Емхана жағдайында тік ішек рагі кезінде науқасты жүргізу тактикасы және диагностикасы.Колостомалы науқастың реабилитациясы

Тік ішек рагы – тік ішек эпителийінен (ішкі төсеніш қабатынан) дамитын қатерлі ісіктік ауру.

Тік ішек рагының себептері:

Тік ішек рагының себептері толық зерттелмеген, олар созылмалы қабыну аурулары – пароктит, жаралы колит және созылмалы анальды сызаттар болуы мүмкін.

Рак дамуында генетикалық факторлардың тоқ және тік ішек рактарының отбасылық анамнезі, отбасылық диффузды полип және т.б маңызы бар. Соңғысы көптеген полиптердің дамуымен сипатталады – тоқ және тік ішектің қатерсіз түзілістері, олардың көбісі ракқа айналады, бұл жағдайларда аурудың себебі болып тұқымқуалайтын генетикалық мутация болып табылады. Тік ішек рагының дамуына тамақтану ерекшеліктері, рационда майлы және етті тағамдардың шектен тыс көп болуы, дәнді дақылдар мен көкөністердің аз болуы да әсер етеді. Іш қату тік ішек пен тоқ ішектің кілегей қабығының белоктармен, майлардың алмасу өнімдерінің токсиндерімен тітіркенуіне алып келеді.

Өте көп тамақ ішу және аз қимылдау, артық салмақ ішектің ісіктік патологиясы дамуының итермелеуші фактор темекіні шектен тыс қолдануы мен асқорыту мүшелерінің рагы даму арасындағы байланысы анықталады. Сонымен қатар вегетариан арасында ракқа шалдыққандар саны аз болады және де кәсіптік фактор да маңызды: асбесті өндірісте жұмыс жасайтындар ракқа шалдығу қаупі жоғары.

Тік ішек рашының симптомдары:

Арнайы емес: әлсіздік, салмақ тастау, тәбетінің төмендеуі, тамақтан бас тарту, дене температурасының жоғарылауы.(37 С)

Сипатты: дефекация кезінде патологиялық бөлінділердің бөлінуі, тік ішектің барлық ісігіне тән: кілегей аз немесе көп мөлшерде (себебі көптеген ісіктер кілегейлі бездерден дамиды және кілегей түзуші болып табылады, іріңді немесе қанды, кейде қан кету түрінде ( қан алқызыл егер ісік тік ішектің төменгі бөлігінде орналасқан болса) ісік бөліктері.

Жиі тік ішектен қан кеткенде геморроидалды түйін ұлғаюымен ауыратын науқастар дәрігерге қаралмайды, себебі геморройдың белгісі деп ойлайды. Қан кету көзін келесідей анықтауға болады: геморрой кезінде қан дефекация актінің соңында нәжіс массасымен жарақаттану нәтижесінде болады. Ауырсыну арқаға, құйымшаққа, сегізкөзге, шатаралыққа таралады. Ол ісікпен нерв ұштарына ішектің сыртқы қабатының ұлғаюына байланысты. Нәжіс формасының өзгеруі жиі ауырсынумен дефекацияға шақыру тік ішекте бөгде дене себебі іш қату (тік ішектің жоғары бөлігінің ісіктеріңде): 1-2 күннен 1 аптаға дейін, іштегі ауырлық сезімі, іш кебу, ауырсынумен қатар жүреді, себебі жас келген сайын ішек атониясы жоғарылап, асқорыту бездерінің белсенділігі төмендейді.

Анус пен тік ішектің өткізгіш бөлігінің ісіктерінде визуалды анықталатын тік ішектің бастапқы бөліктерінің ісіктерінің болуы. Дефекация актінің бұзылысы (нәжіс пен газды ұстай алмай) анальды тесікті тарылтатын бұлшық еттің өсуі, зәрді ұстай алмау – шатаралық пен зәр шығарушы өзектің бұлшық еттің өсуі.

Ұзаққа созылған процестің симптомдары:

· Үнемі болатын іштің төменгі бөлігінің өте күшті ауырсынуы

· Зәр шығару кезінде немесе әйелдерде қынаптан тыныштық күйде нәжістің бөлінуі

· (қуықтың ісікпен өсуі кезінде және ішек пен қуық немесе қынап арасында жыланкөз пайда болуы) оның салдары – қуықтың созылмалы қабынуы

· Тыныштық күйде немесе дефекация актінде зәрдің бөлінуі

· Тік ішек ісігі өсуінің келесі формаларын ажыратады:

Ішек қуысына қарай (эндофитті)

Кіші жамбас мүшелері мен шелмай қабатына қарай (экзофитті)

· Тік ішек рагінің сатылары:

Ісік кілегей қабаттан аспайды, ішектің 1/3 бөлігінен аспайды, метастаз жоқ.

5 см ге дейін ісік (ішектің 1/3 бөлігінен артық) аймақтық лимфа түйіндеріне метастаз бар.

Ішек қуысының жартысынан артық лимфа түйіндеріне метастаздар.

Ісік көрші мүшелерге: жатыр, қынап, зәр шығарушы өзек, қуық немесе жамбас сүйектеріне қарай өседі.

Метастаздар негізгі ісіктің құрылымы мен өзі дамитын мүшенің қызметін бұза отырып өсетін бөлігі.

Метастаздардың пайда болуы, ісіктің өсуіне байланысты: тін тез өседі, қоректену оның барлық элементтеріне жетпейді, клеткалар бөлігі басқа клеткалармен байланысын үзеді, ісіктен үзіліп қантамырларына өтеді организмге таралып ұсақ және дамитын торы бар мүшелерге (бауыр, өкпе, бас миы, сүйек) тарайды. Қан ағымынан мүшелерге тұрақтап, әрі қарай өсуін жалғастырады. Кейбір жағдайларда метастаздар өте ірі көлемге (10 см ге артық) жетеді де, науқас ісіктің тіршілік өнімдерінен уланып және мүше қызметі салдарынан қайтыс болады.

Тік ішек рагы бірінші кезекте жақын орналасқан лимфа түйіндеріне – жамбастың шелмай қабаттары және оны қанмен қамтамасыз ететін тамырлар бойымен, анус ісіктері кезінде метастаз шапта болуы мүмкін.

Алыс орналасқан мүшелер арасынан зақымдалу жиілігі бойынша бауыр ең бірінші орында, бұл тік ішекті қанмен қамтылу ерекшеліктеріне байланысты: жоғарғы бөлімінен қан тікелей бауырға ағады және метастаздар сонда шөгеді. Екінші орында өкпе, төменгі бөлімнен қан төменгі қуыс вена жүйесіне (іш қуысының орталық венасы), одан тікелей өкпе мен жүрекке ағады. Одан бөлек рак сүйекке, іш қуысының серозды жабындысына және т.б. мүшелерге метастаз беруі мүмкін. Егер метастаздар аз болса, оларды жоюға болады- бұл рактан толық емделуге мүмкіндік береді. Ал егер метастаз көп болса, тек сүйемелдеуші химиотерапия қолданылады. Рактан бөлек тік ішекте басқа да қатерлі ісіктер дамуы мүмкін:

Сұрақ.

Наши рекомендации