Дәрігер тәжірибесі негіздері 23 страница

Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*лимфогранулематоз

*созылмалы лимфолейкоз

*+созылмалы миелолейкоз

*лимфа түйіндерінің туберкулёзі

*жұқпалы мононуклеоз

#863

*!Бозбала 19 жаста, ЖЗА: меншікті салмағы - 1028, протеинурия - 3,5 г/л, лейкоцит 8-10 (лимфоцитурия басым), эритроцит - 20 - 30 в п/зр. Әлсіздік мазалайды, оң бел аймағында ауру сезімі, дене қызуы 39 С ке жоғарылаған, барлық шағымдар баспадан соң басталған, ол жөнінде өзі үйде ем алған.

Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*жедел пиелонефрит

*созылмалы пиелонефрит

*+жедел гломерулонефрит

*созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

*бүйрек тас ауруы

#864

*!Әйел 29 жаста, әйел консультациясында жүктіліктің 18-19 апталық мерзіммен қаралады. Объективті- аяғында ісік, артериальды қан қысымы160/90 мм.с.б. ЖЗА: тығыздығы -1,012, белок-1,066 г/л, лейкоцит-4-5,эритроцит-7-8 көру аймағында. Шумақтық фильтрации 80 мл/мин. ЭКГ- V5-V6 өтпелерде R тісінің биіктігі -18 мм. Креатинин қанда-100 мкмоль/л.

Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*жедел цистит

*+созылмалы гломерулонефрит

*жедел пиелонефрит

*жүктілердегі пиелонефрит

* жүктілердегі гестоз

#865

*!Бозбала 18 жаста, бетінде және аяқтарында ісік, бас ауру, белдегі сыздап ауру сезімі, жалпы әлсіздік, зәрдің тұнық емес күлгін түске айналуына шағымданады. Өзін соңғы 3-күнде науқас сезінеді. Өткерген аурулар: тұмау, 2 апта бұрын баспа. Объективті: температура 37,70С. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Беті ісінген, табанымен балтырында ісінулер. Терісі бозғылт. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс, аортада 2-ші тон акценті. Пульс 84 рет мин., ритмді, кернелген. АҚҚ 165/100 мм с.б. Пастернацкоий симптомы екі жақта әлсіз оң.

Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*моносимптомды

*тез үдемелі

*+ашық

*гипертониялық

*нефротикалық

#866

*!Ер кісі 34 жаста, профилактикалық тексеруде протеинурия және лейкоцитурия анықталып, 2 жыл бойы тағы эритроцитурия қосылған. АҚҚ 130/90 мм с/б. Тексергенде жағдайы өзгермеген. Беті және терісі боз, қабағы пастозды. ҚБА: жалпы белок 62 г/л, мочевина- 7.84 ммоль/л, креатинин 140 мкмоль/л. ЖЗА: меншікті салмағы - 1020, белок – 1,0 г/л; макрогематурия, гиалинді цилиндр 10 көру аймағында.

Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*созылмалы пиелонефрит, латентті ағым

*созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық форма

*+созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық форма

*жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром

*созылмалы гломерулонефрит, нефритикалық синдром

#867

*!Әйел 42-жаста, шағымдары- қалтырау, дене қызуы жоғары, оң жақта белдің сыздап ауру сезімі, жиі ауру сезімді зәр шығару. Ауруын суық тиюмен байланыстырады. Анамнезінде — жиі циститтер, созылмалы тонзиллит. Объективті: температурасы 38°С. Тынысы везикулярлы. Жүрек тондары тұйық, ритмі дұрыс, ЖЖЖ 92 рет мин., АҚҚ 120/80 мм с.б. іші жұмсақ, оң жақтан қабырға астымен тік бұлшықет және шаттық қабатта ауру сезімі байқалады. Пастернацкий симптомы оң жақта оң.

Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*бүйрек туберкулезі

*гломерулонефрит

*+пиелонефрит

*бүйрек амилоидозы

*бүйрек тас ауруы

#868

*!Ер кісі 28 жаста. Шағымдары бел аймағы және іштің оң жағында қарқынды ауру сезімі, шатарлыққа және оң жамбасқа беріледі. Жиі кіші дәретке отыру. Осындай жағдай бір жыл бұрын белең алған, жедел жәрдем шақырып, анальгетикпен ауру сезімді басқан, бірақ кейін зәрі қызарған. Объективті: температура 36,4°С. Науқас тынымсыз, өзіне ыңғайлы қалып іздейді. Пульс 76 рет мин. АҚҚ 120/60 мм с.б. іші жұмсақ, пальпацияда оң жақта ауру сезімі бар. Пастернацкий симптомы оң жақта күрт оң.

Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*бүйрек обыры

*гломерулонефрит

*пиелонефрит

*бүйрек амилоидозы

*+бүйрек тас ауруы

#869

*!Босанудан кейін әйел үйге дәрігерді шақырды. Шағымдары жиі дәретке шығу, ашу және зәр шығару кезінде ауру сезімді, зәр шіріген иіспен, қуығында ауру сезімі, әсіресе зәрге толғанда, дене қызуы 37 С ке көтерілген, әлсіздік. Анамнезі: босану үйінен 5 күн бұрын шыққан, туу кезінде шатаралықта жыртылулар, емшекпен емізеді, туу жолдарынан кішкене иісті бөлінділер бар.

Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*+жедел цистит

*жедел эндометрит

*жедел эндомиометрит

*шабаралық тігістің ашылуы

*созылмалы сальпингоофорит, өршу

#870

*!Ер кісі 47 жаста, құрылысшы, бүйректе үнемі сыздап тұратын ауру сезімі, анамнезінен созылмалы пиелонефрит жөнінде бірнеше рет ауруханада ем алған, бұрын ауру ұстамалары болған, соңғы кездері сыздап ауру сезімі, дене қызуының анда санда көтерілуіне шағымданады. Зәр шығаруының бұзылуы ұстама алдында және қазір бар екендігін айтады. ЖҚА - Нв 96/л, лейкоцит 10,3*10/9 л, ЭТЖ - 18 мм/сағ. ЖЗА: лейкоцит 20-30 көру аймағында, бактерия++, урат ++. Бүйректің УДЗ - түбекше табақша жүйесі кеңейген.

Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*+созылмалы пиелонефрит, бүйрек гидронефрозы

*бүйрек тас ауруы

*қуықтың ісігі

*созылмалы пиелонефрит, өршу

*қуықтың тас ауруы

#871

*!Науқаста ұзақ уақытты ауруы нәтижесінде массивті протеинурия және артериальды қысымның жоғары болуына сәйкес тез үдемелі бүйрек жетіспеушілігі дамиды.

Бұл қандай ауруға тән кұбылыс?

*бүйрек туберкулезі

*бүйрек ісігі

*бүйрек поликистозы

*+жеделдеу гломерулонефрит

*пиелонефрит

#872

*!Ер кісі 28 жаста, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі анықталды. Динамикалық бақылауда қан сарысуында креатинин жоғарылаған.

Қандай ауруда сарысудағы креатинин жай үдемелі жоғарылайды?

*+созылмалы гломерулонефритте

*созылмалы пиелонефритте

*бүйрек поликистозында

*люпус-нефритте

*бүйректің медуллярлы кистозды ауруында

#873

*!Әйел 56 жаста, «Созылмалы гломерулонефрит, мембранозды, аралас форма, жай үдемелі ағым, ремиссия. СБЖ1», диагнозымен тіркеуде, терінің қышыуна шағымданып қаралады. Объективті: терісі құрғақ, ашық сарғыш түсте, қасыған іздер.

СБЖ бар науқастарда тері түсі өзгеруі қандай себепке байланысты?

*+урохром және меланин шөгіндісімен темір алмасуының бұзылуы

*алюминий интоксикациясы деферроксалинды комплекстермен шөгінді

*цинкпен интоксикация

*билирубин алмасуы бұзылған

*эритроцит гемолизі

#874

*!Әйел 63 жаста, СБЖ- мен тіркеуде тұрады, ауру ағымын анықтау үшін шумақтық фильтрация жылдамдығын анықтады .

Шумақтық фильтрация жылдамдығының қай мөлшері СБЖ тән?

*40 мл/мин

*30 мл/мин

*20 мл/мин

*15 мл/мин

*+5 мл/мин

#875

*!Әйел 30 жаста. Шағымдары шөлдеу, жиі зәр шығару, әсіресе түнде, тері қышыу. Дәрігер қант диабетіне күдіктенеді.

Бұл жағдайда қандай зерттеу әдісін жасау дұрыс болып табылады?

*Тәуліктік зәрде қант анықтау

*таңертеңгілік зәрден ацетон анықтау

*+Аш қарынға қандағы қантты анықтау

*Тәуліктік зәрде глюкоза және ацетон анықтау

*Ұйқтар алдында қандағы глюкозаны анықтау

#876

*!Ер кісі 50 жаста, скринингте қан сарысуында ашқарынға глюкоз мөлшері жоғары. Науқаста қант диабеті диагнозын растау үшін глюкозотолерантты тест тағайындады.

ДСҰ критерийі бойынша пероральды 75 г глюкозадан соң 2 сағаттан соң қант диабетінде глюкоза деңгейі қандай?

*6 ммоль/л

*8 ммоль/л

*8.4 ммоль/л

*9.7 ммоль/л

*+11,1 ммоль/л

#877

*!Ер кісі 56 жаста, 2 типті қант диабетімен ауырады. Құрсақ қуысының УДЗ-да гепатомегалия белгілері.

Қант диабеті бар науқастарда бауырдың мөлшері ұлғаюы неге байланысты?

*+майлы гепатоз

*гепатит

*цирроз

*жүрек жетіспеушілігі

*диабеттік нефропатия

#878

*!Алғаш жүкті 35 жастағы әйел, жүктілік мерзімі 24-25 апта, қатты шөлдеу, тез шаршау, полиурияға шағымданады. Дәрігер гестациялық қант диабетіне күдіктеніп гликемия деңгейін зерттеу әдісіне жібереді.

Гестациялық қант диабетінде ашқарынға гликемия мөлшері қандай?

*11,1 ммоль/л

*3,5 ммоль/л

*6,7 ммоль/л

*+5,5 ммоль/л

*7,8 ммоль/л

#879

*!Бозбала16 жаста, стационарға жедел жәрдем бригадасы коматозды жағдайда келіп түседі. 4 жыл бойы диабетпен ауырады. Инсулинотерапия 40 бірлік. 3 күн бойы жағдайы нашарлаған. Тексергенде қанда глюкоза – 28,2 ммоль/л., ацетон зәрде - ++++.

Бұл науқаста қандай шұғыл жағдай анықталады?

*+Кетоацидозды кома

*Гипогликемиялық кома

*Гиперосмолярлы кома

*Гиперлактоцидемиялық кома

*аштық кетоз

#880

*!Ер кісі 58 жаста, туыстарының айтуынша соңғы 8 жыл бойы қант диабетімен ауырады, қантты түсіретін дәрілер ішеді. Соңғы күндері науқаста полиурия, полидипсия, әлсіздік, тершеңдік пайда болды. Объективті: сана сезімі жоқ - кома, беткейлі арефлексия, тахипноэ (ацетон иісі жоқ). Терісі құрғақ, көз алмасы тонусы төмен. Жүрек тондары тұйық, аритмиялық. Пульс - 100 соққы/мин, АҚҚ 90/70 мм с.б. ЖҚА: гипергликемия 55 ммоль/л, плазма осмолярлығы 380 мосм/т. ЖЗА: глюкозурия, ацетон жоқ.

Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*Гиперкетонемиялық кома

*Церебральды кома

*+Гиперосмолярлы кома

*Гиперлактацидемиялық кома

*Гипогликемиялық кома

#881

*!Ер кісі 46 жаста, соңғы бірнеше жыл бойы әлсіздік, 15 кг салмақ тастау, нашар тәбетке шағымданады. Тексергенде АІЖ патология жоқ. Тісінің экстракциясынан соң жағдайы күрт нашарлаған – тәбеті жоқ, жүрек айныған, құсу және іште ауру сезімі пайда болған. Қатты әлсіздіктен төсектен тұра алмаған. Объективті: әлсіз болған соң жауап қайтару қиын, монотонды, бәсең дауыс. Қажыған. Терісі құрғақ, күнге күю түсі, тургоры төмен. Ауыздың шырышты қабатында — пигментті дақ.

Пульс - 108 соққы/мин, ритмі дұрыс, толуы әлсіз, АҚҚ 75/ 40 мм с. б.

Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*қант диабеті, алғаш анықталған, кетоацидоз

*+созылмалы бүйрекүстілік жетіспеушілік, бүйрекүстілік криз

*Гипотиреоз, гипотиреоидты кома

*ДТЗ, тиреотоксикалық криз

*В тобының гипо-авитаминозы

#882

*!Ер кісі 49 жаста, қант диабетімен ауырады, қантты түсіретін дәрілер ішеді. Әлсіздікке, қолдарының треморына, тершеңдікке, дененің қалтырына шағымданады. Анамнезі: таңертеңнен жағдайы нашар, күнделікті дозасын ішкен. Тамақты аз жеген, тәбеті жоқ. Алдыңғы күні қонақта болып алкоголь ішкен. Объективті: есі анық, тынымсыз, денесі қалтыраған, профузды гипергидроз, пульс – 90 рет мин, ритмі дұрыс. АҚҚ – 130/ 80 мм с.б., ЖЖЖ-16 рет/мин. Қандағы глюкоза – 3,2 ммоль/л.

Науқаста гипогликемия себебі?

*сульфанилмочевина қабылдау

*бигуанид қабылдау

*+алкоголь қабылдау

*инсулинді көп мөлшерде еңгізу

*тиімсіз таңғы ас

#883

*!Әйел 34 жаста. Жүктілік мерзімі 19-20 апта. Салмағы жоғары, қалқанша безінің зобы I дәр, тығыз. Беті ісінген. Терісі құрғақ. Тілі існген. Пульс – 64 рет/мин. Іші қатқан. ТТГ қанда жоғары, жалпы Т4 және антидене ТГ – төмен. Қалқанша безінің УДЗ: гипоплазия.

Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*Диффузды токсикалық зоб 1 дәр

*Аутоиммунды тиреоидит, гипертрофиялық форма

*+біріншілік гипотиреоз

*Эндемиялық зоб 1ст

*Аутоиммунды тиреоидит, хаси-токсикоз

#884

*!Аймақтық дәрігерге 35 жастағы әйел, жүрек соғуына, еңтігу, әлсіздік, тітіркенгіш, тершеңдікке шағымданады. Анамнезінде: жарты жыл бойы ауырады, қатты күйзелістен кейін ауырған. Объективті: мазасыз, қолдарының треморы, гипергидроз. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатты, ЖЖЖ- 110 соққы мин, АҚҚ 160/70 мм. с.б. іш өтуге бейім.

Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*Нейроциркуляторлы дистония

*+Гипертиреоз

*Гипотиреоз

*Феохромоцитома

*Біріншілік альдостеронизм

#885

*!Әйел 25 жаста, мойын аймағында ауру сезімі, құлақтарына беріледі, жұтыну қиын. Өткен ЖРВИ байланысты жағдайы нашарлаған. Объективті: орташа ауырлықта, Т– 37,8ºС. Терісі ылғалды, ыстық. Қалқанша безінің ұлғаюы 2 дәрежелі, тығыз, пальпацияда аз қозғалмалы. Пульс - 96 мин, АҚҚ - 120/80 мм с.б. ЖҚА: Нв - 134 г/л, Л - 9,8 тыс., ЭТЖ - 30 мм/сағ. Тироксин – 100 нмоль/л.

Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*Тиреотоксикоз

*+жеделдеу тиреоидит

*Фиброзды тиреоидит

*Аутоиммунды тиреоидит

*жедел іріңді тиреоидит

#886

*!Әйел 29 жаста, тез арықтауына, тітіркенгіш, жылауық, мойын ұлғайған, еңтігу, тыныстың тарылуына шағымданады. Объективті: тамақтануы төмен, эмоциональды тұрақсыз, тез жылап қалады. Аяқ қол треморы. Экзофтальм. Жүрек тондары ашық, ритмді. АҚҚ 150/110 мм с.б., пульс 110 соққы/мин. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Дәрігер диффузды токсикалық зобты болжамдайды.

Диффузды токсикалық зобта ең белгілі клиникалық белгісі?

*арықтау

*тахикардия

*жалпы гипергидроз

*АҚҚ жоғары

*+экзофтальм

#887

*!Әйел 25 жаста, саусақ буындарының, білезік буындары, шынтақ буындарының ауруы, таңертеңгілік қозғалыстың шектелуі. Босанудан соң 6 айдан кейін буындары ауыра бастаған. Рентгенографияда білезік және шынтақ буындары – жұмсақ, буын жанында жұмсақ тіндер қалыңдаған, әлсіз буынаралық остеопороз, буын қуысы тарылған.

Ревматоидты артриттің буындық синдромына не тән?

*ауру бірінші ірі буындардың қабынумен жүреді

*асептикалық некроз дамитын жамбас буын қабынуы

*дегенеративті процесс қабынуға қарағанда басым

*+ерте немесе кеш білезік буындары қосылады

*сакроилеит дамуы

#888

*!Әйел 36 жаста, ревматоидты артриті бар, рентгенде буынаралық остеопороз, буын қуысы тарылған, бірлі жарым узуралар.

Бұл рентген өзгерісі қай стадияға тән?

*0 стадия

*I стадия

*+II стадия

*III стадия

*IV стадия

#889

*!Әйел 28 жаста, ұсақ буындарының ауру сезімі және қозғалысы шектелген.

Ревматоидты артрит және жүйелі қызыл жегі арасында ажырату диагнозын жүргізіп нақты диагноз қоюға көмектесетін көрсеткіш?

*ЭТЖ жоғары

*Рентгенде буынаралық деструкция

*қан сарысуында РФ

*+қанда LЕ-клеткалары

*Lg G, М, А және СРБ жоғары

#890

*!Әйел 35 жаста, саусақ буындарының, білезік буындары, шынтақ буындарының ауруы, таңертеңгілік қозғалыстың шектелуіне шағымданады. Рентгенде саусақ буындары және табанның дистальды бөлігінде: мягкие ткани утолщены в области множества суставов кистей и стоп, әлсіз буынаралық остеопороз. Көптеген буынадарда эрозиялар. Буын қуыстары тарылған.

Бұл қай ауруға тән?

*ревматикалық артрит

*+ревматоидты полиартрит

*деформациялаушы остеоартроз.

*Бехтерев ауруы

*подагралық артрит

#891

*!Ер кісі 45 жаста, оң аяқтың бірінші саусақ буыны ауырады, терісінің түсі өзгерген. Анамнезі: жақында алкоголь ішкен.

Бұл қай артритке тән құбылыс?

*туберкулезды

*ревматикалық

*деформациялаушы

*ревматоидты

*+подагралық

#892

*!Әйел 64 жаста, дистальды фалангаралық буындарда қозғалыс шектелген, бұл 12 жыл бұрын пайда болып бірте бірте өрістейді. Қарап тексергенде дистальды фалангаралық буындарда түйін тәрізді өсінділер, саусақтары деформациялаған, қозғалысы шектелген. Ішкі ағзаларда патология жоқ. Қан анализі және зәр анализі қалыпты.

Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*Ревматоидты полиартрит

*+Деформациялаушы остеоартроз

*Ревматикалық полиартрит

*Реактивті артрит

*Туберкулезды артрит

#893

*!Ер кісі 50 жаста оң аяғының қатты ауру сезіміне шағымданады. Жақында өте көп арақпен ет жеген. Ауру сезімі кенеттен таңғы 6 басталған, көбінесе I-II плюснефалангбуындары ауырған. Объективті: үлкен саусақ буыны терісі көкшіл, ыстық, пальпацияда қатты ауырады, жүру және қозғалу шектелген, температура – 38°С.

Диагнозды нақтылау үшін қай зерттеу әдісі нақты?

*ЖЗА

*+қанның зәр қышқылына анализі

*ЖҚА

*қанның иммунологиялық анализі

*Қандағы холестерин

#894

*!Әйел 56 жаста, сауыншы, ұсақ буындар ауруына түңгі уақытта көбінесе, қозғалысы шектелген. 20 жыл бойы ауырады. Ауру бірте бірте басталды. Объективті: дистальды межфалангты буыны қалыңдаған, түйіндер анықталады. Рентгенде: остеофитоз және буын аралық қуысы тарылған. ЖҚА-өзгеріссіз.

Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*ревматоидты артрит

*ревматикалық артрит

*псориазды артрит

*+остеоартроз

*реактивты артрит

#895

*!Әйел 26 жаста, ұсақ буындарында ауру сезімі, беті қызарған, жүрек соғуы, әлсіздік, арықтау, ауызында ойық жаралар пайда болуы. Босанудан соң 3 айдан кейін ауырды. Қарап тексергенде – пальпацияда межфалангты буындары деформацияланған, бетінде «көбелек» гиперемиясы және «декольте» зонасында гиперемия. Жүрек тондары тұйық, ЖЖЖ 150 соққы/мин. ЖҚА – эритроцит – 3,8 × 1012 /л, ТК – 0,86, лейкоцит – 2,1 × 109 /л, ЭТЖ – 48 мм/ч.

Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*жүйелі склеродермия

*дерматомиозит

*түйінді периартериит

*+жүйелі қызыл жегі

*ревматикалық емес миокардит

#896

*!Әйел 36 жаста, жүйелі қызыл жегімен ауырады, преднизолон 60 мг/тәул соңғы 2 ай бойы аурудың өршуіне байланысты қабылдайды. Шағымдары жамбас буынындағы тұрақты ауру сезімі, әсіресе түнде күшейеді.

Бұл науқаста қандай жағдай?

*Остеопороз

*Остеомиелит

*оң жамбас буын коксартрозы

*+жамбас сүйегі басының остеонекрозы

*Остеохондроз түбіртекті синдроммен

#897

*!Әйел 45 жаста, Рейно синдромы анықталады, саусақтары некроздалған, жұтыну қиын, өкпелік гипертензия, саусақтары бүгілмейді, буын төңірегінде терісі қатты, соңғы фалангы лизисіне байланысты саусақтар қысқарған.

Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*жүйелі қызыл жегі

*ревматоидты артрит

*+жүйелі склеродермия

*түйінді периартериит

*тромбангиит Бюргер

#898

*!Әйел 37 жаста, дене қызуы 37,8°с бәр ай бойы, балтыр табан буыны ауырады, құрғақ жөтел. Көкбауыр ұлғайған, балтыр және тізе бөлігінде қызарған бөртпелер, буын қозғалысы шектелген. Рентгенде - бронхопульмональды лимфотүйіндері симметриялық ұлғайған.

Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*+жүйелі қызыл жегі

*ревматоидты полиартрит

*созылмалы лимфолейкоз

*лимфогранулематоз

*ревматикалық артрит

#899

*!Бозбала 15жаста, басының сәл ауруына, мұрынның бітеліне, тамағындағы ауру сезімі, көзден жас ағуға, құрғақ жөтелге шағымданады. Температурасы 37,5 10-күн бойы ұсталып тұр, эпигастрий аймағында ауру сезімі, 1-2 рет сұйық дәрет. Объективті: склера және конъюнктива тамырланың иньекциясы, айқын гиперемия және тамақтың артқы қабырғасының шырышты қабаты жұмсақ, лимфа түйіндері және бауыры ұлғайған.

Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*тұмау

*+аденовирусты инфекция

*риновирусты инфекция

*парагрипп

*респираторлы-синтициальды инфекция

#900

*!Ер адам 40 жаста, механик, Жамбыл облысының тұрғыны, қатты ауруға шалдықты, оң жақ білегінде қышынудан жара дақтары қалды, ол жылдам везикулеге айналды, одан әрі жараға айналды. Аурудың 3-і күні – жағдайы қиын болды, жоғарғы безгек, мас болу, оң жақ білегінде – ауыртпайтын жара еніп түбімен, гиперемияланған жиектерімен, шағын везикулелерімен қоршалған. Қоршаған теріасты ісінуі оң иықты және білекті қамтиды. Пальпация кезінде – қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, орташа ауырмалы. Ақпараты бойынша- 3 күн бұрын жылғы союға қатысты.

Алдын ала диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады?

*оба

*+сібірлік жара

*листериоз

*туляремия

*пастереллез

#901

*!Ер жігіт, 45 жаста, АҚЖ зертханасының қызметкері, өткір ауруға жоғарғы температурамен шалдықты, озноб, миалгия, артралгия. Аурудың 3-і күні геморрагиялық синдромы пайда болды- теріге қан кету, шырышты, мұрыннан қан кету, қызыл иегінен қан кету, қоң ауруы, гематурия.

Алдын ала диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады?

*Ку безгегі

*лептоспироз

*+Геморрагиялық қызба

*тұмау

*сүзек безгегі

#902

*!Ер адам44 жаста, кенеттен- дене температурасы көтерілді, бас ауруы пайда болды, қалтырау, терлеуі, буындары мен сүйектерінде аурулар, оң жақ мықын ауруда, сұйық дәреті тәулігіне 3-5 рет. Қаладан шықпаған, асты үйде ішеді. Жеке меншікті үйде тұрады, атты асырайды, кеміргіштердің іздерін көрген. Объективті- жағдайы күрделі, дене температурасы 39◦С. Тіл айналасы ақ дақтармен қапталған. Қолтық асты лимфа түйіндері өсуде. Бауыры 2 см-ге өскен. Оң жақ мықынында аурулары бар екені белгілі. Дәретісұйық.

Алдын ала диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады?

*листериоз

*+иерсиниозбен

*туляремия

*лептоспироз

*Ку безгегі

#903

*!Әйел адам адам 33 жаста, өткен жыл ішінде қиындық тынысқа шағымдануда. Сальбутамол ингаляторын қолданады. Өршелену фармацевтикалық өндірістің жаңа жұмыс орнына ауысумен байланысты өсті. Бүгіннен бастап, ингалятор алып тастау мүмкін емес.

Наши рекомендации