Дәрігерлік санитарлық бөлімдер.
Дәрістің тақырыбы:Емдеу алдын алу мекемелері.Медициналық құжаттар және олардың толтырылуы.
Дәрістің жоспары:
1.Емдеу профилактикалық мекемелер және олардың түрлері.
2.Емдеу мекемелердің міндеттері.
3.Профилактикалық тексерулердің мақсаты.
4.Медициналық құжаттар және олардың толтырылуы.
Емдеу және алдым алу мекемелері екіге бөлінеді:
Амбулаториялық типті.
Стационарльіқ типті.
Амбулаториялық типті емдеу мекемелеріне:
1. Емхана
2. Амбулатория.
3. Медициналық санитарлық бөлім.
4. Сауықтыру пункттері.
5. Фельдшер - акушерлік пункті (ФАП).
6. Диспансер.
7. Әйелдер кеңес орны.
8. Жедел жәрдем станциясы жатады.
Стационарлық типті емдеу мекемелерінің құрамына кіреді;
1. Аурухана.
2. Клиника.
3. Госпиталь.
4. Саноторий мен курорттар.
5. Медициналық санитарлық бөлім.
Амбулаториялар.
Амбулатория- ауруханадан тыс медициналық көмек көрсететін және дәрігерлер негізгі мамандықтар бойынша қабылдайтын емдеу мекемесі. Амбулаториялар аудандық емханаларға қарасты болады және амбулатория дәрігерлері жоспарлы түрде шығып, фельдшерлік -акушерлік пункттің жұмысын тексеріп, науқастарды қабылдайды. Амбулаториялық жағдайда медицииалық көмек учаскелік принцип бойынша жүргізіледі. Амбулаториялық мейірбике міндеті; кабинетті және науқасты дәрігер қабылдауына дайындау, қабылдау кезінде дәрігерге көмек көрсету, амбулаториялық кітапшаның паспорттық бөлімін толтыру, рецепт жазу, күрделі емес медициналық манипуляцияларды орындау, диспансерлік науқастарды тұрақты бақылып тұру, патронаж жасау, санитарлық ағарту мен профилактикалық жұмыстар жүргізу.
Емхана - бұл біріккен ауруханалар құрамына кіретін емдеу профилактикалық мекеме. Емханада қазіргі құрал жабдықтармен,жаңа аппаратуралармен жабдықталған диагностикалық кабинеттер, процедуралық кабинет және тәулік бойы жұмыс істейтін пункттері бар. Емханада дәрігерлер барлық мамандық бойынша науқастарды қабылдайды, зертханалық, ренгенологиялық, функциональдық тексерулер жүргізеді, келе алмайтын науқастар дәрігерді үйіне шақырып білікті көмек пен кеңес алады. Созылмалы сырқаты бар науқастар диспансерлік есепте тұрады, олар профилактикалық тексерулер мақсатымен үнемі дәрігер қадағалауында болады.
Мейірбике міндеті; дәрігер қабылдауына кабинетті дайындау,
амбулаториялық кітапшаларға зерттеу қағаздарын жапсыру, қызуы
жоғары науқастарды бірінші кезекте дәрігердің қарауын қамтамасыз
ету, қабылдау кезінде дәрігерге көмектесу, рецепт жазу,
зерттеулерге жолдама жазып оны түсіндіру, диспансерлік есепте
тұрған наукастардың құжаттарын реттеу, олардың уақытылы
дәрігерге келуін қадағалау. Учаскеде санитарлық эпидемияға қарсы
шараларды және тұрғындар арасында санитарлық ағартужұмыстарын жүргізу. Емханада арнайы кабииеттер бар. Емханада істейтін мейірбикелер екі топқа бөлінеді;
1. Терапевтік саладағы кабинеттерде істейтін медбикелер дәрігердің
қабылдауында процедуралар, манипуляциялар жасамайды.
2. Хирургиялық саладағы кабинеттерде істейтіндер медбикелер
науқастарды қабылдау кезінде түрлі емдеу диагностикалық
манипуляциялар мен процедуралар жасайды.
Сауықтыру орны немесе сауықтыру пункті. Сауықтыру пункті
өнеркәсіптік кәсіпорындарда, құрылыстарда, жоғары және арнайы
оқу орындарында, кәсіптік-техникалық училищелерде ұйымдастырылған медициналық санитарлық бөлімдердің, емханалардың бөлімшесі. Сауықтыру орны дәрігерлік, фельдшерлік болады.Сауықтыру пунктінде зақымдану, кенет ауыру, улану кезінде алғашқы білікті медициналық көмек көрсетіледі, қарапайым емдеу процедуралары (байлап- таңу, қыздыру, оңқа қою ) жасалады және санитарлық бақылау, жұқпалы аурулардың алдын алу, профилактикалық дәрі егулер, жұмыс істейтіндер мен оқушылардың арасында санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі.
Диспансер- белгілі бір аурумен ауыратын науқастарды тауып, есепке алатын емдеу профилактикалық мекеме. Өкпе ауруына қарсы, тері- венерологиялық, қатерлі ісік, наркологиялық және эндокринологиялық психо невралогиялық диспансерлер бар.
Диспансерлерде арнайы емдеулер жасалады, мейірбике сырқат есебін жүргізеді, сырқаттың дәрігер қабылдауына келуін ұйымдастырады, профилактикалық шаралардың дер кезінде жүргізілуін қадағалайды, патронаждық жұмыс жүргізіледі.
Әйелдер кеңесі босанатын үйдің немесе емхананың құрамдас
бөлімшесі. Бұл мекемеде жүкті әйелдерге акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету және оларды диспансерлеу жүзеге асырылады. Мейіркеш жүкті әйелдерге патронаждық көмек көрсетеді, оларға жеке басының гигиенасы мен туған нәрестенің күтімін үйретеді.
Дәрігерлік санитарлық бөлімдер.
Дәрігерлік санитарлық бөлімдер өнеркәсіп кәсіпорындарының және транспорт қызметкерлеріме, олардың отбасы мүшелеріне емдеу-профилактикалық көмек көрсетуге арналған қалалық емхана немесе емханасы бар ауруханалар. Мейіркеш учаскелік әдіспенжұмыс істейді. Ол диспансерлік есепте тұрған жұмысшылардың профилактикалық дәрігерге көрінуін ұйымдастырады, науқас есебін жүргізеді, цехтарда санитарлық активтердің құрылуына қатысады, санитарлық постардың мүшелеріне нұсқау береді, асхана меи буфеттің, жуынатын, демалатын бөлменің санитарлық жағдайын тексереді, дәрігер қабылдауына қатысады.
Медициналық жедел жәрдем стансасы. Медициналық жедел жәрдем стансасы барлық қалаларда ұйымдастырылған және халыққа күні - түні медициналық көмек керсетеді. Орта медицина қызметкерлерінің бәрі де бригадир дәрігерге көмектеседі, стационарда бригада жұмысын фельдшер басқаруы мүмкін. Жедел жәрдем стансалары арнаулы көлікпен алғашқы көмек және реанимация шараларын көрсету үшін аспаптармен, қажетті құрал жабдықтармен, дәрі дәрмекі бар жәшікпен жабдықталған болады. Кезек соңында жауапты фельдшер дәрігерлік жәшікті, оның кем жерін толтыру үшін дәріханаға немесе аға фельдшерге тапсырады, басқа жабдықтарын өзін алмастыратын жауапты фельдшерге тапсырады.
Ауруханалар. Ауруханалар төсек тартып жатқан сырқаттарга арналған емдеу-профилактикалық мекеме.
Аурухананың негізгі бөлімдері; қабылдау бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлімі және емдеу бөлімдері.
Емдеу бөлімдеріне диагностикалық және емдеу кабинеттері, операциялық, процедуралық, жараны таңу бөлімдері мен арнайы бөлімдер, дем алуға арналған орындар, буфеттер мен асханалар, көмекші бөлмелер кіреді. Мейірбике міндеттері:
1.Дәрігерлік аралау кезінде қатысу, дене қызуы мен қан қысымын
өлшеу, тамыр соғуын есептеу, науқастың жалпы жағдайы мен
организмнің физиологиялық қызмет атқаруын бақылау, қажет
жағдайда дәрігерге дейін алғашқы көмек көрсету, дәрі тарату
және дәріні қабылдауын қадағалау, манипуляциялар жасау, дәрі
құю.
2. Науқас күтімін жасау: киіндіріп-шешіндіру, ауыз қуысын , терісін күту, ойылудың алдын алу және ойылуды емдеу, науқастарды шомылдыру, тамақтандыру, т.б.
3. Жұмыс орнын, дәрі дәрмектерді дайындау, медициналық аспаптарды жуу, зарарсыздандыру.
4. Медициналық құжаттармен жұмыс істеу; дәрігерлік аралауға ауру тарихын (аурунама) дайындау, зертханалық, аспаптармен зерттеулерге, дәрігерлік кеңеске жолдама жазып беру, науқасқа ауруханадан шығарарда құжаттар көшірмесін, анықтама мен ауруханалық қағазды толтыру.
Госпиталь әскери адамдармен мен әскер қатарында өз қызметтерін атқарып жүрген сарбаздарды және қызмет барысында ауырып мүгедектік алғандарды емдейтін емдеу профилактикалық мекеме.
Клиника.Бұл емдеу мекемесі емдеу жұмыстарымен ғана емес, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын стационарлық емдеу мекемесі. Бұл жерде науқасты жан жақты тексеріп, емдеу толық аяқталады.