Тақырып 45 Гимнастиканың сауықтыру, спорттық, қолданбалы түрлері.

Гимнастиканың сауықтыру түрлері: негізгі, гигиеналық, емдік гимнастика, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, спорттық акробатика.

Екі қолдың толқын іспетті қимылдары. Шалқадан жатып қолға таяну; айнала бұрылып етбеттеп жатып қолға таяну; еңкейе аяқты жартылай бүгіп, қолды төмен түсіре доға сызығымен жоғары көтеру , денемен толқын іспеттес қимыл жасау. Қолды сермеу, артқа-алдыға қарай айналдыру. Секіріп бұрылуды қрапайым би адымдарымен үйлестіру.

Акробатикалық жаттығулар – белгілі бір осьтің айналымы арқылы орындалатын жаттығулар. Тоңқалаң асу-жүреден отырған бетте алдыға, артқа қарай тоңқалаң асып түсу. Тоңқалаң асып түсіп барып, қайтадан жүреден отру. Аунау – алдыға, артқа қарай қолды тіреп аунап түсу. Алдыға тоңқалау асу- жартылай отырып және жүгіріп келген бетте тоңқалаң асады. Жүгіріп келіп секіріп қолға тұрып, содан кейін басты ішке қарай алып арқаме аунап түсу.

Ескерту: Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау

Тапсырма:жаттығу,секіру, жүгіру

Глоссарий

Қазақ тілінде Орыс тілінде
гимнастикамен шұғылдану заниматься гимнастикой

Бақылау сұрақтар:

1. Гимнастикалық спорт құрал-жабдықтарының аталуы.

2. Спорттық гимнастика құралдарын ата.

3. Гимнастиканың сауықтыру түрлерін ата.

СӨЖ тапсырма: Реферат

«Гимнастиканың сауықтыру, спорттық, қолданбалы түрлері»

Әдебиеттер:

1. Б.Төтенай Дене тәрбиесі. Астана, 2008.

2. Е.Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы,Рауан 1991.

3. Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. –Алматы, Қайнар 1991

Қосымша әдебиеттер:

1. Президенттік тест – Департамент Алматы,2002

Алматы медицина колледжі

Активті үлестірмелі материал

Пән: Дене тәрбиесі Алматы медицина колледжі
Кредиттер - 4 Жалпы білім
№45сабақ.Тақырыбы:«Гимнастиканың сауықтыру, спорттық, қолданбалы түрлері» 1,2,3-курс
Оқытушы: Идришев Р.Б. Идришев Д.Б. Қуаншалин Д.Е.  

Дәріс мақсаты:Қауіпсіздік ережелерін сақтау

Әр түрлі арнайы жаттығулар

Үй тапсырмасы:

«Гимнастиканың сауықтыру, спорттық, қолданбалы түрлері» тақырыбын оқып келу

Әдебиеттер:

1. Б.Төтенай Дене тәрбиесі. Астана, 2008.

2. Е.Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы,Рауан 1991.

3. Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. –Алматы, Қайнар 1991

Қосымша әдебиеттер:

1. Президенттік тест – Департамент Алматы,2002

Алматы медицина колледжі

Пән: «Дене тәрбиесі» Алматы медицина колледжі
Кредиттер - 4 Жалпы білім
№46сабақ.Тақырыбы: «Бұрын үйренген саптық тәсілдерді қайталау» 1,2,3-курс
Оқытушы: Идришев Р.Б. Идришев Д.Б. Қуаншалин Д.Е.  

Қысқаша мазмұндама:

Тақырып 46 Бұрын үйренген саптық тәсілдерді қайталау

Қозғалу түрлері – тізені жоғары көтере, аяқтың ұшымен жүру, тізесін бүгіп, алдыға ұмтыла, аяқтарын айқастырып және ауыстыра отырып, алдыға және қапталға қарай қозғалу.

Кім де кім спорттің қай түрі болсын, қандай жаттығумен шұғылдансада, сабақ сапта, катарда тұрып және жүретін жаттығулардан басталады. Сапта және қатарда тұрғанда оңға, солға айнала, т.б. бұрылу міндетті түрде орындалады.

Оқытушы «Сапқа тұрындар!» деп бұйыру бергеннен кейін студенттер бір қатарлы сапқа тұрады. Орында тұрып бір қатарлы, екі қатарлы, үш қатарлы тұруы қайталаудан басталады.

Сапта орындалатын жаттығулар атаулары: сапқа тұру, қатарға тұру, түзел, түзу тұр, еркін тұр, оңға, солға, айнала бұрыл және артқа, алға, адымдап жүр, жүгір, жай жүр, жоғары жылдамдықпен жүру, оң жақ бүйірмен алдыға қарап жүгіру, сол бүйірмен алдыға қарай жүгіру, артпен алдығ

Гимнастика – адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының,сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет-қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз – адамның өзін - өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.

Ескерту: Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау

Тапсырма:жаттығу,секіру, жүгіру

Глоссарий

Қазақ тілінде Орыс тілінде
саптық тәсіл строевое метод

Бақылау сұрақтар:

1. Сапқа тұрғанда орындалатын жаттығу атаулары.

2. Саппен жүргендегі орындалатын жаттығу атаулары

3. Бастапқы қалыптың түсініктемесі.

Наши рекомендации