Іш сүзегі және парасүзек А, В диагностикалау алгоритмді


Диагноз қою үшін маңызды клиникалық белгілері: 1. Қызба (5 күн және одан да көп) 2. Интоксикация және бакттеремия белгілері 3. Энтерит белгілері 4. Розеола-папула тәрізді бөртпе 5. Бауыр, көкбауыр, ОНЖ зақымдалу белгілері 6. Іштектек қан кету, іштің ауруы (жара пайда болу белгілері)

Іш сүзегі және парасүзек А, В ауруы?
Қосымша диагностикалық белгілер: 1. Эпидемиологиялық анамнез, жұғу жолдары және таратушы фактор 2. Аурудың микросимптомдары (ваготония белгілері) 3. Гемограмма өзгерістері (лейкопения, лимфоцитоз, анэозинофиля, тромбоцитопения
Шешуші диагностикалық белгілер: 1. Гемодақылда қоздырғышты анықтау 2. Копро-, урино-, биодақылда анықтау 3. Серологиялық зерттеу әдісінің оң нәтижесі (Видаль реакциясы, ГАЕР, ИФА) – антиденелер титрінің өсуі.

Іш сүзегі және парасүзек А, В ауруы
Сау адамдардан немесе реконвалесценттерден копродақыл, билидақыл анықтау, қан сарысуында серологиялық зерттеу нәтижесінің оң болуы

Іш сүзегі немесе парасүзек А және В бактерия тасымалдаушысы

Сальмонеллез

Сальмонеллез-нәжіс-ауызмеханизмімен берілетін Enterbacteriaceae тегіне Salmonellaтобына жататын қоздырғыштардың ішке түсуінен пайда болатын, клиникалық белгілері бактерия тасымалдаушылықтан бастап аурудың асқынған түрі сепсис пайда болуымен сипатталатын, тез өрбитін полиэтиологиялы, зооантропонозды, бактериалды жіті ішек инфекциялық ауру.

Сальмонеллез көбіне тез өрбитін гастроэнтерит түрінде өтеді.

Тарихи мәліметтер. Көп жылдар бойы бұл ауруды тамақтан улану тобына кіргізген. 1885 жылы американдық ғалымдар Д.Е.Salmon және Т.Smith ауырған шошқаның денесінен алғаш рет Bacterium suispestifer қоздырғышын бөліп алды. Ал 1888 жылы G.Gaertner «еттен ұшыну» ауруның себебі бактериялар екендігін дәлелдеді. Ал кейінгі жылдары осы бактериялар тобына кіретін көптеген қоздырғыштарашылып, сипатталып жазылды. Қоздырғыштарды алғаш алғашқы ашқан ғалымның құрметіне сальмонелла деп атады.

Қазіргі кезде сальмонеллез кеңінен таралған аурулардың бірі, ішек инфекцияларының ішінде 30-40% құрайды.

Этиологиясы. Қоздырғышы Salmonella typhi, salmonella para typhi А және В. Туысы – Salmonella, тұқымдасы-Enterobacteriaceal Құрамында:- термотұрақты самтоикалық О-АГ

· термобильді талшығы бар Н-АГ

· термобилбді соматикалық Vi-АГ

· эндотоксин

Қоздырғышқа тән: сыртқы ортада тұрақты

· топырақты және суда 1-5 айдай сақталады

· нәжісте 25 күнге дейін

· тағамдық азықты бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін

· киімде 2 аптаға дейін сақталады

Аурудың қоздырғышы – бактериялар су және топырақта 2 аптадай, жемістер мен көкөністерде 5 – 10 күндей, сары май мен етте 1 – 3 айға, қыздырғанда 50°С-қа дейін өз тіршілігін жоймайды. Тек қайнатқанда ғана өледі.

Сальмонелезбен жас бұзаулар 20-60 күндік кезінде, ал қозылар 5-20 күндік кезінде жиі ауырады. Паратиф негізінен жіті және созылмалы екі түрге өтеді.

Аурудың жіті түрімен ауырған бұзаулардың азыққа деген тәбеті төмендейді, ден қызуы 40-41°-қа дейін көтеріледі. Ауру малының нәжісі сұйылады, кейде қан аралас іші өтеді. Мұндай бұзауларға дер кезінде шығу емдеу шараларын жасамаса олар 5-7 өлуге ұшырайды.

Ал індет созылмалы түрге өтетін болса, онда бұзаулардың дене қызуы 39-40° аспай, шамалы іш өтеді, нәжісінің түсі сарғыш болып іріктеніп, көпіршікке айналады.

Ауруға буаз саулықтар шалдыққанда, алғашқы күндері бірен-саран қойлар іш тастайды, ал шамамен он күнене соң отардағы саулықтар жаппай қозы тастайды немесе төл өлі тастайды.

Індет басталған саулық отарларында жаңадан туған қозылар трапиттен ауыра бастайды. Олардың іші өтеді, ет алмай нашарлап, өкпесі қабынады. Онда қозыларға жедел емдік шаралар жасалынбаса олардың 60%-тейі шығынға ұшырайды.

Міне сальмонолездің осындай өзіндік белгілерімен ерекшеліктерін, эпизоотологиялық деректеріне және ең бастысы бактериологиялық зертеулердің қорытындысын ескере отырып диагноз қояды. Парафитті әсіресе дисперция, лезинтерия, калибактериоз, ал саулықтар жаппай іш тастағанда сарып аурулырынан дұрыс ажырата білген абзал.

Мәселен дисперцияға және колибактериозға жас бұзаулар алғашқы он күннің ішінде шалдықса, ал противте туғаннан он күн өткеннен соң ғана шалдыға бастайды.

Инфекция көзі-Негізгі инфекция көзі – үй жануарлары мен үй құстары: ұсақ және ірі қара мал, шошқа, тауық, қаз, үйрек. Сальмоноллез зооантропонозды инфекция болғандықтан инфекция көзі – науқас адам және созылмалы түріндегі бактерия тасымалдаушылар.

Беріліс механизмі – нәжіс-ауыздық механизм. Берілу жолдары: тағам су және тұрмыстық заттар. Негізгі таралу жолы – тағам арқылы. Әсіресе еттен жасалған тағамдар қауіпті (туралған ет, котлет, ливер, шұжық, паштет, студень т.б.), сонымен қатар сүттен, балықтан жасалған тағамдар арқылы да жиі жұқтырады. Сальмонеллез ауруын таратуда жұмыртқа мен жұмыртқа ұнтағынан жасалған кремдік және кондитерлік тағамдарының маңызы өте үлкен. Көбіне сальмонеллез қоздырғыштары жартылай дайын тағамдарда, соустарда, сорпада, балаларға арналған тағамдарда жақсы көбейіп өсіп-өнеді. Сондықтан мұндай тағамдарды дұрыс сақталмаған және жөндеп қыздырып қайнатпаған жерлерде сальмонеллез ауруы жеңіл тарап, жайылады. Сальмонеллез сиректеу су жолымен таралады.

Сальмонеллез жылдың барлық мезгілінде кездеседі. Әсіресе күз, жаз мезгілінде.

Зертханалық диагностикасы:

1. Бактериологиялық әдіс: нәжіс, зәр, қан, өтті, зерттеу.

2. Серологиялық әдіс: АР, ГАТР.

Сальмонеллезге міндетті бактериологиялық тексерулерге жатады:

1) Ауруханаға түсетін 2 жасқа дейінгі балалар;

2) Ауруханада жатқан балаларды күтетін ересектер;

3) Ауруханаға түскен кезінде немесе оның алдында 3 апта бойынша ішек қызметінің бұзылуы болған босанатын, босанған әйелдер;

4) Диагнозына қарамастан, ауруханада болу кезінде немесе оның алдында 3 апта бойына ішек қызметінің бұзылуы тіркелеген барлық науқастар;

5) «Халықты декреттелген тобына міндетті медициналық бақылауды жүргізу ережелерін бекіту туралы» ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығына сәйкес декреттелген контингент;

6) Сальмонеллездің ошағында инфекцияның көзі болып есептелетін декреттелген контингенттің адамдары.

Алдын алу шаралары.«Сальмонеллез» ауруларын ескерту жөніндегі санитарлық-індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық-эпидемиологиялық ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қоздырғыштың инфекция көзін, берілу жолдарын анықтап залалсыздау әдістерін, ластанудан қорғау шараларын ұйымдастырудан құралады:

1. Тағам өндіру, көпшілік тамақтандыру, сауда мекемелерінде тағам өнімдерінің талаптарға сәйкес дайындалу, сақталу, тасымалдау, жағдайларын қадағалау.

2. «Декреттелген» қызметкерлердің уақытылы медициналық тексеруден өтуін қадағалау.

3. Ет өндіру, ет сату, сүт жинау, өңдеу мекемелерінде санитарлық-ветеринарлық шаралардың орындалуын қадағалау.

4. Көпшілік тамақтандыру мекемелерінде, қоймаларда, базарларда, мұздатқыш камераларында дезинфекциялық-дератизациялық жұмыстарды жүргізу.

5. Сальмонеллездің ауруханаішілік инфекция ретінде таралуын алдын алу, балалар ауруханасында, босану үйлерінде індетке қарсы тәртіптің орындалуын қадағалау, госпиталдық эпидемиолог қызметін күшейту.

Ошақта індетке қарсы шаралар.Сальмонеллез ошақтарында эпидемиологиялық тексеру декреттелген контингент немесе 2 жасқа дейін балалар науқастанған жағдайда жүргізіледі.

1. Науқасты ауруханаға жатқызу клиникалқ және эпидемиологиялық көрсеткіштеріне байланысты жүргізіледі.

2. Реконвалесцентр ауруханадан клиникалық жазылғаннан нәжісті бактериологиялық зерттеу қорытындысы 1 рет теріс болғанда шығарылуы қажет. Зерттеу емделіп болған соң з күннен кейін жүргізіледі.

3. Диспансерлік бақылауға ауырғаннан кейін тек декреттелген контингент алынады.

4. Аурудан жазылғандарды диспансерлік бақылауды тұрғылықты жері бойынша инфекциялық аурулар кабинетінің дәрігері немесе учаскелік дәрігер жүзеге асырады;

5. Сальмонелла бөлмейтін реконвалесцентр жазылғаннан кейін жұмысқа жіберіледі.

Емдеу аяқталғаннан кейін сальмонелла бөлуді жалғастыратын реконвалесценттерді және бактерия тасымалдаушыларды негізгі жұмысынан 15 күнге шеттеу және басқа жұмысқа ауыстыру қажет.

Бактерия тасымалдаушылық 3 айдан астам уақыт бойы анықталса, созылмалы тасымалдаушы ретінде негізгі жұмысынан 1 жылдан кем емес мерзімге шеттетіледі.

Наши рекомендации