайындау және оның көлемін арттыру.Жұмыс орнында жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Көрcетiлген жеке қорғану құралдарының жарамдылық мерзімін, оның iшiнде олардың тозу пайызын, ұйымның еңбектi қорғау жөніндегі комиссиясы немесе жұмыс берушiнің уәкiлетті лауазымды тұлғасы белгілейді. Кезекші ретінде берілетін жеке қорғану құралының кию мерзімін еңбек сипаты мен жағдайларына байланысты ұйымның еңбектi қорғау жөніндегі комиссиясы немесе жұмыс берушiнiң уәкiлетті лауазымды тұлғасы бекiтедi. Көрсетілген мерзімдер аталған өндірістің қызметкерлері үшін берілетін жеке қорғану құралдарының кию мерзімінен кем болмауға тиіс.
Кәсіпорын артықшылығы- өнім өндіреді және 99 пайыз таза кислород шығарады.Шығарылған кислородты Қазақстанда медицина саласында көптеп қолданады.Қаржы экономикалық қызметінің барлық көрсеткіштері бойынша өркендеу байқалады және болашағы зор кәсіпорын боып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстанда еңбекті қорғау журналы №7(79)2012 ж.33-35 бет

2.Қазақстанда еңбекті қорғау журналы №12(48) 2009 ж. 4-10 бет

3.Қазақстанда еңбекті қорғау журналы №9(69) 2011 ж. 27-35 бет

4. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі: 15 мамыр 2007 жыл // «ПАРАГРАФ» ақпараттық жүйесі// www.zakon.kz

5. «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы: 7 ақпан 2005 жыл, № 30 // «ПАРАГРАФ» ақпараттық жүйесі// www.zakon.kz

6.www.google.kz интернет сайты

7.www.kmg.kz

Наши рекомендации