Амбулаторлық карта сызбасын, есептемені, диспансерлік бақылау жоспарын, жеке егу күнтізбесін, презентацияны бағалау критериялары

Сапа критериялары 0 балл 49 баллға дейін 51-74 балл 75-89 балл 90-100 балл
Дұрыс құрастырылуы Жоқ Дұрыс жасалмаған Мәліметтер қате берілген   Жекелеген дәлсіздіктер бар Тақырып дәл берілген

8.СӨЖ - ең жоғарғы балл- 100 балл, %

Дәстүрлі баға Критерилері Балл
«5» СӨЖ үлгісіне сәйкес келетін барлық талаптарды толық орындау 90-100
«4» Аздаған қателіктер жіберді, тапсырманы дәл орындамау 75-89
«3» Көптеген қателіктер жіберді, тапсырманы толық орындамау 50-74
«2» Қатесі көп, тапсырма орындалмаған, СӨЖ критерилеріне сәйкес емес 1-49
  СӨЖ жоқ

10. Кроссвордты бағалау критерийлері

Сапа критерилері 10 балл 20 балл 30 балл 40 балл 50 балл
1. Сұрақтардың тақырыпқа сәйкестігі Жоқ Көп сұрақтар тақырыпқа сай емес Сұрақтардың бір бөлігі тақырыпқа сай емес Кейбір сұрақтар тақырыпқа сай емес Барлық сұрақтар дұрыс
2. Күрделілігі Жоқ Барлық сұрақтар қарапайым Сұрақтардың көпшілігі қарапайым Кейбір сұрақтар қарапайым Барлық сұрақтар күрделі

Аралық бақылау: тест түрінде (150 тест) – 100 балл

Дәстүрлі баға Критериялары Балл, %
«5» Аралық бақылаудың 135-тен 150 дейін тапсырмасы дұрыс орындалған 90-100
«4» 112-ден 133 дейін тапсырма дұрыс орындалған 75-89
«3» 75-тен 111 дейін тапсырма дұрыс орындалған 50-74
«2» 1-ден 74 дейін тапсырма дұрыс орындалған 1-49

Бағалау шкаласы

Әріптік жүйе бойынша бағалау Сандық эквиваленті Пайыздық құрамы % Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100   ҮЗДІК
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89   ЖАҚСЫ
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74     ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚСЫЗ

26.08.2006жылғы ҚР МЖМБС 5.03.06-2006 «Қазақстан республикасында білім беру стандарты. Жоғарғы оқу орындарында білімді бағалау және бақылау» негізінде білімді бағалау критериялары.

1.Білім алушылардың білімі, біліктілігі, дағдылары және шеберлігі бақылаудың барлық түрі бойынша тікелей пропорционалдық қатынасы бар бағалаудың баллдық-рейтингілік таңбалы жүйесі бойынша анықталады.

2. «Үздік»деген баға пайыздық мөлшері 95-100%, 4,0 сандық баламасы бар А бағаға сәйкес және пайыздық мөлшері 90-94%, 3,67 сандық баламасы болса бағасы А- бағалауына сәйкес келеді.

Бұл бағалар студент бағдарламалық материалдарды толық игерсе және бұған қоса жауап беру кезінде қателіктер жібермеген, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындап, ол жөнінде есеп тапсырған, ескертусіз коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс уақытында орындап тапсырған, өз бетімен қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегінсіз жүйелей білген жағдайда қойылады.

3. Пайыздық мөлшері 85-89%-ға 3,33 сандық баламасы бар «жақсы» деген бағалауға В+ сәйкес және пайыздық мөлшері 80-84%,-ға сандық баламасы 3,0 болса В, пайыздық мөлшері 75-79%-ға және 2,67 сандық бағалауы В- ға сәйкес келеді.

Бұл баға егер студент бағдарламалық материалды 75%-дан төмен емес деңгейде игерсе, жауап бергенде өрескел қате жібермесе, бақылау және зертханалық жұмыстарды уақытында орындаған, тапсыруда негізсіз ескертулер болмаса, коллоквиумды дұрыс орындап, уақытында өткізсе, үй тапсырмасын ескертусіз орындаса, оқытушының көрсетуімен қосымша әдебиетті пайдаланса, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысса, өз қателерін түзей білсе, оқытушының көмегімен материалды жүйелей білсе ғана қойылады.

4. Пайыздық мөлшері 70-74%-ға 2,33 сандық баламасы бар «қанағаттанарлық» деген бағалауға С+ сәйкес келеді, пайыздық мөлшері 65-69%-ға сандық баламасы 2,0 болса С , пайыздық мөлшері 60-64%-ға, сандық баламасы 1,67 болса С-, пайыздық мөлшері 55- 59%ға 1,33 сандық баламасы бар Д+ және және пайыздық мөлшері 50-54%-ға сандық баламасы 1,0 болса Д сәйкес келеді.

Бұл баға егер студент материалды 50%-дан төмен емес деңгейде игерсе, бақылау және зертханалық жұмысты, үй тапсырмасын орындауда оқытушының көмегін қажет етсе, коллоквиум тапсырғанда толымсыз жауаптар мен негізсіз ескертулері болған, зерттеу жұмысында белсенділік танытпаса, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттерді қолданса, материалды жүйелеу қиындық туғызса қойылады.

5. «Қанағаттанарлықсыз» бағасы F әрпіне сәйкес келеді, сандық эквиваленті 0, пайыздық мөлшері 0-49%.

Бұл баға егер студент негізгі материалды білмесе, пән бағдарламасының жартысынан көбін игермесе, өрескел қателіктермен жауап берсе, ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың жеке тапсырмаларын орындамаса, негізгі әдебиетті пайдаланбаса қойылады.

Компетенцияларды бағалау

Оценка компетенций

Сабақ тақырыптары Бағаланатын компетенциялар
Білім Тәжірибелік дағдылар Коммуникатиті дағдылар Құқықтық компетенция Өзін өзі дамытуң
1. Дені сау балаларды диспансеризациялау принциптері тестілеу, ауызша сұрау,ситуациялық есептерді шешу 1. Дені сау балалар бөлмесінде жұмыс,есеп жберу.
2. Ерте жастағы балаларды рациональды тамқтандыруды ұйымдастыру. тестілеу, ауызша сұрау,ситуациялық есептерді шешу    
3.   Фондық аурулары бар балалар диспансеризациясы.   тестілеу, ауызша сұрау,ситуациялық есептерді шешу     2. Амбулаторлы жағдайда науқастарды жүргізудің өзекті сұрақтары бойынша дәлелденген мәліметтерді іздеу.(дәлелді медицина негізінде).
4. Бронхообструктивті синдроммен,пневмониямен ауыратын балаларды жүргізудің ерекшелігі.   тестілеу, ауызша сұрау,ситуациялық есептерді шешу   Клиникалық науқастарды талдау кезінде өзінің ойын анық жеткізе білуі.
  5.     Бауыр ауруы мен диспептикалық синдромы бар балаларды жүргізу ерекшелігі.   тестілеу, ауызша сұрау,ситуациялық есептерді шешу   2.Созылмалы ауруы бар курациядағы балаларды диспансерлік бақылау сызбасын құру.
6.   Жаңа туылғандарға емдік-прфилактикалық көмекті ұйымдастыру.   тестілеу, ауызша сұрау,ситуациялық есептерді шешу   Жаңа туылғандардың үйдегі патронажы ауызша сұрау 4.Жаңа туылған сау баланы патронажындағы амбулаторлы картаны толтыру. 5. Перзентханадан ерте шыққан жаңа туған нәресте мен анасына күтім мен медициналық қызметін көрсету ерекшелігі туралы презентациялық дайындық.
7. Иммунопрофилактика. тестілеу, ауызша сұрау,ситуациялық есептерді шешу     6. Фондық аурулары бар балаларға жеке екпе егу күнтізбесін құрастыру.
ДСҰ Бағдарламасы БАБЖ бойынша тестілеу, ауызша сұрау,ситуациялық есептерді шешу ДСҰ Бағдарламасы БАБЖ бойынша тестілеу, ауызша сұрау
Бүйрек аурулары бар балаларды жүргізу ерекшеліктері.   тестілеу, ауызша сұрау,ситуациялық есептерді шешу    
10. Анемиямен ауыратын балаларды жүргізудің ерекшеліктері.   тестілеу, ауызша сұрау,ситуациялық есептерді шешу    
  Барлығы: 15

Наши рекомендации