Цистерна туралы түсінік. Субарахноидалды кеңістік цистерналары.
175. Қатты ми қабығы туындылары және қатты қабық қойнаулары.Қатты қабық, dura mater encephali, басқа қабықтар сыртында жататын тығыз ақшыл дәнекер тінді қабық. Оның сыртқы беті тікелей бассүйекке жанасып, олар үшін сүйек қабығы болып есептеледі. Қатты қабықтың ішкі бетінен бірнеше өсінділер шығады, олар ми бөліктері арасына өтіп, бір-бірінен бөлінеді. Falx cerebri, үлкен ми орағы, екі үлкен ми сыңарлары арасында сагитталды бағытта орналасқан. Ол бассүйек күмбезінің ортаңғы сызығы бойымен sulcus sinus sagittalis superioris-тің жиектеріне бекіп, алдыңғы жіңішке шетімен crista galli-ге бітісіп өседі. Ал артқы кең жиегімен мишық шатырының жоғарғы бетімен бітісіп кетеді. Tentorium cerebelli, мишық шатыры, горизонталды керілген, екі еңісті шатыр секілді жоғары қарай сәл дөңес табақша. Бұл шүйде сүйегінің – sulcus sinus transversi- жиектеріне және екі жағында самай сүйегі пирамидасының жоғарғы жиегі бойына, сынатәрізді сүйектің processus clinoideus posterior-ына дейін бекиді. Ол үлкен мидың шүйде үлестерін төмен орналасқан мишықтан бөліп тұрады. Falx cerebelli, мишық орағы, үлкен ми орағы сияқты сызық бойымен crista occipitalis interna-ны бойлай шүйде сүйегінің үлкентесігіне дейін келіп, тесікті бүйір жақтарынан екі аяқшасымен қаусырады. Бұл аласа өсінді мишықтың артқы тілігіне еніп тұрады. Diaphragma sellae, ертоқым көкеті, түрік ертоқымы түбінде гипофиздік шұңқырды үстіңгі жағынан шектейтін табақша. Оның ортасынан hypophysis-ден шығатын infundibulum-ға арналған тесік өтеді. Қатты қабықта мидан қан жинайтын қатты қабық қойнаулары, sinus durae matris, орналасады. Қойнаулар қатты қабықтың меншікті қабатында оның өсінділерінің бассүйекке бекитін жерлерінде жайғасып, веналардан қабырғаларының құрылысымен өзгешеленетін, қақпақшалары жоқ веналық өзектер болып табылады. Sinus transversus, көлденең қойнау –ең үлкені және кеңі, шүйде сүйегінің sulcus sinus transversi-де, tentorium cerebelli-нің артқы жиегінде орналасады, ол жерден sinus sigmoideus-кежалғасады да sulcus sinus sigmoidea-да орналасады, одан әрі foramen jugulare арқылы v. Jugularis interna-ға жалғасады. Осының арқасында көлденең қойнау сигма тәрізді қойнаумен бірге бассүйек қуысындағы барлық веналық қан үшін негізгі өткізгіш-коллектор қызметін атқарады. Оған бір бөлігіне тікелей, бір бөлігі жанама жолмен барлық қалған қойнаулар құяды. Тікедей құятындар: Sinus sagittalis superior, жоғарғы сагитталды қойнау, ол falx cerebri-дің жоғарғы жиегімен бүкіл sulcus sinus sagittalis superior-дің бойымен crista galli-ден бастап, protuberantia occipitalis бекітілген жерінде орналасады, ол жоғарыға дейін өтеді. Sinus sagittalis superior-дың бүйірлерінде, қатты қабық қабатында кішкене қуыстар – қан көлдері деп аталатындар орналасады, олар бір жағынан қатты қабықтың және мидың веналарымен қатынасады. Sinus occipitalis, шүйде қойнауы, falx cerebelli-дің crista occipitalis interna-ға бекітілген жерінде орналасады. Ол жоғарыда аталған қойнаудың жалғасы ретінде өтеді, одан шүйде сүйегінің foramen magnum-ның екі жиегін бойлай орналасады. Sinus rectus, тік қойнау, falx cerebri-дің мишық шатырына бекитін жерінде орналасады. Ол алдыңғы жағынан ми орағының төменгі жиегі бойымен жүретін төмегі сагитталды қойнауды, сондай-ақ мидың ең терең бөліктерінен ағып шығатын мидың үлкен венасын қабылдайды.
176. Жұлын сұйықтығының өнімі және ағу жолдары, оның функционалді маңызы.Ми мен жұлынның торлы қабықасты кеңістіктері мен ми қарыншаларын толтырып тұратын ми-жұлын сұйықтығының, liquor cerebrospinalis, организмнің басқа сұйықтарынан ерекше айырмашылығы бар. Онымен тек ішкі құлақтың эндо- және перилимфасы мен көздің сулы ылғалдығы ғана ұқсас. Ми-жұлын сұйықтығы plexus choroidei-ден секрециялану жолымен бөлінеді, оның эпителилі қоршауы бездің эпителиіне ұқсас болады. Liquor cerebrospinalis-ті жасап шығаратын аппараттың сұйықтыққа бір заттарды тұтып қалатын қасиеті бар, бұның миды зиянды әсерлерден қорғауға үлкен маңызы бар. Сөйтіп, өзінің ерекшеліктері жағынан ми-жұлын сұйықтығы миымен оның негізіндегі тамырлар үшін қорғаныштық қызмет қана атқармай, нерв жүйесі орталық мүшелерінің дұрыс қызмет атқаруы үшін арнаулы ішкі орта. Ми-жұлын сұйықтығы орналасқан кеңістік тұйық болады. Одан сұйықтық негізінен өрмек қабықтың грануляциялары арқылы сүзілу жолымен веналық жүйеге және ішінара ми қабықтары жалғасатын нервтер қынабы арқылы лимфа жүйесіне ағып шығады.
177. Проекциялық талшықтар туралы түсінік, олардың жіктелуі.Проекциялық талшықтар ми қыртысының бір бөлігін thalamus және corpora geniculata-лармен, бір бөлігін орталық нерв жүйесінің төмен жатқан бөлімдері және жұлынмен байланыстырады. Бұл талшықтардың кейбірі қозуды орталыққа, ми қыртысына қарай, ал басқалары, керісінше, орталықтан шетке қарай өткізеді. Ми сыңарының ақ затындағы проекциялық талшықтар қыртысқа жақындау жерде сәулелі тәж, corona radiata, түзеді. Ішкі капсула арқылы өтеді. Ішкі қапшық, capsula interna, бір жағынан жасымықтәрізді ядро екінші жағынан құйрықты ядро мен таламус арасындағы ақ зат қабаты болып саналады. Мидың фронталды кесіндісінде ішкі қапшық ми аяқшасына созылатын қиғаш өтетін ақ жолақ тәрізді көрінеді. Горизонталды кесіндіде ол латералды жаққа қарай ашылған бұрыш пішінді, сол себепті ішкі қапшықтың құрылысында құйрықты ядро мен жасымық тәрізді ядроның арасындағы алдыңғы аяқшасын, crus anterius capsulae internae, таламус пен жасымықтәрізді ядроның арасындағы артқы аяқшасын, crus posterius және ішкі қапшықтың аталған екі бөлігінің бұрыш тәрізді иінін, genu capsulae internae, ажыратады. Проекциялық талшықтар ұзындығына қарай мынадай жүйелерге бөлінеді. 1. Tractus corticospinalis қозғалтқыш ерікті импульстарды дене,қол-аяқ бұлшықеттеріне өткізеді. Орталық алдындағы қатпардың ортаңғы және жоғарғы бөліктері қыртысының пирамидалы жасушаларынан басталған пирамидалы жол талшықтары сәулелі тәж құрамында төмен жүріп, ішкі қапшықтың артқы аяқшасының алдыңғы 2/3 бөлігі арқылы өтеді. Бұл жерде қолға баратын талшықтар аяққа баратын талшықтардың алдында орналасады. Олар әрі қарай ми аяқшасы, pedunculus cerebri, арқылы көпірге, одан төмен сопақша миға барады. 2. Tractus corticonuclearis бассүйек нервтерінің қозғалтқыш ядроларына өткізгіш жолдар. Олар орталық алды қатпарының төменгі бөлігі қыртысының пирамидалық жасушаларынан басталып, ішкі капсула иіні мен ми аяқшасы арқылы өтіп,содан кейін ортаңғы миға, сопақшамиға көпірге келіп, қарсы жағына ауысып, қиылыс түзе, қозғалтқыш ядроларында аяқталады. Талшықтардың шамалы бөлігі қарсы жаққа өтпей өз жағында аяқталады. 3. Tractus corticopontini ми қыртысынан көпір ядроларына баратын жолдар. Олар маңдай – tractus frontopontinus, шүйде – tractus occipitopontinus, самай – tractus temporopontinus және шеке үлестерінен – tractus parietopontinus шығады. Бұл жолдардың жалғасы ретінде көпір ядроларынан мишыққа оның ортаңғы аяқшаларының құрамында талшықтар барады. Үлкен ми қыртысы осы жолдардың көмегімен мишық қызметіне тежеуші және реттеуші әсер етеді. 4. Fibrae thalamocorticalis et corticothalamica таламустан ми қыртысына және керісінше, ми қыртысынан таламусқа баратын талшықтар. Таламустан шығатын талшықтардан орталық таламус тарамдары деп аталатынды атап көрсету қажет. Ол орталық артындағы қатпарда орналасқан тері сезімі орталығына бағытталатын сезімтал жолдың соңғы бөлігі. Бұл жолдың талшықтары таламустың латералды ядроларынан шығып, ішкі капсуланың артқы аяқшасы арқылы пирамидалы жолдың артынан өтеді. Бұл жер сезімтал қиылыс деп аталады.
178. Экстрацептивтік сезім түрлерінің өткізгіш жолдары.Сыртқы тітіркенулерді қабылайтын рецепторлар экстерорецепторлар деп аталады. Эволюцияның ерте кезеңдерінде олар негізінен дененің сыртқы жабындыларында орналасқан, бұл сыртқы тітіркенулерді қабылдау үшін қажет еді, сондықтан адамда да олар эмбриогенезде сыртқы ұрық жапырақшасынан – эктодермадан дамиды. Қызметі жағынан асқорыту жүйесімен тығыз байланысты, сондықтан энтодермадан дамитын дәм сезу мүшесінің ғана бұған қатысы болмайды. Одан әрі жануарлардың құрылысы және тіршілік қалпының күрделенуімен экстерорецепторлар ішіндегі маңыздылары күштірек дамып, құрылыстары күрделеніп, организмнен тысқары орналасқан, сондықтан дистантты деп аталатын заттардан тітіркенулерді қабылдайтын ерекше мүшелерге айналды. Бұлар – есту, көру және иіс сезу рецепторлары теріде орналасып, тері анализаторының шеткі бөлігін құрайды. Дыбыс, жарық, дәм және иіс сезу рецепторларынан шығатын өткізгіш жолдар эстезиология тарауында тиісті анализаторларды сипаттағанда қарастырылады. Бұл жерде тері анализаторларының өткізгіш жолдары баяндалады.
179. Қысым және сипап-сезу өткізгіш жолы.Терінің тактилді (жанасу және сипап сезу) сезімталдығын өткізгіш жолдар – tractus gangliospinothalamocorticalis. Рецептор тері қабатында жатады. Өткізгіш жол үш нейроннан тұрады. Бірінші нейронның жасушалық денесі сезімталдықтың барлық түрлерінің шеткі нейрондары жасушаларының жиыны болып табылатын жұлын түйінінде орналасады. Бұл түйін жасушаларынан шығатын өсінді екі тармаққа бөлінеді; олардың шеткісі тері нерві құрамында рецептордан шығады, ал орталық тармақ артқы түбіршік құрамында жұлынның артқы жіпшесіне барып, сол жерде жоғары көтерілетін және төмен түсетін тармақтарға бөлінеді. Талшықтардың бір бөлігі мен жанама тармақтарын жұлынның артқы мүйіздерінде – substantia gelatinosa-да аяқталады. Жоғарылаған талшықтардың басқа бөлігі артқы мүйіздерге енбей, жұлынның артқы жіпшелеоінде жүріп, fasciculus cuneatus et gracilis-тердің құрамында сопақша мидың аттас ядроларына – nucleus gracilis және nucleus cuneatus-ке жетеді. Жұлынның артқы мүйіздері мен сопақша мидың аталған ядроларында екінші нейронның жасуша денесі жатады. Артқы мүйіздерде орналасқан жасушалардың аксондары – comissura alba- арқылы ортаңғы жазықтықты қиып өтіп, қарама-қарсы жақтың бүйір жібінде орналасқан tractus spinothalamicus lateralis құрайды. Жүлын-таламустық будалардың айқасуы артқы түбіршіктің жұлынға кіретін деңгейінен 2-3 сегмент жоғарылау жерде өтеді. Бұл буда мидың сабау бөлігі арқылы таламусқа жетеді. Өз жолында ол ми сабауы мен бассүйек нервтерінің қозғалыс ядроларымен байланысады, олар арқылы тері тітіркенгенде ми рефлекстері пайда болады. Сопақша ми ядроларында орналасқан екінші кезең жасушаларының аксондары – leminiscus medialis – деп аталатын жолмен таламуқа жетеді. Бұл жол сопақша мида қарама-қарсы жаққа ауысып, медиалды ілмек айқаспасын – decussatio lemniscorum-ды түзеді. Сөйтіп, дененің әрбір жартысы үшін жұлыгда тактилді импульстарды өткізетін екі жол бар: 1) айқаспаған жол - қарама-қарсы жақтың бүйір жібінде жатады; 2) айқасқан жол - қарама-қарсы жақтың бүйір жіпшесінде жатады. Таламуста үшінші нейронның жасуша денесі жатады, оның аксондары tractus thalamocorticalis құрамында үлкен ми қыртысына, орталық артындағы қатпар мен тері анализаторының қыртыстық шеті орналасқан шеке бөлігіне барады. Кеңістіктік тері сезімталдығы – стереогноздың өткізгіш жолдары – fasciculus gracilis et cunetaus бойымен жүретін жанасу және қысым сезу сузімталдығы сияқты тері сезісталдығының бұл түрі де үш буыннан тұрады: 1) жұлын түйіндері; 2) сопақша мидағы nucleus gracilis et cuneatus-тер; 3) таламус және ең соңында жоғарғы төбе бөлігіндегі тері анализаторының қыртыстық шеті.
180. Ауырсыну және температураны сезіну өткізгіш жолы.Бірінші нейронның жасуша денесі жұлын түйінінде жатады, ол түйіннің жасушалары шеткі өсінділері арқылы терімен, ал орталық өсінділері арқылы екігші нейронның – жасуша денесімен – nucleus proprii - жайғасқан жұлынның артқы мүйіздерімен – tracrus gangliospinalis – байланысқан. Екінші нейрон аксыоны – comissura alba құрамында басқа жағына ауысып, tractus spinothalamicus lateralis-тің құрамында таламусқа дейін көтеріледі. Tractus spinothalamicus lateralis өз кезегінде екі - алдыңғы және артқы бөлікке бөлінеді, олардың бөлігімен температуралық сезім беріледі. Таламуста үшінші нейронның жасуша денесі жатады, оның өсіндісі tractus thalamocortcalis құрамында үлкен ми қыртысына келіп, сол жерде орталық артындағы қатпарда аяқталады. Кейбір зерттеушілер ауырсыну сезімі ми қыртысында ғана емес, таламуста да қабылданып, сол жерде сезімталдық алуан түрлі эмоциялық рең алады деп есептейді. Ауырсыну және температуралық импульстар бас бөлімдерінен немесе мүшелерінен сәйкесті бассүйек нервтерінің – V, VII, IX, X жұптары арқылы олардың сезімтал ядроларына, бұл ядролардан таламусқа және одан әрі орталық артындағы бөлімге сәйкес келеді. Экстерорецепторлардан шығатын өткізгіш жолдардың екінші нейрон талшықтарының айқасуы нәтижесінде ауырсыну, температура, ішінара жанасу және қысым сезу сезімталдығы импульстары дененің қарама-қарсы жағынан орталық артындағы қатпарға беріледі. Сондықтан айқаспаға дейін бірінші немесе екінші нейронның зақымдануы сол зақым келген жақтың сезімталдығын бұзатындығын есте сақтау керек. Егер айқаспадан кейін екінші нейрон немесе үшінші нейрон зақымдалса, онда осы сезімталдық түрлерінің бұзылуы зақымданған жердің қарсы жағында байқалады.
182.Мишық бағытындағы проприоцептикалық сезім өткізгіш жол
пропм
183.Пирамидалық өткізгіш жол
.
184.Эсктрапирамидалық өткізгіш жолдары және Рубро-спиналды жолы
.
Текто-спиналды жолы
185. Көру ағзасы organum visus оның басты бөлігі барлық жануарларда эктодермадан п. б арнаулы сезімтал жасушалар б.т. Көз oculus,көз алмасынан bulbus oculi және оны қоршап жатқан қосымша қосалқы ағзалардан тұрады. Көз алмасы-көз шарасында орналасқан шартәрізді дене.Мұнда мөлдір қабықтың ең дөңес нүктесіне сәйкес келетін алдыңғы полюсті және көру нерві шығатын жерден латералды жатқан артқы поюсті ажыратуға болады.Екі полюсті қосатын тұзу сызық оптикалық не сыртқы көз білігі-axis bulbi externus д.а. Оның мөлдір қабықтың артқы беті мен торлы қабық арасындағы бөлігі ішкі көз білігі д.а. Көз алмасы оныің ішкі ядросын қоршап жатқан уш-сыртқы талшықты,ортаңғы тамырлы,ішкі торлы қабықтардан құралады.Көз алмасының көмекші аппараты-Көзжас аппараты конъюктивті қапшыққа жас бөліп шығаратынжолдардан тұрады.Көзжас безі glandula lacrimalis құрылысты бөлікті,типті жағынан ұяшықты-түтікті,маңдай сүйегінің fossa lacrimalis-інде жатады.Оның 5-12 шығарушы өзектері -ductuli excretorii-конъюнктива қапшығы күмбезінің латералды бөлігінде ашылады.Қабақтар palpebrae-көз алмасын алдынан қорғайды. Жоғарғы қабақ palpebra superior-төменгі қабықтан үлкендеу оның үстінгі шекарасы қас superciluim-маңдай мен шекарада жататын қысқа түктері бар тері жолағы.Қабақтардың бос жиегі арасында көз саңылауы rima palpebrarum жатады,ол арқылы қабақ ашылған кезде көз алмасының алдыңғы беті көрінеді.Көз саңылауының латеральды бұрышы сүйір,медиальды бұрышы дөңгеленген және ол көз жас көлі lacus lacrimalis д.а түзеді.Оның ішінде май тіні мен нәзік түкшелері мен қоса ұсақ бездері бар көз жас бұлшықеті caruncula lacrimalis көрінеді.Көзұясының шел майы мен көз алмасының қынабы-көз алмасының артқы жағында көзұясының жатқан мүшелер арасындағы барлық кеңістікті алатын шел майы corpus adiposum ovbilae жалғасады.Көз жасы қапшығы saccus lacrimalis көзұясы ішкі бұрышының суйекті шұңқырында жатқан мұрын-жас жоғарғы тұйық шеті.Көз жасы қабы қабырғасынан басталатын pars lacrimalis m.orbicularis oculi будалары оны кеңейтіп,ол арқылы көз жасының көзжасы өзекшелері арқылы сіңірілуіне көмектеседі.
186.Көз алмасының қабықтары-1Талшықты қабық tunica fibrosa bulbi көз алмасын сыртынан қаусырып қорғаныш қызметін атқарады.Оның артқы үлкен бөлімі ақ қабық,ал алдыңғы бөлімі мөлдір қабық д.а.Талшықты қабықтың екі бөлігі бір-бірінен циркулярлы жүлге sulcus sсlerae арқылы бөлінеді.2 Көз алмасының тамырлы қабығы, tunica vasculosa тамырларға бай,жұмсақ пигменттерге орай қара түсті,дәл ақ қабықтың астында жатады.Онда үш бөлімді меншікті тамырлы қабық,кірпікті дене және нұрлы қабықты ажыратады.3Тор немесе торлы қабық retina көз алмасының үш қабығының ең ішіндегісі,ол тамырлы қабыққа,қарашыққа дейін жанасып жатады.Басқа қабықтарда емес,ол эктодермадан пайда болады және өзінің пайда болуы тегіне қарай екі: пигменті бар сыртқы pars pigmentosa және ішкі pars nervosa бөліктерінен тұрады.
187.Көзқозғалтқыш нерв (III)
N, oculomotorius, көзқозғалтқыш нерв - дамуы жағынан бірінші құлақалды миотомының қозғалыс түбіршігі, бұлшықеттік нерв болып табылады. Оның құрамында:1)сомалық-қозғалыс ядросынан көз алмасының сыртқы бұлшықеттеріне баратын эфферентті талшықтар; 2) ішкі көз бұлшықеттеріне(m. sphinter pupillac және m. ciliaris nucleus - accessrius), қосымша ядросынан шығып баратын парасимпатикалық талшықтар.
N, oculomotorius мидан ми аяқшасының медиалды жиегіне шығып, содан кейін fissura orbitalis superior арқылы көзұясына енеді. Осыдан кейін екі тармаққа бөлінеді.
1. Жоғарғы тармақ, ramus superior, m, rectus inferior және m.levator palpebrae superior-ды нервтендіреді.
2. Төменгі тармақ, ramus inferior, m. rectus inferior, m. rectus medialis пен obliquus inferior-ға барады. Төменгі тармақтан ganglion ciliare-ге барып, m.sphincter pupillac мен m. ciliaris үшін парасимпатикалық талшықтар аппаратын нерв түбіршегі, radix oculomotoria, шығады.
Шығыршық нерві (IV)
N, trochlearis, шығыршық нерві, дамуы жағынан екінші құлақалды миотомының қозғалыс түбіршігі, бұлшықеттік нерві болып табылады. Оның жалғыз сомалық-қозғалыс ядросынан көздің қиғаш бұлшықетіне баратын эфферентті талшықтар бар. Жоғарғы ми желкенінің дорсалды жағынан шығып, ми аяқшасын латералды жағынан айналып, fissura orbitalis superior арқылы көзұясына кіріп m. obliquus superior-да аяқталады.
Әкететін нерв (III)
N, abducens, әкететін нерв, үшінші құлақалды миотомының қозғалыс түбіршігі, бұлшықеттік нерв болып табылады. Оның көпірде орналасқан сомалық-қозғалыс ядросынан шығып, көздің латералды тік бұлшықетіне баратын эфферентті талшықтары болады. Көпірдің артқы жиегінде мидан шығып fissura orbitalis superior арқылы көзұясына өтіп, m. rectus lateralis-ке енеді.
Сыртқы көз бұлшықеттеріне арналған III,IV және VI нервтердің эфферентті талшықтарына сәйкес келетін аферентті (проприоцептивті) талшықтар V нервтің, n. opthalmicus, құрамында өтеді.
Көптеген авторлар көз алмасының барлық үш қозғалыс нервтерінде афферентті (проприоцептивті) талшықтар бар деп есептейді.
189.Көру нерві (II)
N. opticus, көру нерві, эмбриогенез үрдісіндекөз бокалының аяқшасы ретінде аралық мидан өсіп шығады, филогенез жарық рецепторымен байланысты пайда болатын ортаңғы мимен байланысқан, оның мидың осы бөлімдерімен тығыз байланысы осымен түсіндіріледі. Ол жарық тітіркенулерін өткізетін сомалық-сезімтал талшықтардан тұрады. Ми туындысы ретінде онда түйін болмайдв (бассүйек нервтерінің I жұбы сияқты), ал оның құрамына енетін афферентті талшықтар көздің торлы қабығының көпполюстік нерв жасушалар нейриттерінің жалғасын құрайды. N. opticus көз алмасының артқы полюсінен шығып canalis opticus арқылы бассүйек қуысына кіріп, қарсы жағының дәл осындай нервімен сынатәрізді сүйектің sulcus chiasmatis-те жататын айқаспаны chiasma opticum түзеді (айқаспа толық емес, нервтің тек медиалды талшықтары ғана айқасады). Көру жолының хиазмадан кейінгі жалғасы tractus opticus болып табылады, ол corpus geniculatum laterale мен pulvinar thalami-де және ортаңғы ми қақпағының үстіңгі төбешігінде аяқталады. Екі торлы қабық арасында, айқаспаның алдыңғы бұрышы арқылы өтетін нерв будалары арқылы байланыс болады. Бұл байланысми сыңарларының комиссуралық байланыстарына ұксас. Мұндай байланыстың бар екендігіне көздің біреуі зақымданып немесе ауырғанда басқа көзде де көру өрісінің жоғалу фактісі дәлел бола алады.
193.Ортаңғы құлақ,auris media,дабыл қуысын мен есту түтігінен тұрады.Ол дабыл қуысын жұтқыншақтың мұрындық бөлігімен жалғастырады.Дабыл қуысы cavitas tympanica самай сүйегі пирамидасының негізінде сыртқы дыбыс жолы мен ішкі құлақ арасында жайғасқан. Онда дыбыс тербелістерін дабыл жарғағынан лабиринтке беретін үш кішкене сүйектен тұратын тізбек.
Дабыл қуысы 6 қабырғасы болады
1.Дабыл қуысының латералды қабырғасы-paries membranaceus
2.Дабыл қуысының медиалды қабырғасы лабиринтке жалғасып жатады да,лабиринттік қабырға paries labyrinthicus д.а
3.Дабыл қуысының артқы артқы қабырғасын
195.Кіреберіс-ұлу нерві (VIII)
N. vestibulocochlearis, кіреберіс-ұлу нерві бет нервінен бөлініп шыққан афферентті нерв, есту және тепе-теңдік мүшесінен келетін сомалық-сезімтал талшықтары бар. Ол екі pars vestibularis және pars cochlearis бөліктерінен тұрады. Олардың қызметі әртүрлі: кіреберіс бөлігі ішкі құлақ лабириттің кіреберісі мен жартылай шеңберді түтіктерде жайғасқан статикалық аппараттардан импульстарды өткізеді де, ал ұлу дыбыс тітіркенулерін қабылдайтын иірімді мүшеден есту импульстарын өткізеді.
Бұл бөліктер сезімтал болғандықтан, олардың әрқайсысы қос полюсті нерв жасушалары бар меншікті нерв түйіндерімен жабдықталған. Ganglion vestibulare деп аталатын кіреберіс бөлігінің түйіні ішкі есту жолының түбінде, ал ұлу бөлігінің түйіні ganglion spinale ұлуда орналасады.
Түйіндердің қос полюстік жасушалардың шеткі өсінділері иірімнің жоғарыда аталған қабылдаушы аспаптарында аяқталады. Олардың орталық өсінділері porus acusticus internus арқылы ішкі құлақтан шығып, нервтің сәйкес бөліктері құрамына миға бағыт алады; олар оған бет нервінің бүйірінен еніп, өз ядроларына: pars vestibularis төрт ядроға және pars cochlearis екі ядроға жетеді.
196.Иіс сезу нервтері (I)
Nn. olfactorii, иіс сезу нервтері, иіс сезу рецепторымен байланысты пайда болған иіс сезу миынан дамиды. Оларда химиялық тітіркенулерді қабылдаушы ағзалардан шығатын висцералды-сезімтал талшықтар болады. Бұл нервтер алдыңғы ми өсінділері болғандықтан, оларда түйін болмайды да, мұрын қуысының шырышты қабығының ragio olfactoria аймағында жайғасқан иіс сезу жасушаларының орталық өсінділерінен құралған, саны 15-20, жіңішке нерв жіптерінің, fila olfactoria, жиынтығы болып табылады. Fila olfactoria, lamina cribrosa тесіктері арқылы мұрын қуысының жоғарғы қабырғасынан өтіп, tractus және trigonum olfactorium-ге созылатын bulbus olfactorius-те аяқталады.
198. Үшкіл нервтің бірінші тармағы. N. opthalmicus, көз нерві - fissura orbitalis superior арқылы бассүйек қуысынан көзұясына шығады. Бірақ оған өтер алдында тағы да үш тармаққа бөлінеді: n. frontalis, n. lacrimalis және n. nasocilliaris-ке бөлінеді.
1. N. frontalis,маңдай нерві - тура алға қарай көзұясы төбесі астымен incisura немесе foramen supraorbitalis арқылы маңдай терісіне келеді. Бұл жерже ол n. supraorbitalis деп аталып, өз жолында жағарғы қабақ пен көздің медиалды бұрышының терісіне тармақтар береді (115-сурет).
2. N. lacrimalis, көзжас нерві - көзжасы безіне барып, одан өтіп, көздің латералды бұрышындағы конъюктивасы мен терісінде аяқталады. Көзжасы безіне енгенге дейін n. lacrimalis, n. zygomaticus-пен (үшкіл нервтің екінші тармағынан) қосылады. Осы “анастомоз” арқылы n. lacrimalis көзжасы безі үшін секреттік талшықтар алады және оны сезімтал талшықтармен жабдықтайды.
3. N. nasocilliaris, мұрын-кірпік нерві-мұрын қуысының алдыңғы бөлігін nn. ethmoidales anterior et posterior, көз алмасы nn. ciliaris longi, көздің медиалды бұрышының конъюктивасы мен көзжасы қапшығын және терісін n infratrochlearis нервтендіреді. Одан ganglion ciliare-ге байланыстырушы тармақ кетеді. N. opthalnicus III, IV, VI нертвтермен байланыстары көмегімен көз бұлшықеттерінің сезімтал (проприоцептивті) инневерциясын іске асырады.
199. Үшкіл нервтің екінші тармағы. N. maxillaris, жоғарғы жақсүек нерві - foramen rotundum арқылы бассүйек қуысынан қанат-таңдай шұңқырына шығады. Осы жерден оның тікелей жалғасы n. infraorbitalis болып табылады. Ал fissure orbitalis inferior арқылы көзұясының төменгі қабырғасында sulcus және canalis infraorbitalis-тер арқылы өтеді. Содан соң foramen infraorbitale арқылы бетке шығып, сол жерде тармақтарға ыдырайды. Бұл тармақтар ішінара n. facialis тармақтарымен байланысып, төменгі қабақ, мұрынның бүйір беті және жоғарғы ерін терілерін нервтендіреді.
N. maxillaries пен оның жалғасынан n. infraorbitalis-тен мынадай тармақтар шығады:
1. N. zygomaticus, бетсүйек нерві- ұрт пен самай аймағының алдыңғы терісіне барады.
2. Nn. alveolares superiores, жоғарғы жақсүйек пен қабырғасының ішіндегі өрім, plexus dentails superior түзеді; одан үстіңгі тістерге rami dentalis superiores-тер мен қызылиекке rami gingiviales superiores-тер кетеді.
3. Rr. ganglionares - maxillares пен ganglion pterigopalatinum-ды байланыстырады.
200. Үшкіл нервтің үшінші тармағы. N. mandibularis, төменгі жақсүйек нерві, оның құрамында сезімтал түбіршектен басқа аталған қозғалыс ядросынан nucleus motorius-тен шығып, төменгі жақсүйек доғасынан пайда болған бұлшықетке баратын үшкіл нервтің қозғалыс түбіршігі өтеді (116-сурет). Сондықтан төменгі жақсүйекке бекитін бұлшықеттерді, оларды жабатын теріні және төменгі жақсүйек доғасының басқа туындыларын нервтендіреді. Ол foramen ovale арқылы бассүйектен шыққаннан кейін екі тармақ тобына бөлінеді.
А. Бұлшықет тармақтары:
Аттас бұлшықеттерге баратындар: n. massetericus, nn. temporales propundi, nn. pterigoidei medialis et lateralis, n. tensoris tympani, n. tensoris veli palatine, n. mylohyoideus. Соңғысы n. alveolaris inferior-дан бөлініп, m. digastricus-тың алдыңғы қарыншасында нервтендіреді.
Ә. Сезімтал тармақтар:
1. N. buccalis - ұрттың шырышты қабатына барады.
2. N. lingualis - ауыз қуысы түбінің шырышты қабығының астына орналасады. Ол ауыз қуысы түбінің шырышты қабатына n. sublingualis-ті беріп, тілдің шырышты қабатын, оның алдыңғы 2/3 бөлігін нервтендіреді (117-сурет). Тіл нервісінің екі қанаттаәрізді бұлшықеттер арасынан өтетін жерінде оған fissura petrotympanica-дан шығатын бет нервінің жіңішке тармағы-chorda tympani қосылады. Онда nucleus salivatorius superior n. intermedii-ден шығатын тіласты мен төменгі жақсүйекасты сілекей бездеріне баратын парасимпатикалық секреттік талшықтар өтеді. Оның құрамында тілдің алдыңғы 1/3-інен дәм сезу талшықтары жалпы сезімталдық (жанасу, қысым, ауырсыну, температураны сезу) өткізгіштері болып есептеледі.
3. N. alveolaris inferior-foramen mandibule арқылы аттас артериямен бірге төменгі жақсүйек өзегіне келіп, сол жерде алдымен өрім-plexus dentalis inferior түзе, барлық астыңғы тістерге тармақтар береді. N. alveolaris inferior canalis mandibulae соңында n. mentalis-ті береді, ол foramen mentalea-дан шығып, иек пен төменгі ерін терісінде таралады. N. alveolaris inferior қозғалыс талшықтарының шамалы қоспасы бар сезімтал нерв, оның қозғалыс нервтері - foramen mandibulae-нің алдында n. mylohyoideus құрамында шығады.
4. N. auriculotemporalis - шықшыт безінің жоғарғы бөлігіне өтіп, а. temporalis superficialis екеуі қосарлана самай аймағында болады. Шықшыт сілекей безіне секреттік тармақтар, сонымен қатар шықшыт буынына, құлақ қалқанының алдыңғы бөлігі, сыртқы есту жолы және самай терісіне сезімтал тармақтар береді. Үшкіл нервтің үшінші тармағы аймағында вегативті жүйеге жататын екі түйін бар, солар арқылы сілекей бездері нервтендіріледі. Олардың біреуі - ganglion opticum құлақ түйіні foramen ovale-нің астында, n. mandibularis-тің медиалды жағында орналасқан кішкене домалақ дене. Оған тіл-жұтқыншақ нервінен шығатын n. tympanicus-тың жалғасы болып табылатын n. petrosus minus құрамында парасимпатикалық секртеттік талшықтар келеді. Бұл талшықтар түйінде үзіледі де, n. auriculotemporalis-тің құрамында шықшыт безіне келеді. Басқа түйін, ganglion submandibulare, төменгі жақсүйекасты түйіні медиалды қанаттәрізді бұлшықеттің алдыңғы жиегінде, төменгі жақсүйекасты сілекей безі үстінде, тіл нервінің астында орналасады. Түйін мен тіл нерві тармақтар арқылы байланысады. Осы тармақтар арқылы дабыл шегі талшықтары түйінге келіп, сол жерде аяқталады.
201.Бет нерві (VII)
N. facialis (n. intermedio facialis), бет нерві - аралас нерв(118-сурет). Екінші желбезек доғасы нерві ретінде одан дамыған бұлшықеттерді-барлық мимикалық (бет қимылы) және тіласты бұлшықеттерінің бір бөлігін нервтендіреді жіне оның құрамында қозғалыс ядросының осы бұлшықеттерге баратын эфферентті (қозғалыс) талшықтары мен сол бұлшықеттердің рецепторларынан шығатын эфферентті (проприоцептивті) талшықтар болады. Сондай-ақ оның құрамында аралық, n. intermedius, нервке жататын дәм сезу (афферентті) және секреттік (эфферентті) талшықтар да бар.
Құраушы бөліктеріне сәйкес n. facialis-тің көпірде жайғасқан үш ядросы бар: қозғалыс ядросы-nucleus motorius nervi facialis, сезімтал ядросы-nucleus solitarius және секреттік ядросы - nucleus salivatorius superius. Соңғы екі ядро nervus intermedius-ке жатады.
Бет нерві көпірдің артқы жиегінің бүйір жағында кіреберіс-ұлу нервімен қатарласа, linea trigeminofacialis-тен шығады. Содан кейін соңғы нервпен бірге ішкі есту тесігіне өтіп, без өзегіне canalis facialis енеді. Нерв өзекте алдвмен горизонтальды жазықтықта дабыл қуысының ішкі қабырғасының жоғарғы бөлігінде өтеді. Дабыл қуысының артқы қабырғасында нерв қайтадан иіліп, тік төмен түсіп, foramen stylomastoideum арқыл бассүйектен шығады. Нервтің артқа қарай бұрылатын жерінде бұрыш түзіледі (тізешік-geniculum). Оның сезімтал (дәм сезу) бөлігі кішкене нерв түйіншесін - ganglion geniculi (тізешік түйінін) түзеді. Бет нерві foramen stylomastodeum-нен шыққаннан кейін шықшыт безі қабатына еніп, өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді. Самай сүйегіне аттас өзегі бойында бет нерві мынадай тармақтар береді:
1. N. petrosus major (секреттік нерві)-иін аймағынан басталып, hiatus canalis n. petrosis majoris арқылы шығады, содан кейін самай сүйегі пирамидасының алдыңғы бетінде аттас жүлгемен sulcus n. petrosi majoris жүріп, симпатикалық нервпен, n. petrosus profundus-пен бірге canalis ptergoideus-қа өтіп, ол нервпен бірге n. canalis ptergoidei түзіп, ganglion ptergopalatinum-ге жетеді. Нерв түйінде үзіледі де, оның талшықтары rami nasales posteriores пен nn. palatine құрамында мұрын мен таңдайдың шырышты қабығының бездеріне барады. Талшықтардың бір бөлігі n. zygomaticus құрамында, оның n. lacrimalis-пен байланысы арқылы көзжасы безіне жетеді.
2. N. stapedius (бұлшықеттік)- m. stapedius-ты нервтендіреді.
3. Chorda tympani (аралас тармақ)-бет өзегінің төменгі бөлігінде бет нервінен бөлініп, дабыл қуысына өтіп, сол жерде дабыл жарғағының медиалды бетінде орналасып, содан кейін fissura petrotympanica арқылы шығады. Ол саңылаудан сыртқа шыға, төмен және алға қарай түсіп, тіл нервіне қосылады.
Дамыл шегінің сезімтал (дәм сезу) бөлігі тізешік түйінінде жатқан жасушалардың шеткі өсінділері тіл нервінің құрамында тілдің шырышты қабығына келіп, оның алдыңғы 2/3 бөлігін дәм сезу талшықтарымен жабдықтайды. Секртеттік бөлігі ganglion submandibulare-ге келіп, ондағы үзілістен кейін төменгі жақссүйекасты және тіласты сілекей бездерін секреттік талшықтарымен жабдықтайды.
Foramen stylomastoideum-нен шыққаннан кейін n. facialis мынадай бұлшықет тармақтарын береді:
1. N. auricularis posterior, m. auricularis posterior және venter posterior m. epicranii-ді нервтендіреді.
2. Ramus digastricus арқылы m. digastricus артқы құрсақасты мен m. stylohyoideus-ті нервтендіреді.
3. Беттің мимикалық бұлшықеттеріне баратын көптеген тармақтар шықшыт безінде өрім, plexus parotideus, түзеді. Бұл тармақтар безден шығып, жалпы алғанда арттан алға қарай радиарлы бағытта таралады.
Олар бетке және мойынның жоғарғы бөлігіне барып, үшкіл нервтің теріасты тармақтарымен кеңінен анастомозданады.
Ол тармақтардың ішінде мыналарды ажыратады:
a) rami temporales, олар: mm. auricularis anterior et superior, venter frontalis m. epicranius және m. orbicularis oculi-ге барады;
ә) rami zygomatici, олар: m. orbicularis oculi және m. zygomaticus-ке барады;
б) rami buccales ауыз шеңбері мен мұрын бұлшықеттеріне барады;
в) ramus marginalis mandibulae - төменгі жақсүйек жиегімен жүріп, иек және төменгі ерін бұлшықеттеріне баратын тармақ;
г) ramus colli - мойынға түсіп, теріасты бұлшықетін нервтендіреді.
202.Тіл-жұтқыншақ нерві (IX)
N.glossopharyngeus, тіл-жұтқыншақ нерві үшінші желбезек доғасы нерві даму үрдісінде нервтердің Х жұбынан (n. vagus) бөлінген. Онда үш текті талшықтар болады:
1) жұтқыншақ, дабыл қуысы, тілдің шырышты қабаты (артқы 1/3-і), бадамшалар және таңдай доғалықтары рецепторларынан шығатын афферентті (сезімтал) талшықтар:
2) жұтқыншақ бұлшықеттерінің біреуін - m. styloparyngeus нервтендіретін эфферентті (қозғалыс) талшықтар;
3) glandula parotis үшін эфферентті (секреттік) парасимпатикалық талшықтар.
Құрам бөліктеріне сәйкес оның үш ядросы болады: nucleus soliterius, оған 2 афферентті түйін - ganglia superius et inferius - тердің жасушаларының орталық өсінділері келеді. Вегативті (секреттік), парасимпатикалық ядро - төменгі сілекей бөлетін ядро - торлы құрылымында кезбе нервпен ортақ үшінші қозғалыс ядросының - nucleus ambiguus пен жанында шашыраған жасушалардан тұрады. Тіл жұтқыншақ нерві түбіршіктері арқылы оливаның артында, кезбе нервтің үстінде сопақша мидан шығып, соңғы нервпен бірге мойындырық тесігі арқылы бассүйектен шығады.