Дәрігер тәжірибесі негіздері 21 страница
*ЖИА. Кернеулі стенокардия ФК II
*ЖИА. Кернеулі стенокардия ФК III
*ЖИА. Кернеулі стенокардия ФК IV
*ЖИА. Прогрестейтін стенокардия
*+ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия
#783
*!Ер кісі 64 жаста. Қатты күйзелістен соң пайда болған тартып, басып тұрғандай жүрек тұсындағы ауру сезіміне шағымданады. Нитроглицерин қабылдағаннан соң ауру қояды, бірақ сәлден соң қайтадан басталады. Анамнез - ЖИА 5 жыл бойы. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындысы бозғылт, өкпесінде — везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйық, ритмі дқрыс, АҚҚ - 140/90 мм с.б., пульс 60 соққы минутына. Іші өзгеріссіз. Ісік жоқ. ЭКГ: V1 - V4 көріністе ST сегменті изолиниядан төмен, Т тісшесі теріс.
Төмеңде көрсетілген ЕҢ тиімді қандай диагноз?
*НЦД кардиальды тип
*ЖИА. Тұрақты кернеулі стенокардия
*+ЖИА. Прогрестейтін стенокардия
*Кеуде бөлімінің остеохондрозы
*Белдемелі лишай
#784
*!ЖТД дәрігері үйге шақырылған, науқас 56 жастағы әйел кеуде омыртқасының қылқанды өсіндісінің ауру сезіміне, кеуде қуысының мойынға таралған ауру сезіміне шағымданады. Нитросорбид қабылданғаннан кейін ауру тарқайды. Қарап тексергенде мойын кеуде бөлігінде аздап ауру сезімі. Дәрігер жедел жәрдем шақырды. ЭКГ – ST сегментінің депрессиясы 2 мм.
Стенокардияның патогномиялық белгісі қайсысы болып табылады?
*кеуде бөлімінің қылқанды өсіндісіндегі жедел ауру сезімі
*кеуде қуысының сол жағындағы ауру сезімі
*+нитросорбид арқылы ауру сезімді басу
*аурудың мойынға таралуы
*омыртқаның мойын-кеуде бөлімінің ауру сезімі
#785
*!Ер кісі 60 жаста дәрігер тіркеуінде ЖИА диагнозымен тіркеуде. Кернеулі стенокардия. ФК I. Күңдізгі стационар және үйдегі стационар арқылы жылда ем алуда. Соңғы 2 жылда салмағы 12 кг қосқан. Балтыр бұлшықеттерінде ауру сезімі және тырысулар пайда болған. Соңғы айлары стенокардия ұстамасы жиілінген. Барлығын жұмыстағы стресстік жағдайға байланыстырады.
Төменде көрсетілген қай вариант науқаста стенокардия дамуының себепшісі?
*Миокардтың оттегіге қажеттілігінің жоғарылауы.
*Дене қызуы жоғарылаған
*Миокардтың оттегіге жетуінің төмендеуі
*+Миокардтың оттегіге жетуімен қажеттілінің бір біріне сәйкессіздігі
*Тыныс алу қозғалысының жоғарлауы
#786
*!Әйел 45 жаста сол жағы және жүрегі кейде ауырады. Анамнезінде жаста экспитация, орынбасушы терапия гормональды ем қабылдамаған, көп салмақ көтерген, қанда ХС жоғарылаған. Соңғы верификация үшін велоэргометрия тағайындады.
Жүктемемен жасалған сынамада қандай көрсеткіш оң болып есептеледі?
*АҚҚ 200/100 мм с.б. жоғарылаған
*АҚҚ адекватты көтерілуінің болмауы
*+ST сегментінің депрессиясы 1-2 мм
*Қарыншалық экстрасистола болуы
*Гис шоғырының оң аяқшасының блокадасы
#787
*!Ер кісі 45 жастағы науқас. Қайтадан «ЖИА. Кернеулі стенокардия ФК II. Постинфарктты кардиосклероз (2014). СЖЖ 0».диагнозын нақтылау үшін комиссия өтуде. Бұл науқасқа 3 топ мүгдектік берілген.
Қандай жұмыс түрі бұл науқасқа қарсы көрсетілген?
*офис қызметкері
*мекеме басшысы
*ғылыми қызметкер
*+күзетші
*адвокат
#788
*!Ер кісі 55 жаста, сол қарыншаның Q тісшесі жоқ, алдыңғы стенканың жедел инфаркт миокардын өткерген.
Қандай жұмыс түрі бұл науқасқа қарсы көрсетілген?
*+жоғарғы қабатта жұмыс істеу
*ғылыми жұмыс
*жоғарғы айлықты басшылық жұмыс
*педагогикалық жұмыс
*жеңіл физикалық еңбек
#789
*!Ер кісі 40 жаста, жеке табысты кәсіпорын басшысы, жедел Q тісі бар сол қарыншаның алдыңғы бүйір қабырғасының инфаркт миокардын басынан өткерді.
Еңбек қызметінің болжамы қандай?
*жеңіл жұмысқа ауысу
*жеңіл психикалық жұмысқа ауысу
*еңбек қарсы көрсетілген
*қызмет профилін ауыстыру
*+өзінің қызметінде жұмыс атқарады
#790
*!Әйел 45 жаста, адвокат, жедел Q тісі жоқ сол қарыншаның бүйір қабырғасының инфаркт миокардын басынан өткерді.
Жұмысқа неше уақыттан соң қайта келеді?
*4 айдан соң
*6 айдан соң
*+10 айдан соң
*12 айдан соң
*адвокат қызметі қарсы көрсетілген
#791
*!Ер кісі 60 жаста, адвокат, жедел Q тісі жоқ сол қарыншаның бүйір қабырғасының инфаркт миокардын басынан өткеріп «Аортокоронарлы шунты» бойынша ота жүргізілді. Жағдайы қанағаттанарлық, асқынусыз ауруханадан шықты.
Жұмысқа неше уақыттан соң қайта келеді?
*адвокат қызметі қарсы көрсетілген
*4 айдан соң
*6 айдан соң
*10 айдан соң
*+12 айдан соң
#792
*!Әйел 67 жаста, 15 жыл бойы қан қысымының көтерілуімен ауырады, АҚҚ периодты түрде 190-200 мм с.б. көтеріліп отырады. 25 жыл бойы темекі шегеді, 5 жыл бойы 2 типті қант диабетімен ауырады, күнделікті глюкофаж 1000 мг тәулігіне қабылдайды. Дене салмақ индексі 30 кг/м2, холестерин 5,3 ммоль/л. ЭКГ – сол қарынша гипертрофиясы. Тексерген кездегі АҚҚ 150/110 мм с.б.
Қандай болжамалы диагноз ЕҢ тиімді?
*АГ 3 дәреже, 2 стадия, риск 4
*АГ 2 дәреже, 3 стадия, риск 3
*АГ 2 дәреже, 2 стадия, риск 4
*АГ 1 дәреже, 2 стадия, риск 4
*+АГ 3 дәреже, 3 стадия, риск 4
#793
*!Әйел 55 жаста. Бастың ауруына, көбінесе шүйде бөлігінде, жүрек айнуға шағымданады. Анамнез: соңғы 5 жыл бойы өзін ауру деп санайды. АҚҚ 150 мм с.б. дейін көтеріледі. Қаралмаған. Қан қысымы жоғарыласа нифедипин ішеді. Соңғы жылы – климакс белгілері. Өзін нашар сезінгеніне 3 күн болды. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған, ритмдері дұрыс, аорта үстінен 2-ші тон акценті. АҚҚ 167/100. Пульс 80соққы/минутына.
Қандай болжамалы диагноз ЕҢ тиімді?
*АГ I дәреже
*+АГ II дәреже
*АГ III дәреже
*шектелген систоликалық АГ
*екіншілік АГ (климаксқа байланысты)
#794
*!Бойжеткен 25 жаста. АҚҚ күрт жоғарылауына және жүрек соғуына шағымданады. Ұстама кезінде, науқастың айтуынша, қызарады, жоғары тершеңдік пайда болады. Анамнезі: өзін соңғы жылы ауру деп санайды. АҚҚ 200 мм с.б, пульс жиілеген 110 соққы/мин. Қаралмаған. Гипотензивті препараттар көмектеспейді. АҚҚ қалыптыға өзі түседі. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 120/80 мм с.б. Пульс 74соққы/мин.
Қандай зерртеу әдісі жүргізу ЕҢ тиімді?
*Бас ми МРТ (гипофиз, желудочки)
*Құрсақ қусының УДЗ (бауыр, бүйрек)
*+бүйрек және бүйрекасты МРТ
*Эхо-КГ
*АҚҚ тәуліктік мониторингі
#795
*!Әйел 65 жаста. Бас ауруына, бас айналуына, жүрек айнуына, жеңілдік әкелмейтін құсу, ұйқышылдық, қолдарының тырысуына, АҚҚ жоғарылауына шағымданады. Анамнезі: 20 жыл бойы АГ 3 дәрежелі, 3 қауіп факторы. Д-тіркеуде тұрады. Үнемі ем қабылдайды. 3 жыл бұрын жол апатына ұшыраған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс, аорта үстінен 2 тон акценті. АҚҚ 190/110. Пульс 86 соққы/мин.
АГ қандай асқынуы ЕҢ ықтимал?
*истероидты реакция
*эпилепсия
*посттравматикалық энцефалопатия
*аралас энцефалопатия
*+дисциркуляторлы энцефалопатия
#796
*!Ер кісі 43 жаста ұзақ уақыт жоғары артериальды гипертензиямен бас ауру, әлсіздік, кейде таңертең бетінің ісінуіне шағымданады. Қарап тексергенде: пульс — 85 рет минутына, артериальды қысым - 210/120 мм с. б. ЭКГ — сол қарыншаның айқын гипертрофия белгілері, гипокалиемия. Қан анализінде: калий - 2.6 ммоль/л, натрий - 147 ммоль/л. Жалпы қан анализінде: гипоизостенурия, зәр тұңбасы өзгермеген, реакциясы- сілтілі.
ЕҢ ықтимал диагноз қайсысы?
*феохромоцитома
*+Кон синдромы
*Созылмалы пиелонефрит
*Созылмалы гломерулонефрит
*Иценко - Кушинг синдромы
#797
*!Ер кісі 67 жаста жүрек жетіспеушілігіне байланысты ұзақ уақыт дәрі қабылдайды, диагнозы: ЖИА. Жыпылықтаушы аритмия, тахисистоликалық форма. Артериальды гипертензия III, қауіп факторы IV. ХСН 3 дәрежелі. Соңғы 3 апта ішінде өзін нашар сезінеді. Үнемі уақытылы дәрісін қабылдайды. АҚҚ 140/90 мм с.б, ЖЖЖ 54 соққы/мин. ЭКГ: PQ 0,28 с, QRS деформацияға ұшыраған, барлық өтпелерде ST изоэлектрикалық линиядан төмен, жалпиған, қарыншалық топ экстрасистола тіркелген.
Науқастың ЕҢ ықтимал нашар сезінуінің себебі?
*Гипертониялық криз
*+Гликозидты интоксикация
*Қайталамалы миокард инфаркты
*Жүрек жетіспеушілігінің декомпенсациясы
*Бас ми айналымының өткінші бұзылысы
#798
*!Ер кісі 63 жаста жалпы тәжірибелі дәрігер қабылдауында кенеттен сол кеуде тұсында ауру сезімі, ауыр еңтігу, тыныстың жетпеуіне шағымданады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындысы бозғылт, ылғалды. Ауызбен дем алады. Сұраққа жауап бермейді. ЭКГ- деформацияланған QRS комплекстер, бірдей формалы жиілігі 180 мин.
Жүрек ритмі бұзылысының қай түрі ЕҢ ықтимал?
*+Қарыншалық тахикардия пароксизмы
*Суправентрикулярлы тахикардия пароксизмы
*Синустық ритм
*Қарыншалық тахикардия
*Қарыншалық фибрилляция пароксизмы
#799
*!Әйел 40 жаста. Еңтігу және жүрек соғысына шағымданады. Анамнезінде: тұмаудан кейін инфекциялық миокардит. Объективті: акроцианоз, I тон әлсіреген, дөрекі систоликалық шу IV қабырғааралық оң жақтан. ЭКГ: 3 қалыпты QRS комплексінен соң деформацияланған кеңейген QRS комплексі( 0,12 с тен жоғары) тіркелген.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
*+Қарыншалық экстрасистолия
*Жүрекше жыпылығы
*Қарыншаүстілік экстрасистолия
*Пароксизмальды тахикардия
*Жүрекшелі экстрасистолия
#800
*!Әйел 27 жаста қорқыныш сезіміне, еңтігу, ауа жетпеу сезіміне, тыныс алу қиындағанына, алақандары терлейді, жүрек соғу, қолдарының тырысуына шағымданады. Анамнезі: бұл жағдайлар 15 жыл бұрын жағымсыз эмоциялардан кейін пайда болған. Объективті: қарап тексергенде жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Эмоциональды тұрақсыз. Жұрек тондары ашық, дұрыс ритмді. АҚҚ 110/70 мм с.б. ЭКГ: Синусық тахикардия ЖЖЖ 110 соққы/мин.
ЕҢ ықтимал диагноз қайсысы?
*тиреотоксикоз
*жедел миокардит
*+НЦД
*митральды клапан пролапсы
*артериальды гипотония
#801
*!Ер кісі 50 жаста скрининг барысында ЭКГ зерттеу нәтижесінде брадикардия ЖСЖ 45 соққы/мин анықталды. Анамнезінде: 7 жасқа дейін жиі суық тию. 10 жасынан спорт түрлерімен шұғылданады – жүгіру, шаңғы, жеңіл атлетика, сайыстарға қатысқан. Қазіргі кезде шағымдары жоқ. Зиян әдеттермен әуестенбейді. Объективті: жалпы жағдай қанағаттанарлық. Жүрек тондары тұйық, ритмі дұрыс. АҚҚ 130/80 мм с.б. Пульс 44 соққы/мин., ритмді. Басқа ағзаларда патология жоқ.
Брадикардия даму себебінің ЕҢ ықтимал себебі?
*туа біткен патология
*артериальды гипертензия
*жастық өзгерістер
*балалық шақта суық тию
*+балалық шақтан спортпен шұғылдану
#802
*!Әйел 27 жаста, тахикардия және жүрек тұсындағы ауру сезіміне шағымданады. Объективті: Пульс 97 соққы минутына. Жүрек тондары тұйықталған, сол бұғана бойымен систоликалық шу естіледі, вертикальды қалыпта күшейеді, отырғанда Вальсальва сынамасында азаяды, мезосистоликалық сықыр. Электрокардиограмма: Ритм синусты, жүректің жиырылу жиілігі 100 соққы минутына. Жүректің ЭОС горизонтальды қалыпта. II, III өтпелерде және aVF T тісі теріс.
Қай жүрек ақауы ЕҢ ықтимал?
*Аорта ауызының стенозы
*Митральды жетіспеушілік
*Трикуспидальды жетіспеушілік
*Митральды клапан пролапсы
*+Жүрекшеаралықтың дефекті
#803
*!Ер кісі 20 жаста, анамнезінде жүрек негізінде систоликалық шу. Дамуына жасына сай болған. АҚҚ 165/100 мм.с.б. Кеуде қуысының рентгенограммасында: жүректің сол қарыншасы ұлғайған. Екі жақтан төмеңгі 4-7 қабырға жиегі тісшеленген.
Қай жүрек ақауы ЕҢ ықтимал?
*Аорта ауызының стенозы
*Овальды тесіктің бітіспеуі
*Қарыншааралықтың дефекті
*+Аорта коарктациясы
* Митральды жетіспеушілік
#804
*!Ер кісі 29 жаста, созылмалы жүректің ревматикалық ауру бойынша «Д» тіркеуде. Обьективті – жүректің сол шекарасы бұғана ортаңғы сызығы бойынан 2см сыртқа қарай ұлғайған. Аускультативті: жүрек ұшында І тон әлсіреген және систоликалық шу, өкпе артериясында ІІ тон акценті. ЖЖЖ – 98 соққы/мин. Артериальды қан қысымы – 115/77 мм.с.б.
Қай жүрек ақауына аускультативті сипат белгілер ЕҢ ықтимал?
*Аортальды жетіспеушілік
*Өкпе артериясының стенозы
*+Митральды стеноз
*Аортальды стеноз
*Митральды жетіспеушілік
#805
*!Әйел 45 жаста, жүрек соғуына, субфебрилитет, әлсіздік, тершеңдік, және артралгияға шағымданады. Бойжеткен кезінде іріңді баспамен жиі ауырған. Суық тиюден кейін жағдайы нашарлады. Объективті: жүректің салыстырмалышекаралары жоғары және оңға ығысқан. Аускультацияда: жүрекшелер фибрилляциясы, бөдене ритмі, жүрек ұшында диастоликалық шу.
Бұл науқаста қандай ЕҢ ықтимал диагноз?
*диффузды токсикалық зоб, тиреотоксикоз
*жедел ревматикалық қызба, митральды жетіспеушілік
*+қайталамалы ревматикалық қызба, митральды клапан стенозы
*неревматикалық миокардит
*созылмалы тонзиллиттің өршуі
#806
*!Ер кісі 22 жаста, алдын ала митральды жетіспеушілік диагнозымен зерттеуге жөңелтілді. Аускультативті жүрек ұшында систоликалық шу анықталды.
Бұл диагнозды нақтылау немесе жоққа шығару үшін қай зерттеу түрі нақты нәтиже береді?
*+Эхокардиографиялық зерттеу
*Компьютерлы томография.
*Коронарография
*Кеуде қуысының рентгенографиясы
*Электрокардиография.
#807
*!Жүректің сол қарыншасынан қан шығу фракциясының қандай көрсеткіші жүректік ресинхронды терапиясын стимулятормен (I, A) науқаспен синусты ритмнің ұзақтығы QRS > 130 мсек, бұларда күтетін өмір ұзақтығы > 1 жыл, жақсы функциональды статуспен, кенеттен қайтыс болу және госпитализацияны азайту үшін?
*+ФВ < 30
*ФВ < 35
*ФВ < 40
*ФВ < 45
*ФВ < 50
#808
*!Ер кісі 47 жаста, еңтігу, оң қабырға астында ауырлық сезімі, түңгі уақытта тұңшығу ұстамасы, балтырында айтарлықтай ісінулерге шағымданады. Соңғы айда қан түкіру пайда болды. Объективті: өкпенің төмеңгі бөлігінде — қатаң ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек шекарасы солға ығысқан, ЖЖЖ – 90/мин. Жүрек ұшында систоликалық шу. ЭКГ: жүрекшелер фибрилляциясы. ЭхоКГ: сол жүрекше – 4,4; КДР сол қарыншаның - 8,2. оң қарынша – 3,2. Фракция қан шығаруы-21%. Диффузды гипокинезия.
Бұл науқаста қандай ЕҢ ықтимал диагноз?
*Неревматикалық миокардит
*Алкогольды кардиомиопатия
*Ишемиялық кардиомиопатия
*Рестриктивті кардиомиопатия
*+Дилатациялық кардиомиопатия
#809
*!Ер кісі 59 жаста, анамнезінде2013 жылы миокард инфаркты. Еңтігудің күшеюіне, жүрек соғуының жиіленуі және ішінің ұлғаюына шағымданады. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері цианозы. ТАЖ 24 рет/мин. 1V оң қабырға астында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, тыныс кенет әлсіреген. Жүрек тондары тұйық, ритмі дұрыс емес. ЖЖЖ 94 рет/мин. Іші ұлғайған, кіңдігі ісіп тұр, бауырдың төмеңгі шекарасы +6 см. Аяқтарында ісіктер.
NYHA жүйесі бойынша ЖСЖ функциональды классын аңықтаныз?
*ЖСЖ 0
*ЖСЖ I ФК
*ЖСЖ II ФК
*ЖСЖ III ФК
*+ЖСЖ IV ФК
#810
*!Әйел 67 жаста, аздаған физикалық жүктемеден соң еңтігуге, жүрек соғуына, аяқтарындағы ісіктерге шағымданады. Анамнезінде: миокард инфарктын өткерген, бұрыннан темекі шегеді. Қарап тексергенде: өкпесінде іркілген ылғалды сырылдар, жүрек тондары тұйықталған. ЖЖЖ-106 мин. АҚҚ - 150/95 мм с.б. ЭКГ: сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының рубцалық өзгерістер, жиі қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКГ: қан шығару фракциясы-37%. Коронарография: ПМЖВ ЛКА проксимальды үштен бірінің 85% стенозға ұшырауы.Спирография: рестриктивті типтегі тыныс жетіспеушілігі.
ЖСЖ болжамдау үшін қандай зерттеу нәтижесі ЕҢ нақты?
*Рестриктивті типтегі тыныс жетіспеушілігі
*Сол коронарлы артерияның стенозы
*Жиі қарыншалық экстрасистола
*ЭКГ рубцалық өзгерістер
*+Қан шығару фракциясы
#811
*!Ер кісі 59 жаста, жалпы холестерин - 14,7 ммоль/л анықталып аторвастатин 80 мг/тәулігіне тағайындалды.
Статиннің қандай жанама әсері, ЕҢ қауіпті?
*+Трансаминаза деңгейі жоғарылау
*Диспептикалық бұзылыс
*Рабдомиолиз
*Миопатия
*Миалгии
#812
*!Әйел 49 жаста, 6 жыл бойы артериальды гипертензия бойынша ем алып жүр. Кейде бас ауруына және физикалық жүктемеден соң еңтігуге шағымданады. Әкесі қант диабетімен ауырған. Объективті: бойы 168 см, салмағы 99 кг. Пульс 77 мин., АҚҚ- 190/115 мм с.б. Жалпы холестерина қанда-7,9 ммоль/л.
Гиперхолестеринемияның біріншілік профилактикасына қандай шаралар ЕҢ тиімді?
*+Тамаққа майды аз қосу
*Артериальды қан қысымын түзеу
*Бигуанидтер тағайындау
*Гепатопротектор тағайындау
*Селективті β-адреноблокатор тағайындау
#813
*!Әйел 58 жаста, Д-тіркеуде ЖИА, атеросклерокалық кардиосклероз, ЖСЖ ФК II диагнозымен ЖТД дәрігеріне қабылдауға келді. Анамнезінде – жиі стенокардия приступтары. ЭхоКГ — сол қарыншаның диастоликалық дисфункциясы. Қанның биохимиялық зерттеуінде - жалпы холестерин қанда -8,4 ммоль/л.
Гиполипидемиялық дәрілердің қай тобы ЕҢ тиімді?
*Өт қышқылының секвестранты
*Никотин қышқылы және оның туындылары
*Фибраттар
*+Статиндер
*Антиоксиданттар
#814
*!Ер кісі 65 жаста, жүрек тұсындағы сыздау сезімі, физикалық жүктемеде еңтігу, баста шу, бас ауруына шағымданады. Анамнезі: 12 елі ішектің ойық жарасымен ауырады, шашына ерте ақ түсу, темекі көп шегеді. Қарап тексергенде: толық, қабақтарында ксантелазма. Қанда холестерин - 6,8 ммоль/л, холестерин ЛПНП - 3,6 ммоль/л.
Бұл жағдай қандай аурумен байланысты болуы ЕҢ ықтимал?
*+Жүрек және бас ми тамырларының атеросклерозы
*Вертебро-базилярлы жетіспеушілік
*Гастроэзофагальдырефлюксты ауру
*12 елі ішектің ойық жарасының өршуі
*Артериальды гипертензия
#815
*!Әйел 27 жаста, варикозды веналарға байланысты склерозды емнен соң интенсивті, периодты түрде сол балтырында тартып ауру сезімі пайда болды, балтыр және табан ісінген, t=37.8 С. Мозес, Бисхорд симптомдары оң.
Бұл жағдай қандай аурумен байланысты болуы ЕҢ ықтимал?
*Балтыр веналарының ауалы эмболиясы
*+Терең веналар тромбозы
*Теріастылық тромбофлебит
*Балтыр артерияларының тромбозы
*Бұлшықетаралық гематома
#816
*!ЖТД-ге 64 жастағы ер кісі қаралды, шағымдары-кейде балтыр бұлшықеттерінде ауру сезімі, әсіресе жүргенде (100-150 м) немесе баспалдақпен көтерілгенде, тізесіндегі ауру сезімі, омыртқанынң бел бөлімінде L2L3 дисктер протрузиясы бойынша операция жасаған. Қыста өзін нашар сезінеді. 27-жыл стаждық темекі шеккіш, объективті зерттеуде табанда пульс анықталмаған және оң тізеасты артериясының кенет әлсіздігі.
Бұл жағдай қандай аурумен байланысты болуы ЕҢ ықтимал?
*Деформациялаушы остеоартроз
*Дисктер протрузиясы
*Атеросклероз
*+Арнайы емес аортоартериит
*Виннивартер-Бюргер ауруы
#817
*!Емханада ЖТД-ге 59 жастағы ер кісі қаралды, Лериш синдромы бар қатерлі темекі шеккіш. Қарап тексергенде- табаны салқын, бозғылт, сол табаны және балтыр мөлшері ұлғайған, салқын. Аяөтарындағы артерия бойымен пульсация анықталмайды.
Бұл ауруды нақтылау үшін қандай зерттеу ЕҢ нақты?
*Флебография
*Буындардың рентгенографиясы
*+Аяқтарының УДЗ
*Аортография
*Термография
#818
*!Ер кісі 61 жаста, өткінші ақсандауға, аяқтарындағы тартып ауру сезіміне, ұю, әсіресе жүргенде күшейетіненіне шағымданады. Қарап тексергенде оң балтырдың төмеңгі үштен бірінде беткейлі орташа ойық жаралар анықталды. Тобық- иық көрсеткіші 0,4-тен көп емес.
Қандай ем түрі бұл науқаста ЕҢ тиімді болып табылады?
*Аяқ тамырларының шунты
*+Эндартерэктомия
*Аяқтарын ампутация жасау
*Белдік симпатэктомия
*Консервативті ем
#819
*!Ер кісі 18 жаста, жиі жүрек соғуға және синкопальды жағдайға шағымданады. ЭКГ- тыныштық кезде өзгерістер жоқ. Бас ми компьютерлі томографиясы патологисыз. Эхокардиография жас көрсеткішіне сәйкес.
Синкопаны анықтау мақсатында қандау зерттеу жұмысы ЕҢ нақты болып есептеледі?
*Жүрекішілік электрофизиологиялық зерттеу
*Өңешарқылы эхокардиография
*+ ЭКГ Холтер мониторингі
*Өңешарқылы жүректің электростимуляциясы
*Вентрикулография
#820
*!Ер кісі 34 жаста, таңғы жаттығу кезінде талып қалды. Анамнезі — соңғы жарты жылда бұндай талулар жиі болып тұрады. ЭКГ — I, AVL, V2-V6 өтпелерде Т тісінің терең инверсиясы. Анамнезінде жүректе және еңтігу деген жоқ.
Көрсетілген қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*+Дилатациялық кардиомиопатия
*Миокард инфаркты
*Миокардит
*Тұрақты стенокардия
*Гипертрофиялық кардиомиопатия
#821
*!Әйел 57 жаста, екі жақты ауыр пневмония диагнозымен қатты дене қызуы көтеріліп қайтадан төмен тез түсуге байланысты қысқа уақытқа талып, естен танды, бас айналып, құлақтарында шу, жүрек айну, бір реттік құсу болды. Объективті: бозғылт, айқын акроцианоз, салқын жабысқақ тер, ЖЖЖ-122 мин, жіптәрізді пульс, жүрек тондары әлсіз, АҚҚ– 75/55 мм с.б.