АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша медициналық зерттеп-қарау жүргізу тәртібі
АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 мамырда № 11145 тіркелді
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 115-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 22 сәуірдегі
№ 246 бұйрығымен
бекітілген
АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы;
2) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) – адамның иммун жүйесінің АИТВ-дан қатты зақымдануынан болған патологиялық белгілер байқалатын АИТВ-инфекциясының соңғы сатысы;
3) ерікті түрде зерттеп-қарау – алынған ақпараттың негізінде адамдардың қалауы бойынша зерттеліп-қаралуы;
4) анонимдік қарап-тексеру – адамды жеке басын сәйкестендірмей ерікті түрде медициналық қарап-тексеру;
5) құпия медициналық зерттеп-қарау – дәрігерлік құпияның және тексерілетін адамның жеке басы туралы ақпараттың сақталуына негізделген зерттеп-қарау;
6) психоәлеуметтік консультация беру – АИТВ-инфекциясына тестілеуден алынған нәтижені пациентке түсіндіру.
АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша медициналық зерттеп-қарау жүргізу тәртібі
3. АИТВ-инфекциясына ерікті түрде медициналық зерттеліп-қаралуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар өздерінің таңдауы бойынша зерттеліп-қаралады:
1) анонимдік (құжаттар талап етілмейді);
2) құпия (жеке басын куәландыратын құжат, үй мекенжайы ұсынылады).
4. АИТВ-инфекциясына антиденелердің болуына зерттеліп-қаралу ЖИТС орталықтарының зертханаларында құпиялылық жағдайында жүргізіледі.
5. Қан алу меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан медициналық ұйымдардың емшара кабинеттерінде жүргізіледі.
6. Анонимдік қарап-тексеру кезінде, тексерілушіге ауызша хабарланатын жеке цифрлық код беріледі.
7. АИТВ-инфекциясына антиденелердің болуына зерттеу жүргізу үшін қанның сынамалары ЖИТС орталықтарына жеткізіледі және «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша жолдамамен жіберіледі:
жеке – бір данада (№ 264-8/е нысан);
тізіммен – екі данада (№ 264/е нысан).
8. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес АИТВ-инфекциясының болуы туралы нәтиже Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны АИТВ-инфекциясын зертханалық диагностикалау алгоритмі бойынша жүргізілген зерттеулердің негізінде аумақтық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталықтарына береді.
9. Кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз адамдарда АИТВ-инфекциясының болуына тестілеудің нәтижелері олардың заңды өкілдеріне беріледі.
10. Анонимдік қарап-тексеру кезінде теріс нәтиже цифрлық кодты көрсеткеннен кейін ауызша хабарланады, оң нәтиже цифрлық кодты жазбаша түрде психо-әлеуметтік тесттен кейінгі консультация беру барысында хабарланады.
11. Адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерді зерттеу туралы анықтама-сертификатты ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың талаптары бойынша жеке басын куәландыратын құжатын ұсынған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.