Балалардың тістерінің тіс жегілерін емдеу әдістері

Балаларда тіс жегісін емдеу қазіргі заманға сай жекеше түрде қарастырылады. Сонымен қатар емнің құрамы мен аумағы, қайта келіп көрінуі диспансерлеу процесінде зақымдалу дәрежесімен, тіс жегісінің клиникалық ағымымен, бала жасымен, ауыз қуысын гигиеналық жағдайымен байланысты. Тіс жегісін қазіргі уақыттағы әдістермен емдеудің жиынтығына пломбылау арқылы тіс тіндерінің резистенттілігін жоғарлату, ол – зат алмасуға экзогенді әсер ету, ауыз қуысының гигиена жағдайы, рационалды тамақтану және эндогенді табиғатты жегіге қарсы заттарды қолдану. Тіс жегісінің компенсирлі түрі бар балалар толық жиынтығы емді қажет етпейді, Оларды тіс жегісін емдеу әдісі жегіленген ақауларды әртүрлі пломбалық материалдармен пломбалау. Баланы ауыз қуысы гигиенасына үйретуді, ата-анасына құнарлы тамақтанудың рөлін айтып түсіндіреді. Балалар 2 жылда 1 рет (1 А тобы) және жылына 1 рет (1 тобы) тексеру керек. Егер бала ауыр соматиялық аурумен ауырса немесе жалпы денсаулық жағдайы бойынша оны 2-ші немесе 3-ші топқа ауыстырса, ол кезде стоматологта қаралудың жиілігін көбейту керек. Тіс жегісінің белсендігінің 3 дәрежесі – декомпенсирлі түрі бар балаларға емдеу шараларын толық жиынтықты өткізеді. Декомпенсирлі түріндегі тіс жегісін нақтамалау мен қарау күні дәрігер-стоматолог даму себебін анықтап, толық анамнез жинайды. Келген күні стоматолог тісті қалай тазалау керек екенін көрсетеді, гигиена заттары мен олардың түрлерін, тіс щеткасын таңдауға кеңес береді. Балалармен бірге тістерді жақсы гигиеналық өңдеуден кейін дәрігер экзогенді, аппликациялы реминерализациялы терапия жүргізеді. Педиатр кеңесінен кейін ғана емдік тамақтану мен жалпы әлдендіретін ем тағайындайды. Жегіленген қуыстарды реминерализациялы терапияның 1-3 сеансынан кейін және ауыз қуысын күтуге үйрегеннен кеін екінші, үшінші рет келгенде (егер жедел ауырсыну болмаса) пломбалайды. Реминерализациялы терапиядан кейін жегленген қуыстар шектеліп, жиектері тығыз болады. Тіс жегісінің декомпенсирлі түрі бар балалардағы жегіленген қуыстарды пломбалау үшін металды пломбалар, композитті материалдар, әйнекиономерлі цементтерді. Тіс жегісінің бұл түрі бар балаларға протездеу керек – бұзылған тістерді сауыттармен жабу.Егер жұлынған тістері болса, тіс қатарының ақауын толтырып, шайнау қысымын барлық тістерге тарату үшін протездер дайындалады. Тіс жегісінің декомпенсирлі түрі бар балаларды педиатр қарау керек, стоматолог жылына 3-4 рет тексереді.

Уақытша және тұрақты тістердегі бастапқы тіс жегісін емдеу жергілікті патогенетикалық терапия өткізуден тұрады, яғни реминерализациялы препараттар көмегімен тістің қатты тіндерінің резистенттілігін жоғарлату. Эмаль гидросиапатиттерінің құрылымының негізгі компоненттері Са, Р, Ғ иондары болғандықтан, реминерализациялы препараттардың негізінде осы иондарды қолданып, эмальдың кристалл торын қалпына келтіріп, күшейтеді. Реминерализациялы қоспадағы иондардың концентрациясы 3-5 пайыздан аспай керек. Иондар эмалына жай ағымды сіңетін болғандықтан, реминерализациялы шаралар да біршама уақытты талап етеді. Ремтерапияның принципі бұрын жегіленген деминерализация кезеңінде эмальдың жоғалтқан минеральды элементтерін қайтадан қалпына келтіру. Реминерализациялы терапияның механизмі: аппликациялы немесе электрофорезді енгізілген кальций, фосфор, фтор иондары деминерализация ошағындағы эмальдың жоғары өтімділігі нәтижесінде эмальға өтіп, органикалық матриске сіңіп, аморфты кристалды зат түзеді немесе бұзылмаған эмальдың кристалл апатиттернідегі бос орындарды толтырады. Эмальдың әртүрлі қабаттарына кальций, фосфор, фтор минералды иондарынан өтіп тұнуы мезгілмен эмальдың өтімділігін қалпына келтіреді. Реминерализациялы заттар ретінде 10% кальций глюконат ерітіндісін, 2-10 % қальций фосфат ерітінідісін, 3% «Ремодент» ерітінідісін, 2% натрий фторид ерітінідісін, құрамында 10% фтор ерітінідісі 3% агардағы натрий фторид кальций фосфат бар гельді қолданады. Бірінішіден, ошақты Са, Р-мен сіңдіріп, кристалды торды күшейтеді, сосын фторлы препаратарындағы гидроксиді топтардың орнын басып қышқылға тұрақты мықты фторапатит түзеді. Сонымен қатар, фтор көмірсулы алмасудағы фосфоенолпируваткиназа ферментін ингибирлеп, гликолиз бен кребс циклының қышқылдарының түзілуін бұзады, оның нәтижесінде ауыз қуысындағы көмірсулардың ыдырауы жиілігі кенет төмендеп, сүт қышқылының өнімі де азаяды. Фторидтер тіс беткейіне микроорганизмдердің адсорбциясын жойып, керісінше тіс тостағаншасының өсуін болдырмайтын альбулиндер мен сілекейлі гликопротеиндерді адсорбциялайды. Фторидтерді энтералды және парентералды енгізгенде белокты және минералды алмасу қалпына келеді.

Реминерализациялы емнің әсерін жоғарлататын келесі әдістер ұсынылған:

  1. рем.терапия өткізер алдында барлық тіс жұғындыларын алу керек, аппликациялайтын тіс беткейін жақсылап кептіру керек;
  2. ауыз қуысы сұйықтығынан тіс тініне минералды элементтер мен реминерализациялы ерітінділердің енуін электрофорез күшейтеді;
  3. реминерализациялы ерітіндінің температурасын 1*С-ке жоғарлатса, тіс эмалі бетіне минералдардың преципитациясы 1% жоғарлайды;
  4. егер, аппликация алдында тіс эмалі бетін әлсіз қышқылдар немесе ферменттермен өңдесе, аппликациялы ерітіндінің нәтижесі жоғары болады;
  5. оловален байланысқан фторы бар препараттарда кариестұрақтылық әсері жоғары. 2,4,10% фторид оловоны натрий фториді әсерімен салыстырғанда нәтижесі айқын;
  6. реминерализация ерітіндісінің рН-ң қышқылға қарай өзгеруі, препараттың ену әсерін күшейтеді;
  7. ерітінді концентрациясын да мәні зор: концентрация төмен болған сайын, гидроксипатит кристалындағы алмасу процессі де белсенді жүреді;

Деминерализация ошағын емдеудің негізгі маңызы ауыз қуысын күтуді қатаң қадағалау, оның мақсаты – бұрынғы деминерализация ошағында тіс жұғындысының түзілуін және оның ұзақ болуын болдырмау. Ремтерапия ауырсыну мерзімі деминерализация ошағының ағымына байланысты. Жай ағымды деминерализацияда процедуралар – 10-нан кем емес, ал тез ағымды – 10-нан артық процедура болу керек.

Қазіргі кезде бастапқы тіс жегісінің алдын-алуы мен емдеу үшін гелий-неон лазерін кеңінен қолданады. ГНЛ әсері: тіс ұлпасының ферментті жүйесін белсендіреді, жегіге қарсы дәрілердің әсерін күейтеді, эмаль өтімділігіне белсенді әсер етеді оның бастапқы қабатының ыдырауын жоғарлатады, барлық қорғаныс механизмдерді белсендіреді. ГНЛ-н мамандаралған ауыз қуысы гигиенасынан кейін қолданады. Лазер сәулесіән тіс экваторы мен мойын аймағына 2-3 секундтан алма кезек вестибулярлы және оралды беткейде бағыттайды. 1 процедура уақыты 60-90 секунд тіс жегісінің компенсирлі түрінде емдеу курсы – 5 процедура, субкомпенсирлі – жылына 2 курс 10 процедура, декомпенсирлі түрінде жылына 3 курс 10 процедурадан.

Беткейлі тіс жегісін балалар мен жасөспірімдерде оперативті емсіз жүргізіледі. Бұл жағдайда бұдырлы беткейді гилифивайтетіп, реминерализацияны күшейтетін ерітінділермен өңдейді. Ақау қабырғасы мен түбінің алдын-ала реминерализациясынан кейін апроксимальды беткейлер зақымдалып, жедел тіс жегісі болған жағдайда қуысты қалыптастырып, тіс пішінін келтіреді. Минерализация аяқталмаған балалардағы тұрақты тістердің беткейлі жүлгелі тіс жегісіне қарағылық таныту керек. Минерализация процесін жеделдету үшін ремтерапия әдісін қолданады.

Орташа тіс жегісін емдеу. Егеудің жалпы принциптері мен сатыларын қадағалап, жегіленген қуысты егейді, ажыратқыш төсеніш салып, тістерді пломбалайды. Сүт тістерде орташа тіс жегісі жедел ағымда өтсе терең тіс жегісінен ажырату қиын. Дентиннің жұқа қабаты соншалықты жұмсарғандықтан, соны алу кезінде ұлпаны ашып алу қаупі туғызады. Қазіргі кезде ажыратқыш төсеніш ретінде әйнектономерлі цементтер кеңінен қолданылады, олар дентинмен тығыз байланысып, тіс тіндерінің жағымсыз әсерінен дентинді түтікшелерге айқын шектеуді қамтамасыз етеді. Олар биосыйымды, тұрақты, рентгеноконтрасты, ауыз қуысында ерігіштігі төмен, жиектік жабысу өте жақсы, түсі тұрақты, эстетикалығы жоғары, ең бастысы – бұл цементтер фтор иондарын бөліп шығару қасиетімен екіншілік тіс жегісін болдырмау. Әйнекиономерлерден бөлінетін фтор тіс тініне сіңіп, тіс эмалінің демнерализация процесіне қарсы тұруын жоғарлатады. Жедел орташа тіс жегісін емдеудің ерекшелігі емдік төсеніш қолдану және тұрақты пломба салғаннан кейін жергілікті флюоризация қолдану.

Терең тіс жегісін емдеу негізгі ұлпаға патогенетикалық әсер ету, яғни қуыс түбіне пластикостимуляциялайтын заттар, емдік төсеніштерсалу. Олардың қасиеттері: үлпаның репативті қасиетін күшейтеді, ұлпаға бактерицидті және қабынуға қарсы етеді, тіс ұлпасын тітіркендірмеу керек, жақсы жабысу қасиеті мен платикалы болуы керек және де қатқаннан кейін қысымды көтеру керек. Терең тіс жегісін емдегенде жегілену процесінің белсенділігін, ауру ағымының сипатын, ұлпа маңы дентиннің қалыңдығын тіс ұлпасының жағдайын ескеру керек. Жегі қуысы түбіндегі эмаль әртүрлі деңгейде бұзылған болуы мүмкін, сондықтан ұлпа мүйізін ашып алмасу үшін келгенде борларды қолданбаған жөн. Сондықтан жұмсарған дентинді алу үшін әртүрлі пішінді экскаваторлар пайдаланады. Терең тіс жегісі кезінде бұзылған дентинді зақымдалған беткей ретінде қарастырып, емдеу әдісін таңдағанда бірнеше факторларды ескеру керек. Ең бастысы жегіленген қуыстағы микрофлораны залалсыздандыру керек, дентинді түтікшелер жауып, қабынуды басу керек және де ұлпаны әртүрлі тітіркендіргіштер әсерінен қорғау.

Жалпы емдеу. Балалық және бозбалалық шақта көптеген тіс жегісімен зақымдалған тістерге жергілікті еммен қатар жалпы ем жүргізеді. Бұндай емнің мақсаты, жас балаларда тістің қатты тіндерінің, соның ішінде эмальдың қалыптасуы мен минерализация процесі аяқталмайды, сондықтан ол тістердің жергілікті кариесогенді факторларға қарсы тұру қабілеті төмен.

Жалпы ем тағайындар алдында балаларды педиатр тексеріп қарауы керек.

Бала организмінің әлсіреуі мен оның қарсы тұру қабілетінің төмендеуіне әсер ететін факторлар анықталуы керек. Организм резистенттілігінің жоғарлауына, зат алмасудың реттелуіне, организмнің қорғаныш қызметтерінің қалпына келуінде, тістерде минерализация процессінің жақсаруында рациональды құнарлы. Тамақтанудың маңызы зор, себебі ондағы негізгі тағамдағы белсенді заттар мен биологиялық белсенді заттардың – белоктар, майлар, көмірсулар, витаминдер және минеральды заттар, сандық және сапалы қарым-қатынасы оптимальды есептелінген. Адамның толық құнарлы тамақтануында күніне орташа шамамен 80-100 г белоктар, 400-500 г көмірсулар, 80-100 г майлар, 0,1 г-ға дейін витаминдер, 20 г-ға дейін тұздар (соның ішінде 10 г тіс тұзы) болуы керек. Тіс жегісін ақ, қоңыр немесе сары дақ сатысында ғана пломбалаусыз емдейді, себебі ол кезде эмальдың анатомиялық тұтастағы бұзылмайды. Жегіленген дақ аймағындағы эмальға рем. терапия жүргізу үшін 6 процедура 1-2 күн сайын.

Рем. терапия төмендегідей әдістердің біреуімен жүргізіледі:

  1. Е.В. Боровский мен П.А. Леус (1972) бойынша 10% глюконат кальций ерітіндісімен 15 минут аппликация, сосын 2 % фторлы натрий ерітіндісі – 5 минут 10 күн бойына.
  2. Е.В. Боровский мен Г.Н. Пахомов (1974) бойынша «Ремрдент» ерітіндісін 5-10 минут аппликация аптасына 1-2 рет емдеу курсына 10-нан 20-ға дейін процедура.

Тіс жегісін жергілікті емдеудің нәтижесі көңілге қонарлық болуы үшін емдеу кезінде келесі талаптарды орындау керек:

  1. Тіс жегісімен зақымдалған тістің қатты тіндерін толық алу.
  2. Пломбаның тұрақты жабысуы үшінжағдай жасау.
  3. Егелген жегіленген қуысты антисептикалық өңдеу мен кептіру.
  4. Пломбалық материалды дұрыс таңдау, оны дайындау ережесі мен пломбалау әдісін қадағалау.

Иллюстративті материалдар:

  1. Преғзентация

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 с.

2. Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 615 с.

3. Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста. - М.: Медицина, 2006. – 640 с.

4. Виноградова Т.Ф. Атлас по стоматологическим заболеваниям у детей.-М.: МЕДпресс-информ, 2007.-164 с.

5. Курякина Н.В. Детская терапевтическая стоматология. – М. –Н.Новгород, 2004– 744 с.

Бақылау сұрақтары (кері байланысы)

1. Жалпы кариесогенді факторларды атаңыз.

2. Жергілікті кариесогенді факторларды атаңыз

3. Балаларда тіс жегілерінің ағымына әсер ететін факторлар

4. Тістердің тіс жегімен зақымдануының көрсеткіштері

5. Тістердің тіс жегілерінің топтастырылуы

6. Леус-Боровский бойынша ремтерапия әдістемесі

7. Боровский-Пахомов бойынша ремтерапия әдістемесі

8. Балалардың тістерін бұрғылау әдістері

9. ATR әдістемесі

10. Балалардың тістерінің тіс жегілерін жалпы патогенетикалық терапиялау әдістері

Наши рекомендации