Лабораториялық зерттеу әдістері.

Қанның жалпы анализі,биохимиялық анализдер, несептің анализдері өзгермейді немесе оларда айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Копрологиялық анализ. Колиттің өршу кезінде нәжістің құрамындағы эритроциттердің, лейкоциттердің саны және кілегейдің мөлшері көбейеді. Трибуле сынамасы ( еритін белокқа) оң болады. Нәжістің түрі ішек моторикасының және диспепсиялық бұзылыстардың түріне байланысты болады.

Тоқішектің моторикасы баяулаған түрінде нәжістің мөлшері аз, консистенциясы қатты, құмалақ тәрізді және шірік иісті, керісінше моторикасы күшейгенде нәжістің көлемі көбейеді, консистенциясы қоймалжың немесе сұйық, түсі сары немесе ақшыл қоңыр түсті болады. Ашу диспепсиясында көпіршікті, сары түсті , қышқыл иістіболады. Шіну диспепсия синдромында нәжістің көлемі көбейеді, консистенциясы қоймалжың, түсі қара қоңыр түсті, шірік иісті болады.

Аспаптық зерттеулер.

Ирригоскопия арқылы қабыну процессінің орналасқан аймағы, дискинезияның түрі, кілегей қабықтың рельефі анықталады.

Ректороманоскопиялық немесе колоноскопиялық көріністе ішек қабырғасының гиперемиясы, ісінуі, қанағыштығы, эрозиялардың болуы тән. Ұзақ уақыттан келе жатқан колитте осы өзгерістермен бірге кілегей қабықтың жұқаруы және бозаруы, яғни атрофиясы анықталады.

Дифференциалды диагностикасы ішек рагы және ішек туберкулезімен жүргізіледі.

Емдеу принциптері.

Диетотерапия. Диспепсия мен дискинезияның түріне сәйкес келтірілген № 4 емдәм беріледі. Егерде іштің өтуі басым болса, онда ішектің секрециясы мен перистальтикасын күшейтетін тағамдарды уақытша тоқтатады: сүтті, қара нанды, майлы немесе өткір тағамдарды. Метеоризмде газ түзілуін көбейтетін тағамдар берілмейді ( бұршақтан, капустадан дайындалған және қанты мол тағамдар). Керісінше – іштің қатуында клетчаткаға мол тағамдарды, қара нанды, қызылшаны, сәбізді және ұйыған айранды ұсынады.

Ішектің флорасын қалпына келтіру. Ол үшін алдымен 7 – 10 күн антибактериялық емді жүргізіп, кейіннен пробиотиктерді ішкізеді. Антибактериялық дәрмекті нәжістің микробиологиялық анализіне қарап таңдайды:

Аминогликозидтер ( канамицин, неомицин) 0,25 г 4 рет

Нитрофурандар ( фурозалидон 0,1 г 3 -4 рет )

Оксихинолиндер ( интетрикс 0,05 г 3 – 4 рет )

Метронидазол 0,25 г 2 – 3 рет

Сульфаниламидтер ( фталазол, сульгин 0,5 – 1,0 г 3 – 4 рет)

Левомицетин 0,25 г 4 рет

Налидикс қышқылының туындылары,фторхинолондар.

Қабынуды басу мақсатымен 5 – аминосалицил қышқылының туындыларын антибактериялық дәрмекпен бірге немесе жеке қолдануға болады: сульфасалазин 0,5 г немесе салофалк 0,25 г күніне 3 рет тамақтан кейін 2 – 4 апта ( сусынды көп ішкізе отырып)

Қалыпты ішек флорасының реимплантациясы ( антибактериялық емді аяқтағаннан кейін) колибактерин 2 – 4 доза күніне 4 рет, 2 – 4 апта, лактобактерин 3 – 6 дозадан күніне 3 рет 2 – 4 апта, бифидумбактерин 1 ампуладан ( 5 доза) күніне 2- 3 рет 2 – 4 апта,бификол, бифиформ 5 дозадан күніне 2 рет 2 – 4 апта, линекс 1 капсуладан күніне 3 рет. Ослармен бір уақытта қалыпты флораның өсіп өнуіне қолайлы жағдай жасайтын пребиотиктерді ішкізеді – хилак – форте 60 тамшыдан күніне 3 рет 1 апта.

Ішек қабырғасынқаптап қорғайтын және адсорбциялық әсер ететін дәрмектер: кальций карбонаты 1 -5 г немесе висмуттың субцитраты 0,5 – 1 г тамақтанғаннан 2 сағат кейін және түнге қарай жатар алдында, смекта 1 пакетін ½ стакан суға ерітіп, тәулігіне 3 рет, тамақтан 30 минут бұрын 2 – 3 апта бойына.

Ішектік диспепсияны жою. Ашу диспепсиясында клетчатканың гидролизін қамтамасыз ететін, құрамына амилаза мен гемицеллюлоза кіретін ферменттік дәрмектерді қолданады: фестал, энзистал, дигестал. Шіру диспепсиясында протеолиздік қасиеті қуатты дәрмектерді қолданған жөн: креон, панцитрат.

Метеоризмді басу. Іштің кебуін басу үшін қолданатын дәрмектер: цеолат ( көпіруді басатын) 1 – 2 таблеткадан тамақтанғаннан кейін және түнге қарай, карболен 0,25 – 0,5 г күніне 3 – 4 рет тамақтан соң, фитодәрмектер ( түймедақ гүлдерінің, жалбыз жапырағының,укроп дәндерінің, қарақат жемістерінің тұндырмасын 1/4 - 1/2 стаканнан күніне 3 – 4 реттен 1 ай).

Ішектің моторикасын жөндеу. Гипермоторлық дискинезияда ( ішектің түйіліп ауыруы) миотроптық спазмолитиктер: но-шпа 0,04-0,08 г , галидор 0,1-0,2 г, феникаберан 0,02 г 3 рет немесе шеттік М- холинолитиктер – букоспан 0,01-0,02 г, хлорозил 0,02-0,04 г, метацин 0,002- 0,004 г, платифиллин 0,005 г тәулігіне 3 рет тамақтанудан 30 минут алдын. Ішектің гипотониялық дискинезиясында прокинетиктер беріледі – цизаприд 5- 10 мг( 1 -2 таб) тамақтанудан 15 минут бұрын 3 рет және түнге қарай жатар алдында. Прокинетиктердің тобынан ішектің перистальтикасын арттыратын тек цизаприд. Сондықтан оны іштің қатуында қолдануға болады.

Соляриттің емі:

Ганглиоблокаторлар ( Н - холинолитиктер), пентамин 5% ерітіндісі-нің 1,5 – 2 мл 2 рет бұлшықетке 2 – 3 апта ( инъекциядан кейін науқас 1,5 – 2 сағат төсекте жатуы тиіс).

Солярлық криздерде аналгетиктер ( анальгин, баралгин, промедол т.б.)

Транквилизаторлар ( тазепам, рудотель т.б.)

Физиотерапия

Проктосигмоидиттің жергілікті емі:

Микроклизмалар: гидрокортизонмен (25 мг), сульфасалазинмен ( 1 г), колларголмен ( 0,3 % ерітіндісінің 30 – 50 мл), күнбағыс, жүгері, балық, зәйтүн майымен

Артқы өтістің айналасында тітіркену белгілері болса ( қышу, ашып ауыру) новокаин, белладонна емесе анестезин қосылған суппозиторийлар қолданылады.

Созылмалы энтерит.

Созылмалы энтерит аш ішектің шырышты қабаты қабынып, дистрофиялық, атрофиялық өзгерістер дамуы нәтижесінде, аш ішекте ас қорытылуының және сіңуінің бұзылуына алып келетін полиэтиологияялық ауру.

Этиологиясы.

· Ішек инфекциялары( салмонеллез, дизентерия, иерсиниоз, энтеровирустық инфекциялар), паразиттік инвазия ( лямблиоз,ішек құрттары )

· Улық ықпалдар – ішекті тікелей зақымдайтын немесе дисбактериоз дамытатын (дәрмектер, ішімдік)

· Алиментарлық ықпалдар ( белоктың, витаминдердің тапшылығы, үнемі құрғақтай тамақтану, тамақты тоя жеу)

· Тағамдық аллергия( көбіне сүтке, шоколадқа, жұмыртқаға, балыққа әсіресе теңіз балықтарының етіне)

· Асқорыту жолдарының функциялық бұзылыстары

Созылмалы энтериттің жіктемесі ( А.В. Фролькис 1996 ж)

Этиологиясына қарай:

· Инфекциялық

· Паразиттік

· Уытты

· Дәрмектік

· Тағамдық

· Радиациялық

· Жіңішке ішек операцияларының салдары

· Ішектің туа біткен кемістігі және энзимопатиялар

· Илеоцекалдық қақпақтың және Одди сфинктерінің шамасыздығы

· Екіншілік

Басым орналасуына байланысты:

· Созылмалы еюнит

· Созылмалы илеит

· Тоталды созылмалы энтерит

Морфологиялық өзгерістерге қарай

· Атрофиясыз еюнит

· Бүрлерінің парциалды атрофиясы, орташа деңгейлі еюнит

· Бүрлердің атрофиясы, субтоталды еюнит

Клиникалық барысына қарай:

· Жеңіл барысты

· Ауырлығы орташа барысты

· Ауыр барысты

Фазалары:

· Өршу

· Ремиссиялық

Наши рекомендации