Дәрігер тәжірибесі негіздері 10 страница

*+ антибактериальды терапия

* ұстама кезеңін басу

* себеп-салдарлық аллергенмен қатынасты жою

* базистік (қабынуға қарсы) терапия

* аллерген-спецификалық иммунотерапия

! Ауыр броонхиальды демікпенің таңдамалы препараты:

* кромогликат натрия - интал

* недокромил натрия - тайлед

*+ ингаляциялық глюкокортикостероидтар

* ауыз арқылы (жүйелік) глюкокортикостероидтар

* АСИТ (аллергоспецифиялық иммунотерапия

! Ерте жастағы балаларда тұрақты қайталамалы бронхообструктивті синдромның болуы.Төменде көрсетілген аурулардың біреуінің болуын дәлелдейді;

*+ бронхиальді демікпе

* тума бронх дамуының ауытқуы

* өкпенің поликистозы

* созылмалы өкпенің ларинготрахеобронхит

* созылмалы пневмония

! Бронхиальды демікпенің негізгі белгісі болып табылады:

*+ тұрақты бронхообструктивті синдром

* қайтымды тұншығу ұстамалары ысқырықты сырылмен

* тұрақты ылғалды жөтел

* шеткі фалангтардың деформациясы«сағат әйнегі тәрізді»

* физикалық дамудың тежелуі

! Брохиальді демікпеде бета-адреномиметиктерді қолдану барысында әсері болмаған жағдайда .Қай ем түрі тиімдірек?

* эуфиллин в/в 2,4% ерітінді

* ровамицин б/і

* ингаляциялық кортикостероидтар (пульмикорт)

*+ ауыз арқылы кортикостероидтар (преднизолон)

* муколитиктер (бромгексин, флуимуцил) ішке

! Ауыр бронхиальды астманың негізінде төменде келтірілген морфологиялық белгілердің біреуі жатады:

*+бронх қабырғасының бұлшықеттерінің гипертрофиясы

* жыпылықтаушы эпителидің жойылуы

* бокал тәрізді жасушалардың гипертрофиясы

* бронхтардың спазмы

* шырыштың гиперсекрециясы

! Балаларда брохиальды астманың пайда болуына әсер ететін факторлар,біреуінен басқа:

* балаларда атопияның болуы

* бронхтардың гиперреактивтілігі

* жанұясында аллергиялық аурулардың болуы

* жиі респираторлық вирусты инфекциялардың болуы

*+ Ig A транзиторлы жетіспеушілігі

! Бронхиттің диагностикалық критерилеріне жатады,біреуінен басқа;

* фебрильді қалтырау

*+ айқын улану белгілері

* қатаң тыныс

* әртүрлі калиберлі ылғалды сырылдар

* құрғақ сырылдар.

! Бронхиальды астманың қауіп-қатер тобына жататын негігзі фактор:

* респираторлық инфекция

* психоэмоциональды физикалық жүктеме

* тұқымқуалаушылық фактор

* метеосезімталдықтың жоғарлауы

*+ аллергендердің әсері

! Созылмалы бронхиттің нақты диагностикалық әдісінің бірі болып:

* физикальды зерттеулер

*+ кеуде торының рентгенографиясы

* қақырық цитологиясы

* бронхоскопия бронх шырышынан бактериальды жағынды алу

* компьютерлік томография

! «Жасы мен жынысына байланыссыз, ересектер мен балаларға аралас амбулаторлық өзіндік қабылдау жүргізетін, шұғыл медицина көмегін көрсететін, алдын алу және реабилитациялық іс – шаралар кешенін жүргізетін, салауатты өмір салтын құрастыруға жәрдемдесетін, медико – әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесетін, арнайы көп профильді алғашқы медико – санитарлық көмек көрсету үшін дайындық өткен, маман» - ол …

*+ Жалпы тәжірибелі дәрігер

* Терапевт

* Педиатр

* Жедел жәрдем дәрігері

* Геронтолог

! Уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасынның мақсаты ….

*+ Аурушандылық кезеңіне жеке тұлғаның және оның уақытша еңбек міндеттерінен ресми түрде еңбекке жарамсыздықты таңу

* Жеке тұлғаның және оның уақытша еңбек міндеттерінен ресми түрде еңбекке жарамсыздықты таңу

* Аурушандылық кезеңіне жеке тұлғаның және оның тұрақты еңбек міндеттерінен ресми түрде еңбекке жарамсыздықты таңу

* Аурушандылық кезеңіне жеке тұлғаның және оның еңбек міндеттерінен ресми түрде еңбекке жарамсыздықты таңу

* Жеке тұлғаның ресми түрде еңбекке жарамсыздылығын таңу

! Уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын, сонымен қатар уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамасын беру рәсімі бекітіледі …

*+ Қазақстан Республикасының Үкіметімен

* Денсаулық сақтау ұйымының бастығымен

* Сынақ комиссиясының төрайымы

* Басқарма ұйымында

* Денсаулық сақтау министрлігінің өкілімен

! Ер адам 47 жаста, автобус жүргізушісі. Үйге дәрігер шақыртты. Шағымы: жөтел, 38°С дейін дене температурасының жоғарлауы, тыныс алғанда кеудедегі ауыру сезіміне. 3 күн бұрын суық тиюден ауырып қалды. Аускультацияда – ылғалды сырылдар; перкуссияда – перкуторлы дыбыстың тұйықталуы. Алдын ала диагноз қойылды: ауруханадан тыс пневмония. Қосымша аурулары жоқ. Жайлы қабатты үйде тұрады, әйелі – үй шаруашылығында.

Осы жағдайда қандай ем тактикасын ұйымдастыру ең қолайлы?

*+ Үйде стационар ұйымдастыру

* Күндізгі стационарға жіберу

* Стационарға жіберу

* Егу бөліміне жіберу

* Физиоемге жіберу

! Ауруханадан тыс пневмония кезінде қандай диагностикалық зерттеу минимумын амбулаториялық жағдайда өткізу керек?

*+ Анамнез жинау, физикалық зерттеу, жалпы қан талдауы, екі проекциядағы кеуде қуыс ағзаларының рентгенографиясы

* Анамнез жинау, физикалық зерттеу, жалпы қан талдауы, екі проекциядағы кеуде қуыс ағзаларының рентгенографиясы, жалпы зәр талдауы

* Анамнез жинау, физикалық зерттеу, жалпы қан талдауы, екі проекциядағы кеуде қуыс ағзаларының рентгенографиясы, қақырық зерттеуі

* Анамнез жинау, физикалық зерттеу, жалпы қан талдауы, екі проекциядағы кеуде қуыс ағзаларының рентгенографиясы, бронхоскопия

* Анамнез жинау, физикалық зерттеу, жалпы қан талдауы

! Төменде көрсетілгендердің қайсысы қан сарысуындағы билируубиннің тікелей фракциясының жоғарлауының себебі болуы мүмкін

* жедел панкреатит

* жедел холецистит

* гемолитикалық анемия

*+ жедел вирусты гепатит

* жаңа туылған нәрестелер сарғаюы

! Төмендегілердің қайсысы тағамдағы липидтердің қорытылуына қатысуы мүмкін

* амилаза

* гликозидаза

*+ өт қышқылдары

* тұз қышқылдары

* пепсин

! Атеросклероз даму қаупі атерогенділік индексімен сипатталады:

* 1 жоғары

* 1 төмен

* 10 жоғары

*+ 4 жоғары

* 12 жоғары

! L-тироксин тағайындаудың қателігі (көрсеткішсіз) ең алдымен неге келтіреді:

* Етеккірдің бұзылысы

*+ Тиреотоксикоз

* Брадикардия

* Бедеулік

* Электролитті жылжу

! Бронх қабырғаларының іріңді-қабынулы деструкциясы нәтижесінде бронхтардың қайтымсыз патологиялық кеңеюі қалай аталады?

* Пневмония

*+ Бронхэктаз ауруы

* Өкпе эмфиземасы

* Созылмалы бронхит

* Муковисцидоз

! Миокард инфарктісінің диагностикасындағы ең спецификалық маркерға не

жатады?

* аспартатаминотрансфераза

* аланинаминотрансфераза

*+ тропонин Т, І

* креатинфосфокиназа

* лактатдегидрогеназа

! Миокард инфарктісімен науқаста жүрек тұсындағы ауырсыну синдромының күшеюі, тахикардия, артериалық қысымның кенет төмендеуі, тамыр соғысының жіп тәрізді әлсіреуі, тері жамылғысының бозаруы, суық тер байқалған. Науқаста қандай асқыну пайда болды?

* өкпе сусіңділенуі

*+ кардиогенді шок

* жүрек аневризмасы

* Дресслер синдромы

* қайталамалы миокард инфарктісі

! Науқастың жағдайы нашарлап, есенгіреу, сіреспе пайда болып, сарғаюы күшейген. Науқас бауыр циррозымен ауырады. Осы жағдайда қандай зерттеу тәсілін жүргізу маңызды?

* бромсульфалиенді сынама

* белокты және оның туындыларын анықтау

* альфа-фетопротеин құрамын анықтау

*+ қан сарысуындағы аммиакты анықтау

* АЛАТ және АСАТ деңгейін анықтау

! 8 жастағы науқаста бетінің ісінуі, бас ауруы, белдің сыздап ауырсынуы, зәр бөлінуінің азаюына шағымданып келді. 3 күннен бері өзін аурумын деп санайды. 2 апта бұрын баспамен ауырған. Объективті қарағанда: тері қабаттары бозарған, беттің ісінуі, аяғының ісінуі байқалады, дене қызуы - 37,70с. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары әлсіреген, ырғақты. Пульсі минутына - 84 рет. АҚ 165/100 мм сын. бағанасында. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Пастернацкий симптомы екі жағында да оң мәнді. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

* жедел пиелонефрит

* бүйрек тас ауруы

* бүйрек туберкулезі

* бүйрек амилоидозы

*+ жедел гломерулонефрит

! Науқас 18 жаста, бала кезінен қанағыштықпен ауырады: мұрыннан қан кетулер, гематомалар байқалған. Бір жыл бұрын тізе және тобық буындарында қан кетулер болған. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

* ДВС-синдромының созылмалы формасы

*+ гемофилия

* геморрагиялық васкулит

* тромбоцитопатия

* идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

! Бета-адреноблокатордың негізгі әсеріне не жатады?

* ЖЖЖ артыру

* қозғышты жоғарлату

* оң инотропты әсер

*+өткізгіштікті тежеу

* жүректің электрофизиологиясына әсер ету

! ЭКГ-да QRS комплесінің біркелкі деформациясы тіркелінген. ЖЖЖ минутына 180 рет. Науқаста жүрек ырғағының қандай бұзылысы болуы мүмкін?

* қарыншалық экстрасистолия

* пароксизмальды суправентикулярлы тахикардия

* синустық тахикардия

*+ пароксизмальды қарыншалық тахикардия

* пароксзмальды қарыншалар фибрилляциясы

! Науқаста биохимиялық қан анализінде келесі өзгерістер бар: жалпы билирубин -26 ммоль/л, конъюгирленген билирубин 5,2 ммоль/л, бос 20,8 ммоль/л, АЛТ 560 ммоль/л, сілтілі фосфотаза 1,4 ммоль/л. Қандай синдром жайлы ойлауға болады?

*+ цитолитикалық синдром

* астеновегетативті синдром

* сарғаю холестаз

* портальды гипертензия

* гиперспленизм синдромы

! 51 жастағы әйелді оң жақ қабырға астында ұзаққа созылған ауырсыну мазалайды. Қарағанда сарғаю анықталмаған. Кера, Ортнер симптомдары оң мәнді, дене қызуы субфебрильді, гемограммада ЭТЖ-30 мм/сағ. Қандай ауру жайлы ойлауға болады?

*+ созылмалы холецистит, өршу сатысы

* созылмалы панкреатит, өршу сатысы

* асқазан ойық жарасы, өршу сатысы

* созылмалы гепатит, өршу сатысы

* бауыр циррозы, декомпенсация сатысы

! Ер адам 56 жас, жедел трансмуральды миокард инфарктісімен науқаста 20 күннен кейін тыныс алумен байланысты төс артында интенсивті ауырсыну, дене қызуының жоғарлауы, кенет әлсіздік, тершеңдік пайда болды. Жүрек тондары әлсіреген, жүректің абсолютті шекарасында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Жедел миокард инфарктісінің осы асқынуында қандай препараты қолданған жөн?

* кең спектрлі антибиотиктер

*+ стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

* кальций антагонистері

* АФАТ (АПФ) ингибиторлары

* антикоагулянттар

! 32 жастағы науқас, дене қызуының жоғарылауына, қалтырауға, оң жақ бел аймағында сыздап аурсынуға, зәр шығаруының жиілеп ауырсынуына шағымданды. Ауруын суықтанумен байланыстырады. Анамнезінде – жиі циститпен ауырған. Объективті қарағанда: дене қызуы 380С, аускультацияда- тыныс алуы везикулярлы, жүрек тондары әлсіреген, ырғақты, ЖЖЖ минутына 92 рет, АҚ 120/80 мм.сн.бағ. Іші жұмсақ, оң жақ шап аймағында және оң жақ қабырға доғасының деңгейінде іштің тік бұлшықеттінің сыртқы жиегінде ауырсыну байқалған. Пастернацкий симптом оң мәнді.Қандай ауру туралы ойлауға болады?

* бүйрек туберкілезі

* гломерулонефрит

*+ пиелонефрит

* бүйрек амилоидозы

* бүйрек тас ауруы

! Гастроэзофагеальді рефлюксті ауруын диагностикалауда «маңызды» тексеру тәсілі қайсысы?

* өңешті рентгендік зерттеу

* рН-метрия

*+ өңеш эндоскопиясы

* гистологиялық зерттеу

* өңеш кілегейінің биопсиясы

! Рентгенограммада өкпе мөлдірлігінің жоғарылауы, қабырғааралық кеңістіктің кеңеюі, диафрагма күмбезінің тығыздалуы қандай аурудың көрінісі?

* спонтанды пневмоторокстың

* өкпеден қан кетудің

* кавернозды өкпе туберкулезінің

* ауруханадан тыс пневмонияның

*+ өкпе эмфиземасы

! 56 жастағы әйелде жалпы қарағанда саусақаралық буындар ісінген, қозғалысы ауырсынумен шектелген. Қан анализінде: гипохромды анемия, ЭТЖ жоғарылауы, лейкоцитоз, диспротениемия, фибриноген жоғарылауы, серомукоид, гаптоглобин, сиал қышқылының жоғарылауы анықталған. Иммунологиялық зерттеуде: ревматоидты фактор анықталған, Ваалер-Роз реакциясы 1:32 титрінде оң мәнді, латекс-тест-1:20. Буын рентгенограммасында: буын маңы эпифизарлы остеопорозы, буын саңылауларының тарылуы, жиектік эрозия байқалады. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

* ревматизмдік артрит

*+ ревматоидты полиартрит

* деформациялық остеоартроз

* Бехтеров ауруы

* подагралық артрит

! Науқас 37 жаста, дәрігерге ентігуге, шырышты-іріңді қақырықты жөтелге шағымданып келді. Жағдайының 5 күн бұрын нашарлауын айтады. 5 жыл бойы ауырады. Көктеммен -күз айларында аурудың өршуі байқалған. Шырышты-іріңді қақырық аурудың өршуі кезінде бірнеше ай бойы және өте көп мөлшерде бөлінеді. Темекіні 20 жылдан бері күніне 1 қорап шегеді. Объективті қарағанда: дене қызуы 37,50С. Өкпеде айқын перкуторлық дыбыс естіледі. Аускультацияда: везикулярлы тыныс әлсіреген. ТАЖ минутына 22 рет. Жүрек тоны анық, ырғақты, ЖЖЖ минутына 72 рет, АҚ 120/80мм.сн.бағ. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

* пневмония

* өкпе рагы

*+ созылмалы обструктивті өкпе ауруы

* бронхиальді демікпе

* өкпе туберкулезі

! спецификалық емес жаралы колит диагнозын анықтайтын зерттеулердің ішіндегі маңыздысы?

* Физикалық зерттеу

* Нәжісті жасырын қанға тексеру.

* Ирригоскопия

* Нәжісті микробиологиялық зерттеу

*+ Рекороманоскопия

! Идиопатиялық тромбоцитопенияның патогенезі немен байланысты?

* Тромбоцит түзілуінің жеткіліксіздігімен

* Тромбоциттердің жұмсалынуының жоғарлауымен

*+ Тромбоциттердің антиденемен бұзылуымен

* Тромбоцитопоэтин түзілуінің механикалық бұзылысымен

* Көкбауыр ұлғаюының салдарынан пайда болатын тромбоциттердің механикалық бұзылысымен

! Науқас В., 43 жаста. Тұншығу ұстамасына, тыныс шығаруының қиындауына, қоймалжың, шыны тәрізді қақырықтың бөлінуіне шағымданады. Осы көріністер жыл сайын маусым айында пайда болып, шілде айында басылады. Объективті қарағанда: науқас қолын орындыққа тіреп отырады. Терісі көгерген реңді. Кеуде қуысы бөшке тәрізді, бұғана асты және үсті ойығы тегістелген, қабырғааралығы кеңейген, қосымша бұлшықеттер тыныс алуға қатысады, қабырға аралығы керілген. Тыныс алуы қатаң, ысқырықты шумен минутына 26 рет, перкуссияда қорапты дыбыс естіледі. Аускультацияда құрғақ ысқырықты сырыл барлық аймақтарда. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

* Пневмония

* Фиброзды альвеолит

* Созылмалы обструктивті өкпе ауруы

*+ Бронхиальды демікпе

* Өкпе туберкулезі

! Ер адам, 28 жаста, бел аймағында және іштің оң жақ жартысында күшті ауырсынудың оң жақ аяқ және шат аймағына таралуына, жиі кіші дәретке отырғысының келуіне шағымданады. Бір жыл бұрын осындай ұстама пайда болып «Жедел көмек» шақырған, ауырсынуы анальгетиктермен басылған, бірақ ұстамадан кейін зәрі қызыл түсті болған. Қарағанда: дене қызуы 36,40С. Науқас тынымсыз, ауырсынуды жеңілдету үшін ыңғайлы жағдайды іздейді. Тыныс алу және жүрек қантамыр жүйесі жағынан патологиялық өзгерістер жоқ. Тамыр соғысы 76 мин, АҚ 120/60 мм сын. б.б. Іші жұмсақ, пальпация кезінде іштің оң жағында ауырсыну байқалады. Постернацкий симптомы кенет оң мәнді. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

* Бүйрек обыры

* Гломерулонефрит

* Пиелонефрит

* Бүйрек амилондозы

*+ Зәр - тас ауруы

! 38 жастағы ер адам, оң жағындағы қабырғааралықта амфоралық тыныс естіледі. барынша мүмкін диагноз:

* пневмоторакс

*+ өкпе абсцесі

* өкпе гангренасы

* саркаидоз

* бронхоэктаз ауруы

! Науқас И., 74 жастағы науқас тыныс алумен байланыссыз, үдемелі ұстамалы төс артының қысып ауруына шағымданады. Нитроглицерин көмектеспейді. Қандай зерттеуді шұғыл жүргізу керек?

*+ ЭКГ, тропонин Т-ны

* Tl201сцинтиграфияны

* ЭхоКГ добутаминмен

* ЭКГ физикалық күштемемен

* Тәуліктік ЭКГ мониторлау

! Әйел адам 58 жаста. Шағымдары қақырықпен жөтелге,ентігу,әлсіздік,тәбетінің төмендеуі,арықтау,терлегіштік,енжарлық 2 айға дейін сақталған. Қарап тексергенде дене қызуы 37,7 С,тері жабындылары ылғалды,өкпесінде везикулярлы тыныс,оң өкпенің жоғагғы бөлігінде құрғақ сырылдар. Болжама диагноз қою үшін бірінші кезекте қандай зерттеу ең тиімді.

* Жалпы қан анализі

*+ өкпе рентгенографиясы

* Спирография

* Өкпенің компьютерлі томографиясы

* С- реактивті ақуыз

! Науқас А. 40 жаста бас ауруы, бас айналуы, естен тануға шағымдармен түсті. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауырады. Жүрек шекаралары солға ұлғайған, оң жақтағы ІІ қ/а, төстің сол жақ қырында жоғары тембрлі, протодиастолалық бәсеңдеген шуыл және әлсіреген II үн естіледі. Қан тамырларында Траубенің қос үні және Дюрозьенің қос шуылы, Квинке, білек артериясының пульстері жоғары әрі тез 100 рет мин., АҚ - 160/60 мм.с.б.б. Науқасты қандай тәсілмен емдеу НЕ ҒҰРЛЫМ тиімді?

* кардиологтың бақылауы

* медикаменттік ем

* оперативті вальвулотомия

* митральді қақпақшаны протездеу

*+ аорталық қақпақшаны протездеу

! Науқас 16 жаста, физикалық күш түскенде ентікпеге және шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінде – жиі бронх-өкпелік инфекциялық аурулар. Тері жабындылары бозғылт, жүрек ұшының түрткісі күшейген, төстің сол жақ шетіндегі IV қабырғааралықта естілетін дөрекі пансистоликалық шуыл, өкпе артериасында ІІ тон акценті естіледі. ЭХОКГ –дан күтетін өзгерістер:

* Қанның сол қарыншадан жүрекшеге регургитациясы

*+ Сол қарыншадан оң қарыншадан шунт

* Қанның оң қарыншадан жүрекшеге регургитациясы

* Сол жүрекшеден оң жүрекшеге шунт

* Қанның аортадан сол жүрекшеге регургитациясы

! Г. атты 40 жастағы науқас, бір жыл бұрын ентігу және оң жақ қабырғасының астында ауыру сезімін байқаған. Осыдан кейін түнгі уақытта тұншығу ұстамалары пайда болып, балтырлары ісінген. Соңғы айларда қан түкірген. Объективті: өкпесінің төменгі бөлімінде – ұсақ көпіршікті айқын естілмейтін сырылдар. Жүрек шекаралары солға қарай ығысқан, жүрек үндері бәсең. ЖЖЖ – 90 рет мин. Жүрек ұшында систолалық шуыл. ЭКГ- жыпылық аритмиясының тахисистолалық түрі. ЭхоКГ-да: Айдау фракциясы - 21%. Диффузды гипокинезия. Сіздің диагнозыныз?

* Ревматикалықемес миокардит, аралас түрі, жедел асты ағым

* Алкогольді кардиомиопатия, СЖЖ ІІА (ФК ІІІ)

* Ишемиялық кардиомиопатия, жыпылық аритмия, СЖЖ І (ФК І)

* Рестриктивті кардиомиопатия, жыпылық аритмия, СЖЖ ІІБ (ФК ІІІ)

*+ Дилатациялық кардиомиопатия, жыпылық аритмия, СЖЖ ІІБ (ФК ІІІ)

! Науқас Х., 49 жаста, тамақ немесе алкоголь қабылдағаннан соң жарты сағаттан соң пайда болып, тек сода ішкеннен кейін басылатын асқазан тұсындағы батып ауырсыну сезімі мен шыдатпайтын қыжылға шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болған, емделмеген. Обьективті: тілі ақ жабындымен қапталған, терең пальпацияда эпигастрии аймағының жайылмалы ауырсынуы. ЭФГДС: асқазан шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, антральді бөлігінде бірен-сараң қан құйылулар бар. Төмендегі зерттеулердің қайсысы БАРЫНША МӘЛІМЕТтІ?

*+ пантапрозол, себебі, тұз қышқылы экскрециясы мен синтезінің соңғы сатысына қатысатын ферментті тежейді

* фамотидин, себебі, қабаттасқан жасушаларда орналасқан Н2 рецепторларды тежейді

* метронидозол, себебі, антигеликобактерлік әсері бар

* алмагель, себебі, антацидтік әсері бар

* метацин, себебі спазмолитикалық әсері бар

! 52 жастағы К. атты науқас клиникаға қозғалыс кезінде оң жақ иық буындарының ауыратын шағыммен келді. 5 жыл бойы ауырады, ауру пайда болғанда қозғалыс кезінде аталған буында ауру мен сықыр пайда болған. НПВС-пен емделгенде бұл жағдайлар азайған. 1 жылдан соң ауру қайтадан пайда болған. Буынның сырт көлемі өзгермеген, жергілікті дене қызуы байқалмайды. Пальпацияда буын ауырады. ҚЖА эр 4,6 х1012 /л, лейк 7,6 х109/л, НВ 135 г\л, СОЭ 15 сағ/мм, РФ (-), СРБ (+). Оң жақ иық буыны рентгенограммасында - буын саңылауларының тарылу, субхондральді остеосклероз, шекті остеофиттер байқалады.

Клиникалық диагнозын қойыңыз.

*+ Оң жақ иық буынының остеоартрозы, II деңгей , ФА 0.

* Оң жақ иық буынының остеоартрозы, II деңгей , ФА I.

* Оң жақ иық буынының остеоартрозы, II деңгей , ФА II.

* Оң жақ иық буынының остеоартрозы, IV деңгей , ФА III.

* Оң жақ иық буынының остеоартрозы, IV деңгей , ФА III.

! Компьютерлі томография нәтижесінде екі жақтық фиброз және екі жақтық «бұлыңғыр шыны» өзгерістер барынша тән:

* + фиброзирлеуші альвеолитке

* екі жақты пневмонияға

* милиарлық туберкулезге

* өкпе амилоидозына

* өкпе саркоидозына

! Науқас 47 жаста, 2 апта бұрын 4 қабатқа тез көтерілгеннен кейін кенет төс артының төменгі бөлігінде ауыру сезімі пайда болды, тыныштық күйде ауыру сезімі жоғалды. Мұндай ауыру сезімі бірінші рет пайда болды. Кейін тез жүргенде, 2 қабатқа көтерілгенде пайда болатын болды. Стенокардия түрін анықтаңыз. Емдеу шараларын қолданыңыз:

* ЖИА, Прогрессирлеуші стенокардия. ауруханаға жатқызу керек

* ЖИА. Күштену стенокардиясы ФК 2. Антиангиналді ем тағайындау

* Кардиалгия коронарлы себептерге байланысты емес болуы мүмкін. Науқасты зерттеу керек.

*+ ЖИА. Алғаш пайда болған стенокардия. Ауруханаға жатқызу керек, антиангиналдіем тағайындау керек.

* ЖИА. Принцметалл стенокардиясы

! Ер адам 46 жаста. жабысқақ қақырықпен жөтелге, әлсіздіке, 5 кг салмаққа арықтауға, бұлшықеттерінің төменгі жақтағы ауру сезіміне, бас ауруына, қызбаға шағымданады. Объективті: тері жабындылары мрамор тәрізді, тынысы әлсіреген, везикулярлы, 25 рет минутына, ылғалды, жауырын аралық аймақта қатаң сырылдар, қан қысымы 170/100 мм,сбб,. Тізе терісінде ауру сезімді үлкен емес түйіндер пальпацияланады. Осы аталғандардан қайсысы ең болжамды диагноз?

Наши рекомендации