Сан сүйегінің шығулары
Жалпы шығулардың ішінде сан сүйегінің травмалық шығулары 3-7% құрайды. Жиі еңбекке жарамды ер адамдарда жарақаттың тура емес механизмі әсерінен пайда болады. Бағытына байланысты сан сүйегі басы ұршық ойығынан артқа және алдыға шығуы мүмкін. Сан сүйегі шығуларының төрт негізгі түрлерін ажыратады:
+ Артқыжоғарғы – мықындық;
Артқытөменгі – шонданай;
Алдыңғыжоғарғы- қасаға үсті;
Алдыңғытөменгі – бекітуші (запирательный)
Бірінші орында санның мықындық шығуы тұр (85%), содан кейін шонданай, бекітуші және ең ақырғы қасаға үсті.
Клиника және диагностика. Анамнезінде жарақат механизміне тән сипат, артынан пайда болатын ауырсыну және жамбас-сан буынындағы функцияның жоғалуы. Белсенді қозғалыстар мүмкін емес, пассивті қозғалыстар жасағанда «серіппелі қарсыластық» симптомы пайда болады. Аяқ деформацияланған және шығуға сай мәжбүрлік жағдайда.
Мықындық шығуда аяқ шамалы бүгілген, әкелінген және ішке ротацияланған. Аяқтың функциональды ұзындығының азаюы байқалады. Үлкен ұршық Розер Нелатон сызығынан жоғары жерде анықталады. Сан сүйегі басы шығу жағындағы бөксе аймағында пальпацияланады.
Шонданайлық шығуда аяқ біршама бүгілген, әшке ротацияланған және әкелінген. Сан сүйегі басы ұршық ойығынан төмен және артқа қарай пальпацияланады.
+ Қасаға үсті шығуында аяқ жазылған, біршама әкетілген және сыртқа ротацияланған. Сан сүйегі басы шап байламы астынан пальпацияланады.+ Бекітуші шығуда аяқ жамбассан буынында және тізе буынында бүгілген, әкетілген және сыртқа қарай ротацияланған. Үлкен ұршық сезілмейді, бекітуші тесік аймағында томпайып шығып тұру сезіледі.
Кохер әдісі. Мықындық және шонданай шығуларында тиімді.
Джанелидзе әдісі.
2.3,2.4 Травматикалық шығулар репозициясы. Травматикалық шығуларды оперативтік емдеу әдістері.
Емдеу – шыққан буынды орнына түсіріп, буында жыртылған тіндердің біту уақытына дейін қозғалыссыз қалыпта құрсаулап, таңып немесе гипспен бекітеміз. Ол үшін көбінесе гипспен таңуды 10-15 күнге қолданамыз, сонан соң қимыл –қозғалыспен емдеу басталады.
Шыққан буынды орнына түсіру жедел операция түріне жатады. Уақытында шыққан буынды түсіру жеңіл, бірақ күн өткен сайын буынды орнына түсіру ауырлай түседі. Буынды орнына түсірерде бұлшық еттің жиырылуын, ауыруын азайту үшін жақсы сезімсіздендіру қажет. Кейбір жағдайда жалпы, өткізгіштік, жергілікті жансыздандыру түрлері қолданылады. Қазіргі уақытта наркозбен қоса кураре тәріздес заттар қолданылады. Шыққан буынды түсіруде өте күшті күш қолдануға тиым салынған. Жансыздандырусыз буынды түсіруге болмайды, өйткені бұлшық еттің толық босаңсуы болмай, тіндерге қосымша жарақат жасалады. Кейін мүндай жағдайдың арты бұлшық еттің үзілуіне, буын ішінде беріштелуге, әдетке айналған шығуға соқтырады. Шыққан буын орнына түскенде өзіне тән «сылқ еткен» дыбыс шығады, бірақ кейінде өте баяу орнына түсіргенде бұл дыбыс шықпауы мүмкін. Буын орнына түскен соң, оны құрсаулап, таңып, бекіту керек. Буын қабы жазылған соң, 10-14 күннен кейін қозғалыспен емдеу басталады. Ол үшін буынды қалыпты қозғалтып, бұлшық еттеріне жандандыру, ЕФЖ (ЛФК), физиотерапия қолданылады. Кейбір жағдайларда буын ішіне буын қабының қысылып қалуына байланысты орнына түсіру мүмкін болмайды. Оны орнына түспейтін шығу, - дейміз. Бұл жағдайда емдеу тек операция арқылы шешіледі.
Кешіккен буын шығуы – оларға үш аптадан жоғары уақыт өткен шығулар жатады, оларға да операциялық ем қолданылады. Буын қабын ашып, буын беткейін ашық түрде орнына түсіреді, әрі қарай буын қабын құрастырып (артропластика), байланыс сіңірлерін қалпына келтіреді. Егер буынды қалыпқа келтіру мүмкін болмаса, еріксіз артродез операциясын жасайды. Артродез – буынды жою операциясы, буын құрастыратын сүйек беткейлерін қимылсыз қалыпта бір – біріне бітістіріп, жапсыру, бекіту жүргізіледі.
Әдетке айналған буын шығуы – көбіне алғашқы шығуды дұрыс салмаудан, жеткілікті жансыздандырмаудан, дұрыс бекітпеуден, байлап құрсаулаудың дұрыс болмауынан қалыптасады. Әлсіз қимылдан буын шығуы қайталана береді. Жиірек иық буынында анатомиялық құрылысына байланысты әдетке айналған шығу байқалады. Төсекте қозғалу кезінде, киіну, оқыс қимылдау кездерінде де әдетке айналған шығу пайда болады. Емдеу жолы – тек операциямен жүргізіледі.
Патологиялық буын шығуы. Патологиялық үрдіске байланысты шығу – буын құрылымының өзгеруінен (деструктивное), буын қабының созылып, кеңеюінен және салданудан (паралитическое) болып үш түрге бөлінеді.
Құрылымның өзгеруінен – буын құрастырған сүйек беткейлерінің бұзылуына байланысты қалыптасады.
Буын қабының кеңеюінен – буын қабының мөлшерден тыс, ішкі сұйықпен немесе іріңмен созылуына, кеңеюіне байланысты пайда болады.
Салданудан (паралитическое) – бұлшық еттің салдануға үшыруына байланысты, буынды қоршаған еттердің, сіңірлі байламдардың, шандырдың босаңсып кетуіне байланысты дамиды. Бұл патологиялық шығуды емдеу тек қана операция жолымен ғана жүргізіледі.
III Қорытынды
Қорытындылай келе, буын әр түрлі жағдайларда шығады: механикалық жарақат, спортта, транспорт авариясы, т. б кезде болуы мүмкін. Буын шыққанда аяқ қатты ауырып, ісініп, қозғалмай қалады. Мұнда да ауырған жерге суық шүберек басу керек. Буын шығуы белгілері: кенеттен шаншу, буын түрінің өзгеруі және оның қызметінің бұзылуы. Біршама уақыт өткен соң ісіну пайда болады. Жарақаттанған адамды мүмкіндігінше, зақымданған аяқ - қолдарын қозғалмайтындай орап, тез арада медициналық жәрдем көрсету пунктіне жіберген жөн. Қолдары зақымданған жағдайда орамал арқылы асып қояды, ал аяғы мертіккен кезде зақымданған адамды жұмсақ етіп төселген зембілге жатқызып, мертіккен аяғының астына жұмсақ жастық немесе киім салады. Еш уақытта сүйекті өз бетімен салуға болмайды, өйткені сүйектерді, нервтерді, тамырлар мен басқа да тканьдерді бүлдіріп алуы мүмкін.