Тақырып: Бруцеллез қоздырушылары және бруцеллезді балау әдістері
Сабақтың мақсаты:бруцеллез ауруын және бруцеллезқоздырушыларының морфологиялық және биологиялық қасиеттерін зерттеу, бруцеллезды балау әдістерімен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Бруцеллез ауруына сипаттама.
2. Бруцеллез қоздырғыштарының морфологиялық және биологиялық қасиеттері.
3. Бруцеллалардың патогендік қаситетері және бруцеллездың патогенезі.
4. Бруцеллезға қарсы иммунитеттің ерекшелігі.
5. Диагноз қою әдістері.
6. Бруцеллезға қарсы шаралар
Бруцеллез(Brucellosis)–үй және жабайы жануарлардыңжұқпалы ауруы, ауру малдың дене қызуы көтеріледі, аяқтары мен буындары, нерв жүйесі зақымданады, іш тастайды, шуы түспейді, эндометрит, қысыр қалады.
• Берджидің жіктеуі бойынша Brucella тұқымының 6 түрі бар: Br. abortus (ірі қарада), Br. suis (шошқада), Br. melitensis (қой мен ешкіде, адамда), Br. canis (итте), Br. neotomoe (егеуқұйрықта), Br. ovis (қошқардың жұқпалы эпидемиті). Антигендік және биохимиялық қасиеттері бойынша B. abortus 9 биоварға бөлінеді. B. melitensis - 3, B. suis - 5 биоварға бөлінеді.
• 2003 жылы халықаралық таксономиялық комитеттің шешімі
бойынша | барлық | бруцеллалар | бір түрге біріктіріліп, Brucella |
melitensis | деп аталатын болды. | ||
Морфологиясы. | Бруцелла | Грам теріс боялатын ұсақ, |
полиморфты, кокк тәріздес немесе қысқа таяқша түріндегі микроорганизм; мөлшері 0,5 х 0,7-0,6 х 1,5 мкм. Спора тузбейді, қозғалмайды.. Е. В. Козловский (1936) бруцеллаларды ажыратып бояу әдісін ұсынды. Бұл әдіс бойынша бекітілген жағындыға сафраниннің 2 %-тік судағы ерітіндісін құйып, көпіршік пайда болғанша қыздырады; содан кейін препаратты сумен жуады және 30 секундтай малахит көгінің 0,75-1 %-тік судағы ерітіндісімен қайталап бояйды. Микроскопиялық көрініс: бруцеллалар – қызыл түсті, басқа бактериялар – жасыл түсті. Микроскоппен зерттегенде препаратта бір-бірден не қос-қостан орналаскан. Кейбір зерттеушілер бруцелланың уытты штаммдарынан капсулалық формаларын байқаған. Бруцеллалар буынтықталып, бүршіктеніп, ұсақ бүршік және микроскоппен көрінбейтін шектегі сүзілгіш форма арқылы көбейеді.
Өсінділік қасиеттері.Бруцеллаларды өсіру үшін бауырқосылған ет-пептонды агар және глюкоза мен глицерин қосылған ет-пептонды сорпа, картоп агары, глюкоза глицеринді агар, эритрит-агар, жылқы қан сарысуы қосылған ет-пептонды агар, Н. В.
Плоскиревтың балық және ашытқы гидролизаттарынан жасалған құрғақ Д қоректік ортасы және баскалар. рН 6,8-7,2 реакцияда, 38ºС температурада жоғарыда аталған қоректік ортада өсіреді.
Патологиялық материалдан себінді жасалғанда бруцелла культурасының алғашқы генерациясы көбіне 1/2-1 айда, кейде одан да кеш алынады. Таза культураны іш тастаған мал төлі қарнынан, паренхиматозды органдарынан, лимфа туйіндерінен және басқа да патологиялық материалдардан қан сарысуы - декстрозды агар; қан сарысуы қосылған картопты агары; триптозды -соялы және триптозды агар; қанды агар (негізгі агар қоректік ортасына 5 % қой қаны қосылған) орталарын қолданып бөліп алуға болады. Br. abortus алғашқы генерациясын 5-10 % СО2 қосып өсіреді, Br. melitensis және Br. suis қалыпты жағдайда өсіріледі. Бруцелланың мұражайлық өсінділері, соның ішінде 1-2 тәуліктен кейін аэробты жағдайда дамиды. Бөгде микрофлорамен ластанған патологиялық материалдан бруцелла культурасын бөліп алу үшін бөгде микроорганизмдердің дамуын тежейтін және бруцелла өсуіне кедергі болмайтын антибиотиктер (полимиксин, бацитрацин,циклогексамид, антидион) қосқаннан кейін сол материалды пайдаланады.
Агарда себілген бруцелла шоғырлары нәзік, жьштыр, мөлдір қабат түзеді, уақыт өткен сайын лайланады және мөлдірлігі кемиді, көкшіл тартады. Уытты эпизотиялық штаммдар агарда S-колониялар түзеді; олар түссіз, жұмыр, тегіс, беті дөңес, көкшіл түсті мөлдір (уақыт өткен сайын лайланады және R-формалы колонияға ауысады). Сорпа культурасында бруцелланың уытты штаммдары қоректік ортаны біркалыпты лайландырады. Сорпа культурасы ұзақ тұрып қалса пробирка түбіне тұнба түседі. R-формалы штаммдар сорпада түйіршікті түнба түзеді және бірте-бірте орта мөлдірленеді. Биохимиялық қасиеттері.Бруцеллаларда протеолитикалыққасиеттері жоқ, ол желатинаны сұйылтпайды, сүтті үйытпайды. Сонымен қатар сахаролитикалық белсенділігі де нашар. Бруцелланың кейбір штаммдары ғана декстрозаны, галактозаны, ксилозаны, левулезаны ферменттейді және арабинозаны ашытады. Br. abortus және Br. suis қоректік ортада өскенде күкірт сутегін бөліп шығарады, ал Br. mеlіtensis бөлмейді. Кейбір зерттеушілер бруцеллаларды каталаздық белсенділігін байқаған.
Диагноз қою әдістері.Бруцеллезге ұшыраған жануарларды деркезінде анықтаудың бұл қауіпті ауруды жоюда маңызы орасан үлкен. Бруцеллез диагностикасын қою үшін бактериоскопия жасалады,
бруцелла культурасы бөлініп алынады, лабораториялық жануарларға биологиялық сынақ жүргізіледі, ал жаппай зерттеуге иммунобиологиялық әдістер қолданылады.
Зерттейтін материал:іш тастау кезінде түскен төлді,қарынішіндегісімен, шу және қағанақ қабығы, сүт, бітеу жара ірің; өлген жануарлардан - паренхиматозды органдары, лимфотүйіндері. Қошқардың инфекциялы эпидидимитін зерттеуге арналған материал - ен бауының секвестрі, еннің зақымдалған жерлері.
Зерттеу әдістері.
Бактериоскопиялық зерттеу.Зерттелетін материалжағындысын Грам және Козловский әдісімен бояйды. Бруцелла Грам әдісі бойынша қызыл түске, Козловский әдісі бойынша басқа микроорганизмдер көк түске, бруцелла қызыл түске боялады.