ЖИА-ның қандай формасында кальций антагонистері бірінші таңдаудағы препарат болып табылады?

А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ

ТЕРАПИЯ КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

№2 Медицина факультетінің деканы,

м.ғ.к.,доцент __________М.С.Жүнісов

Ж

Жалпы медицина» мамандығының 4-курс студенттеріне «Ішкі аурулар», «Жұқпалы аурулар» және «Фтизиатрия» пәндері бойынша емханаға арналған тест тапсырмалары

Вариант

1. 68 жастағы науқас әйел горизонтальді қалыпта күшейетін ентігуге, жүрегінің лүпілдеп соғып кетуіне, басының айналуына, жалпы әлсіздікке шағымданып қалалық аурухананың кардиология бөліміне түсті. Ауру тарихынан: 5 жыл бұрын миокард инфарктын басынан өткізген. Об-ті: АҚ – 110/60 мм.с.б. Пульс – 112 рет минутына. ЭКГ: Жыбыр аритмиясы тахисистолиялық түрі. Жүрек жеткіліксіздігімен негізделген тахиаритмияны жоюға арналған таңдау препараты:

A) верапамил

B) атропин

C) дигоксин

D) пропранолол

E) дилтиазем

2. Климакс кезеңіндегі остеопороз белгілерімен қатар АГ-сы бар науқас әйелге мына төмендегі антигипертензивті дәрмектердің қайсысын тағайындау тиімді:

А) ААФ ингибиторларын

В) тиазидті диуретиктерін

С) b-адреноблокаторларды

D) a-адреноблокаторларды

Е) кальций антагонистерін

3. Қан қысымының Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Гипертония бойынша Халықаралық қоғам сарапшыларының (1999ж.) жіктемесі бойынша, артериялық гипертонияның IІІ дәрежесі деңгейі сай келеді:

A) 140/90-149/94 мм.сын.бағ.

B) 160/100-179/109 мм.сын.бағ.

C) 140/90-159/99 мм.сын.бағ.

D) 130/85-139/89 мм.сын.бағ.

E) 180/110 мм.сын.бағ. жоғары

Жастағы әйел лоқсуға, жүрек қағуына, белінің ауырсыруына, теңертеңгілік беттерінің ісінуіне, әлсіздікке шағымданып ауруханаға түсті. Ауру тарихынан: жүктілік кездерінде АҚҚ максимальді көтерілуі 180/110 мм.с.б. болған. Об-ті: АҚ - 200/120 мм с.б.б., ЖСЖ - 96 рет минутына. Қандағы креатинин - 0,22 ммоль/л, зәрдегі ақуыз - 0,33 г/л. Артериялық гипертония қай аурудың симптомы болып табылады?

A) эссенциальді гипертония

B) созылмалы пиелонефрит

C) бүйрек артериясы аневризмасы

D) бүйрек атрериясы гипоплазиясы

E) созылмалы гломерулонефрит

Жастағы ер адам лоқсуға, жүрек қағуына, әлсіздікке шағымданып ауруханаға түсті. Ауру тарихынан: созылмалы гломерулонефритпен диспансерлік есепте тұрады. Об-ті: АҚ - 180/100 мм с.б.б., ЖСЖ - 96 рет минутына. Қандағы креатинин - 0,22 ммоль/л, зәрдегі ақуыз - 0,33 г/л. Антигипертензивті препараттардың қайсысын, емдеу жоспарына енгізген тиімді?

A) α-адреноблокаторларды

B) кальций антогонистерін

C) β-адреноблокаторларды

D) изосорбид динитраттарды

E) ААФ ингибиторларын

6. 55 жастағы науқас ер адам аймақтық дәрігерде бір жылдан бері ЖИА.Тұрақты стенокардия ФК ІІ ауруымен «Д» есепте тұрады. Соңғы 5 күнде ауырсыну сезімі күшейген, физикалық күштемеге толеранттылық бірден төмендеген, тыныштық қалыпта ауырсыну сезімі пайда болған, нитроглицеринді қабылдау көбейген. Болжам диагноз:

А) ЖИА. Алғаш рет пайда болған стенокардия

В) ЖИА. Тұрақты стенокардия. ФК ІІІ

С) ЖИА. Үдемелі күштемелі стенокардия

D) ЖИА. Тұрақты стенокардия. ФК ІІ

Е) ЖИА. Ұсақ ошақты миокард инфаркты

7. β-адреноблокаторлардың жанама әсері:

A) тахикардияның дамуы

B) АВ-өткізгіштігінің жылдамдауы

C) АВ- өткізгіштігінің баяулауы

D) қарыншалардың деформациясы

E) фибрилляцияның дамуы

8. 56 жастағы науқас ер адам дене қызуының көтеріліп, қалтырауға, кеуде тұсының ауырсынуына, буындарының ісінуіне шағымданып ауруханаға түсті. 1 ай бұрын жедел миокард инфарктымен ауырған. Об-ті: жүрек тұсын аускультациялағанда перикардтың шуы естіледі. Қанда: лейкоциттер -10 мың, ЭТЖ-40 мм/с. ЭКГ-де динамикалық өзгерістер байқалмайды. Төмендегі келтірілген диагнозға сәйкес жауапты табыңыз:

А) Керниг перикардиті

В) Лефгрен синдромы

С) Дресслер синдромы

D) Гудпасчер синдромы

E) Вегенер синдромы

9. Науқас 45 жасар ер адам алдыңғы-қалқалық жедел миокард инфаркты диагнозымен клиникаға түсті. 10 минуттан кейін жүрек соғуының «тоқтап қалғандай» сезімі, әлсіздіктің күшеюі, басының айналуы пайда болды. ЭКГ-да: синусты ритм, ЖСЖ 78 рет минутына. Кезеңімен пайда болатын 2-3-тен ұзақтығы 0,18 сек кеңейген, деформацияланған қарыншалық комплестер, соңынан толық компенсаторлы пауза байқалады. Миокард инфарктының дамыған асқынуы:

A) атриовентрикулалық блокада

B) қарыншалық тахикардия

C) түйіндік экстрасистолия

D) суправентрикулалық тахикардия

E) қарыншалық экстрасистолия

10. 65 жастағы науқас жедел артқы диафрагмалдық миокард инфаркты диагнозымен клиникаға түсті. Мониторлау барысында І дәрежелі атриовентрикулалық блокаданың жүрекшелік түрі анықталған. Жүрек ырғағы бұзылысының ЭКГ белгісі:

А) PQ аралығының 0,20 сек артық ұзаруымен бірге Р тісшенің 0,11с артық кеңеюі

В) PQ аралығының ұзаруы біркелкі, қарыншалық комплекстердің түсіп қалуы

С) PQ аралығының біртіндеп ұзаруы, қарыншалық комплекстердің түсіп қалуы

D) QRS комплексінің деформациялануы, барлық тісшелердің вольтажының төмендеуі

Е) QRS комплексінің деформациялануы, S-T сегментінің биіктеуі

11. Синустық тахикардияның ЭКГ-лық сипаттамалары:

А) R-R аралықтар әртүрлі, бір-бірінен айырмашылығы 0,15 с артық

В) R-R-аралықтары, Т-Р аралығының қысқаруы есебінен, 0,60 с кем

С) R-R-аралықтары тыныс фазасына сәйкес қысқарып ұзарады

D) Р тісше мен QRS комплексі жұптасқан, R-R аралықтары қашық немесе 1 с артық

Е) Р тісшесінен кейін тұрақты түрде QRST кешендерінің түсіп қалуы

ЖИА-ның қандай формасында кальций антагонистері бірінші таңдаудағы препарат болып табылады?

A) Миоккард инфаркты

B) Күштеме стенокардиясы ФК ІІ

C) Принцметал стенокардиясы

D) Күштеме стенокардиясы ФК І

E) Ауырсынусыз миокард ишемиясы

13.16 жасынан темекіні 1 қораптан тартатын 59 жастағы ер кісіні соңғы 3-4 жылда ентігу тұрақты мазалайтын болды, физикалық күшке толеранттылығы төмендеді. Кеуде сарайының жалпы шолу рентгенограммасында өкпе суретінің күшеюі және деформациялануы анықталды. Науқас жағдайының тұрақты ауырлау себебі бронхтық обструкцияның келесі қайтымсыз механизміне байланысты:

А) бронхоспазм

В) бронхтар кілегей қабатының ісінуі

С) гиперкриния, дискриния

D) мукостаз

Е) перибронхтық фиброз

14. 37 жастағы ер кісі абсцеспен асқынған пенвмониямен пульмонология бөліміне түсті, анамнезінен маскүнемдікпен наркологте есепте тұрады. Абсцестің бронхқа жарылғанын нақтайтын клиникалық белгі:

A) жоғары гектикалық қызба

B) айқын интоксикациялық синдром

C) ауыз толтыра тастайтын қақырық

D) жоғары лейкоцитоз

E) құрғақ жөтел

15. 54 жастағы науқас ер адам қабылдау бөліміне түсті, шағымдары құрғақ жөтел, ентігу, дене қызуының жоғарылауы. Қарағанда: кеуде сарайының бір жартысының тыныс актінен қалыңқылығы және ұлғаюы, аускультацияда тұйық дыбыс үстінен тыныс естілмейді. Осы мәліметтер негізінде қойылған болжам диагноз:

A) бөліктік пневмония

B) экссудаттық плеврит

C) созылмалы обструкциялық бронхит

D) өкпе ателектазы

E) бронхтық астма

16. Микоплазмалық пневмонияның еміндегі таңдаулы дәрмектер тобы:

А) макролидтер

В) пенициллиндер

С) аминогликозидтер

D) цефалоспориндер

E) фторхинолондар

17. Ауыр бөліктік пневмониямен ауыратын 72 жастағы науқаста жоғары дене қызуы күрт түскенде кенеттен аса әлсіздік, бас айналуы, құлағында шуыл, жүрек айнуы, құсқысы келу пайда болды. Объективті: бозғылттық, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек тондарының тұйықтығы, төмен АҚ. Науқастың жағдайының күрт нашарлауының себебі:

A) сепсис

B) кардиогендік шок

C) өкпе артериясының тромбоэмболиясы

D) инфекциялық-токсикалық шок

E) жедел респираторлық дистресс-синдром

18. 22 жастағы жігітті ертеңгілікте мазалайтын іріңді-кілегейлі қақырықпен эөтел мазалайды. 5 жасынан көктем-күз мезгілінде жиі өршитін суықтаулар болған, педиатрда есепте тұрған. Кеуде сарайының жалпы шолу рентгенограммасында өкпе суретінің күшеюі және деформациялануы анықталған. Науқаста бронхэктаз ауруынан күдік туды. Бронхоэктаздарды дәлелдеудің негізгі диагноздық тәсілі:

A) рентгенография

B) томография

C) бронхография

D) ангиопульмография

E) аускультация

19. Созылмалы обструкциялық бронхитпен ауыратын, 17 жасынан күніне 1-1,5 қорап темекі тартқан 55 жастағы науқас соңғы жылдары стационарда емді жылына 2-4 реттен қабылдайтын болды, бірақ жағдайы ауырлай берді. ЭКГ: жүректің оң бөліктерінің гипертрофиясы. Созылмалы өкпе текті жүректің декомпенсациялану белгілері:

A) сасық иісті қақырық

B) ортопноэ, салқын акроцианоз, асцит

C) жылы диффузды цианоз

D) кеуде сарайының ауырсынуы

E) қиын түсетін қақырықты жөтел

20. Антибиотиктермен, стероидты гормондармен ұзақ емделген, сәулелік терапия қабылдаған жүдеу науқастың клиникасы абсцестелген пневмонияға ұқсаған, соңынан процестің сепсис тәріздес генерализациялануы, ішкі органдардың өзгерісі бақыланды. Өкпесінде жұқа қабырғалы, тез іріңдеуші қуыстар анықталды. Ауыз уылуы (молочница) дамыды. Аурудың қоздырғышы болып табылады:

A) ішек таяқшалары

B) эхинококк

C) кандидалар

D) асперигиллалар

E) микоплазмалар

21. 39 жастағы науқаста ішімдік ішкеннен кейін қызу 40оС, кеуде клеткасындағы ауру сезімі, құсу пайда болды. Рентгенде: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде біртекті тығыз массивті күңгірттену. Массивті антибактериальды емге қарамастан, жағдайы нашарлап, лейкопения дамыды, ЭТЖ – 52мм/сағ. Қақырықтан алтынды стафилококк егіліп алынды. Бір аптадан кейінгі рентгенограммада күңгірттену тек жоғарғы емес, ортаңғы бөлігін қамтып, деструкция ошақтары байқалды. Осы жағдайдағы тиімді емдеу тәсілі:

А) лобэктомия жасау

В) көк тамырға левофлоксацин тағайындау

С) плазмаферез курсын өткізу

Д) тиенам + метрогил тағайындау

Е) цефтриаксон + нетромицин тағайындау

20. Бронх демікпесімен сырқаттанатын 22 жастағы әйел адам қабылдау бөліміне жеткізілген. Обективті: эмоциялық қозған, дене температурасы 36,7°С, ЖЖЖ минутына 120, тыныс алу жиілігі 24 рет минутына. Аускультация кезінде: тынысы тез әлсіреген, бірлі құрғақ сырылдар. Анамнезіне: тәулік бойы нәтижесіз беротекпен 10 ингаляция алған. Жедел жәрдем дәрігері көктамырға 10 мл 2,4% эу­филин ерітіндісін енгізген. Шұғыл көмектің алғашқы қадамы:

А) симпатомиметиктердің мөлшерін жоғарылату

B) регидратация

C) кортикостероидтарды қолдану

D) эуфиллин мөлшерін жоғарылату

E) өкпенің жасанды вентиляциясы

Жастағы әйел адам, сол жақ кеудесінің ауырсынуына, дене температурасының 39°С дейін жоғарылауына, үдемелі еңтігуге шағымданады. Объективті: сол жақта дауыс дірілі бәсендеген және перкуторлы дыбыс қысқарған. Тыныс алу жиілігі минутына 22. ЖЖЖ минутына 100. Диагнозды қою үшін қайсысы шешуші әдіс болып табылады?

А) кеуденің рентгенографиясы

B) электрокардиография

C) қанның жалпы анализі

D) қанның жеделфазалық көрсеткіштері

Е) спирография

22. Науқас 15 жыл бойы созылмалы панкреатитпен сырқаттанады. Ұйқы безінің кальцинозын анықтайтын қарапайым әдіс:

A) құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

B) лапаротомия

C) лапароскопия

D) ирригоскопия

E) холангиография

23. 56 жастағы науқас қыжылдауға, тамақтан кейінгі және еңкею кезіндегі төс артындағы ауру сезіміне шағымданады. Ауырсыну сезіміне байланысты кардиологқа қаралған. Нитраттар қабылдаған, бірақ жағдайы жақармаған. Болжам диагноз:

А) гастроэзофагеальді рефлюксті ауру;

В) тыныштықтағы стеноокардия;

С) үдемелі стенокардия;

D) кардий ахалахиясы;

Е) өңеш дискинезиясы.

24. «Алынған» өт қалтасы бар науқастарда көрсетілген ең нақты зерттеу:

А) ирригоскопия

В) холецистография

С) сцинтиграфия

D) ішкі веналық холеграфия

Е) дуоденальді зондирлеу

25. 74 жастағы ер адам, қуырылған, майлы тамақ жегеннен кейін пайда болатын және оң жақ жауырын астына берілетін тұрақты емес, оң жақ қабырға астындағы ауыру сезімі, жүрек айнуы, құсу, басының ауруына шағымданып түсті. Ауырғанына 3 жыл болған. Объективті: тілі ақ жабындымен жабылған, сипағанда өт қабы тұсындағы ауырсыну. Ортнер, Френикус, Мюсси симптомдары – оң. Дене қызуы 370 С. Қан анализінде – нейтрофильді лейкоцитоз. Болжам диагноз:

A) жедел аппендецит

B) созылмалы дуоденит, өршу сатысы

C) өт қабы дискенезиясы, гипотониялық түрі

D) созылмалы тассыз холецистит, өршу сатысы

E) созылмалы токсикалық гепатит, өршу сатысы

26. 45 жастағы әйел адам тері мен склерасының сарғыш түске интенсивті боялуына, күшті тері қышуына, сүйектердегі ауру сезіміне, күндізгі ұйқышылдыққа шағымданады.Тексергенде қабақтарда, шынтақта және алақанда ксантомалар, тамырлық жұлдызшалар, бауыр мен көкбауыр ұлғаюы анықталды. Анализінде Алт мен Аст –ның әлсіз жоғарлауы, сілтілі фофатаза мен ГГТП айтарлықтай жоғарлауы. Болжам диагноз:

А) aутоиммунды гепатит

В) вирусты гепатит

С) біріншілікті билиарлы цирроз

D) бауырдың майлы дистрофиясы

Е) гемохроматоз

27. 45 жастағы науқас мезогастральді және кіндік маңындағы ұстама тәрізді ауру сезіміне, дефикациядан кейін азаятын, метеоризмге, іш қатуға шағымданады. Обьективті: жалпы жағдайы қанағттанарлық, іші жұмсақ, мезогастрий аймағында ауру сезімі, бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Анализдерде өзгерістер анықталмады. Науқас сұрауы бойынша колоноскопия өткізіліп, өзгерістер анықталмады. Болжам диагноз:

А) бейспецифмкалық жаралы колит;

В) тоқ ішек дивертикулі;

С) тітіркенген ішек синдромы;

D) шырышты қабықшаның терең тар жаралары;

Е) нейтрофильді инфильтрация.

28. 45 жастағы науқас ер адам тамақ ішумен байланыссыз эпигастрий аймағындағы тұйық, сыздап ауырсынуға, жүрек айнуға шағымданып түсті. Об-ті: іші жұмсақ, эпигастрий аймағында аздаған ауыру сезімі. Қан, зәр, нәжіс анализдері-патологиясыз. ЭФГДС – денесінің төменгі үштен бірінде және асқазанның антральді бөлігінде үлкен қисықта – көптеген дөңгелек формада мөлшері 0,5- 1,0 см полиптер. Диагнозды анықтауға қажетті зерттеу:

А) тәуліктік РН-метрия

В) асқазан сөлін фракциялы зерттеу

С) биопсия материалын цитологиялық зерттеу

D) асқазан сөліндегі сүт қышқылының құрамын зерттеу

Е) асқазан рентгеноскопиясы

29. 32 жастағы ер адам, алкоголь немесе ащы тағамнан 30 минуттан соң пайда болатын асқазан асты аймағындағы басып тұратындай ауыру сезімі және сода қабылдағаннан кейін басылатын азапты күйдіру сезіміне шағымданып ауруханаға түсті. Аурғанына 3 жыл болған, емделмеген. Об-ті: тілі ақ тұтықпен жабылған, терең сипағанда эпигастрийде жайылмалы ауыру сезімі. ЭФГДС: асқазанның шырышты қабаты қызарған, ісінген, антральды бөлігінде – бірлі-жарым қан құйылулар. Диагнозды анықтау үшін жүргізілетін тексеру:

А) 24- сағаттық рН-метрия

В) гастросынама әдісімен асқазан секрециясын тексеру

С) копрология

D) Helicobakter pilori -ге тексеру

Е) нәжісті жасырын қанға тексеру

30. 66 жастағы науқас, майлы тағамнан кейін пайда болатын оң қабырға астындағы жүрек аймағына берілетін ауыру сезіміне шағымданып ауруханаға түсті. Ауырғанына 3 жыл болған. Об-ті: дене температурасы – 36,4ºС. Іші жұмсақ, сипағанда өт қапшығының тұсында ауыру сезіледі, Ортнер симптомы оң мәнді. Қанда – лейк. - 7,8 мың, ЭТЖ - 18 мм/сағ. Зәрді зерттеу: барлық үлестерінде шырыш пен лейкоциттер. Болжам диагноз:

А) жедел аппендицит

В) созылмалы дуодениттің өршуі

С) созылмалы холециститтің өршуі, кардиальды синдромды

D) күштемелік стенокардия

Е) миокард инфарктысы, гастралгиялық түрі

31. 25 жастағы әйел адам, температураның фебрильді санға дейін жоғарылауына, шашының түсуіне, тырнақтарының сынғыштығына, таңертеңгілік құрысуға, қол бастары мен тізе буындарының ауырсынуына және ісінуіне, ентігуге, құрғақ жөтелге, бұлшықет әлсіздігіне, АҚ жоғарылауына, бас ауруына, жүрек айнуына, арықтауға шағымданады. Қарағанда: бетінде «көбелек» тәрізді эритематозды дақ, терісі құрғақ, торлы ливедо. Тексергенде: ЭТЖ жоғарылаған, панцитопения, қанда көп мөлшерде LE-жасушалары, АНФ титрі жоғары, протеинурия, гематурия, креатинин деңгейі жоғарылаған, өкпе рентгенографиясында:инфильтративті көлеңкелер және перикард қуысында сұйықтық. Болжам диагноз:

А) жүйелі склеродермия

В) түйінді периартериит

С) жүйелі қызыл жегі

D) ревматоидты полиартрит

Е) дерматомиозит

32. Рецидивті артериалды және венозды тромбоздармен, жиі түсік тастайтын, тромбоцитопениямен сипатталатын, симптомокомплекс тән:

А) дерматомиозитке

В) жүйелі васкулитке

С) антифосфолипидті синдромға

D) рецидивті полихондритке

Е) идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпураға

33. Анкилоздаушы спондилоартрит ауруы бар науқастың емінде қолданатын алғашқы таңдау препараты:

А) хинидин

В) кризанол

С) метотрексат

D) сульфасалазин

Е) D-пеницилламин

34. 56 жастағы әйел адам көздеріндігі «құм» сезімінің болуына және ауыз құрғауына шағымданады. Об-ті: тістің көптеген жегісі (кариестер), көзінің және ауыздың шырышты қабатының айқын құрғақтылығы байқалады, құлақ маңы және оң жақ сілекей бездері ұлғайған. Ширмер және бенгаль қызқылтпен жүргізілген сынамалары оң. Антинуклеарлы антиденелер титрі 1:256. Болжам диагноз:

А) Рейно синдромы

В) Такаясу ауруы

С) Шегрен ауруы

D) жүйелі склеродермия

Е) жүйелі қызыл жегі

35. 30 жастағы әйел адамда, тұмаумен ауырғанан кейін бұлшықеттерінің ауырсынуы, бұлшықет әлсіздігі, сәл физикалық күш түскенде еңтігу, дауысының өзгерісі, дисфагия пайда болған. Объективті: периорбитальды ісік («көзілдірік» симптомы). Пальпация кезінде жамбас белдеуінің және сандарының белсенді қозғалысының шектелуімен ауырсыну. АҚ-140/90 мм с. б. Қанда: эр-4,5 млн., Нв-110 г/л, лейк-7 мың, ЭТЖ-66 мм/с. Ақпаратты көрсеткіш:

А) эритроциттердің тұну жылдамдығы

В) креатинфосфокиназа

С) ревматоидты фактор

D) С-реактивті протеин

Е) 2-спиральды ДНК антиденелер

36. 20 жастағы науқас ер адам жарты жыл бұрын тізе, сирақ буындарында ісіну және ауыру сезімімен емделіп, жақсарған. 1 ай бұрын кеуде торшасында, омыртқаның бел аймағында, сол жамбас-сан буындарында ауыру сезімдері пайда болған. Об-ті: омыртқаның бойы ауырады. Иілу сол жақ жамбас-сан және омыртқадағы ауыру сезіміне байланысты қиындаған. Сол жақ бұғана-кеуде аймағының пішіні өзгерген. Болжам диагноз:

А) жедел ревматикалық қызба

В) ревматоидты артрит

С) Рейтер ауруы

D) анкилозды спондилоартрит

Е) остеохондроз, түбіршекті синдром

37. 40 жастағы науқас ер адам қолдарының ұсақ буындарының ауырсынуына және ісінуіне шағымданады. ЭТЖ – 30 мм/с, зәр қышқылы 0,56 ммоль/л. Болжам диагноз:

А) екіншілік остеоартроз

В) создық олигоартрит

С) Рейтер ауруы

D) подагралық полиартрит

Е) туберкулезді артрит

38. Жүйелі қызыл жегіде цитостатиктерді тағайындауға көрсеткіш:

А) люпус-кардит;

В) люпус-артрит;

С) люпус-нефрит;

D) полисерозит;

Е) цитопения.

39. Қатерлi iсiктермен жиi қатарласатын жүйелi ауру:

A) жүйелi қызыл жегi

B) дерматомиозит

C) жүйелi склеродермия

D) түйiндi периартериит

E) ревматоидты артрит

40. 30 жастағы науқас, қол басы буындарының ауыруы мен домбығуы, таңертеңгілік буындардағы қимылдың ауырлауына шағымданады. Об-ті: II-IY қол саусақтарының проксимальді фаланга аралық буындарында симметриялы дефигурация. Осы буындарда ауыру сезімі мен экссудативті құбылысқа байланысты, әсіресе бүгілу шектелген. Қанында: эр-4 млн., Нв-128 г/л, лейк-10 мың, ЭТЖ-41 мм/сағ, СРБ - оң. Диагнозды анықтауға арналған тексеру:

А) Райт және Хаддлсон реакциясылар

В) Ваалер-Розе реакциясы

С) Н LA B-27 анықтау

D) стрептококкқа қарсы антиденелер титрін анықтау

Е) мурексидті сынама

41. 50 жастағы науқас әйел жүргенде күшейетін оң жақ тізе буынындағы үнемі ауыру сезіміне, жарты сағатқа созылатын таңертеңгілік құрысуға шағымданады. Соңғы екі жыл бойы ұзақ жүргенде буындарының аздап ауыруы мазалайды. Об-ті: тізе буындарының пішіні бұзылған, буын айналасындағы тін тығызданған, оң тізесінде гипертермия. Тексергенде: тексерушінің қол астында сықырлау, буындардағы қозғалыс көлемі сақталған. Дистальды саусақ аралық буындарда тығыз түйіндер және саусақтардың шығулары анықталды. ЖҚА: эр-4,2 млн., л-5,6 мың. ЭТЖ-15мм/сағ. СРБ – теріс, Ваалер-Розе реакциясы - 1:8. Диагнозды анықтау мақсатында қажетті зерттеу:

А) ревматоидты факторды анықтау

В) қандағы зәр қышқылының деңгейін анықтау

С) синовиальді сұйықтықтың анализі

D) буындар рентгенографиясы

Е) зәр қышқылының деңгейін зерттеу

42. 40 жастағы ер адам әлсіздікке, тершеңдікке, жүдеуге, сол қабырға астындағы тұйық ауру сезіміне шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, көкбауыры кіндік деңгейінде, тығыз, ауру сезімінсіз. Қанда: эритроциттер - 3,0 млн., лейкоциттер - 96 мың, миелобласттар - 2%, промиелоциттер - 4%, метамиелоциттер - 8%, таяқша - 12%, сегменттер - 52%, эозинофилдер - 5%, базофилдер - 5%, лимфоциттер - 12%, тромбоциттер - 200 мың. ЭТЖ - 56 мм/сағ. Ауруды емдеудің тиімділігін бағалаудағы көрсеткіш:

A) эритроциттердің тұну жылдамдығы

B) лейкоциттер

C) эритроциттер

D) тромбоциттер

E) ретикулоциттер

43. 28 жастағы науқас, стоматипен 3 апта нәтижесіз емделген. Әлсіздік, тершеңдік күшейген. Қарағанда: дене қызуы 38,8 гр., тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Қызыл иек гиперплазиясы, жаралы-некротикалық стоматит. Жақ асты лимфа түйіндері үлкейген, ауыру сезімінсіз. Қанында: эр-3,0 млн., Нв-95 г/л, ТК - 0,95, лейк-14,5 мың, бластар-32%, таяқша-1%, сегм-39%, лимф-20%, мон-8%, тромб-90 мың. ЭТЖ-24 мм/сағ. Цитохимиялық зерттеу: гликогенге реакциясы оң. 3 күннен кейін – бас ауыру, жүрек айну, құсу, аяқ парезі пайда болған. Болжам диагноз:

А) жедел миелобласты лейкоз;

В) жедел лимфобласты лейкоз;

С) жедел дифференцияланбайтын лейкоз;

D) жедел монобласты лейкоз;

Е) жедел аз пайызды лейкоз.

44. 32 жастағы науқас тісін жұлғаннан кейін көлемді қан кетуге шағымданады. Анамнезінде мұрыннан қан кетулер. Объективті: теріде петехиялар мен экхимоздар. Қанда: эр-2,9 млн, Нв-77 г/л, ТК-0,8, лейк-4,2 мың, тромб-28 мың ЭТЖ-17 мм/сағ. Қан кету ұзақтығы-24 мин, қан ұю уақыты-4 мин. Миелограммада: мегакариоциттерден тромбопластинкалардың бөлініп шығуының бұзылуы. Болжам диагноз:

A) гемофилия

B) жедел лейкоз

C) апластикалық анемия

D) Рандю-Ослер ауруы

E) иммундық тромбоцитопения

45. С. деген 60 жастағы науқас әлсіздікке, эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне, нәжісінің тұрақсыздығына шағымданады. Объективті: тері мен көзге көрінетін шырышты қабаттар бозғылт - сарғыш түсті. Беті ісінген. Тілі таңқурай түстес, «лакталған». Бауыры, көкбауыры шамалы ұлғайған. Қанда: эр-2,6 млн., Нв-104 г/л, ТК-1,2, лейк-2,7 мың, тромб-115 мың. ЭТЖ-50 мм/сағ, макроцитоз, полисегменттелген нейтрофильдер. Билирубин - 38,5 мкмоль/л. Миелограмма: мегалобласты қан түзілу. Науқаста дамыған анемия:

А) апластикалық анемия

В) Маркиафавы-Микели ауруы

С) темір тапшылықты анемия

D) аутоиммунды гемолитикалық анемия

Е) В12-тапшылықты анемия

46. Гемолиздік анемиямен есепте тұратын науқаста ацетилсалицил қышқылын қабылдағаннан соң сарғаю, несеп түсінің қоңырлануы, дене қызуының жоғарылауы, оң қабырға астының ауырсынуы дамыды. Гемолиздік кризді басуға қолданылатын дәрмек:

A) миелосан

B) В12 витамині

C) преднизолон

D) феррамид

E) фолий қышқылы

47. 25 жастағы науқаста ісіну, жоғары протеинурия, гипопротеинемия, диспротеинемия, гиперлипидемия анықталды. Осы белгілермен сипатталатын синдромды табыңыз:

А) несептік синдром

В) нефротикалық синдром

С) гипертензиялық синдром

D) нефриттік синдром

Е) инфекциялық асқынулар синдромы

48. 54 жастағы инженер дәрігерге келесі шағымдармен қаралды: тез шаршағыштық, басының айналуы, жалпы әлсіздік. Ауруының басталған уақытын білмейді, суықтаумен байланыстырады. Об-ті: терісі қуқыл, таза. Пальпацияда іші жұмсақ, ауырмайды. Несеп анализінен: түсі сары, реакциясы сілтілі, тығыздығы 1004, белогі 0,066 г/л , лейкоциттері 16-18к/а, эрит. 1- 2 к/а, бактериялар +. Болжам диагноз:

А) жедел пиелонефрит

В) созылмалы пиелонефрит

С) созылмалы гломерулонефрит

D) бүйрек амилоидозы

Е) бүйректің созылмалы шамасыздығы

49. 65 жастағы ер адам қабылдау бөліміне жүрек айну, құсу, айқын әлсіздік, ұйқышылдық, терісінің қышуы, диурездің төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінде: бірнеше жылдан бері жиі өршулері болған созылмалы пиелонефритпен ауырады. Аталған симтомдар 6 айдан бері мазалайды. Об/ті: жалпы жағдайы ауыр. Тері жамылғысы сарғыш реңкілі қуқыл, құрғақ, қасыну іздері бар. Беті ісіңкі. Қан анализінде: эрит. 2,5х1012/л, Нв 75г/л, лейк. 8,9х109/л, ЭТЖ 15 мм/сағ. Креатинині 117 мкмоль/л, мочевинасы 10,5 ммоль/л, жалпы белогі 65 г/л, кальций 2,5ммоль/л, калий 5,1ммоль/л, натрий 160ммоль/л. Бүйректің созылмалы шамасыздығының сатыларын анықтау үшін маңызды:

А) қалдық азот мөлшерін анықтау

В) шумақтық фильтрация мөлшерін анықтау

С) қандағы калий мөлшерін анықтау

D) тәуліктік протеинурияны анықтау

Е) қандағы темір мөлшерін анықтау

50. 35 жастағы науқас әйел стационарға келесі шағымдармен келіп түсті: бел аймағының оң жағының сыздап ауырсынуы, шөлдеу, аузының құрғауы, кіші дәретке жиі баруы, басының мезгіл-мезгіл ауыруы. Анамнезінен: бала кезінде жедел пиелонефритпен ауырған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі қуқыл. АҚ 170/105 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, ауырмайды. Қағу симтомы екі жақта да оң мәнді. Несеп анализінде: түсі лайланған, тығыздығы 1008, белогі 0,066 г/л, лейк. 20-30 к/а, эритр. 0-1 к/а. Бүйретің УДЗ екі бүйректе де әртүрлі көлемді микролиттер анықталды. Диагнозды нақтылау үшін қажетті емес лабораториялық зерттеуді анықтаңыз:

А) Несепті бактериялогиялық зерттеу

В) Зимницкий сынамасы

С) Реберг-Тареев сынамасы

D) Нечипоренко сынамасы

Е) Аддис-Каковский сынамасы

51. 43 - жастағы ер адам, бел аймағындағы ауыру сезімі, бетінің ісінуі шағымданады. Ұзақ уақыт созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Объективті: АҚ – 140/90 мм с.б.б. ЖЗА: салыстырмалы тығыздығы – 1005, белок – 8,4 г/л, лейкоциттер – 4-6 көру аймағында. Реберг сынамасы: шумақтық фильтрация – 20 мл/мин., өзектік реабсорбция – 99%. Дамыған асқыну:

A) бүйрек амилоидозы

B) бүйрек туберкулезі

C) неротикалық криз

D) созылмалы пиелонефрит

E) созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

52. Бүйректің тостағанша табақша жүйесінің көлемін, орналасуын, пішінін анықтайтын тәсіл:

А) экскрециялық ренография

В) изотопты ренография

С) іш қуысы мүшелерінің жалпы шолу рентгенографиясы

D) шумақтық фильтрация және өзекшелік реабсорбцияны анықтау

Е) бүйректі сцинтиграфиялау

53. Біріншілік гипотиреозда қандай жүйе зақымданады:

A) гипоталамус

B) гипофиз

C) қалқанша безі

D) қалқанша маңы безі

E) бүйрек үсті безі

54. Біріншілік гипотиреозда қандай зертханалық көрсеткіш мәліметті?

A) гипопротеинемия

B) ашқарынға және тамақтанғаннан кейінгі төмен гликемия

C) қандағы тиротропин деңгейінің жоғарылауы

D) қандағы гемоглобин деңгейінің жоғарылауы

E) қандағы тиреоидты гормондар деңгейінің жоғарылауы

Наши рекомендации