Р түрлі манипуляцияларды орындау алгоритмі.
Дәрілік заттарды көк тамыр ішіне енгізу
Дағдыны меңгеруге қажетті медициналық құралдардың тізімі
Медициналық жабдықтардың немесе құралдардың атауы | Сипаттамасы |
Бір рет қолданылатын шприц | Көлемі 5 және 2 мл |
Алынып-салынатын инъекциялық инелер | Диаметрі 2 мм-ден кем емес |
Дәкелі тампон, шариктер | Диаметрі 1,5 см |
Этил спирті ерітіндісі | Флакон көлемі 50 мл |
Резеңкелі бұрау (жгут) | Ұзындығы 70 см |
Дистилденген суы бар ампула | Көлемі 5,0 мл |
Ампуланы кесуге арналған кескіш | Металлды немесе керамикалы |
Медициналық қолғаптар | Латекс |
Медициналық үстел | Металлды, стандартты егу бөлмесіне арналған |
Медициналық астау | Металлды, сыйымдылығы 300 мл |
Қолданған шприц және инелерді тастауға арналағн контейнер | Пластмассты стандартты, сыйымдылығы – 5 литр |
Медициналық пинцет | Металлды стандартты |
Медициналық салфеткалар | Маталы, көлемі 50х50 см |
Бикс | Металлический хромированный |
Кір сабын | 50 грамм |
Орамал | 70х40 см, |
Қолды сүтруге арналған салфеткалар | 40х40 см |
Жоғарға тыныс алу жолдарын қорғауға арналған маска | Көпқабатты дәкелі |
Қолдың астына салуға арналған жастықша | Поролон салынған |
- Егу бөлмесіне кірген пациентпен сәлемдесу
- Оның хал-жағдайын сұрау
- Пациенттен тағайындалған дәрінің бұрын қолданғандығы туралы сұрап анықтау
- Пациенттен аллергологиялық анамнезін сұрау
- Пациенттен көк тамыр ішіне егу жүргізуге келісімін алу
- Пациентке егілетін дәрінің ампуласының қорабын көрсету
- Қолды кір сабынмен жуу (гигиеналық әдіспен)
- Кранның шүмегін шынтақпен жабу
- Қолды салфеткамен немесе таза орамалмен құрғату
- Маска кию
- Қолғап кию
- Дәрілік зат бар ампуланы алып, сыртындағы жазуды оқу, дәрігердің тағайындаған дәрісімен салыстыру
- Дәрісі бар ампуланы медициналық үстелге қою
- Шприц салынған қағазды поршень жағынан ашу
- Иненің ұшындағы тесігін шприцтің шкаласына қарай бағыттап шприцтің конусына кигізу
- Иненің қалпағын шешпей шприцті қайта қорабына кигізіп медициналық үстелге қою
- Ампуланың сыртындағы жазуды тағы бір рет оқу
- Стерильді қапшықтан пинцетпен бірнеше дәкелі шариктерді алып, оларды таза астауға салу
- Спиртке малынған шарикпен ампуланың жіңішке мойынын сүртіп, шарикті астауға тастау
- Бір қолға ампуланы, екінші қолға ампула кесетін кескішті алып ампуланың жіңішке мойын бөлігінен кескіштің қырымен ампуланы айналдыра бір рет сызып өту
- Сызылған бөлікті және ампуланың мойынын спиртті шарикпен сүртіп, шарикті астауға тастау
- Құрғақ шарикті алып, оны жайып, ампуланың мойынын толық жабу
- Ампуланың мойынын бірінші және екінші саусақтың арасымен қысып абайлап сындыру
- Ампуланы үстелге қойып, шприцті алып инесіндегі қалпақты шешу
- Сол қолдың екінші және үшінші саусақтарының арасымен ампуланың түбін жоғары қаратып алу
- Шприцті оң қолмен ұстап, инесін ампуланың сыртына тигізбей, ішіне енгізу
- Шприцтің поршенін баяу төмен тарта отырып, ампуланың ішіндегісін шприцтің цилиндріне жинау
- Ампуланы қолданған шариктер салынған астауға салу
- Егер шприцтің цилиндрінде ауа көпіршіктері болса, шприцтің порненін өзіңе қарай тарты шприцтегі ауаны баяу итеріп шығару
- Есте сақтау! Ауа көпіршіктерін бір-біріне қосу үшін шприцтің корпусын саусақпен соққыламаңыз, ампуланың ішіндегі дәріне ауаға шашпаңыз. Иненің ұшынан тамшы ерітіндіні шығарыңыз
- Шприцтің инесін ауыстырыңыз, иненің ұшындағы тесікті шприцтің шкаласына қарай бағыттау
- Дәрісі бар шприцті пакетке салу
- Пациентті орындыққа отырғызып, алақанын жоғары қаратып қолын жастықшаға қолды сұрау
- Инъекция жасайтын орынды қарау, көктамырды анықтап оны пальпациялау
- Пациенттің ашық иық сүййегінің ортасын салфетка немесе орамалмен жауып екі ұшын жоғары қаратып бұрауды байлау
- Білезік артериясынан пульсті анықтау. Егер пульс анықталмаса бұрауды шешу. Қысқа уақытқа үзіліс жасап, манипуляцияны қайталау
- Пациентке саусақтарын бірнеше рет ашып-жұмып, соңынан жұдырығын түюін айту
- Инъекция жасайтын орынды спиртке малынған шарикпен 10х10см көлемде сүрту
- Басқа шарикпен тек инъекция жасайтын орынды сүрту
- Бұл шарикті пациенттің қолында немесе өзіңіздің сол қолыңыздың 4 және5-ші саусақтары арасында қалдыру
- Шприцті қорабынан алып, инесінің қалпағын шешу
- Иненің тесігін жоғары қаратып, оң қолдың саусақтарымен шприцті қоршай ұстап, сұқ саусқпен иненің муфтасын бекітіп ұстау
- Инъекция жасауға таңдалған көк тамырға параллельді етіп инемен теріні тесу, иненің тесігін толығымен терінің астына енгізу
- Иненің қозғалу бағытын 45˚-қа өзгерту, иненің ұшын тамырдың қабырғасына жақындату
- Көк тамырға пункция жасау, иненің қуысқа енгенін сезу
- Инені тамырдың бойымен жылжыту
- Иненің тамыр ішінде тұрғанын анықтау үшін шприцтің поршеньін өзіңе қарай тарту
- Цилиндрде қан пайда болғанда иықтағы бұрауды тартып шешу
- Тамырға дәріні баяу енгізуді бастау
- Инъекция жасау кезінде инъекця жасаған орында және пациенттің реакциясын бақылау
- Инъекция орнында үрлену пайда болса дәріні енгізуді дереу тоқтатып инені тамырдан шығару
- Дәрі енгізудің бұрыс белгілері байқалмаса және пациенттің жағдайы өзгермесе инъекцияны аяқтау
- Тамырдан инені шығармай тұрып саусақ арасына қалдырған шарикті алып инъекция жасаған орындағы иненің дистальді бөлігіне қою
- Сол қолмен мақтаны инъекция жасалған орында басып тұрып, тамырдан шприцпен бірге инені шығарып
- Пациенттен шынтағын бірнеше минутқа бүгіп ұстауын сұрау
- Инеге қалпағын кигізбей шприцті арнайы шприцтерді утилизациялауға арналған контейнерге тастау
- Қолғапты спирт ерітіндісіне малынған шарикпен сүрту
- Инъекция орынын қарау. Егер қан ақпаса шарикті қолданған шприцтер салынған контейнерге тастау
- Пациенттің жағдайын сұрап, оны палаталық мейірбикенің бекітіне дейін шығарып салу
- Медициналық үстелден шприцтердің қораптарын және бос ампуланы қалдықтар салатын қорапқа тастау
- Медициналық үстелді сүрту
- Қолғапты шешіп, контейнерге тастау
- Инъекцияның орындалғаны туралы журналға белгілеу