Тақырыбы: Пастереллез қоздырушылары және жануарлар пастереллезін балау әдістері

Сабақтың мақсаты: Пастереллез қоздырушыларыныңбиологиялық қасиеттерін зерттеу және жануарлар пастереллезінің зертханалық балау (диагностика) әдістері.

Негізгі сұрақтар:

1. Пастереллез қоздырғышытарының ашылу тарихы.

2. Ауруға сипаттама (клиника, ағымы, эпизоотологиялық мәліметтер, патологоанатомиялық суреті).

3. Қоздырғыш қасиеттері және аурудың патогенезі.

4. Пастереллездың зертханалық диагностика әдісі.

Пастереллез (геморрагиялық септицемия) - жануарлар мен құстарда септицемиялық көріністер мен геморрагияльқ процестердiң туындауы айқын көрінетін, Pasteurella multocida тудыратын зiлдi ауру. Геморрагиялық септицемияға үй жануарлары мен құстың барлық түpi бейiм. Пастереллезбен адамдарда ауырады.

Пастереллез қоздырeшыcының 6 түрі бар: P.multocida, P.haemolitica, P.pnuemotropica, P.aerogenes, P.gallinarum және P.urea.

P.multocida – жануарлардың пастереллезі және құс холерасының қанталап қағынудың қоздырушысы, сондай-ақ вирустық респираторлық инфекциямен және микоплазмалармен асқынған өкпе пастереллезінің қоздырғышы.

P.haemolitica – барлық жастағы сиыр және қойларда пневмония туғызады.

P.pneumotropica – тышқан, қоян және зертханалық хайуандардың энзоотиялық ауруларының қоздырушысы, бұнда тыныс жолы зақымданады және абцесс пайда болады.

P.aerogenes - шошқаның ішек жолында тұрақты мекендейді. P.gallinarum – құстың жоғарғы тыныс жолдарында комменсал

ретінде кездеседі, уыттылығы төмен, көбінесе басқа созылмалы аурулардың тыныс жолдарындағы қоздырушыларымен бірлесіп өмір сүреді. P.urea – созылмалы атрофиялық тұмауда адамнан бөлінеді.

Жанурлардың патологиясында пастерелланың екі түрі шешуші орын алады: P.multocida-ның А, В, Д сероварлары және Р.haemolitica-ның А биотипі.

Морфологиясы бойынша пастереллалар - ұcaқ, қысқа, элипс



тәрiздi таяқшалар, ұзындығы 0,3-1,5 мкм және eнi 0,15-0,25 мкм, жеке, кейде қос-қостан, сирегiрек тiзбектелiп орналасады. Таяқшалардың түpi мен мөлшерi шыққанан ортасына байланысты әр түрлi болады. Ірі қара малдан бөлiп алған өсiндiлер бiртектi, ұзын, шошқада - сопақша, құста - домалақ.

Қан және ағзалардың жағындысында, Романовский - Гимза әдiсiмен бояғанда биполярлы болып боялады, грамтepic, спора түзбейдi, Эпизоотикалық штамдарда қауашағы болады (әcipece, шошқадан бөлiп алған штамдарында). Пастереллалардың қауашағы уыттылығымен тікелей байланысты. Қауашақсыз штамдардың уыттылығы төмен болады.

Морфологиясы бойынша қан жағындыларында және өлген малдың ағзаларындағы жағынды пастереллаларды оба микробынан айыру қиын.

Патогендігі.Пастереллезге үй және жабайы хайуандардыңбарлық түрлері бейім. Адамда пастереллезбен ауырады. Ауру және ауырып жазылған малдар инфекцияның негізгі көздері. Ауру көбіне жайылым (әсіресе ылғалды және сазды топырақта) эпизоотия түрінде өтеді - көктем, жаз және күз (жауын, салқындық, келеңсіз жайылым) айларындағы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан организмнің резистенттілігі төмендейді. Жылдың басқа уақытында спорадиялық түрі кездеседі.

Сиыр және енекенің 6 айлықтан 1-2 жылдықтарына дейінгі төлдері жиі ауырады. Ересектері сирек ауырады.

Аурудың өтуі және симптомдары.Жасырын кезең1-2күн.

Ауру өте жіті, жітілеу және созылмалы түрінде өтеді.

Өте жіті пастереллез кенеттен шығады, дене қызуы 41-42 C дейін көтеріледі, жануар күйзеледі. Бірнеше сағаттан кейін, жүрек жұмысы нашарлап, өкпесі ісіп, кейде қан тышқақтан, әлсіреп барып өледі.

Жіті түрінде ауру мал жабырқанады, жуасиды және азықтан бас тартады. Тұмсығы құрғақ және суық, сиырдың күйсеуі және сауыны тоқталады. Аурудың бастамасында перистальтика және дефекация бәсеңдейді, сонан соң нәжісі сұйылады, кейде фибринозды үлпек және қан араласқан. Малда септицемияның картинасы дамиды, жүрек нашарлайды және 1-2 тәулікте өледі.

Жітілеу түрінде аурудың бастапқы клиникалық көріністеріне пастереллездің ісіну, кеуде және ішек формалары қосылады.



Жіті формасында бас, мойын, омырау, құрсақ, аяқтарының терісінің астында ісік пайда болады. Ауыздың және тілдің кілегей қабықтары ісіңкі. Жануарлар жүректің өріс алған әлсіздігінен, асфиксиядан екінші тәулікте өледі.

Өкпелік формасында алқымды (фибринозды) пневмония: жабырқану, мес қарынның атониясы, демалысы жиіленеді және қиындайды, құрғақ жөтел, мұрыннан көбікті сұйықтық ағады, өкпеде қырылдау пайда болады. Мал 5-8 күннің ішінде өледі.

Ішек формасы - іш өтеді, шөлдейді, әлсірейді, арықтайды, кератит болады, буындары іседі, қан араластырып тышқақтайды және 2-7 күннің ішінде өледі.

Созылмалы формасында – пневмонияның белгілері байқалады, мал әлсізденіп, арықтайды, буындары іседі және экзема шығады. Пастеррелланың қатысуымен аралас инфекция болуы мүмкін.

Патологиялық анатомиялық өзгерістер.Көзге көрінетін кілегейқабықтары қанға толы және кей жерлерінде қанталау байқалады. Тері асты қан тамырлары қанға толы. Тері астындағы ісікте ет, дәнекер ұлпаларына сарғыш немесе сарғыш-қызыл экссудат сіңген. Құрсақ және кеуде қуыстарында серозды немесе серозды-геморрагиялық сұйықтық жиналғаны көрінеді; қан талау әсіресе плевра асты және бүйректің капсуласының астында ауқымды. Ішектің кілегей қабықтары ісіңкі қызарған, қан талау байқалады. Мезентериалды лимфа түйіндері шырынды, ісіңкі, қан талаған.

Көмекей, кеңірдек, бронх кілегей қабықтары қызарған, кейде көбікті кілегеймен жабылған. Өкпе қанға толы, ісінген. Өкпе және қабырға плеврасына қан құйылған. Жүрек қалтасында кейде геморрагиялық экссудат болады. Жүрек еті болбыр, көпшілік жағдайда сұр реңді. Эпи- және эндокард астарына қанталау байқалады. Әсіресе жүрек қан тамырларының бойымен, қолқа үстінде және жүрек құлақтарында қанталау ошақтары анық көрінеді.

Наши рекомендации