Мейірбикенің туберкулезбен ауыратын пациенттермен жұмыс жасау ерекшелігі
Туберкулезбен ауыратын пациенттермен жұмыс жасайтын мейірбике өте аңғарымды және өте төзімді болуы қажет.Пациенттрерге жүргізілетін ем шараның маңыздылығын түсіндіруі қажет. Пациенттің жеке бас гигиенасын сақтауы кезінде мейірбикенің ролі ерекше болып табылады.
Мейірбикенің атқаратын қызметіне дәрігердің тағайындауын дұрыс орындау кіреді.Барлық дәрілерді пациент уақытылы қабылдауы қажет (тамаққа дейін,тамақтан кейін).Пациент дәрілерді мейірбикенің қатысуымен көзінше қабылдауы қажет.Мейірбике пациенттің дәрілерді уақытылы дұрыс қабылдауына жауапты.
Дезинфекциялық шараларды жүргізу кезінде ең маңыздысы қақырық және түкіргішті дезнфекциялау.Туберкулез кезінде дезинфекцияның тиімді түрі физикалық дезинфекция.2% сода ертіндісінде түкіргішті қақырықпен бірге 15 минут қайнатып,содан кейін ғана қақырықты су құбырына төгуге немесе топыраққа көміп тастауға болады.
Қайнату мүмкіншілігі болмаған кезде химиялық дезертінділерді қолдануға болады. Химиялық дез ертінділерге кіреді:хлорамин,натрий немесе калий тұзы,хлор-бета-нафтол және бензил-фенол.
3. Жеке бас гигиенасы ережесін сақтау – жуу құралдары мен ағын суды пайдаланып қолды, ыдысты жуу, бөлмеге ылғалды тазалық жүргізу және желдету.
4. Дұрыс тамақтана отырып (ет, сүт өнімдері, балық, дән тағамдары, көкөністер мен жидектерді асқа жеткілікті мөлшерде пайдалану), салауатты өмір салтын ұстану, тұрақты түрде денешынықтыру жаттығуын жасау, қалыпты демалыс, таза орта, темекі, алкоголь, есірткіден аулақ болу.
5. Жеке гигиеналық құралдар мен ыдыстарды пайдалану.
6. Ет пен сүтті міндетті түрде термиялық өңдеуден өткізу.
7. Қоршаған орта гигиенасы, мақсаты – анықталмаған және уақтылы ем қабылдамаған науқастардан ауруды жұқтыру қаупін төмендету:
1.үйді тұрақты түрде желдету;
2. айналаңдағыларға түкіру – жұқпалы аурудың тарауына ықпал ететін жағымсыз әдет екенін түсіндіру.
Туберкулезбен ауыратын пациент қоғамда және отбасында туберкулезді жұқтырудың алдын алу үшін төмендегідей жеке бас гигиенасын сақтауы қажет:
Қол және дене тазалығына көңіл бөлу, тырнақтарын уақытылы қысқарту, аптасына бір рет төсек-орнын ауыстырып отыру қажет.
Жөтел кезінде бет орамалмен ауыз мурнын тұмшалау қажет.Пациентпен сөйлескенде ара қашықтықты сақтаңыз.
Отбасы мүшелерімен бірге тамақтану кезінде пациент жөтеліп,түшкірмеуі қажет.
Пациенттің жеке ыдыс-аяғы болуы керек,және отбасы мүшелері пациенттің ыдыс-аяғын пайдаланбауы қажет.
Қақырық,тамақ қалдығына,түкіргішке,киімдері мен төсек-орнына пациенттің өзі дезинфекциялық шараларды жүргізгені дұрыс, отбасы мүшелеріне туберкулезді жұқтырмаудың алдын алу үшін.
Пациент еденге,раковинаға,беторамлаға түкірмеуі қажет.Пациенттің арнайы түкіргіші болуы қажет.Әр бір пациентте екі түкіргіштен болуы қажет,бірін қолдану кезінде екіншісі дезинфекциялану қажет.
Түшкіру,жөтел кезінде жиі бүлінетін беторамалдарын жиі ауыстырып отыру қажет.
Туберкулезбен ауыратын пациент балалармен қарым-қатынас кезінде өте сақ болу керек.
Зерттеу әдісін таңдау және сипаттау:
Зерттеу әдісіне сауалнама және сипаттау әдістері таңдалды.
|
Пікір сұрауды дұрыс жүргізу үшін мынадай ұсыныстарды орындау қажет:
Сауалнама алушыға (респондентке) айтылу керек
Мақсаты жауап құпиялығы нәтижесі маңызды
сақталатыныжайында болатынын
Стандартталу типі бойынша