ЖоҒарҒы жаҚ Қуысы тҮбініҢ тесілуі жӘне оныҢ жыланкӨзі

Д. Е. Танфильев Гаймор қуысының тесілуінің себептеріне байланысты келесі жіктелуін ұсынады:

1) Одонтогендік тесік (тіс жұлу, тіс түбірін кесу, цистотомия, гайморотомия).

2) Арнайы тесік (туберкулез, мерез, актиномикоз).

3) Ісіктерден болатын тесік.

4) Жарақатқа байланысты тесіктер.

Клиникалық мәліметтерге қарағанда Гаймор қуысы түбінің тесілуі 50%-дан 90%-ға дейін тіс жұлу отасына байланысты. Жоғарғы жақ қуысының түбі жиі жағдайда жоғарғы үлкен және кіші азу тістерді жұлғанда тесіледі, ол әдетте қуыспен тіс түбірлерінің өзара анато-миялық қарым-қатынасына немесе тіс түбірлеріндегі созылмалы қабыну кезеңдеріне байланысты. Кей жағдайда ұяшық өсіндінің ісіктеріне жасалған отаның асқынуынан, созылмалы остеомиелит, сарысулы ісік, жоғарғы жақ жарақатының салдарынан да тесіледі. Гаймор қуысы түбінің, тесілуі жедел немесе созылмалы, асқынған және асқынбаған түрлерінде болуы мүмкін.

Қуыс түбі тесілген күннен бастап 2-3 аптаға дейін нақтама қойылса ол жедел түріне жатады, ал жоғарыда аталған мерзімнен асса-созылмалы деп саналады.

Егер түбі тесілген Гаймор қуысында қабыну кезеңі дамымаса немесе оған бөгде заттар кірмесе (тіс түбірі, тампон т.б.) бұл асқынбаған түрі, ал гаймор қуысында қабыну кезеңі дамыса, тіс түбірі кірсе, жұлынған тіс ұяшығында остеомиелит болса асқынған деп есептейді.

Кейбір науқастардың Гаймор қуысында қабыну кезеңі кезінде, жоғарғы азу тістерін жұлып жатқанда қуыс түбі тесілуі мүмкін. Гаймор қуысымен ауыз қуысының арасындағы тесік ұзақ мерзімге созылса, жара өзегі бітпесе, жұлынған тіс ұяшығының аумағында жыланкөз дамиды.

Науқастың шағымына, аурудың келіп шығу тарихына-анамнезіне, арнайы зерттеу (сүңгімен тексеру, қуысты жуу, рентгенография т.б.) мәліметтеріне сүйене отырып Гаймор қуысының тесілгеніне нақтама қойылады.

Науқас сіңбіргенде жұлынған тіс ұяшығы арқылы ауыз қуысына ауа өтетініне, ауызын шайғанда су мұрнына кететініне шағым айтады. Науқасты тексергенде оған саусақтарымен мұрнын қысып ол арқылы ауа шығарып көруін ұсыну керек- егер қуыс түбінде тесік болса жұлынған тіс ұяшығына ысылдап немесе ысқырып ауа шығады. Кей жағдайда ұяшықтан көпірген қан немесе ірің ағады. Гаймор қуысының шырышты қабатында полип болған жағдайда, ол тесікті жауып қалып ауа мұрыннан ауыз қуысына өтпейтінін ескеру керек, бұл жағдайда науқас ұртына ауа толтырып үрлей алмайды, өйткені ауа аузынан мұрын арқылы шығып кетеді.

Егер қуыс түбі қабыну кезеңі бар жағдайда тесілсе ұяшықтан ірің ағып, полип шығып тұруы да мүмкін.

Әдетте қабыну кезеңі бар қуыстың тесілуі біріншілік созылмалы ағымда болады.

Бірақ кей жағдайларда тіс жұлынғаннан бірнеше күн өткен соң жедел гаймориттің көрінісі дамуы мүмкін (сыздап ауыру, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, бетінің ісінуі, мұрынның бітуі). Бұл белгілер қуыста жиылған экссудаттың ағып шыға алмауын дәлелдейді. Егер экссудат көз тауып ағып шықса жоғарыда аталған белгілер көрінісі бәсеңдейді.

Ауыз қуысын тексергенде пайда болған ақаудың көлемін, жарақат жолының, оның айналасындағы тіндердің жағдайы (ұяшықтан шығып тұрған полип бар ма, жоқ па, ұяшық толық немесе жартылай эпителизацияланды ма, сарысу немесе ірің аға ма) анықтайды.

Мұндай науқастарды тексергенде қосалқы зерттеу әдістеріне сүңгімен шұқып тексеру және қуысты ұяшық арқылы антисептиктер ерітіндісімен жуып-шаю жатады. Сүңгінің бату дәрежесі мен жуынды құрамын қарап Гаймор қуысында қабыну кезеңінің бар-жоғын анықтайды.

Гаймор қуысының тесілуін анықтау үшін рентгенография, контрасты рентгенографиялық зерттеу әдістерінің орны өте маңызды. Бұл әдістер дәрігерге сүйек ақауының көлемі, қуыста тіс түбірінің бар жоғы, шырышты қабатында қабынудың болуын, оның орны мен көлемі туралы мәліметтер береді.

Науқасқа жүргізілетін емдік іс-әрекеттің кезектілігі, оның түрі, ота емнің керек еместігі, қажет болса оның көлемі қуыста қабыну кезеңінің бар-жоғына байланысты. Қуыс түбінің тесілуі асқынбаған жедел түрінде бірден анықталса, ұяшықты тіс жұлынысымен тігеді, керек болса кедергі жасаған ұяшық өсіндінің қырларын қысқашпен кесіп алып, вестибулярлы және таңдай жағының жұмсақ тіндерін сылып босатқан соң барып тіс ұяшығына тігіс салады. Кей жағдайларда Гаймор қуысы мен ауыз қуысы аралығындағы тесікті жауып, ол өздігінен біту үшін тез қататын пластмассадан тосқауыл табақша-пластина қоюға болады.

Егер қуыс түбі тесілуімен қатар, аз көлемді қабыну кезеңі болса алдымен отасыз-консервативті ем қолданады. Гаймор қуысын антисептик ерітінділерімен жуып соңынан сульфаниламидтер, антибиотиктер, протеолитикалық ферменттер жібереді. Хирургиялық ем тек тесікті жабумен шектеледі.

Ал қуыс түбінің тесілуі қуыста жайылмалы қабыну кезеңімен қатар жүрсе, радикалды гайморотомия және тесікке пластикалық ота жасалады.

Гаймор қуысының тесігіне пластикалық отаны жоспарлағанда тесіктің көлемін, оның айналасындағы тіндердің жағдайын ескеру керек. Әрбір бөлек жағдайда әр түрлі әдістер қолданылады: тесікті ұяшық өсіндінің сырт жағындағы жұмсақ тіндермен немесе таңдайдан алынған көпір тәріздес, ұяшық өсіндінің ауыз қуысына кереберіс-вестибулярлы бетінен алынған тіл тәріздес қиындылармен жабады.

Тұжырым: Одонтогендік гаймориттің пайда болуы, өрбуі жергілікті және жалпы патогенетикалық жағдайлар, оның анатомиялық құрылымына байланысты болады және оған өз әсерін тигізеді. Жергілікті патогене-тикалық жағдайларға: периодонтит, остеомиелит, жоғарғы жақ сүйегінің сары-сулы ісігінің қабынуы, жоғарғы жақ өсіндісіне ота жасаған кезде және жарақаттан болған жоғарғы жақ қуысның тесіктері, Гаймор қуысына басқа заттардың түсуі, сүйек ішінде шықпай қалған тістер болып есептеледі. Гаймориттің дамуына жедел және созылмалы ауруларден кейінгі организм халінің жалпы әлсіреуі әсерін тигізеді.

Инфекцияның көзіне байланысты Гаймориттер одонтогенді, риногенді, гематогенді және жарақаттан кейінгі болып бөлінеді.

Патогенезіне (өрбу жолдары) байланысты улану (токсический) және инфекциялы болып екіге бөлінеді. Біріншісі Гаймор қуысының кілегей қабығы одонтогенді қабыну ошағындағы токсиндермен уланғандықтан болса, екіншісі сүйек тіні немесе қан тамырлары арқылы микробтардың енуіне байланысты.

Жоғарғы жақ сүйегі қуысының ауруларын тексергенде рентгенография әдісі өте бағалы мағлұматтар береді.

Томография әдісі аурудың қай қабатта жатқанын, оның орналасуын-топографиясын анықтайды. Қазіргі кезде компьютерлік томография әдісі Гаймор қуысында кездесетін ауруларды анықтауға үлкен көмегін тигізеді.

Жоғарғы жақ қуысын төменгі мұрын жолымен Гартман әдісімен тесіп қуыс ішіндегі заттарды сорып алып, оны цитологиялық жолмен тексеріп нақтаманы анықтауға болады.

Созылмалы гаймориттерде өзгеріске ұшыраған қуыстағы шырышты қабаттың орналасқан жерін, оның көлемін және сын-сипатын анықтау үшін контрасты рентгеноскопия әдісі өте тиімді. Контрасты зат ретінде 3-7 мл йодлипол қолданылады.

Жедел одонтогенді гайморитті жедел іріңді периоститтен, жоғарғы жақ сүйегінің жедел остеомиелитінен, үшкіл жүйкенің невралгиясынан және риногендік гаймориттен айыра білген жөн.

Одонтогенді гайморитті риногенді гаймориттен келесі ерекшеліктеріне сүйене отырып ажыратуға болады: Ауру тістің ауырғанынан басталады, жоғарғы жақ сүйегінде қабыну кезеңдері (периодонтит, пародонтоз, остеомиелит, іріңді киста) болуы мүмкін, жоғарғы жақ қуысымен қатынасты жыланкөз, әдетте қуыс біржақты бұзылады.

Гаймор қуысындағы одонтогенді қабыну кезеңін басқа да ісіктерден (саркома, остеома, амелобластома, сарысулы ісік) айыра білу керек.

Клиникалық мәліметтерге қарағанда Гаймор қуысы түбінің тесілуі 50%-дан 90%-ға дейін тіс жұлу отасына байланысты. Жоғарғы жақ қуысының түбі жиі жағдайда жоғарғы үлкен және кіші азу тістерді жұлғанда тесіледі, ол әдетте қуыспен тіс түбірлерінің өзара анато-миялық қарым-қатынасына немесе тіс түбірлеріндегі созылмалы қабыну кезеңдеріне байланысты. Кей жағдайда ұяшық өсіндінің ісіктеріне жасалған отаның асқынуынан, созылмалы остеомиелит, сарысулы ісік, жоғарғы жақ жарақатының салдарынан да тесіледі. Гаймор қуысы түбінің, тесілуі жедел немесе созылмалы, асқынған және асқынбаған түрлерінде болуы мүмкін.

Дәрігер-стоматолог науқасты емдеу кезінде көптеген кедергілерге тап болады.Сол үшін науқастың толық емделуі келесі, негізгі талаптарды орын-дауына байланысты:

1) гайморитке соқтықтырған себепті жою; 2) Гаймор қуысындағы патологиялық өзгеріске ұшыраған тіндерді мұқият түрде алып тастау;

3) Гаймор қуысынан эксудатқа ағуға мүмкіндік жасау және оны аэрациялау; 4) соңынан рационадды ем қолдану. Гайморит емін барлық жағдайларда қабыну кезеңінің дамуына себепкер болған одонтогенді қабыну ошағын жоюдан бастап, соңынан отасыз-консервативті ем қолданады. Оларға физиотерапия әдістері (УЖЖ, диатермия, солюкс) және қайта пункция жасап Гаймор қуысын жуып, патологиялық өзгеріске ұшыраған шырышты қабатының көлемі аз ғана болған жағдайда оны дәрімен емдеуге болады.

Гаймор қуысында қабыну кезеңі жайылмалы немесе созылмалы түрлеріне өткен жағдайларда отасыз-консервативті ем өз нәтижесіне бермейді. Сондықтан хирургиялық ем жиі тағайындалады.

Гаймориттердің хирургиялық ем әдістерінің бірі кеңінен таралып қолданатын Коллуэль-Люк отасы. Егер қуыс түбі тесілуімен қатар, аз көлемді қабыну кезеңі болса алдымен отасыз-консервативті ем қолданады. Гаймор қуысын антисептик ерітінділерімен жуып соңынан сульфаниламидтер, антибиотиктер, протеолитикалық ферменттер жібереді. Хирургиялық ем тек тесікті жабумен шектеледі.

Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:

1. Д. Е. Танфильев Гаймор қуысының тесілу себептеріне байланысты

........ жіктелу нобайын ұсынады:

А) Одонтогендік, арнайы, ісіктерден болатын,жарақатқа байланысты

Б) арнайы, созылмалы, жедел

В) ісіктерден болатын, арнайы емес, қоздырғыш

Г) Одонтогендік, жеделдеу, көпір тәріздес

Д) жарақатқа байланысты, жұмсақ тіндер

2. Жоғарғы жақ қуысының түбі жиі жағдайда ..... жұлғанда тесіледі

А) жоғарғы үлкен және кіші азу тістерді

Б) күрек, ит тістер, төменгі кіші азу тістерді

В) ит тістер, төменгі үлкен азу тістерді

Г) күрек, төменгі үлкен азу тістерді

Д) жоғарғы кіші азу және төменгі кіші азу тістерді

3. Гаймор қуысы түбінің тесілуі ....... тіс жұлу отасына байланысты.

А) 50%-дан 90%-ға дейін

Б) 10%-дан 25%-ға дейін

В) 15%-дан 35%-ға дейін

Г) 25%-дан 55%-ға дейін

Д) 50%-дан 70%-ға дейін

4. Жоғарғы жақ қуысы түбінің тесілуі ....... кезеңдеріне байланысты.

А) тіс түбірлерінің өзара анатомиялық қарым-қатынасына, тіс

түбірлеріндегі созылмалы қабыну

Б) тіс түбірлерінің, сатысына, жедел

В) өзара анатомиялық қарым-қатынасына, денесі мен бұтағына

Г) тіс түбірлеріндегі, денесі мен бұтағына

Д) созылмалы қабыну, сатысына, жедел

5. Жоғарғы жақ қуысы түбінің тесілуі .......салдарына байланысты.

А) ұяшық өсіндінің ісіктеріне жасалған отаның асқынуынан, созыл-

малы остеомиелит, сарысулы ісік, жоғарғы жақ жарақатының .

Б) ұяшық өсіндінің ісіктеріне, дәнекер тіндерге

В) жасалған отаның, жедел түріне, бұлшықет тініне

Г) созылмалы остеомиелит, бұлшықет тініне, арнайы

Д) сарысулы ісік, құстұмсық, көлденең жазық бойынша

6. Гаймор қуысы түбінің тесілуі......... түрлерінде болуы мүмкін.

А) жедел, созылмалы, асқынған, асқынбаған

Б) созылмалы, арнайы, жайылмалы, тұйық

В) асқынған, арнайы емес, нақты, себепсіз

Г) жедел, тұйық, шектелген, себепті

Д) асқынбаған, нақты емес, қоздырғыш, тітіркендіру

7. Қуыс түбі тесілген күннен бастап ..... нақтама қойылса, жедел түріне

жатады

А) 2-3 аптаға дейін

Б) 4-7 аптаға дейін

В) 5-8 аптаға дейін

Г) 6-9 аптаға дейін

Д) 7-10 аптаға дейін

8. Қуыс түбі тесілген күннен бастап 2-3 аптадан асса ......... жатады

А) созылмалы түріне

Б) жеделдеу түріне

В) арнайы түріне

Г) арнайы емес түріне

Д) жанама түріне

9. түбі тесілген Гаймор қуысында қабыну кезеңі дамымаса, оған бөгде

заттар кірмесе (тіс түбірі, тампон т.б.) бұл...........жатады

А) асқынбаған түріне

Б) созылмалы түріне

В) арнайы емес түріне

Г) арнайы түріне

Д) жеделдеу түріне

10. түбі тесілген Гаймор қуысында қабыну кезеңі дамыса, тіс түбірі

кірсе, жұлынған тіс ұяшығында остеомиелит болса, бұл...........жатады

А) асқынған түріне.

Б) жеделдеу түріне

В) арнайы емес түріне

Г) жанама түріне

Д) арнайы түріне

11. Гаймор қуысының қабынуының инфекция көзі одонтогендік болса,

онда оны ............. деп атайды.

А) гаймор қуысының одонтогенді қабынуы

Б) гаймор қуысының қан арқылы қабынуы

В) гаймор қуысының лимфа түйіндері қабынуы

Г) гаймор қуысының мұрын қуысы арқылы қабынуы

Д) гаймор қуысының құлақ саңылауы арқылы қабынуы

12. Гаймор қуысымен ауыз қуысының арасындағы тесік .......

жыланкөз дамиды.

А) ұзақ мерзімге созылса, жара өзегі бітпесе, жұлынған тіс ұяшығының

аумағында

Б) ұзақ мерзімге созылса, жедел

В) жара өзегі бітпесе, жеделдеу

Г) тіс ұяшығының аумағында, жанама

Д) құлақ саңылауы арқылы қабынуы, жарақаттан кейінгі

13. Инфекцияның көзіне байланысты гаймориттер ....... болып бөлінеді.

А) одонтогенді, риногенді, гематогенді және жарақаттан кейінгі

Б) гематогенді, дәнекер тіні, созылмалы, жайылмалы

В) риногенді, құлақ саңылауы, мұрын қуысы, жанама

Г) жарақаттан кейінгі, жанама, құлақ саңылауы, мұрын қуысы

Д) лимфа түйіндері, созылмалы, жанама, қарама-қарсы

14. Г. Н. Марченко ........ клиникалық жіктелуін ұсынады:

А) жабық, ашық түрі

Б) жасырын, жапсырма түрі

В) жанама, жабық түрі

Г) созылмалы, ашық түрі

Д) жарақаттан кейінгі, жасырын түрі

15. Гаймориттер клиникалық дамуына байланысты ....... екіге бөлінеді.

А) жедел, созылмалы болып

Б) жабық, ашық болып

В) жасырын, жапсырма болып

Г) жарақаттан кейінгі, жасырын болып

Д) жанама, жабық болып

16. Одонтогенді жедел гайморит ............. болып қабынады.

А) серозды, іріңді

Б) іріңді, жабық

В) серозды, жапсырма

Г) жалпы, іріңді

Д) жергілікті, серозды

17. Одонтогенді жедел гайморит клиникалық белгілеріне байланысты

………… болып бөлінеді.

А) нақсыз-субъективті және нақты-объективті

Б) нақты-объективті, жасырын

В) жергілікті, жанама

Г) жалпы, жапсырма

Д) нақсыз-субъективті, ашық

18.Жедел одонтогенді гайморитті емдеу ...........болып бөлінеді.

А) жалпы және жергілікті

Б) жергілікті, серозды

В) жалпы, іріңді

Г) серозды, жапсырма

Д) іріңді, жабық

19. какосмия ............... болып бөлінеді.

А) нақты-объективті және нақсыз-субъективті

Б) жарақаттан кейінгі, жасырын

В) жанама, жабық

Г) созылмалы, ашық

Д) жедел, созылмалы

20..................... субъективті какосмия деп атайды.

А) науқас жағымсыз иісті өзі сезіп, одан жеркенсе оны

Б) жарақаттан кейінгі, жасырын иіс пайда болса

В) жанама, жабық иіс пайда болса

Г) науқас жабық иіс пайда болғанын сезбесе

Д) созылмалы, ашық түрдегі иіс пайда болса

21.................... объективті какосмия деп атайды.

А) науқаспен қатар оның айналасындағы адамдар сезсе оны

Б) нақты-объективті, ашық түрдегі иіс пайда болса

В) нақсыз-субъективті, науқас жабық иіс пайда болғанын сезбесе

Г) жедел, созылмалы ашық түрдегі иіс пайда болса,

Д) нақты-объективті, науқас жабық иіс пайда болғанын сезбесе

22. R- суретте Гаймор қуысының ………. анықталады.

А) күңгірттенгені

Б) ашық, жабық

В) анық, шектелмеген

Г) жасырын, анық

Д) қою көлеңкелі, ашық

23. жоғарғы жақ қуысы, синус бірінші болып тексеріп, оған сипатта-

ма берген дәрігердің аты, жылы.

А) дәрігер Гаймор, 1651 жылы

Б) дәрігер Линьков, 1965 жылы

В) дәрігер Чарльз, 1875 жылы

Г) дәрігер Дэвид, 1755 жылы

Д) дәрігер Чарлтон, 1705 жылы

24. Гаймориттің дамуына организм ........... халінің жалпы әлсіреуі

әсерін тигізеді.

А) жедел және созылмалы ауруларден кейінгі

Б) дәрігер Чарлтон, 1705 жылы, шектелмеген

В) созылмалы, анық, қою көлеңкелі

Г) дәрігер Дэвид, 1755 жылы

Д) созылмалы, қою көлеңкелі, ашық

25.Келіп шығуына-патогенезіне (өрбу жолдары) байланысты ......

болып екіге бөлінеді.

А) улану (токсический) және инфекциялы

Б) инфекциялы, күңгірттенгені

В) улану (токсический), ашық, жабық

Г) инфекциялы, анық, шектелмеген

Д) улану (токсический), жасырын, анық

X ТАРАУ

Наши рекомендации