Шошқа тілмесін зерттеу әдістері

Зерттеуге арналған материал:

Шошқа обасын, паратифті, пастереллезді және басқа да індеттік ауруларды қоспау мақсатында ең жақсысы жас өлік, болмаған жағдайда – жекеленген мүшелер: көк бауыр, бүйректер, бауыр, жүрек, лимфа түйіндері, түтік тәрізді сүйек; есекжемде – зақымданған тері аумақтарының бөлікшелері; созылмалы түрінде (веррукоздық эндокардит) – жүректік клапандардың кеңеюімен зақымданған жүрек, ал буындардың (артриттер) зақымдануында – жарып сойылмаған буын; құстар және ұсақ жануарлар үшін – тек қана бүтін өлік.

Зерттеуге арналған материалды зертханаға тез арада жеткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда келесі түрде жібереді:

а) бұлшықет пен сіңірден мұқият тазаланған тұтас түтік тәріздес сүйек пен буынды қандай да бір дезинфекциялаушы ерітіндімен дымқылданған марляға орайды (карбол қышқылының 5% ерітіндісі, 1:1000 қатынасындағы сулема); сондай - ақ сүйек пен буындарға ас тұзын себуге болады;

б) паренхиматозды мүшелер немесе олардың бөліктері, сонымен қатар зақымданған терінің бөлікшесін 30% глицериннің сулы ерітіндісімен консервілейді.

Зерттеу тәртібі:

Өлікті немесе жекеленген мүшелерді сойып жару; кәдімгі қоректік орталарға себу (ЕПА, ЕПС); жүрек қанынан және



мүшелерден жұғынды–таңбаларды дайындау; зертханалық жануарларды (ақ тышқан, кептер) жұқтыру; патологиялық материалдардың эмульсиясымен егілген жануарлар тірі қалса, таза жануарларды бөлініп алынған таза өсінділермен жұқтыру тәжірбиесі жүргізіледі; өлген тәжірбиелік жануарларды сою; жағындыларды микроскопиялау және қоректік орталарға себу.

Зерттедің биологиялық әдісі:

Зертханалық жануарлардан кептер, ақ тышқан, қоян (соңғылары тек қана тамыр ішінде енгізгенде) бейім. Жұқтыру үшін жас жануарларды қолданған жақсы. Тәжірбие үшін 16 – 18 г. салмақтағы ақ тышқандарды алады. Теңіз шошқаларын қарапайым әдістермен жұқтырғанда тілме індетіне бейімділік көрсетрейді. Жұқтыру үшін материалға паренхиматозды мүшелердің ас тұзы стерильді физиологиялық ерітіндісінің эмульсиясы, ал қажетті жағдайда – қоздырғыштан бөлініп алынған таза өсінді қызмет етеді (24 – 48 сағаттық ЕПА өсінділері немесе 36 сағаттық ЕПС өсінділерінің шайындылары) қызмет етеді. Кептерлердің бұлшықетіне (көкірек бұлшық етінің қалындығына) 0,3 – 0,5 мл-ден, ақ тышқандарға – тері астына (арға тұсына) 0,2 – 0,3 мл-ден жұқтырады. Енгізілген материалда қоздырғыштың уыттылығы жеткілікті болса, жануарлар өледі: кептерлер әдетте 2 – 4 тәуліктен соң, ақ тышқандар 3 – 6 тәуліктен соң. Жұқтырылғаннан кейін 24 – 48 сағат өткеннен кейін ақ тышқандар аурудың клиникалық белгілерін көрсетеді: әлсіздік, жүннің ұйпалануы және іріңді конъюнктивит.

Шошқа – хрониктерден (R – формалардың басымдығы) алынған эмульсия – материалмен немесе уыттылығы әлсіз өсініділермен жұқтырылған тәжірбиелік жануарлар кешірек мерзімде өледі немесе тірі қалады. Өліктің іріңді шіруіне тәжірибелік жануарларды жұқтыру үшін тері бөлікшесін, көк бауырды немесе бүтін трубкалы сүйектің сүйек кемігін алу қажет. Аталған мүшелер шіру микробтардың, соның ішінде тышқан септицемиясы бактерияларының (B. murisepticus) енуіне ұзағырақ қарсы тұра алады. Сол сияқты жағдайларда қателіктерлі жіберіп алмау үшін материалмен жұқтырғанда тәжірбиелік жануарлар ретінде тышқанды емес, бәрінен де кептерді қолданған жөн.

Қояндарды тілме өсінділерімен немесе патологиялық материалдың эмульсиясымен тері астына, ал кейде тері ішіне жұқтырғанда, олардың бір бөлігі кішіңкіреген мерзімде өлді



(аурудың созылмалы түрі). әдетте осыған ұқсас жағдайларда өлген қояндардың паренхиматозды мүшелерінен және қанның тілме өсіндісі бөлінбейді. Егілген жануарларға бақылау – кептер, ақ тышқанға 8 – 10 күнге дейін, ал қояндарға 30 – 45 күнге дейін жүргізіледі.

Серологиялық зерттеу:

Шошқа тілмесінің созылмалы түрін серологиялық балау үшін агглютинация реакциясын 2 модификациясы ұсынылған: а) зерттелетін қан сарысуымен қойылатын реакцияның пробиркалық әдісі және б) зерттелетін жануардың сұйытылмаған қанымен немесе қан сарысуымен қойылатын пластинкалық (жеделдетілген) әдіс. Соломкинмен тәжірбиелік қолдануға енгізілген агглютинация реакциясы тәнді және құнды болып табылады, әсіресе шошқа тілмесінің созылмалы түрлерін диагностикалауда.

Антиген дайындау. Ет–бауырлы сорпада өсірілген тәуліктіктілме өсіндісін 10 мл-ден (pH=7,2 – 7,4) бауырлы агарда матр колбаларына (300 см² көлемде) себеді. Егілген өсінді ылғатылғаннан кейін агар колбасының беткейін (агармен жоғары) термостатқа (35 – 37ºC) 48 сағатқа қояды. Барлық колбаларды 24 сағат өткенен соң, өсуін, тазалығын тексереді, агардың бетін қайта дымқылдатып тағы термостатқа салады. Өсу мерзімі өткеннен кейін колбалардағы өсінділерді ас тұзының физиологиялық ерітіндісінде 0,4% формалинмен 20 – 25 мл мөлшерінде шайма алады. Алынған эмульсияны кәдімгі колбаға үш қабатты залалсыздандырылған марлямен варонка арқылы сүзгіден өткізеді, содан соң жабылған центрифугалық пробиркаларда (залалсыздандыруды сақтау үшін) 4000 айналым\минутта 1 сағат центрифугалайды. Егер пробиркалар үлкен емес болса, ал эмульсиялар көп дайындалса, онда центрифугаттан сұйықтықты төгіп, тұнбаға эмульсияның келесі мөлшерін құяды. Осы сияқты үстіне қосу барлық эмульсия центрифугаланып болғанша жүргізіледі. Сұйықтық тұнбадан соңғы рет құйылып алынғаннан кейін пробиркаларды залалды сүзгіш қағазға төгеді. 3 – 5 минуттан кейін, пробиркалардан барлық сұйықтық ағып жиналғанда, бактерия денешіктерін ас тұзының физиологиялық ерітіндісінде 0,4% формалинмен жояды; алынған эмульсияны залалды флаконға құяды. Шайма үшін сұйықтықты 1 мл-де бактерия денешіктері 6 – 7 миллиардтан (стандарттан қою) жоғары болатындай есеппен алады. Эмульсиясы бар флаконды резина тығындысымен жауып,



сұйықтықта микробтардың бір келкі қоспа алғанша белсенді түрде қозғалтады. Одан кейін 0,2 – 0,4 мл қоспаны алып бактериялық стандарт бойынша (1 мл-де 5 млрд. Бактерия денесі) эмульсия осы стандартқа сәйкес болу үшін сұйықтықтың қажетті мөлшерін анықтайды. Флаконнан эмульсияны басқыштап цилиндрге құяды және стандарт қоюлығын алу үшін физиологиялық ертіндіде 0,4% формалиннің қажетті мөлшерінің есебін жүргізеді. Содан соң сұйықтықтың қажетті мөлшерін қосады және антигенді қайтадан бөтелкеге құйып, резинка тығынымен жабады және термостатқа 24 сағатқа қойғаннан соң антигеннен стерилдігін (ЕПА, ЕПС және МППБ) себінділер жасап және зиянсыздыққа (0,2 мл антигенді ақ тышқанның тері астына егеді) тексереді. Егілген жануарларға бақылау мерзімі – 10 күн. Тышқандар тірі қалу керек. Дайын антигенді ампулаларға өлшеп салып, этикетке жабыстырады.

Антигенді агглютинабильдік қасиетіне тексеру оның төрт тамшысына жүргізіледі. Антигеннің бірінші тамшысына тілмеге қарсы қан сарысуының тамшысын (0,001 шамасында), екінші тамшысына – қалыпты шошқа қан сарысуының тамшысын, үшіншісіне – ас тұзының физиологиялық ерітіндісінің тамшысын тамызады, ал антигеннің төртінші тамшысына ешнәрсе тамызбайды (бақылау). Қосылған тамшыларды антигенмен тез араластырып, содан кейін шыны дөңгелек сияқты айналма қозғалыспен (шыны темпеатурасы 15 – 20ºC болуы қажет) шайқайды. Агглютинация бірінші тамшыда бірнеше секундтың ішінде (10 – 80) болу керек және 3 – 5 минуттың ішінде қалған үш тамшыда болмауы тиіс.

Антиген агглютинация реакциясын сұйытылмаған қанмен немесе қан сарысуымен пластинкалық (классикалық) әдіспен қоюға жарамды. Антигенді 8-ден 15ºC – қа дейінгі температурада қараңғы құрғақ жайда сақтау қажет. Антигеннің жарамдылық мерзімі – 6 ай. Антигенді қолдану алдында біркелкі эмульсия түзілгенше шайқайды.

Агглютинация реакциясын қою техникасы:

Қанды алу. Реакцияға қанды малдардың2 – 3мл көлеміндеалады. Агглютинация реакциясын (АР) қою үшін қанның орнына зақымданған буындардағы пунктатты (синовиалдік сұйықтық) қолдануға болады. Алынған қан сынамалары зертханаға зерттелу (тексеру) үшін оларды алған уақыттан бастап 24 сағаттан кешіктірмей жеткізілуі тиіс. Реакцияны жеделдетілген әдіспен



(пластикалық) сұйылтылмаған қанмен шаруашылықтың өзінде қоюға болады.

Реакцияны жеделдетілген әдіспен қою техникасы:

Реакция заттық шыныларда қойылады. Шыныны алдын ала майсыздандырады және құрғағанша сүртеді. Алынған сынамадан тамшы қанды (0,004 - 0,006 мл мөлшерінде) немесе сарысуды (0,002-0,003 мл) алады және шыныға антиген тамшысына екі тамшыны араластырады. Ілгек қан тамшысын 0,005 мл шамасында алады. Қан сарысуының тамшысының қажетті мөлшерде алу үшін ілмекті екі есе кішкентайғып жасайды. Сынымадан қанды немесе сарысуды алардың алдында әрбір ілгекті қыздырады.

Реакцияны есепке алу. 1-2минуттың ішінде жақсы байқалатынмакроскопиялық ұқсас немесе ірі, ақшыл-сүр түсті үлпектердің немесе түйіршіктердің тамшының шетінен ортасына қарай түзілуі оң реакция болып саналады. Үлпектердің толық емес немесе анық емес байқалуы күдікті деп саналады және сол кезде қайталанады. Екі рет күдікті нәтижелер алынса, осы қан сынамасы (сарысуы) пробиркалық әдіспен зерттеледі.

Үлпектердің (түйіршіктердің) құлауы болмаса, реакция теріс деп саналады.

Реакцияны пробиркалық әдіспен қою техникасы:

Агглютинация реакциясын пробиркада қою үшін 1:50 және 1:100 қатынасындағы зерттелетін қан сарысуы қолданылады. Әрбір пробиркаға антигенді 2 тамшыдан қосады. Антигеннің жарамдылығын тексеру үшін әрбір реакцияны қойғанда келесі бақылауды қояды:

Антиген + 1:100 қатынасындағы тілмеге қарсы қан сарысуы. Антиген + қалыпты қан сарысуы, Антиген + физиологиялық ерітінді.

Реакцияны 1 мл көлемде қояды. Реакцияны оқу пробиркалар термостатта 2-3 сағат түрғанан кейін, содан соң бөлме температурасында тәуліктін соңына дейін тұрғаннан кейін жүргізіледі. 1:50 қатынасындағы қан сарысумен пробиркада үлпектердің немесе түйіршіктердің тұнбаға түсуі оң реакция деп саналады.

Диагнозды клиникалық, патологоанатомиялық мәліметтердің және бактериологиялық, серологиялық зерттеу нәтижелерінің негізінде қойылады.

Ажыратып балау:



Шошқа тілмесінің өсінділері өздерінің қасиеттері бойынша, тышқан септицемиясының (B. murisepticus) және адам эризипелоидының қоздырушыларына ұқсас. Сенімді дифференциалдық айырмашылықтары жоқ. Көрсетілген қоздырушылары микроорганизмдердің сол бір түрінің тек қана әр түрлі нәсілдері деп (Андреев) санайды. Пастереллез қоздырушысының тобы тілмелік өсініділерден грам бойынша боялу жағынан, ЕПЖ өсу сипатымен (өкілмен) және биологиялық (қоян), микроскопиялық (овоидтар) айырмашылығы бар. Листериоз қоздырушысынан шошқа тілмесінің микробтары бір қатар белгілер бойынша өзгешеленеді (қозғалуы, салицинды ыдыратуы, каталазаны түзуі, конъюнктивалды сынама, АР-ның нәтижесі).

Қорытынды. Алдын–ала жауап екі тәуліктен соң беріледі.Асығыс жағдайларда жаңа материалды зерттегенде микроскопия бойынша (тілме бактериялары табылса) алдын – ала жауап бірнеше сағаттан соң берілуі мүмкін. Шаруашылыққа соңғы жауап 5 – 6 тәуліктен соң биологиялық зерттеу аяқталысымен беріледі.

Диагноз қойғанда нені ескеру қажет:

Жіті түрдегі тілме жіті түрдегі обомен және аздап геморрагиялық септицемиямен және топалаңмен шатастырылуы мүмкін. Обаны дифференциацияланғанда аурудың пайда болу мезгілін және ауырған малдың жасына назар аудару қажет. Тілмеден айырмашылығы обамен барлық жастағы шошқалар және жылдың кез – келген мезгілінде ауырады. Клиникалық байқау кезінде терідегі қызыл дақтардың сипатына көңіл бөлу маңызды: тілмеде – гиперемияны басқанда жоғалады, обада – қан талауларды басқанда жоғалмайды. Қанды зерттеудің дифференциациялық маңызы бар: тілмеде гиперлейкоцитоз (20000 және одан жоғары) және эозинофилия (15% және одан жоғары); обада керісінше, лейкопения (8000 және одан төмен) және эозинопения (1 – 0,5%). Обаның жіті түрінен өлген жануарларды сойғанда сірлі және кілегейлі қабықтарда жаппай қан талаулар, әсіресе лимфа түйіндерінде (периферияда және тереңдіктерде – мраморлы бояулар), бүйрек капсулаларының, көк бауырдың астында, көмекей үсті кілегей қабығы және т.с.с. Пастереллез және топалаң тілмеге қарағанда әлсіз контагиозды және жиі жекеленген спорадиялық жағдағдайлар түрінде кездеседі. Бұл екі ауру жиі ангина және көмей мен жұтқыншақ аумағындағы ісінумен өтеді, ал бұл тілмеде болмайды. Күдікті жағдайларда бактериологиялық зертханаға



зерттеуге паренхиматозды мүшелердің бөлікшелерін 30%-і глицеринге салып және түтікшелі сүйектерді де жібереді. Тілменің созылмалы түрі тері некрозы және эндокардитке тән. Тілменің созылмалы түріндегі клиникалық диагностикалағанда тілменің антигенімен қан сарысуын агглютинация реакциясында зерттеу айтарлықтай көмек береді. Ол үшін жануарлардың құлағынан немесе құйрығының ұшынан қан алып зертханаға жібереді. Егілген шошқалар агглютинация реакциясымен 1½ айдан кейін, ал сарысумен емделетіндерді егілгеннен кейін 1 айдан кейін зерттелінуі мүмкін.

Бақылау сұрақтары:

1. Шошқа тілмесі ауруына сипаттама беріңіз.

2. Шошқа тілмесі қоздырушысын атаңыз.

3. Шошқа тілмесі қоздырушысының морфологиялық белгілерін сипаттаныз.

4. Оларды өсіру үшін қандай қоректік орталар қолданылады?

5. Шошқа тілмесінің қоздырушысы қандай ферментативтік қасиеттерге ие?

6. Шошқа тілмесінің патогенезі қандай?

7. Ауру қандай формада өтеді?

8. Аурудың негізгі клиникалық белгілерін атаңыз?

9. Шошқа тілмесінің негізгі балау әдісі қандай?

10. Бактериологиялық зерттеуге қандай патологиялық материал алынады?

11. Шошқа тілмесінде биологиялық зерттеу қалай жүргізіледі?

12. Шошқа тілмесін қандай аурулардан ажырату қажет.

Тест сұрақтары:

1.Шошқа тілмесінің қоздырушысы?

А) Erysipelothrix insidiosa

B) Diplococcus lanceolatus

C) Pasteurella multocida

D) Clostridium chauvoei

E) Escherichia coli

2. Шошқа тілмесінің қоздырушысының морфологиясы? А) иректелген В) ланцет түрлі екіден жұптасқан коккалар



С) қысқа шеттері имектелген, ұршық тәрізді таяқшалар Д) қысқа жіңішке таяқша Е) қысқа жуан таяқша

3. Тыныс алуы бойынша шошқа тілмесінің қоздырушысы қандай топқа жатады?

А) анаэроб В) облигатты анаэроб С) аэроб

Д) факультативті анаэроб Е) факультативті аэроб

4. Шошқа тілмесінің қоздырушысы спора және капсула түзеді ме? А) спора түзеді В) капсула түзеді

С) спора және капсула түзбейді Д) капсула түзбейді Е) спора түзбейді

5. Шошқа тілмесінің қоздырушысын өсіру үшін қандай қоректік орта қолданады?

А) Среда Эндо В) МПА,МПБ,

С) среда Плоскирева Д) среды Терских Е) среда Китт-Тароцци

6. Тілмеге қандай жастағы шошқалар шалдығады?

А) енесінен айырғанда В) 3 - 12 айда С) 1-2 жасында

Д) туғаннан кейн бірінші бес тәулікте Е) 3 жастан асқанда

7. Шошқа тілмесінің жітілеу түрі қандай клиникалық белгілермен сипатталады?

А) дене температурасының көтерілуі, ақсау В) аурудың жоғары жұғымталдығы және агрессивтігі

С) бас, қабақ, маңдай, төстің тері астындағы шелдің ісінуі



Д) кілегей және қан аралас іш өту, артрит Е) теріде төртбұрышты, ромбтәрізді қанталаулы дақтардың пайда болуы

8. Қоздырушының жұғу жолдары? А) аэрогенді В) алиментарлы, жарақат арқылы

С) зәр бөлу жолдары арқылы Д) жыныстық Е) тері арқылы

9. Шошқа тілмесін басқа аурулардан қалай ажыратады А) клиникалық белгілерінен В) аурудың өтуі бойынша

С) серологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша Д) бактериологиялық зерттеу нәтижесінде Е) патологиялық-анатомиялық белгілерінен

10. Шошқа тілмесін алдын алу үшін қандай вакцина қолданылады? А) СТИ штаммынан вакцина В) ВР -2 штаммынан вакцина С) анатоксинвакцина Д) вакцина жасалмаған

Е) 82 штаммынан вакцина

Шошқа тілмесін зерттеу әдістері - student2.ru

а б

79 сурет. Erysipelothrixinsidiosa тізбектері.

а – тегіс S – формалы түріндегі микробтардың тізбектері

б – тегіс емес R – формалы түріндегі микробтардың тізбектері



Шошқа тілмесін зерттеу әдістері - student2.ru

80 сурет. Аурудың жіті түрінен өлген шошқаның өліксесі

Шошқа тілмесін зерттеу әдістері - student2.ru

81 сурет. Аурудың жітілеу түрінен өлген шошқаның өліксесі (есекжем)

а) б)

Шошқа тілмесін зерттеу әдістері - student2.ru

82 сурет. Тік бұрышты, ромб тәріздес есекжем кезіндегі дақтар (а – бастапқы кезеңінде, б – даму кезеңінде)

Шошқа тілмесін зерттеу әдістері - student2.ru

83 сурет. Аурудың созылмалы өтуіндегі марқа торайдың тері некрозы

Шошқа тілмесін зерттеу әдістері - student2.ru

84 сурет. Жүрек қақпақшаларының фибринозды өзгеруі

Наши рекомендации