ОҚке кезеҢдерініҢ баҒдарламасы

АЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНА ИНСТИТУТЫ

ДИПЛОМНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ДӘРІГЕРЛІК ПРАКТИКА КАФЕДРАСЫ

БЕКІТЕМІН» Дипломнан кейінгі білім беру

Факультетінің деканы м.ғ.к.,доцент

Б.К.Жунисов _____________

Ж.

051301 – «Жалпы медицина» 5+2 мамандығы

«Жалпы дәрігерлік практика» интернатурасы 7 курс (ІІ оқу жылы)

Оқу жылына арналған

Мемлекеттік Қорытынды Аттестаттаудың

ІІ кезеңіне (тәжірибелік дағдылардың игерілуін тексеру) арналған

ОҚКЕ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

ШЫМКЕНТ-20___ ж.

Объективті құрылымдық клиникалық емтихан бағдарламасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің 2011 жылғы 26 қазандағы № 734 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалды.

«Жалпы дәрігерлік практика» кафедрасының мәжілісінде қаралып, бекітілді.

“______” __________ 20___ ж. № ____ хаттамасы

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к. А.А.Сариева

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Шымкент медицина институтының Оқыту және бағалау тәсілдері бойынша Комитеттің мәжілісінде қаралған.

"____" _____________ 20__ ж. №____ хаттамасы

Комитет төрайымы, м.ғ.д., профессор м.а. _____________ А.Ш.Садыкова

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Шымкент медицина институтытың Білім беру бағдарламалары бойынша Комитеттің мәжілісінде мақұлданған.

"____" _____________ 20__ ж. №____ хаттамасы

Комитет төрайымы, м.ғ.к., доцент _________________П.Е.Калменова

оҚке кезеҢдерініҢ баҒдарламасы - student2.ru ОБЪЕКТИВТІ ҚҰРЫЛЫМДЫ КЛИНИКАЛЫҚ ЕМТИХАН (ОҚКЕ)

051301-Жалпы медицина 5+2 мамандығы «Жалпы дәрігерлік практика» интернатурасына арналған «Жалпы дәрігерлік практика» үлгілі оқу бағдарламасына (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің 2011 жылғы 26 қазандағы № 734 бұйрығымен бекітілген), оқу бағдарламасына сәйкес мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың ІІ кезеңін (тәжірибелік дағдылардың игерілуін тексеру) қабылдау ОҚКЕ әдісі арқылы іске асырылады.

Мемлекеттік Қорытынды Аттестаттаудың бағасы І кезең (компьютерлік тестілеу) және ІІ кезең (тәжірибелік дағдылардың игерілуін тексеру) бойынша нәтижелерінің арифметикалық орта мәнінен шығарылады.

Мақсаты:

Біріншілік медициналық – санитарлық көмек көрсету жүйесінде табысты жұмыс жүргізу үшін қажетті білімді иеленген, практикалық және коммуникативті дағдыларды меңгерген жалпы практика (отбасылық дәрігер) дәрігер маманды дайындау.

Міндеттері:

1. БМСК жүйесінде дәлелді медицина ұстанымдарына негізделген негізгі медициналық емдеу-диагностикалық, алдын алу және реабилитациялық іс-шараларды жүргізу дағдыларын нығайту және мониторинг жасауды үйрету;

2. Интерннің биоэтика принциптерін және емделушінің құқығын сақтай отырып, емделушімен, олардың туған-туысқандарымен, әріптестерімен жұмыс барысында коммуникативті дағдыларды жетілдіру;

3. Кәсіби қызметтің барлық уақытында өзіндік білімдер мен дағдыларын жетілдіру және үздіксіз кәсіби білім алуға қажеттілікті баулу, ғылыми – зерттеу жұмысына дағдыларды дамытуын жалғастыру.

Пәндер бойынша меңгерілген практикалық машықтардың тізбесі:

Компетенциясы Практикалық машықтар Құзіреттілік деңгейлері  
ІІ ІІІ ІV V
қалай орындалатынын білу (көру) стандартталған жағдайда орындалады тікелей бақылау арқылы орындалады тікелей бақыламастан орындалады
Жалпы дәрігерлік практика (ЖДП) пәні  
И 1.1 БМСК ұйымдарында әріптестермен, арнайы орта медициналық қызметкерлермен, әлеуметтік және басқа да жұмысшылармен командада жұмыс істеуді ұйымдастыру және жүргізу.     +    
И 1.1 Қауіпті биологиялық, қоршаған орта факторларын талдау.     +    
И 1.1 Дене салмағының индексін есептеу.       +  
И 1.3 Халық денсаулығы жағдайын көрсететін статистикалық көрсеткіш-терді талдау.     +    
И 1.3 Клиникалық пратикалық басшылықтарды дайындау. +        
И 1.3 AGREE аспабымен БМСК қолданылатын КПБ бағалау.   +      
И 2.2 Аурудың біріншілік, екіншілік, үшіншілік профилактикасын жүргізу шараларын жоспарлау.     +    
И 2.2 Науқастарды аурудың динамикасында қадағалау жүргізу.     +    
И 2.2 Қалқанша безінің пальпациясы.       +  
И 2.2 Гемодинамикалық көрсетілімдерді талдау. +        
И 2.2 Плевралық пункция.   +      
И 2.2 Бронходилатациялық сынама.   +      
И 2.2 Жүрек-қан тамыр жүйесінің визуалды, функционалды, зертханалық тексеру нәтижелерін талдау.   +      
И 2.2 Бүйрек биопсиясы.   +      
И 2.2 Артроскопия. +        
И 2.3 Скринингтік бағдарламалар ұйымдастыру және жүргізу.     +    
И 2.3 1. Ұстамалы тәрізді жөтел кезінде ауруханаға жатқызғанға дейін шұғыл және жедел көмек көрсету.     +    
И 2.3 Тұншығу ұстамасы кезінде ауруханаға жатқызғанға дейін шұғыл және жедел көмек көрсету.     +    
И 2.3 Гипертония кризі кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде шұғыл және жедел көмек көрсету.     +    
И 2.3 Кеуде ауырсыну кезінде ауруханаға дейін шұғыл және жедел көмек көрсету.     +    
И 2.3 Жүректің жіті жетіспеушілігі кезінде ауруханаға жатқызғанға дейін шұғыл және жедел көмек көрсету.     +    
И 2.3 Өмірге қауіп төндірген аритмия кезінде ауруханаға жатқызғанға дейін шұғыл және жедел көмек көрсету.     +    
И 2.3 Аз уақытқа естен танған кезінде ауруханаға дейін шұғыл және жедел көмек көрсету.     +    
И 2.3 Өкпе артериясының тромбоэмболиясы кезінде ауруханаға дейін шұғыл және жедел көмек көрсету.     +    
И 2.3 Ауруханаға жатқызғанға дейін шұғыл және жедел көмек көрсету: кетоацидозды, гиперосмолярлы, лактатацидозды, гипогликемиялы диабеттік кома кезінде, тиреотоксикалы кризде, бүйрек үсті кризде, бүйрек үсті қызметінің жіті жетіспеушілігі.     +    
И 3.2 Жанұясында жалғыз қалғандарға, кәрия кісілерге, мүгедектерге, со-зылмалы дерті бар науқастарға бірегей көмек көрсетуді ұйым-дастыру және интернат үйлеріне, хосписке оларды орналастыру, кү-тім жүргізу.     +    
И 4.2 Бекітілген учаскелердің паспортын толтыру.     +    
И 4.2 Бекітілген учаскеде тұрғындар санағын жүргізу.     +    
И 4.2 ЖТД қызметіндегі құжаттарды толтыру.     +    
И 4.2 № 088 үлгіні (МӘСК-на жолдама) толтыру.     +    
Ішкі аурулар (ЖДП) пәні  
И 2.2 Кеуде қуысы ағзаларын визуалды, функционалды, зертханалық тексеру нәтижелерін талдау.     +    
И 2.2 Ақазан-ішек жолдарының визуалды, функционалды, зертханалық тексеру нәтижелерін талдау.     +    
И 2.2 Буындардың визуалды, функционалды, зертханалық тексеру нәтижелерін талдау.     +    
И 2.2 Эндокринді жүйенің визуалды, функционалды, зертханалық тексеру нәтижелерін талдау.     +    
И 2.2 Несеп шығару жүйесінің визуалды, функционалды, зертханалық тексеру нәтижелерін талдау.     +    
И 2.2 Қан ұю жүйесінің визуалды, функционалды, зертханалық тексеру нәтижелерін талдау.     +    
И 2.3 Инсулин дозасын есептеу.     +    
И 2.3 Аэрозольді енгізу техникасы.     +    
И 2.3 ЭКГ тіркеу және оқып талдау.     +    
И 2.3 6-минуттық жүріс тесті.     +    
И 2.3 Жоғары тыныс алу жолдарын тазарту әдістерін жүргізу.   +      
И 2.3 Дәрілер мен қанды алмастырушыларды тамшылатып және шүмекте-тіп құю.     +    
И 2.3 Спирометрия жасау.     +    
И 2.3 Асқазанды зонд көмегімен тазартып жуу.     +    
И 2.3 Пикфлоуметрия жасау.     +    
Балалар аурулары (ЖДП) пәні  
И 2.3 Емшек жасындағы баланың физикалық дамуын бағалау (антропометриялық зерттеу).   +      
И 2.3 Ананың немесе басқа күтушіге кеңес беру.     +    
И 2.3 Жаңа туған баланың күтімі.     +    
И 2.3 Науқас балаға жалпы күтім жүргізу.     +    
И 2.3 Жай диспепсия, диатез, рахит кезіндегі ас мәзірін құрастыру.     +    
И 2.3 Көз, мұрын, құлақтағы бөгде затты алып тастау.     +    
И 2.3 Балаларда небулайзерді және ингаляторды қолдану.     +    
И 2.3 Әртүрлі жастағы балаларда асқазанды жуу әдісі.     +    
И 2.3 Әртүрлі жастағы балаларда артериалды қысымды өлшеу.     +    
И 2.3 Балалар денсаулығын кешенді бағалау (жасөспірімдер).   +      
И 2.3 Балалар денсаулығын профилактикалық тексеру.   +      
И 2.3 Сәбиге біріншілік реанимация жүргізу.   +      
Хирургиялық аурулар (ЖДП) пәні  
И 2.3 Тік ішекті саусақпен тексеру.     +    
И 2.3 Панарицийді ашып өңдеу.   +      
И 2.3 Паронихия, фурункулдарды, гидраденитті, тері мен тері асты зақымдарды ашып тазарту.   +      
И 2.3 Буыннан шығып кеткен төменгі жақты, иық сүйектің басын, жілік сүйектерін, бұғананы, омыртқаны орнықтыру.   +      
И 2.3 Жұтқыншақта, сыртқы құлақ жолында, мұрын қуысынан бөгде затты, денені диагностикалау және алып шығару.   +      
И 2.3 Ашық пневмоторакста тығыз таңғыш салу таңғыш салу.   +      
И 2.3 Кернеулі пневмоторакста плевра қуысына пункция жасау.   +      
И 2.3 Мұрыннан қан кетуді тоқтату (мұрынның алдыңғы тампонадасы).     +    
И 2.3 Операция жарасынан тігістерді алу.     +    
И 2.3 Күйік аймағын, инфицирленген жараны өңдеу, жұмсақ таңба салу.     +    
И 2.3 Мерфи, Кер, Ортнер симптомдары, френикус-симптом, Щеткин-Блюмберг, Мейо-Робсон, Грот, Айзенберг І, ІІ симптомдарды, бауыр мен көкбауыр қиылыстарын ажырату.     +    
И 2.3 Простатаны саусақпен тексеру.     +    
И 2.3 Қуықтың катетеризациясы.     +    
И 2.3 Уретра, тік ішек, тері абсцессінен жағынды алу.     +    
И 2.3 Экспресс-әдіспен резус факторды анықтау.   +      
И 2.3 Қанның жеке және биологиялық сыйымдылығын анықтау.   +      
И 2.3 Қан анализін тексеру.   +      
И 2.3 Сұйықтықтардың аспирациясын жүргізу.   +      
И 2.3 Трахеотомия, трахеостомия жүргізу.   +      
И 2.3 Дефибрилляция жүргізу.   +      
Психиатрия және наркология (ЖДП) пәні  
И 1.1 Созылмалы ауырсыну синдромы бар науқастарды жүргізу.     +    
И 2.2 Психикалық статусты тексеру.     +    
И 2.2 Паника кезінде алғашқы көмек көрсету.     +    
И 2.2 Жан қайғысы кезінде алғашқы көмек көрсету.     +    
И 2.2 Агрессивті науқастарды клиникалық бағалау және жүргізу.     +    
И 2.2 Делирий кезінде алғашқы көмек көрсету.     +    
Неврология (ЖДП) пәні  
И 1.2 Координациялық қимылын бағалау.     +    
И 2.2 Моторлы қасиеттерді (дене тұрысы, бұлшықеттің тонусы, контрактура, бұлшықеттің атрофиясы) тексеру.     +    
И 2.2 Сіңір тарамыс рефлекстерін тексеру.     +    
И 2.2 Сезгіштігін анықтау.     +    
И 2.2 Инсульт кезінде шұғыл көмек көрсету.   +      
И 2.2 Құрысу синдромы кезінде шұғыл көмек көрсету.     +    
Жұқпалы аурулар (ЖДП) пәні  
И 2.2 Карантинді және аса қауіпті инфекцияларда жалпы практикадағы дәрігер жүргізетін шаралар.   +      
И 2.5 Балалар жасындағы аурулар: диарея (ЖІИ) және жіті респираторлы инфекциялар (ЖРИ) жөнінде БДСҰ бағдарламаларын іске асыру.   +      
И 2.2 Инфекциялы-токсикалық шок кезінде ауруханаға дейінгі шұғыл және жедел көмек көрсету.   +      
И 2.5 Инфекция ошағында санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау мекемесі өкілдерімен бірігіп індетке қарсы шараларды жүргізу.     +    
И 2.2 Мұрын-жұтқыншақтан жағынды алу.     +    
Фтизиатрия (ЖДП) пәні  
И 2.2 Туберкулезде індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру.   +      
И 2.2 Контингенттерге диспансерлік бақылау жүргізу.   +      
И 2.2 Амбулаториялық жағдайда туберкулездің химиопрофилактикасы мен химиотерапиясын қадағалау.   +      
И 2.5 Бекітілген учаскелерде тұрғындар арсында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.     +    
И 2.2 Туберкулез клиникасында кездесетін шұғыл жағдайлар.   +      
Акушерлік-гинекология (ЖДП) пәні  
И 2.3 Ұрықтың жүрек қағысын бағалау.   +      
И 2.3 Сырттай акушериялық тексеру.     +    
И 2.3 Екі саусақты қынаптың тексеруі.     +    
И 2.3 Екі саусақты қынаптың ректалды тексеру.     +    
И 2.3 Қынаптық айна енгізу.     +    
И 2.3 Цервикалды қуысты тексеру және жағынды алу.     +    
И 2.3 Жүктілікті анықтау.     +    
И 2.3 Жатырішілік контрацептивті енгізу.     +    
И 2.3 Қынап, жатыр мойыны, тік ішектен, тері абсцессінен жағынды алу.     +    
И 2.3 Физиологиялық босануды бақылау, босанудан кейінгі қал-жағдайды бағалау.     +    
И 2.3 Босанғаннан кейінгі кезеңді бағалау.     +    
И 2.3 Босанудың ІІІ-кезеңін белсенді жүргізу.     +    
И 2.3 Жатыр мойны жыртылуының І-ші және ІІ-ші дәрежелерінде тігіс салу.     +    
И 2.3 Босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағуда консервативті жедел көмек көрсету.     +    
И 2.3 Эклампсия кезіндегі жедел көмек көрсету.       +    
Онкология (ЖДП) пәні  
И 2.1 Терминалды науқастарға (обырдағы ауырсыну, депрессия синдромдары) паллиативті және симптомдық көмек көрсету.     +    
И 2.5 Сүт безін пальпациялау.     +    
ЖДП қызметіндегі коммуникативті дағдылар (цикл сабақтарын өту кезінде)  
И 2.1 Науқас және оның туыстарымен әңгімелесу.     +    
И 2.1 Әріптестермен қарым-қатынас.     +    
И 2.1 Психотерапиялық мақсатта қатынастың вербальді және вербальді емес әдістерін қолдану.     +    
И 2.1 Қайғылы жағдайларды айту (Букман бойынша 6 қадам).     +    
И 2.1 Сауықтыру, алдын алу, емдік-диагностикалық, паллиативті іс-шараларды орындауда түсіндіріп, келісімін алуды қолдану.     +    
Әртүрлі циклдер өту кезінде дәлелді медицинаны қолдану  
И 2.4 Электронды желісін қолдану әдістері.       +  
И 2.4 Ақпарат базасынан мәліметтерді іздеу.       +  
И 2.4 Дәлелді медицина позициясында мәліметтерді тәжірибелік қолдау.       +  
                 

051301 – «Жалпы медицина» 5+2 мамандығы

Наши рекомендации