Кренинг кеңістігінің енін анықтау.

Лимфа түйіндерінің пальпациясы

Мақсаты:көлемін,тығыздығын,ауырсынуын,қозғалғыштығын,өзара және терімен біріккен және бірікпегенін,бетінің кедір-бұдырлығын анықтау.

Көрсеткіші:жедел созылмалы инфекциялы аурулар,рак ауруының таралуы (метастазы),туберкулез,қан аурулары.

Қарама – қарсы көрсеткіші:жоқ

Мүмкін болатын асқынулары:жоқ

Қажетті заттар: сабын,бір реттік сүлгі,төсек жаймасы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Бөлме жылы және тыныш болу керек;

2. Тексерушінің қолы жылы,тырнағы қысқа алынған болуы керек;

3. Қолды гигиеналық деңгейде жуыңыз;

4. Науқастың беліне дейін шешінуін сұраңыз;

5. Пальпацияны шүйде аймағынан бастаңыз,кейін құлақ айналасы,жақ асты,бұғана үсті,қолтық асты,шынтақ,шат аймағын екі жақтан тексеріңіз;

6. Пальпацияны екі қолдың саусақтарын бүгіп және сәл басып жүргізіңіз;

7. Көлемін,тығыздығын,ауырсынуын,қозғалғыштығын,өзара және терімен біріккен және бірікпегенін,бетінің кедір-бұдырлығын анықтаңыз;

Ескерту!

1.Қалыпты жағдайда лимфа түйіндері,әсіресе үлкендерде анықталмайды.

2.Лимфа түйіндерінің ұлғаюы және олардың ауырсынуы жақын орналасқан қабыну ошағымен немесе қатерлі ісік процесімен байланысты.

3.Лимфа түйіндерінің аздап ұлғаюы және тығыздалуы кейбір созылмалы инфекциялы ауруларда байқалады (мысалы: туберкулез,бруцеллез,балаларда рахит ауруында).

4.Барлық лимфа түйіндерінің ұлғаюы,лимфа түйіндерінің «топтасып» ұлғаюы лимфогранулематоз,лейкоз,жүре пайда болған иммундық тапшылықты,қатерлі ісік ауруының бар-жоғын анықтау талап етіледі.

ЭКГ қою техникасы

Мақсаты: диагностикалық

Көрсеткіші :АГ, ЖИА, Стенокардия, инфаркт миокарда, жүрек ақаулары, жүрек жеткіліксізідігі.

Қарсы көрсеткіші:жоқ.

Асқынулары:жоқ.

Ажетті заттар:кушетка, жайма, ЭКГ аппараты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа беліне дейін шешініп, аяғын балтырына дейін түруін сұрау.

2. Науқасты шалқасынан жатқызу.

3. Кеудесіне және балтырының 3\1 бөлігіне ылғалды гел жағу.

4. Ылғалдандырылған теріге метал пластинкалы электродтарды қысып орналастыру

5. Металды пластинкалы электродтарды мына ретпен орналастыру:

Оң қолға қызыл электрод

Сол қолға сары электрод

Оң аяққа жасыл электрод

Сол аяққа қара электрод

6. Кеуденің электродтар қойылатын жеріне ылғалды гел жағу

7. Кеудеге резеңкелі сорғыштарды саны бойынша ретімен 6 жерге орналастыру:

V1 -Оң жақ төс маңы сызығымен IV қабырға

V2-сол жақ төс маңы сызығымен IV қабырға

V3- сол жақ төс маңы сызығымен V қабырға

V4-бұғана орта сызығы бойыменV қабырға

V5-қолтық алды сызығымен V қабырға

V6-қолтық орта сызығымен V қабырға

8. ЭКГ аппаратын қосып, «басу» термесін басып ЭКГ жазбасын жазу.(әр бір шектемеде үш жүрек комплексі жазылып алуы тиіс)

9. 12 шектемеден кейін жазба аяқталған соң ЭКГ өшіру.Науқастан электродтарды алып тастау.

10. Тіркелген ЭКГ лентасына науқастың аты жөні,жасы, тіркелген күні жазылады.

Кпеге топографиялық перкуссия жасау әдісін көрсетіңіз.

Өкпенің топографиялық перкуссиясы- өкпенің жоғарғы ұшын анықтау (өкпенің жоғарғы шекарасы), Кренинг кеңістігінің ені;

Мақсаты: өкпе шекараларын анықтау.

Көрсеткіші: пневмония, туберкулез, қатерлі ісік, ателектаз, өкпе инфаргі, экссудативті плеврит, гидроторакс, гемоторакс, өкпе эмфиземасы, пневмоторакс, абсцесс, өкпе туберкулезі;

Қарама- қарсы көрсеткіші: жоқ

Асқынулары: жоқ

Керекті заттар:сабын, бір реттік сүлгі, орындық.

Жасап көрсету реті:

1. Бөлме жылы және тыныш болу керек.

2. Тексерушінің қолы жылы, тырнағы алынған болу керек.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

4. Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз.

5. Тексерулішінің алдында тұрыңыз.

Кпенің жоғарғы ұшын алдынан анықтаңыз (өкпенің жоғарғы шекарасы).

1. Қалақша саусақты бұғанаға параллель қойыңыз.

2. Бұғана ортасынан бастап жоғары қарай бәсең перкуторлы дыбысқа дейін перкуссия жасаймыз.

3. Анық дыбыс естілген жерін белгілейміз.

4. Кейін тексерулішінің артына тұрыңыз.

Өкпенің жоғарғы ұшын артынан анықта (өкпенің жоғарғы шекарасы)

1. Қалақша саусақты жауырын үсті ойыққа қойыңыз.

2. Қалақша саусақты жоғары жүргізе отырып, VII мойын омыртқаның тұсынан 3-4 см сыртқа орналасқан қарай перкуссия жасаймыз.

Кренинг кеңістігінің енін анықтау.

1.Трапеция тәрізді бұлшық етке қалақша саусақты көлденеңнен қойыңыз және алдымен жоғары қарай ,кейін сыртқа қарай тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссия жасаңыз.

2. Анық дыбыстан тұйық дыбысқа ауысқан жердегі нүктелердің арасын сантиметрмен өлшеңіз.

Ескерту:

1. Өкпенің жоғарғы шекерасы алдынан – қалыпты жағдайда бұғанадан - 3-4см.

2. Өкпенің жоғарғы шекарасы артынан- VII мойын омыртқаның өсіндісінің тұсына сәйкес келеді

3. Крениг кеңістігінің ені қалыпты жағдайда – 4-7см. Сол жақта бұл аймақ , оң жақа қарағанда 1-1,5см артық.

4. Крениг кеңістігінің азаюы және өкпенің жоғарғы шекарасының төмендеуі – өкпе ұшының солуы кезінде, туберкулез кезінде анықталады.

5. Крениг кеңістігі ұлғаюы және өкпенің жоғарғы шекарасының жоғарылауы – өкпе эмфизема ауруында, бронх демікпесінің ұстамасы кезінде анықталады.

Наши рекомендации