Туберкулез эпидемиологиясы

Инфекция көзі ауру адам.

Жұғу жолдары – экзогенді (ауа тамшы, ауа шан),

тұрмыстық қарым қатынас,

алиментарлы, жынысты жолмен,

эндогенді – қан және лимфа арқылы.

Туберкулездің біріншілік және екіншілік түрлері болады

Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каберна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.

Патогенезі. Қоздырғыш тыныс жолдары, шырышты қабықшалар және терідегі жаралар арқылы енеді. Бірінші ошағы — өкпе немесе ішек жолдарының лимфа бездері. Осы жерде гранулематозды қабыну пайда болады, туберкула деген томпешік пайда болады. Төмпешік эпителоидты, лимфоидты, плазматикалық жазушалардан, макрофагтардан, алып көпядролы Лангханс жазушалырынан тұрады және ортасында некроз байқалады. Осы гранулеманы — Гон ошағы деп атайды. Гранулема, лимфоангит, лимфоаденит бүл біріншілік туберкулезды ошақ пневмонияға акеледі. Осы ошақтан қоздырғыш гематогенды және лимфогенды жолмен басқа мүшелерге тарайды. Егер иммунитет жоғары болса- гранулема дәнекер капсуласына оралады, осы ошақта туберкулез таяқшасы анабиозға ұшырайды, сақталады. Алиментарлы жолмен жұққанда туберкулез таяқшасы ішек лимфа бездерін зақымдайды. туберкулез қазақша Клинкалық көрніс бойынша басты 3 түрі бар: Балалардың және жасөспіпмдердің бірінші (алғашқы) туберкулездік интоксикациясы Тыныс органдарының туберкулезі Жүйелермен органдардың туберкулезі Микробиологиялық диагностика Бактериоскопиялық әдіс – Цил- Нилсен бойынша бояйды. Бактериологиялық әдіс – Левенштейн –Йенсен ортасында өсіреді, таза дақылды бөліп алады, биосынама жүргізеді M. hominis, bovis түрлерін ажыратады. Туберкулез таяқшасын зертелетін затта көбейту үшін флотация жүргізеді( қышқыл қосады және сілтілі). Ниацин сынамасы. Ниацинды барлық микобактериялар тузеді және рибонуклеатидке айналдыратын фермент тузеді, бірақ туберкулез таяқшасы осы ферментті тузбейді. Туберкулез таяқшасы ниацин қөрек ортасында жинақтайды. Сондықтан ортада ниацин анықтау керек. Қөрек ортанын устінен 4%спирт және 10 % цианоген бромид қосамыз, ортада ниацин болса сары түс пайда болады. Аллергиялық әдіс. Манту сынамасы – вакцинаны еккенде, бір ай дан кейін жүргізеді. Тері астына туберкулин егеді, 42 сағ. кейін инфилтратты өлшейді. Осы сынама вакцинаның әсерінен түзелетін иммунитетті теқсереді. Экспресс-әдіс –Прайс микродақылдар әдісі. Туберкулездің микробиологиялық диагноз қою тәсілдері.)

Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1890 Материал көшіргенде, KazMedic.kz сайтына сілтеме міндетті

АУРУДЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР:

Іске қосатын фактор – иммунитеттің әлсіреуі. Толыққанды, үйлесімді тамақтанбау.

- ауыр аурулардың қатар жүруі (АҚТҚ, қант диабеті, ойық жара аурулары және басқалары);

- суық тигізу;

- зиянды әдеттер;

Созылмалы күйзелісті жағдайлар.

Клиникасы.

екі аптадан артық жөтел;

әлсіздік;

дене қызуының көтepiлуi;

тершендік;

тәбеттің нашарлауы;

жүдеу;

шаршағандық;

қан аралас қақырықтын түсуі;

кеуде тұсының ауыруы

• Жөтел – құрғақ немесе қақырық бөлінуімен болады. Жөтел көбінесе түнде мазалап, ұйқы бермей, кеудеде ауырғандық тудырып, көгеру, құсумен бірге жүреді.

• Қақырық – кілегейді,кілегейлі-іріңді және іріңді, иіссіз болады. Иісі басқа инфекция қосарланғанда болуы мүмкін. Қақырықтың негізгі мөлшері таңертең және кешке бөлінеді.

• Қан қақыру (қақырыққа әртүрлі мөлшерде қан араласуы) – қабыну ошағында майда тамырлардың, капиллярлардың бұзылуына байланысты болады. Туберкулездің инфильтативті, ошақты және шашыранды түрлерінде болады.

• Кеуде тұсының ауырғандық – туберкулезде тыныс алғанда және жөтелгенде мазалайды.

• Қан аздық, арықтау– туберкулезде қан қақыру, қан кету болған жағдайда анемия дамиды. Қызба, терлегіштік, тәбеттің төмен болуы арықтауға және ағза зорығуына әкеліп соқтырады.

Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1890

http://kazmedic.kz,

http://dov.kz

http://zhastar.info)

Наши рекомендации