ИӨЖ №3 Жүрек бұлшық етінің негізгі физиологиялық қасиеттері.

Кіріспе бақылау

1.Миокардтың өзінде пайда болатын импульстердің әсерінен өздігінен қозу қасиеті аталады:

1. қозғыштық;

2. өткізгіштік;

3. жиырылғыштық;

4. автоматия;

5. рефрактерлік.

2.Жүректің басты ырғақ жүргізушісі болып табылады:

1. атриавентрикулярлы түйін;

2. синоатриальды түйін;

3. Гис шоғыры;

4. Гис шоғыры аяқшалары;

5. Пуркинье талшықтары.

3.Физиологиялық жағдайларда үлкен адамдарда жүрек жиырылу жиілігі құрайды ( 1 минутта ):

1. 35-40;

2. 45-50;

3. 60-65;

4. 70-75;

5. 85-90.

4.Қарыншалар миокардының абсолютті рефрактерлік кезеңі ұзақтығы құрайды (сек):

1. 0,2;

2. 0,24;

3. 0,17;

4. 0,3;

5. 0,27.

5.Жүректің өткізгіш жүйесінде ең көп қозғыштыққа ие:

1. Гис шоғыры;

2. Гис шоғыры аяқшалары;

3. Пуркинье талшықтары;

4. синоатриальды түйін;

5. атриовентрикулярлы түйін.

6.Жүрек циклының ұзақтығы (сек):

1. 0,4;

2. 0,6;

3. 1,0;

4. 0,8;

5. 0,7.

7.Экстрасистола, мына кезеңде қосымша тітіркендіргенде пайда болады:

1. абсолютті рефрактерлік;

2. жүректің жалпы кідірісі;

3. систола;

4. латентті кезең;

5. диастола

8.Жүрек жиырылуы басталады:

1. қысым кезеңі;

2. қанды айдау кезеңі;

3. протодиастолалық кезең;

4. толу кезеңі;

5. жүрекшелер систоласы

9.Жүректің өткізгіш жүйесінің қай элементі жұмысшы миокардқа қозу жіберуді қамтамасыз етеді:

1. атриовентрикулярлы түйін;

2. синоатриальды түйін;

3. Гис шоғыры;

4. Гис шоғыры аяқшалары;

5. Пуркинье талшықтары.

10.Жүрек қарыншасының бір минуттағы айдайтын қан көлемі аталады:

1. қанның минуттық көлемі;

2. жүрек индексі;

3. қанның систолалық көлемі;

4. қанның айналу уакыты;

5. қан ағысының сызықтық жылдамдығы.

ИӨЖ №3 Жүрек бұлшық етінің негізгі физиологиялық қасиеттері.

Қорытынды

1.Миокардты босаңсу кезеңінде (диастола) тітіркендіргенде шақырылатын, жүректің кезектен тыс жиырылуы аталады:

1. систола;

2. диастола;

3. экзальтация;

4. экстрасистола;

5. блокада.

2.Қарыншалар систоласы созылады (сек.):

1. 0,18;

2. 0,25;

3. 0,33;

4. 0,45;

5. 0,53.

3.Миокардтың тітіркендіргіштер әсерінен әрекет потенциалын өндіру қасиеті аталады:

1. қозғыштық;

2. өткізгіштік;

3. жиырылғыштық;

4. автоматия;

5. рефрактерлік.

4.Қарыншалар систоласы келесі кезеңдерден тұрады:

1. протодиастолалық кезең және қан айдау кезеңі;

2. изометрлік босаңсу кезеңі және қысым кезеңі;

3. пресистолалық кезең және асинхронды босаңсу кезеңі;

4. қарыншалардың қанмен толу кезеңі және қысым кезеңі;

5. қысым кезеңі және қанды айдау кезеңі

5.Қанның минуттық көлемін бір минуттағы жиырылу санына бөлгенде, мынаны есептеп шығаруға болады:

1. қан ағымының көлемдік жылдамдығын;

2. жүрек индексін;

3. қанның систолалық көлемін;

4. қанның айналу уақытын;

5. қан ағысының сызықтық жылдамдығын.

6.Жүректің патологиялық жиырылу түрлері:

1. тахикардия, тыныстық аритмия;

2. брадикардия, жыбырлау;

3. тыныстық аритмия, брадикардия;

4. жыбырлау,дірілдеу;

5. дірілдеу, тахикардия.

7.Жүрек автоматиясы градиенті көрініс береді:

1. синоатриальды түйіннен алыстаған сайын жүректің өткізгіш жүйесі аймақтарының автоматия қабілетінің азаюымен;

2. синоатриальды түйіннен алыстаған сайын жүректің өткізгіш жүйесі аймақтарының автоматия қабілетінің жоғарылауымен;

3. синоатриальды түйінге жақындаған сайын жүректің өткізгіш жүйесі аймақтарының автоматия қабілетінің азаюымен ;

4. Пуркинье талшықтарын жақындаған сайын жүректің өткізгіш жүйесі аймақтарының автоматия қабілетінің жоғарылауымен;

5. синоатриальды түйіннен алыстаған сайын жүректің өткізгіш жүйесі аймақтарының автоматия қабілетінің фазалық өзгерістерімен.

8.Жүректің өткізгіш жүйесінің жасушааралық байланыстары аталады:

1. автоматия түйіндері;

2. нексустар;

3. саркоплазма;

4. миофибрилла;

5. жұмысшы миокард.

9.Жүректің электрлік белсенділігін тіркейтін әдіс:

1. электрокардиография;

2. электрокимография;

3. баллистокардиография;

4. фонокардиография;

5. динамокардиография.

10.Жүректің өткізгіш жүйесінің әртүрлі қозғыштығын және өткізгіштігін, қандай әдіспен анықтауға болады:

1. электромиография;

2. баллистокардиография;

3. фонокардиография;

4. электрокардиография;

5. эхокардиография.

Наши рекомендации