Тері рагының қай морфологиялық түрі жиі метастаз береді?

А. аденокарцинома

Б. ұсақ жасушалы рак

В. солидті -шырышты рак

Г. базальды жасушалы рак

+Д. төмен дифференцацияланған жалпақ жасушалы рак

Метастаз бермейтін жергілікті жерді деструкциялаушы тері рагының түрін көрсетіңіз

А. Аденокарцинома

Б. Жалпақ жасушалы мүйізденетін рак

В. Жалпақ жасушалы мүйізденбейтін рак

+Г. Базальді жасушалы рак

Д. пісіп жетілмеген рак

19. Бетте орналасқан ауру сезімінсіз, тығыз консистенциялы сарғыш немесе солғын-ақшыл түсті тері бетінен шығып тұратын ісік - тері рагының қандай гистологиялық түріне тән:

А. ұсақ жасушалы рак

Б. альвеолярлы рак

В. ірі жасушалы рак

+Г. базальды жасушалы рак

Д. эпидермоидты рак

Берілген сипаттама тері рагының қандай түрлеріне тән: жиектері валик тәріздес, түбі тегіс емес, кедір-бұдыр қабыршықпен жабылған терең жара?

А. калезды түрі

Б. папилярлы түрі

В. скирр

+Г. инфильтративті

Д. жаралы

Берілген сипаттама тері рагының қандай түрлеріне тән: түрі түрлі-түсті орамжапыраққа (капустаға) ұқсайтын кедір-бұдыр, қабыршықпен қапталған түйін?

А.беткей түрі

Б. скирр

+В. папилярлы түрі

Г.саңырауқұлақ тәрізді түрі

Д. солитарлы, жекелеген түрі

Тері рагын анықтаудың информативті әдістері?

А. ісіктік антигенді анықтау үшін имунногистохимиялық анализ жасау

+ Б. Биопсия жасау

В. онкомаркерлерді анықтау үшін қанды тексеру

Г. Өкпеде метастаздың бар-жоғын білу үшін рентгенмен тексеру

Д.Компьютерная томография

Жасар науқасқа “IА- даму сатысындағы мұрын қырының базальды жасушалы рагы, рактың беткей түрі” деген диагноз қойылды. Қандай ем жүргізу керек?

А. науқасқа дистанционды гамма терапия жүргізіп, соңынан полихимиотерапия курсын жасау

Б. жергілікті анестезия арқылы ісікті кеңейтіп кесіп алу және аймақтық лимфоаденэктомия жасап, соңынан полихимиотерапия курсын жүргізу

+В. жақын фокусты рентген сәулесімен сәулелендіру

Г. кешенді ем: операция алдында гамма терапия жасап, жалпы жансыздандыру арқылы ісіктің негізгі ошағын кеңейтіп кесіп алу соңынан полихимиотерапия курсын жүргізу

Д. иммундық терапия

Терінің қандай аурулары меланоманың облигатты түріне жатады?

А. тері ішілік невус

Б. Боуэн ауруы

+В. Дюбрейль меланозы

Г. пигментті ксеродерма

Д. Педжет ауруы

Андай факторлар невустың меланомаға малигнизациялануына ықпал етеді?

А. темекі шегу

+Б. жарақаттар

В. ішімдікке салыну

Г. Адам папиломасының вирусы

Д. Эпштейн-Барр вирусы

Терінің меланомаға тән өзгерістері?

А. ортасы ойықталған сары түстес тығыз консистенциялы төмпешіктің пайда болуы

Б. шекарасы айқын емес тығыз консистенциялы қызарудың пайда болуы

В. алаң белгісінің оң болуы

+Г. невус түсінің өзгеруі

Д. Кенинг симптомының оң болуы

Тері меланомасының қандай белгілері ісіктің жан-жағына қарай таралғандығын көрсетеді?

А. невустың тез өсуі

Б. терінің қышуы

В. қызарған бөліктің болуы

Г. пигментацияның өзгеруі

+ Д. Якша сынамасының оң болуы

Андай жағдайларда меланомаға әйнекті тигізіп жағынды алып, цитологиялық зерттеу жүргізуге рұқсат етіледі?

А. сателлиттер болғанда

+Б. беті эрозияланғанда

В. меланома тез өскенде

Г. терінің қышуы пайда болғанда

Д. Қабынған жағдайларда

Меланома» диагнозын гистологиялық дәлелдеу үшін не істеу керек ?

А. жергілікті анестезия жасап, эксцизиялы биопсия (ісіктің жиегін резекциялау) алу

+ Б. жалпы анестезия жасап, ашық биопсия (ісікке кеңейтілген резекция жасау) алу

В. жалпы анестезия жасап, эксцизиялы биопсия (ісіктің жиегін резекциялау) алу

Г. жергілікті анестезия жасап, ашық биопсия алу

Д. негізгі ошақтан алынған қанға иммуногистохимиялық анализ жасау

Тері меланомасында қандай морфологиялық жіктелулерді қолданады?

А. Савицкий бойынша

Б. Краевский бойынша

+В. Кларк бойынша

Г. Дисанелизде бойынша

Д. Дюке бойынша

Меланома кезінде метастазды анықтау үшін шекаралы болып табылатын тері қабатын көрсетіңіз

А.эпидермистің жылтыр қабаты

Б. дерманың торлы қабаты

В. эпидермистің базалді қабаты

+Г. дерманың емізікті қабаты

Д. Гиподерма

Наши рекомендации