Пневмонияның асқынулары
! Төменде айтылған этиологиялық факторлардың ішінде қайсысы өкпе тінінің деструкциялық пневмониясының дамуына алып келеді?
*+клебсиелла
* легионелла
* уреаплазма
* микоплазма
* гемофильді таяқша
! Алкоголизмге шалдыққан 67 жасар ер кісі темекі шегеді, суықтанғаннан кейін ауыр жағдайда келесі шағымдармен түсті: сол жақ өкпеде ауру сезім, іріңді-шырышты қақырықпен жөтел, анық ентігу. Қарағанда: тынымсыз, тері жабындылары жер түстес. ТАЖ -36 минутына. Сол жауырын астында ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған. ЖЖЖ-104 мин. АҚҚ 110/70мм.сын.бағ. Рентгенограммада сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде массивті инфильтрация анықталды.
Науқаста асқынуларының қайсысы дамыған:
* миокардит
* өкпе артериасының эмболиясы
*+тыныс жеткіліксіздігі
* инфекциялы-токсикалық шок
* ересектердің респираторлы дистресс-синдромы
! Науқаста толық емделмеген пневмонияның фонында гектикалық қызба, ауыз толтырып бөлінетін іріңді сасық қақырық пайда болған.
Төменде аталған дәрілік заттардың ішінде осы асқынған пневмонияда мақсатты түрде қайсысын тағайындауға болады?
* цефазолин
* офлоксацин
* гентамицин
* азитромицин
*+ампициллин/сульбактам
! Созылмалы алкоголизммен зардап шегетін, қант диабеті бар науқаста пневмония дамыды. Зерттеу кезінде грам теріс флора анықталды.
Төменде көрсетілген дәрілік заттың қайсысын тағайындауға болады?
* ампиокс
* амикацин
* неомицин
* пенициллин
*+левофлоксацин
! Науқас стафилакоккты диструктивті пневмониямен ауырып, антибиотик цефалоспориндер қатарындағы дәрілермен ем қабылдаған. Ем алу барысында жағдайы нашарлаған гектикалық қызба және тершеңдік пайда болған. Қанның себінді нәтижесі келгенге дейін қандай дәрілік затты мақсатты түрде қосу керек?
* метрид
*+имипинем
* цефтазидим
* линкомицин
* рифампицин
! Ер кісі 35 жаста, оң жақ өкпенің 3-ші қабырғааралығында амфоралық тыныс естіледі. Қандай патология болуы мүмкүн?
* пневмоторакс
*+өкпе абсцессі
* өкпе гангренасы
* өкпе эмфиземасы
* бронхоэктатикалық ауру
!19 жастағы студент дене қызуының 38,6° С дейін көтерілуіне, көп мөлшердегі іріңді иісі бар қақырыққа, ентігуге, қан түкіруге, әлсіздікке шағымданады. Бала кезінде қақырықты жөтелі бар салқын тиіп көп ауырған. Соңғы 5 жылда жыл сайын ауыруының асқынғанын айтады.
Төменде көрсетілген диагноздың ішіндегі қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?
* өкпе туберкулезі
* бронх демікпесі
* ауруханадан тыс пневмония
*+бронхоэктатикалық ауру
* өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
!27 жастағы ер кісіге плевра пункциясы өткізілген.Плевра сұйықтығының анализінде салыстырмалы тығыздық > 1,018; рН < 7,3; құрамындағы белок > 30 г/л; Ривальт сынамасы оң, құрамындағы глюкоза < 3,3 ммоль/л; көп мөлшерде лимфоциттер.
Төменде көрсетілген диагноздың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?
*пневмония
*+туберкулез
*актиномикоз
* плевра эмпиемасы
* плевра мезотелиомасы
! Балалық шақтан бастап кезеңді түрде қақырығы бар жөтелмен зардап шегетін, тәулігіне 100 мл дейінгі кілегейлі-іріңді қақырық бөлінумен жөтелі бар ер адамға төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындауға БАРЫНША тиімді?
*спирографияны
*+бронхографияны
* пикфлоуметрияны
* өкпе сцинтиграфияны
* кеуде торының рентгенографиясын
! Эпилепсиямен ауыратын 23 жастағы ер адам сасық иісті қою бөлінетін қақырықпен жөтелге, соңғы 3 апта ішінде дене салмағының азаюына шағымданады. Рентгенограммада жоғарғы сегментте сұйықты қуыс анықталынды.
Төмендегі берілген дәрілер комбинациясының қайсысын ем жоспарына БАРЫНША қосу қажет?
*+клиндамицин амикацинмен
* ампициллин преднизолонмен
* пенициллин гентамицинмен
* левофлоксацин метилпреднизолонмен
* амоксициллин/клавуланат нистатинмен
! 40 жастағы наркоман қабылдау бөліміне дене қызуының 39˚С дейін көтерілуіне, кеуде клеткасының ауруына, қою қақырықты жөтелге, ентігуге шағымданып келді. Көрсетілген антибиотика терапияға қарамастан жағдайы нашарлаған. Үшінші тәулікте іріңді бөлінетін жөтелдің күшеюі пайда болған.
Төменде көрсетілген әдістердің ішіндегі іріңді жиынтықты эвакуациялауға ең эффективті болып келеді?
* торакоцентез
* плевральды пункция
* постуральды дренаж
*+видеоэндоскопиялық фибробронхоскопия
* транстрахеальды селективті катетеризация
!18 жастағы қыз балада кішкентай кезінен бері тұрақты түрдегі кілегейлі-іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге, жиі салқын тиіп ауруға шағымданады. Обьективті: сол жақ кеуде клеткасының мөлшері кішірейген, төменгі бөлімде перкуторлы дыбыс қысқарған, тыныс алуы тез әлсіреген. Рентгенде: сол жақ өкпенің кішіреюі, диафрагманың жоғары тұруы. Бронхограммада: сол жақ өкпенің төменгі бөлігі көлемі жағынан кішірейген, тек III-IV деңгейдегі бронтар контрастталады, жоғарғы бөлігінде деформацияланған бронхтар (мешотчатые).
Төменде берілген емдеу тактикасының қайсысы БАРЫНША тиімді?
* лобэктомия
*+пульмонэктомия
* эндобронхиальды санация
* антибактериальды терапия
* санаторно - курорттықем
!Пневмонияның қай этиологиясы ең жиі плевритпен асқынады?
* вирусты
* хламидиялы
* легионеллалық
* микоплазмалық
*+пневмококктық
! 43ж әйел созылмалы бронхитпен бала кезінен ауырады. Соңғы 4 жылда қақырық көп мөлшерде бөліне бастаған (300 мл дейін күніне), таңертеңгілік уақытта, жағымсыз иісі бар.Салқыннан кейін жқтелі қиындап, қақырығы іріңді сипатта болған. Қарау кезінде: кеуде клеткасының ассиметриясы, оң жақ жартысының көлемі кішірейген, тырнақтары «сағат әйнегі» секілді, перкуторно – мозаичность перкуторного звука, аускультативті- барлық жоғарғы бөлікте құрғақ сырылдар, оң жақ төменгі қыр бөлігінде- орташа көпіршікті сырылдар дыбысы. Қай диагноз ең дұрысы?
* созылмалы іріңді бронхит
* ауруханадан тыс пневмония
*+бронхоэктатикалық ауру
* өкпе туберкулез
* өкпе рагы
! 55 жастағы науқаста кеуденің оң жағы дем алғанда қалынқы, үшінші қабырғадан төмен перкуторлы дыбыстың қысқаруы, тыныстың және бронхофонияның әлсіреуі анықталады.
Рентгенограммасында жүректің солға ығысуы байқалады
Диагноздың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?:
* Пневмоторакс
* Пневмоцирроз
* Крупозды пневмония
*+Экссудативті плеврит
* Обтурациялы ателектаз
! Науқас 19 жаста, 200 мл дейін иісі бар шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, қан түкіруге, дене температурасының 38,2°С дейін көтерілуіне, ентігуге, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. Балалық шағында жиі қақырықпен жөтел болғандығын айтады. Соңғы 5 жыл ішінде – жыл сайын өршіп тұрады.
Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?
* Өкпенің созылмалы абсцесі
*+Бронхоэктаздық ауру
* Созылмалы бронхит
* Өкпе поликистозы
* Өкпе рагы
! Ауыр пневмониямен ауырып жатқан әйелде қатты әлсіздік, бас айналу, ентігу, жүрек айну пайда болды. Тексергенде: тері жабындылары бозарған, акроцианоз, терісі суық және ылғалды. Жүрек тогндары тұйықталған, ЖСЖ -110 рет минутына. АҚҚ 80/50 мм сын бағ.
Осы науқаста төменде көрсетіген асқынулардың қайсысы дамыған?
* Сепсис
* Кардиогенді шок
*+Инфекционды-токсикалық шок
* Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
* Жедел респираторлы дистресс-синдром
! Ер адам, 56 жаста, іріңді-қан аралас қақырықты жөтелге, ентігуге, дене температурасының 39°С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Ауырғанына 5 күн. Об-ті: жағдайы ауыр, ТЖ-32 рет/мин. Оң жақ жауырын асты аймақта перкуторлы дыбыстың қысқаруы, амфорикалық тыныс, майда көпіршікті ылғалды сырылдар. Рентгенограммада – оң жақта өкпенің төменгі бөлігінде сұйықтық деңгейі бар бірнеше қарайған қуыстар анықталды. Қанда лейкоцитоз - 18×109/л сол жаққа ығысумен.
Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?
* Кавернозды туберкулез
* Фиброздаушы альвеолит
* Өкпе рагының қуыстық формасы
*+Оң жақ төменгі бөліктің абсцестелуші пневмониясы
* Оң өкпенің крупозды төменгі бөліктік плевропневмониясы
! Пневмониямен госпитализацияланған 68 жастағы ер адамда дене температурасы 40°С дейін көтеріліп, интоксикация симптомдары, одышка көбеюде; кеуде қуысында қатты ауру сезімі пайда болды. Об-ті: жағдайы ауыр, перкуссияда өкпенің төменгі бөліктерінде тұйық дыбыс, қатты әлсіреген тыныс. Қанда: лейкоцитоз - 22×109/л сол жаққа ығысумен, ЭТЖ 50 мм/сағ.Рентгенограммада плевра сйықтықтың болу белгілері.
Науқаста БАРЫНША қандай асқыну дамыды?
*+Плевра эмпиемасы
* Фибринозды плеврит
* Туберкулезды плеврит
* Төменгі бөліктік абсцедирлеуші пневмония
* Оң өкпенің төменгі бөлігінің крупозды плевропневмониясы
! Пневмониядан емделіп жатқан 58 жасар ер адамда тез арада интоксикация, тыныс жетіспеушілігі белгілері дамыды. Жағдайы ауыр, тежелген, тері жабындылары бозарған, АҚҚ 80/40 мм.сын.бағ, тахикардия 130 рет/мин., жіп тәрізді пульс, олигоурия. Қанынан алтын стафилококк алынды.
Науқаста БАРЫНША қандай асқыну дамыды?
* Өкпе абсцессі
*+Септикалық шок
* Инфекционды эндокардит
* Жедел тыныс жетіспеушілігі
* Жедел респираторлы дистресс-синдром
! Пневмониямен ауруханаға түскен 50 жасар ер адамда аурудың 7-ші күні оң жақта жауырын бұрышынан төменгі аймақта тыныс естілмей қалды.
Науқаста БАРЫНША қандай асқыну дамыды?
*Құрғақ плеврит
*Плевра эмпиемасы
*Бауырастылық абсцесс
*+Экссудативты плеврит
* Спонтанды пневмоторакс
! 42 жастағы әйел адамға сол жақтығ ошақтық пневмония лиагнозы қойылды. Пенициллинмен 500мың. ЕД х 4 рет/тәу ем жүргізілген. Аурудың 10-шы күні қайтадан дене температурасы 38,5°С дейін көтеріліп, ентігу, кеуде қусысындағы ауырлық сезімі көбейді. Өкпе перкуссиясында сол жақта айқын тұйықталу, әлсіз тыныс және бронхофония. Рентгеноскопияда- ішкі шекарасы қиғаш гомогенді қараю.
Қай емдеу тактикасы БАРЫНША дұрыс?
*+Цефазидим + диклофенак
* Триметоприм + амброксол
* Олеандомицин + амброксол
* Пенициллин дозасын көбейту
* Пенициллинмен емді сол дозада жалғастыру
! Ер адам 30 жаста, қатты әлсіздікке, оң жақ кеуде қуысындағы ауру сезімге, тот басқан түсті қақырықпен жөтелге, дене температурасының 38,5° С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Ауырғанына бір апта. Об-ті: бетте шырайы бар бозару, оң жақ кеуде қуысы тыныс алу актінен қалып отырады, жауырын бұрышынан төмен аймақта перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, тыныс естілмейді. ТАЖ 21 рет/мин., ЖСЖ – 88рет/мин, АҚҚ 120/70. Гепатомегалия. Қанда: лейкоц.– 10,8×109/л, ЭТЖ - 35 мм/сағ. Кеуде қуысы R – граммасында: оң жақта төменгі бөлік интенсивті қарайған, синус жабысқан, сұйықтықтың қиғаш жоғары өрлемелі деңгейі анықталады.
Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?
* Гентамицин
* Тетрациклин
* Триметоприм
* Олеандомицин
*+Амоксициллина клавуланат
ОРВИ, БРОНХИТЫ
! С гепатитімен ауыратын 55 жастағы науқас пегирленген (пегилированым) интерферон және рибавиринмен стандартты вирусқа қарсы ем алмақшы. Осы науқасқа гриппке қарсы вакцинация жасау керек па?
*+Ия, ол қауіп тобындағы науқасқа жатады
* Жоқ, тек отбасын ғана вакцинирлеуге болады
* Жоқ, науқастың алып жатырған емі гриппен ауруып қалу мүмкіндігін төмендетеді
* Жоқ, С гепатиті науқастың гриппен ауру мүмкіндігін төмендетпейді
* Жоқ, мұндай науқастарда вакцинаның эффектілігі төмен жіне қолдану пайдасыз
! Бронхтық өткізгіштің қай патогенетикалық механизмі дәрілік емге тез жауап қайтарады?
*+Бронхтың шырышты қабатының ісінуі
* Трахеобронхиальды дискинезия
* Мукоцилиарлы жетіспеушілік
* Гиперпластикалық бронхтың өзгеруі
* Майда бронхтардың экспираторлы коллапсы
! Созылмалы бронхиттан зардап шегетін 68 жастағы науқас салқындап қалғаннан кейін ентігу, жабысқақ қақырықты жөтел пайда болды. Об-но: ЖСЖ- 24 в мин, тынысы қатал (дыхание жесткое), ысқырықты сырылдар естіледі. Спирографияда ФТК1 - 60%.
Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?
* Будесонид
* Флунизолид
* Зафирлукаст
* Преднизолон
*+Ипратропиума бромид
!28 жастағы ер кісі дене температурасының 38˚С дейін көтерілуіне, шырышты қақырықпен жөтелге, әлсіздік, терлегіштікке шағымданады. Объективнті: перкуторлы – өкпелік тыныс, аускультативті- тынысы қатаң, құрғақ ысқырықты, жөтелгенде жойылатын сырыл. Қанда лейкоцит - 9,5 мың, ЭТЖ- 20 мм/сағ.
Қандай диагноз БАРЫНША ықтимал?
*+Жедел бронхит
* Жедел ринофарингит
* Созылмалы бронхит, асқынуы
* Ауруханадан тыс түптегі пневмония
* Созылмалы обструктивті өкпе ауруы, А категориясы, GOLD 1 дәрежесі
! 18 жастағыбозбала көп мөлшердегі іріңді қақырықпен азапты жөтелге, физикалық жұмыс кезінде пайда болатын ентігуге шағымданады. Бронхоскопия кезінде бронх пен трахеяның шырышты қабатының аздаған гиперемиясы анықталды. Саңылауында шырышты-іріңді қақырық, аспирациядан кейін трахея мен ірі бронхтардың диаметрлердің кеңеюі және қабырғалардың мембранозды болігінің ішке қарай пролапсы байқалды.
БАРЫНША мүмкін болатын диагноз?
* Жедел бронхит
*+Трахеобронхомегалия
* Бронхоэктаздық ауру
* Өкпенің кистозды гипоплазиязы
* Вильямса – Кемпбелл синдромы
! 35 жастағы ер кісіні 2 апта көлемінде қатты жөтел, дене қызуының 380С дейін көтерілуі мазалайды. ТАЖ 25 рет /мин. Аускультацияда өкпесінде шашырынқы құрғақ және бірең-сараң ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.
Диагнозды қою үшін аталған әдістердің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?
* Спирография
* Бронхоскопия
* Қақырықтың себіндісі
*+Өкпенің рентгенографиясы
* Өкпе тамырларының ангиографиясы
! Жылдар бойы шылымды көп тартаушы 67 жастағы ер кісіде суықтағаннан соң қиын бөлінетін жасыл-сары қақырықпен жөтел күшейді, дене қызуының 37,50 дейін көтерілуі және әлсіздік мазалайды. Қарағанда : араңы қызарған, саусақтары «дабыл таяқшалар» секілді өзгерген. Кеудесі бөшке тәрізді, перкуторлы дыбыстар әр түрлі. Тыңдағанда өкпесінде ызылдаған сырылдар, төменгі аймақтарда тыныс әлсіреген. ТАЖ 20 рет/мин.
Этиотропты терапияны тағайындау үшін БАРЫНША ақпаратты әдіс болып табылады:
*+қақырықтың антибиотиктерге сезімталдықты анықтау анализі
* қанның антибиотиктерге сезімталдықты анықтау анализі
* қақрықтың жалпы анализі
* иммунограмма
* спирография
! 22 жастағы әйел, студент, бір жыл бұрын туберкулезбен ауырып, туберкулезге қарсы ем қабылдаған (3 ай стационарлық және 3 ай амбулаторлы). Жиі суықтанады, соңғы жылда 10-12 күн ұзақтығымен жылына кем дегенде 5-6 рет ауырады. Соңғы ЖРВИ эпизоды 1 ай бұрын болды. Осы жағдайда медикаментозды емді қажет ете ме?
* Иә, кең спектрлі антибиотиктерді ішуі қажет
*+Иә – адаптогендер немесе инозин пранобекс, немесе рибомунил
* Жоқ, иммунды жүйе өзі қалыпына келеді
* Жоқ, науқасқа теңізде демалып, күнге күюді ұсыну
* Жоқ, тек жалпы сауықтыру емдік шараларды жүргізу
! Ер адам 72 жаста , зейнеткер. ЖИА, Артериалды гипертензия, созылмалы гастрит,созылмалы панкреатитпен зардап шегеді. Баласының жанұясымен бірге тұрады, бұл отбасында 2 немересі бар, 5 және 12 жаста.
Бұл жағдайда осы науқасқа гриппке қарсы вакцинация жасау ҚАЖЕТ ПЕ ?
*+Иә, ол кісі қауіп қатер тобына кіреді
* Жоқ, тек балаларды вакцинацияласа болады
* Жоқ, тек жанұя мүшелерін вакцинацияласа болады
* Жоқ, бұл кісіде созылмалы тыныс алу жүйесінің аурулары жоқ
* Жоқ,бұл кісі қант диабетімен ауырмайды,бұл жаста вакцина әсері төмен
! Құрғақ жөтелі бар ұзақ уақытылы қан түкіру қандай ауруға БАРЫНША тән?
* пневмокониоз
* өкпе туберкулезі
*+бронхогенді рак
* созылмалы бронхит
* бронхоэктазды ауру
! Профилактикалық зерттеу кезінде ер адам соңғы 5-6 жыл бойы таңғы шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. Өкпесінде қатаң тыныс, бірең сараң құрғақ сырылдар естіледі.
Төменде аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША ықтимал?
* жедел бронхит
* бронхоэктазды ауру
* созылмалы іріңді бронхит
*+созылмалы катаралды бронхит
* созылмалы обструктивті бронхит
! 42 жастағы ер кісі ентігуге және тұтқыр қақырықпен жөтелге шағымданады. Көп жылдар бойы темекі тартқан, асқынулар жылына 1-2 рет болады. Жағдайының нашарлануы суықтағаннан кейін басталды. Кеудесі эмфизематозды, перкуссияда қорап дыбысы анықталады. Тыңдағанда ысқырықты сырылдар естіледі. Спирографияның көрсеткіштері келесідей: ФТК1/ФӨТС= 70%, ФТК1= 82%.
Көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША ықтимал?
* Будесонидті
* Флунизолидті
* Зафирлукастты
* Преднизолонды
*+Сальбутамолды