Тақырыбы: Сальмонеллалар және сальмонеллездың бактериологиялық диагностикасы

Сабақтың мақсаты: сальмонелланың биологиялық қасиеттерібойынша негізгі материалдар, сальмонеллездің зертханалық диагностика әдістері.

Негізгі сұрақтар:

1. Сальмонеллез ауруына сипаттама.

2. Salmonella туыстарының негізгі белгілері. Сальмрнеллез қоздырғыштың негізгі қасиеттері;

3. Негізгі патогенді факторлары;

4. Сальмонеллез кезіндегі бактериологиялық зерттеулер.

Сальмонеллезбен 10 күннен бір айлыққа дейінгі бұзаулар ауырады. Алғашында әлсіз, жетілмеген бұзаулар ауырады. Қоздырғыштың уыттылығы ұлғайғанда дені сау малдар ауыра бастайды. Жұғудың алғашқы жолы әдетте індеттелген сүт арқылы жұғады. Желіндегі сүтте сальмонеллез бактериялары болмайды, бірақ та сиырларды лас жерде сауу процессінде аздаған кепкен нәжіс бөлігі сүтке түседі, сиыр нәжісінде – сальмонеллез тасымалдаушылар сальмонеллез құрамында жиі болады. Егер бұзауға сүтті сауғаннан кейін бермесе, мұндай сүттер өте қауіпті, өйткені сүт сальмонелла үшін жақсы қоректік орта болып табылады. Оның күшею қауіптігі сальмонеллалар сүтті ашытпайды және түсін өзгертпейді. Аурудың бірінші жағдайынан кейін, індеттің негізгі суыққоймасы болып ауру бұзаулар, нәжіспен, зәрмен және басқа нәжістермен барлық қоршаған ортаны індеттейді.

Клиникалық белгілері:

Сальмонеллездің жіті формасы кезінде ауру 5 – 10 күнге созылады. Одан әрі үш нәтиже мүмкін: өлім, жайлап жазылу немесе созылмалы формаға ауысуы. Жазылуы жайлап, аптаға созылады. Ауырып жазылған бұзаулар өсуінен тоқтап және қораш болып көрінеді. Созылмалы түрінде ауру апта бойы және айларға созылады. Созылмалы формасының негізгі белгілері өкпенің қабынуы болып табылады.

Ауру 40 – 410С одан да жоғарғы температурамен басталады. Қызба күнделікті және аурудың аяғына дейін тұрады. Температурамен қатар пульс та (бір минутта 110 – 150 дейін) және тынысы да (60 – 80 дейін) жиілейді. Сирек жағдайда ауру басталғанда бронхитбайқалады:везикулярлы тыныс алу жөтел ұлғайады, құрғақ саңғырлаған қырыл болады. Аурудың бірінші күні серозды конъюнктивит және жас ағулар пайда болады. Тәбеті құбылмалы болады. Бұзау біресе сүт нормасын жақсы ішеді, не бас тартады. Нәжіс сұйылады, құрамында клегейлі, қанды қоспалар болады. Ауыр жағдайда температурасы жоғарғы сатыда болады.



Мал қатты әлсірейді, басын жерге түсіріп, созып жата береді. Күшінің қатты төмендеуінен, депрессиядан, жүрек қызметінің әлсіреуінен бұзау 5 – 10 күні өледі. Егер аурудың жеңіл жағдайында аздап жазылады немесе созылмалы формаға ауысыды.

Патологоанатомиялық белгілер:

Маңызды өзгерістер құрсақ қуыс мүшелерінде кездеседі. Әсіресе талақ қатты өзгереді, ол күрт ұлғайған және салмағы 2 – 3 есе артады. Талақ түсі қошқыл – қызыл, шеттері дөңгелектенген, капсуласы шиеленіскен, оның астында буындар байқалады және дақты, нүктелі қанталаулар кездеседі. Ішектің клегей қабықтары, кейде ұлтабар қабынған, қызарған, қан талаулар кездеседі. Шажырқай лимфа түйіндер домбыққан, ісінген, ұлғайған. Бауыр көбінесе нормадан тыс немесе паренхиматозды дегенерация жағдайында. Анда – санда бауырда, сонымен қатар талақта ұсақ, дән секілді, сарғыш - сұр түсті некроз ошақтар болады. Бұл түйіндер сальмонеллезге тән, бірақ та олар сирек кездеседі. Осыған байланысты бауыр немесе талақты кескен кезде лупаның көмегімен қарау қажет. Бүйректердегі өзгерістер капсула астында қан талаулар болады. Зәр қабы зәрге толған. Оның клегей қабығы домбыққан, гиперемияланған, қан талаған. Көкірек қуыс мүшелерінде қан талаудан басқа жүрек бұлшықеттерінің дегенерациясын байқауға болады: ол болбыр,кескіні бұлдыр. Пневмония жіті жағдайда дамып үлгермейді.

Қоздырушылардың морфологиясы және биологиясы:

Кәзіргі мәліметтер бойынша Salmonella туысының құрамына сальмонелланың 2 түрі кіреді: Salmonellaenteritica (6 түршесі)

және Salmonellabongori.

Антигендік құрлымы бойынша сальмонелла сероварларының 2400 түрін ажыратады, көбісі Salmonellaenteritica (ертерек S.choleraesuis) түршесіне жатады. Малдардың ауруына үлкен мағыналар білдіреді S. enteritidis (dublin), S.choleraesuis, S.typhisuis,

S. typhimurium, S.abortusequi, S.abortusovis, S. pullorum (gallinarum).

Salmonella тобының бактериялары морфологиялық жағынан, боялу қатынасы бойынша, өсу өзгешелігі және ЕПА, ЕПС, ЕПЖ және басқа да қарапайым қоректік орталары өзара өте ұқсас болып келеді. Факультативті аэробтар спора және капсула түзбейді. Осы топтың көптеген өкілдері (S.gallinarum басқа) қозғалғыш. Грам теріс, сүт ұйымайды (қыздырған кезде де). Осы топтың кейбір



өкілдері тығыз орталарда (қарапайым және түрлі түсті агар) 37°С 24 – сағат бөлме температурасында 2 – 4 тәулікте өсірген кезде тізбектің айналасында клегейлі үймек түзеді. Үймек түзу көптеген штамдарға тән. Е.coli топ өкілдерімен салыстырғанда көмірсулар мен көп атомды спирттер қатынасы бойынша аздап белсенді. Лактоза мен сахарозаны ыдыратпайды. Күкіртті сутек түзіледі, бірақ та барлық түрлерінде емес, индол түзбейді.

Сальмонеллез қоздырушыларының түрлерін бір – бірінен, сонымен қатар ішек таяқша топ өкілдерінен ажырату арнайы қоректік орталар мен серологияның көмегімен жүргізіледі. Көмірсулар мен көп атомды спирттер ортасында және Андредэ индикаторымен (бромтимолблау және т.б.) микроб өскенде газ түзілуі і және қышқыл түзілгенде қызғылттан қызылға дейін орта түстері өзгереді. Штерна сорпасы оң нәтиже бергенде (глицерин ыдырағанда) пурпур түсті белсенді қабылдайды; орта қызғылт түске боялса ол оң сынамаға саналмайды. Биттер ортасы рамнозамен 15 – 20 сағат аралығында егіп өсіргеннен кейін термостатта қышқылдығына 2 – 3 тамшы индикатор – метилрот (0,5% спирт ертіндісі) қосылып сыналады. Егер ортаның рН 5,0 төмен болса қызыл түске (мысалы, S. typhimurium), егер жоғары болса сары түске боялады (мысалы, S. enteritidis). Salmonella топ өкілдерінің дифференциалды түрлі – түсті орталары (Эндо, Левин орталары және бактоагарда Ж мөлдір тізбектер, түссіз, Дригальский — көк, бромкрезолды ортада—ашық – көк, Гасснер— сарғыш) өзгермейді. Строговтың синтетикалық ортасында сальмонеллалар өспейді, Е.coli қарағанда.

Сальмонелла мен ішек таяқшаларын ажырату тестілері

Негізгі биохимиялық тестер E.coli S.choleraesui
    s
1. Көмірсулар ферментациясы:    
Глюкоза ҚГ Қ / ҚГ
Лактоза ҚГ -
Мальтоза ҚГ Қ / ҚГ
Маннит ҚГ Қ / ҚГ
Сахароза + ҚГ/- -
Дульцит ҚГ/- +
Арабиноза ҚГ +/-
Галактоза ҚГ -
2. Нитраттарды нитриттерге + +


айналдыру    
3. H2S түзілуі - +
4. Индол түзілуі + -
5. Цитратты агарда өсуі - +
6. Желатинді ыдырату - -
7. Сүт ұйды  

Ескерту:

К – қышқылдың түзілуі; КГ – қышқыл мен газдың түзілуі

Наши рекомендации