Ультрадыбысты допплерография.
Ангиокардиография.
Ангиокардиография әдісіарнайыкардиологиялық және кардиохирургиялық емдеу мекемелерінде жасалады. Ангиокардиографияны арнайы аппаратура көмегімен жоғары санатты маман дәрігер жүргізеді. Жүрек және ірі қан тамырларға рентгеноконтрасты затты жіберіп, жүректің анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері туралы мәлімет алынып, кардиологиялық науқастарды хирургиялық емге дайындайды. Ангиокардиография жүректі катетеризация етумен біргежүргізіледі.
Коронарография.
Біздің елімізде соңғы кезде коронарография Жүрек Ишемиясы ауруымен ауыратын науқастарға хирургиялық ем тағайындау мәселесін шешу мақсатында кеңінен қолдануда; аортокоронарлық шунт салу (аортокоронарное шунтирование или баллонная дилятация коронарной артерии). Коронарография жасауда науқастың сан артериясына енгізілген катетер арқылы жүректің әр бір тәж артериясның сағасына 5-10 мл контрасты зат (эргоновин) жіберіп, рентгенограмаларда тәжартерияларының өткізгіштігі мен анатомиялық ерекшелігі туралы толық мәлімет алынады.
Жүрек қан тамырлар жүйесін КТ -н тексеру.
Жүрек қан тамырлар жүйесін тексергенде компьютерлі томография қолқа аневризмасы мен гематомасын, жүрек пен перикардтағы патологиялық ісіктерді, миокард инфарктының көлемін анықтау үшін қолданады. Сәулелік жүктеме рентгенологиялық тексеруге қарағанда жоғары болады.
Жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларын зерттеуде қолданатын функциональды тексеру тәсілдері.
Электрокардиография.
Электрокардиография жүректе пайда болатын электрлік процестерді немесе биотоктарды тіркеуәдісі.Жүрек биотоктарын графикалық тіркеуді 1903 жылы Эйнтховен енгізді. Жүректегі электрлІк процесстер негізінде миоциттер мембранасы арқылы жүзеге асатын иондар қозғалысы жатыр. Жүректе электр тогының пайда болуы жүрек бұлшықетінің қозу қасиетіне байланысты. Жоғары айтылғандай жүректің бұлшықет талшы ғының қозуы Na + және К+ иондарының мембрана арқылы жасушының екі жағына алмасып отыруына байланысты. Жасуша тыныш кезде калийдің концентрациясы жасуша ішінде көп те , жасуша сыртында аз. Сондықтан ол жасуша қозған кезде жасушасыртына ауысады. Керісінше натрий иондар ының концентрациясы жасуша тыныш кезде оның сыртында көп те , ішінде аз болғандықтан ол жасуша қозған кезде, жасуша сыртынан жасуша ішіне қарай ауысады. Жүрек бұлшықегі талшығының қозған кездегі иондардың бұлай алмасуы көрші қозбаған жерге тарайды. Қозған жердің заряды теріс, қозбаған жердің заряды оң. Қозған жәие қозбаған жерлердің арасында электр потенциалының айырмасы пайда болады. Ол электр қозғаушы күш деп атала ды. Электр қозғаушы күштің бағыты, яғни қозу толқынының негізгі бағыты жүректің электр осі (білігі) деп аталады.Жүректің электр осі жүректің анато миялық осіне сәйкес. Потенциал айырмашылығының ең үлкен мәні жүректің электр осінің екі шет полюсі аралығында болады. Электр осін ортасынан және оған перпендикуляр кесіп өтетін сызықтың бойында потенциал айырмашы лығы нольге тең. Бұл сызықтың екі нүктесін қосқан жағдайда гальванометр тілі орнынан қозғалмайды, себебі потенциал нольге тең. Ноль потенциалын көрсететін сыззықтан жоғары теріс (-) белгісі бар потенциал, ал одан төмен оң (+) белгісі бар потенциал орналасқан. Дененің екі нүктесі аралығындағы потенциал айырмашылығын анықтайтын тәсілді электрокардиографиялық тіркеме деп атайды. Электрокардиография көмегімен жүрек бүлшық етінің жарақат салдарынан, ревматикалық және инфекциялық процесстен зақымда луы анықталады. Қалыпты жағдайда қозу процесі жүректің өткізгіш жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қозу оң жүрекшеде орналасқан синусты түйіннен басталып, жүрекшелердің бұлшықеттері, жүрекше - қарыншалық түйін, Гиса шоғыры және оның тармақтары арқылы қарыншаларды қамтиды. Қозумен қамтылған миокард белігінің сырты электронегативті яғни қозумен қамтыл маған. Денеге электродтар қойылғаннан кейін ұлпалардың электроөткізгіштік қасиетіне байланысты электрлік процесстер жартылай тіркеледі. Жүректің қозумен қамтылған жэне қамтылмаған бөліктері арасындағы потенциалдар айырмашылығының тербелісі 1-3 мВ тең. Осы тербелістердің қисық сызық тар түрінде қағазға тіркелуі электрокардиограмма деп аталады. Электрокар дио грамма негізінде жүректің қозғыштық, автоматизмдік, өткізгіштік қа сиеті туралымәлімет алынады. ЭКГ - ны тіркеу үшін арнайы аппарат элек трокардиограф қолданады. Қозғалыс жылдамдығы бойынша 50 мм/с 1 мм қа ғаз көлденеңі 0,02 с сәйкес (Р тісшесінің ені 5 мм), қозғалыс жылдамдығы 25 мм/с Імм болса 0,04 с сәйкес, ( Р тісшесінің ені 2-3 мм). Қазіргі уақытта элек тро кардиографияда міндетті түрде 12 электрокардиографиялық тіркеме қол данылады; 3 негізгі (стандартты) I, II, III тіркеме, 3 бір полюсті күшейтілген аяқ-қол тіркемелері; AVR, AVL, AVF, және бір полюсті 6 көкіректік тіркеме лер - VI, V2, V3, V4, V5, V6. Стандартты тіркемелерді ЭКГ тәсілінің авторы Эйнтховен ұсынған, сондықтан олар Эйнтховен тіркемелері деп айтыла бе реді. I стандартты тіркеме көмегімен оң және сол қолдың арасындағы потен циал айырмасын, II стандартты тіркеме көмегімен оң қолмен сол аяқтың ара сын дағы потенциал айырмасын, III стандартты тіркеме арқылы сол қолмен сол аяқтың арасындағы потенциал айырмасын тіркеп, қағазға түсіреді. ЭКГ - қ зерттеуді қолдану миокардит, аритмиялар, жүрек ишемия ауруы әсіресе миокард инфарктының диагностикасында өте маңызды. ЭКГ - дағы тісшелер көлемінің кішіреюі жүректен тыс факторлар әсерінен болуы мүмкін мысалы; семіздік, өкпе эмфиземасы, плевра мен перикард куысындағы сұйықтық. Нақ ты диагноз қоюда соңғы түсірілген ЭКГ - мен бірнеше күн немесе апта бұрын гы ЭКГ-ны салыстыра тексеру көмек береді. Ұзақ уақыт үздіксіз ЭКГ бақы лау және функциялық сынақтар жүргізу тәсілдерін қолдану электрокардио графиялық зерттеу әдісінің мәліметтілік деңгейін жоғарылатады. Жағдайы ауыр науқастарды бақылау үшін мысалы: қарқынды (интенсивті) терапия блогында (БИТ) кардиомонитор орнатылады, ол ЭКГ үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді.
Тәуліктік мониторинг жүйесі.
Тәуліктік мониторинг жүйесі ЭКГ үздіксіз тіркеу үшін әсіресе сирек байқалатын және тез өтіп кететін аритмия түрлерін, аурусыз ишемияны, S-T сегментінің ығысуын анықтауға көмек береді. Соңғы кезде спорт, космостық медицина мен арнайы мамандандырылған салада жұмыс жасап жатқан адамдардың жағдайын телеметриялық бақылау жасау үшін ЭКГ кеңінен қолдануда. Бұл мақсатта электродтарды кеудеге қоюдың арнайы әдістері қолданады. Электрокардиографиялық бақылау үшін кеңінен қолданатын функциональдық сынақ түрінің бірі; мөлшерленген жүктеме әсіресе велоэргометрия қолдану. ЭКГ-ныбақылау сынақ кезінде және сынақтан соң 6-12 минут ішінде жүргізіледі. Сынақтың басқа түрлері: тредмил, екі сатылы Мастер сынағы, изометриялық жүктеме. Бұлар сирек қолданады. Жүктемелік сынақтарды өткізуге қарсы көрсетілімдер; өткір миокард инфаркты, өкпе текті жүрек, миокардиттер, жүрек жетіспеушілігі, аритмиялар қолқа сағасының тарылуы, жүрек немесе қолқа аневризмасы, қан қысымының 200/110 мм.с.б-н жоғары болуы.
Жүрекішілік электрокардиография.
Жүрекішілік электрокардиография электрофизиологиялық тәсілдерге жатады. Жүрекішілік ЭКГ кейбір арнайы кардиологиялық емдеу мекемелерінде науқасқа тағайындалған ем түрін, дәрі -дәрмектердің электро физиологиялық әсерін, аритмия мен блокада түрлерін анықтау үшін қолданады. Бұл үшін оң қарыншаға трансвенозды ентізілген электродты катетер жүрекшеаралық және қарыншааралық қалқаға қойылып, жүрекше, қарыншалар, Гиса шоғырының деполяризациясы туралы мәлімет береді.
Электрокардиограмманы тіркеу әдістері.
Электрокардиограмма 12 тіркемеде алынады. стандарттық тіркемеде ЭКГ тіркеу үшін электродтар оң және сол қолға қойылады да, оң қолға қызыл түсті штепсель жалғанады, сол қолға сары түсті штепсель жалғанады. ІІ стандарттық тіркемеде электродтар оң қол мен сол аяққа қойылады, оң қолға қызыл түсті, сол аяққа жасыл түсті штепсель жалғанады. IIIстандарттық тіркемеде электродтар сол қол мен сол аяққа қойылады, сол қолға сары түсті, сол аяққа жасыл түсті штепсель жалғанады. Жүректің электр осінің қалыпты жағдайында электрокардиограмма тісшелерінің ең биік мөлшері IIстандартты тіркемеде болады да, ең аласа тісшелер IIIстандартты тіркемеде болады.
Iстандарттық тіркеме миокардтың алдыңғы қабырғасындағы биотогін ұстап, анықталған өзгерістерді қағазға түсіреді.IIIстандарттық тіркеме миокардтың артқы жақ қабырғасының биотогын ұстап, өзгерістерін тіркейді.IIстандарттық тіркеме І-мен және IIIстандарттық тіркеменің қосындысы болғандықтан оның биотогының қай жерден шығатынын анықтаудың маңызы жоқ. Электрофизиологиялық тұрғыдан қарағанда қол мен қолдың, аяқ пен қолдың арасында өзіндік потенциал айырмашылығы болуы мумкін. Стандарттық тіркемелерде бұл айырмашылық ЭКГ элементтерінің мөлшеріне әсерін тигізуі мүмкін. Бұл кемшілікті күшейтілген бір полюсті аяқ қол тіркемелерін қолданып жоюға болады. Қол мен аяқтағы, не қолдардағы электродтарды бір өткізгіш арқылы қосса, потенциал айырмашылығы төмендеп, нольге жақындайды. Бұл қосылған электрод индиферентті электрод, ал қосылмаған бос элекгрод активті электрод деп аталады. Активті электрод қойылған қол немесе аяққа қарап, оң қолдың күшейтілген бір полюсті тіркемесі AVRдеп белгіленеді, (a-augemented, v-потенциал айырмашылығы, R- right- оң жақ) сол қолдың күшейтілгенбір полюсті тіркемесі AVL(1-left- сол қол); аяқтың күшейтілген тіркемесі AVF(foot- аяқ ) болып белгіленеді. АVR- оң қолдан, AVL- сол қолдан, AVF- сол аяқтантіркеледі. AVRжәне AVLтіркемеде миокардтың алдыңғы қабырғасындағы өзгерістер,AVFтіркемеде миокардтың артқы қабырға сындағы өзгерістер тіркеледі.
Көкірек тіркемелері.
ЭКГ-ны Вильсон әдісімен бір полюсті көкіректік тіркемелер арқылы тіркеу. Көкіректік немесе кеуде тіркемелері арқылы жүректің электр тогінің көлденең жэне сагитальды жазықтықтар бойынша таралуы жазып алынады. Бір полюсті кеуде тіркемелерінде екі қол және аяқтағы электродтар бір индиферентті электродқа қосылады да, активті электрод кеуде торының (сарайының) үстіне орналастырады. Кеуде тіркемелері V әрпімен белгіленеді де, қасына тіркеменің түріне қарай араб цифрі қосылады. Көкіректік электродтардың 6 позициясы: VI - тіркемеде активті электрод төстің оң жақ қырына 4 қабырға аралығына.
V2 - тіркемеде төстің сол жақ қырына 4 қабырғааралығына.
V3 - тіркемеде V2 мен V4 тіркемелері аралығына немесе сол жақ төс маңы сызығымен 4 мен 5 қабырғааралығы ортасына.
V4 - тіркемеде сол жақ бүғана орта сызығымен 5 қабырға аралығының қиылысқан жеріне.
V5 - тіркемеде сол жақ қолтық алды сызығы бойындағы 5 қабырға аралығына.
V6 - тіркемеде сол жақ қолтық орта сызығы бойындагы 5 қабырға аралығына қойылады. Кеуде тіркемелерінде активті электрод жүрекке жақын орналасқандықтан, бұл тіркемелер жүректегі патологиялық өзгерістердің орнын анықтауда басқа тіркемелермен салыстырғанда маңызды. VI, V2 тіркемелерінде қарыншалар аралық қалқа мен оң қарынша
немесе жүректің оң жағының биотогі тіркеледі. V-3тіркемеде өтпелі аймақтың биотогі тіркеледі. V4 тіркемеде жүрек ұшы мен сол қарыншаның алдыңғықабырғасының биотогі тіркеледі,V5, V6 тіркемеде сол қарыншаның алдыңғы және бүйір жағының биотогі тіркеледі.
Қалыпты электрокардиограмма.
Электрокардиограмма жүрек бөліктерінің қозуын білдіретін тісшелерден тұрады. Тісшелер латын әрпімен белгіленеді; Р, Q, R, S, Т, U. Жоғары қарай бағытталған тісшелер оң тісшелер: Р, R Т, U.
Төмен қарай бағытталған тісшелер теріс тісшелер; Q, S.
Қалыпты электрокардиограмма.
Р - тісшесі жүрекшелердің деполяризациясын білдіреді. Қозумен бірінші оң жүрекше, одан кейін сол жүрекше қамтылады. Р тісшесі жоғары қарай бағытталған жэне ұзақтығы немесе ені 0,06-0,11с. биіктігі 1-2 мм.-ге тең.
Р - Q аралығы бұл қозу импульсінің жүрекшелерден қарыншаларға өтуін көрсетеді және ұзақтығы 0,12 - 0,2 с.
QRS - қарыншалар деполяризациясы. Сау адамдарда ұзақтығы 0,06-0,1с.
Q - оң қарыншаның, қарыншааралық қалқаның, жүрек ұшының қозуын білдіреді, төмен қарай бағытталған, ұзақтығы 0,03 с, биіктігі 0-ден 3 мм-ге дейін болады кейде білінбейді.
R - қозу сол қарыншаны, кейін екі қарыншаның барлыққабырғаларын қамтиды, биіктігі 10 мм-ден 20 мм -ге дейін, жоғары қарай бағытталған.
S - екі қарыншаның қозуын білдіреді, төмен қарай бағытталған, кейде білінбеуі мүмкін, биіктігі 0-ден 6 мм-ге дейін болады.
S - Т аралығы қарыншалардың қозу қарқындылығының төмендегенін білдіреді. Аралықтың ұзақтығы жүректің жиырылу жиілігіне байланысты және ол 0-ден 0,15 с. аралығында болады. Қалыпты жағдайда S - Т аралығының жоғары немесе төменге ығысуы 1 мм-н аспайды.
Т - қарыншалар реполяризациясы. Ұзақтығы (ені) 0,05с - 0,25 с. аралығында, ал биіктігі 2-6 мм аралығында болады. (II стандарттық меншіктеуде)
U - тісшесі қарыншалар өткізгіш жүйесінің төменгі бөліктерінің реполяризациясын білдіреді.
Т - Р аралығы жүректің диастолалық фазасы. ЭКТ түзу сызық (изоэлектрлік) жазылады.
QRST аралығы қарыншалардың толық қозу кезеңіне сәйкес келеді яғни жүректің систолалық кезеңі. Аралықтың ұзақтығы жүректің жиырылу жылдамдығына байланысты, орташа ұзақтығы 0,24 - 0,55 с аралығында.
R - R , жэне Р - Р аралығы жүректің толық жұмыс циклін білдіреді. Қалыпты жағдайда аралықтардың ұзақтығы бірдей болады.
ЭКГ талдау белгілі бір жоспармен жүргізіледі. ЭКГ талдағанда жүрек жұмысының ырғақтығы, жүректің жиырылу жиілігі, вольтаж, жүректің электрлік білігінің орналасуы (элек.ось сердца) тісшелер мен аралықтардың ұзақтығы мен биіктігі ретімен тексеріліп, өлшенеді. Нақты талдау векторлық теорияны қолдана жасалады. Потенциал айырмашылығы вектор болып табылады оның бағыты, биіктігі жүрек цикліне байланысты тұрақты өзгеріп отырады.
Жүректің электрлік білігінін орналасуына байланысты ЭКГ-ң өзгерүі.
Жүректің электрлік білігімен ЭКГ арасындағы қатынасты төменде
көрсетілген Эйнтховен үшбұрышы арқылы түсіндіруге болады.
Жүрек кеудеде қалыпты орналасса, жүректің электрлік білігі
бағытының проекциясы II стандарттық тіркемеде үлкендеу болады,
сондықтан ЭКГ -да тісшелердің биіктігі әсіресе R тісшесініңбиіктігі II стандарттық тіркемеде жоғары.R II >R I > R ІII.
Көкет жоғары көтеріліп, жүрек көлденең жайғасқан жағдайда потенциалдар айырмашылығы I стандарггық тіркемеде жазылады яғни тісшелердің биіктігі I стандарттық тіркемеде, III стандарттық тіркемемен салыстырғанда биік болады. RI> RII> RIII
Жүрек тік жайғасқан жағдайда потенциалдар айырмашылығы III стаңдарттық тіркемеде жазылады, сондықтан тісшелер биіктігі III стандарттық тіркемеде биік көрінеді. RIII > RII> RI
Жүрек бөлімдері гипертрофиясының ЭКГ -қ белгілері.
Сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы.
Р тісшесі I және II стандартты тіркемелерде кеңіген жэне жарықшақтанған (қос өркешті). Р тісшесінің ұзындығы 0,1 сек-н көп, оның екінші жартысының биіктігі бірінші жартысының биіктігінен биік. Сол жүрекшенің гипертрофиясы жиі митральді қақпақша ақауларында кездесетіндіктен Р тісшесінің мұндай түрі (P-mitrale) деп аталады.
Оң жақ жүрекшенің гипертрофиясы .
Р тісшесі ІІ және III стандартты тіркемелерде биік және сүйір болып келеді. Оң жүрекшенің гипертрофиясы көбінесе өкпе текті жүректе (тыныс тапшылығында) кездесетіндіктен Р тісшесінің мұндай түрі (Р -Pulmonale) деп аталады.
Сол қарыншаның гипертрофиясы.
Жүрек ауруына байланысты жүрек бұлшықеттеріндегипертрофия дамып, жүректің электрлік білігінің орны өзгеріп, терең
S тісшесі анықталады. Артериалық гипертензияда, қолқаақауларында сол қарыншаның гипертрофиясы дамып, жүректің электрлік білігі солға ығысады. Сол қарынша гипертрофиясындағы ЭКГ:
ЭКГ -да ең биік тісше R1 ж2не AVL, V5-V6 тіркемелерінде, ал биіктігі төмен тісше RIII, ең терең тісше SIII жэне AVF, V1-V2 тіркемелерінде анықталады. Rl + SIII> 25 мм , (Губернер индексі.), Rv5 + Svl>35 мм. (Соколов-Лайон индексі.) Жүректің электрлік осі (білігі) солға ығысқан.
Осындай ЭКГ левограмма сол типті электрокардиограмма; сол қарыншаның электрлік белсенділігінің басым болуы деп аталады.
Оң қарыншаның гипертрофиясы.
Митральді қақпақша стенозында, өкпе текті жүректе, тумыстан болған жүрек ақауларында, үш жармалы қақпақша ақауында оң қарыншада гипертрофия дамып, жүректің электрлік білігі оңға ығысады.
Оң қарынша гипертрофиясындағы ЭКГ:
ЭКГ -да ең биік тісше - RIII, биіктігі ең төмен тісше RI және ең терең тісше S I стандартты тіркемеде пайда болады RIII +SI > 10мм.
R тісшесі vl-v2 тіркемелерінде биік, v5-v6 тіркемелеріндеаласа болады. S тісшесі vl-v2 тіркемелерінде таяздайды, v5-v6 тіркемелерінде тереңдейді. Жүректің электрлік осі (білігі) оңға ығысады.
Осындай ЭКГ оң типті электрокардиограмма; правограмма; оң қарыншаның электрлік белсенділігінің басым болуы деп аталады.
Электрокардиограммада сол мен оң қарыншаның гипертрофиясына тән белгілер бір полюсті (аяқ-қолдардан) күшейтілген және көкіректік тіркемелерде төмендегідей жүректің электрлік білігі солға бұрылғанда AVL -да « R» тісшесі биік, AVF- те « S» тісше терең, жүректің электрлік білігі оңға бүрылғанда AVL-да «S» тісшесі терең, AVF-та «R» тісшесі биік болады.
Жүрек білігінің бағытын көкіректік тіркемелерменанықтағанда өтпелі аймақты білу керек. Өтпелі аймақ қарынша аралық қалқа проекциясында анықталады және ол V3 сәйкес келеді. Осы V 3-те «R» тісшесі мен «S» тісшесінің биіктігі бойынша бірдей болады.
Сол қарыншаның гипертрофиясында немесе жүрек білігі солға
ығысқанда өтпелі аймақ оңға ығысады яғни V2 тіркемеде «R»және«S» тісшелерінің өлшемдері бірдей болады. Оң қарыншаның гипертрофиясында немесе жүрек білігі оңға
ығысқанда өтпелі аймақ солға қарай ығысып, яғни V4- V5
тіркемелерде «R» жэне «S» тісшелерінің өлшемдері бірдейболады.
Сол жэне оң қарыншаның гипертрофиясы туралы мәлімет «ішкі ауытқу» (внутренного отклонения) аралығының өлшеміне қарай анықтауға болады.
Ішкі ауытқу аралығы импульстің эндокардтан эпикардқа дейін таралу уақытын көкірек электродының кез келген аймағында сипаттап көрсетеді.
Ішкі ауытқу аралығын анықтау үшін ЭКГ-да Q тісшесінің басталған жерінен бастап «R» тісшесінің жоғарғы нүктесінен түсетін перпендикулярға дейінгі аралықты өлшейді. Бұл аралық «I» әрпімен белгіленеді. Миокард қалыңдаған сайын, импульстің эндокардтан эпикардқа дейін таралу уақыты да ұзарады, бұл «I» аралығының ұзаруына әкеледі.
«I» аралығын VI тіркемеде өлшеу оң қарынша бұлшықетінің қалыңдығы туралы мәлімет береді, ал «I» аралығын V6 тіркемеде өлшеу сол қарынша бұлшықетінің қалыңдығы туралы мәлімет береді. Қалыпты жағдайда «I -VI» аралығы оң қарынша үшін 0,03 с тең, сол қарынша үшін «I -V6» аралығы 0,045 с сәйкес болады.
Фонокардиография.
Фонокардиография - жүрек үндері мен шуларын графикалық тіркеу әдісі. Қазіргі кездегі фонокардиограф жүректегі дыбыстарды 15-1000 ГЦ диапазонда тіркейді.
ФКГ көп каналды электрокардиографтың құрамдас бөлігі.
ФКГ кезінде міндетгі түрде электрокардиограмма жазылуы тиіс. ФКГ-мен зерттеу кезінде науқас горизонталь қалыпта жатады және фонокардиографтың микрофоны жүректің тыңдау нүктелеріне қойылып, тіркеу тыныс алуды тоқтатып тұрып жасалады.
Фонокардиографияда жүрек үндері мен шуларының жүректің жұмыс жасау фазаларына байланысты ерекшеліктері анықталады.
Сфигмография.
Тамырдың соғуын зерттеуде пальпация тәсілі ғана емес сфигмография әдісі қолданады. Тамыр соғуының толқыны сфигмограф аппаратымен тіркеліп, сфигмограмма ( қисық сызықтар) түрінде жазылып көрсетіледі. Сфигмограммада тамыр соғуының жиілігі, ырғақтығы, сипаты анықталады.
Шыбық және сан артериясынан жазылған сфигмограмма шеткі аймақтық пульс, ұйқы мен бұғана асты артериясынан жазылған сфигмограмма орталық пульс деп аталады. Шеткі пульстің сфигмограммасы қалыпты жағдайда жүрек систоласына сәйкес келетін өрлеу бөлігінен - «анакрот» және жүрек диастоласынан сәйкес келетін бәсеңдеу бөлігінен - «катакрот» қалыптасады. Орталық пульстің сфигмограммасы қалыпты жағдайда жоғары өрлеген систоликалық (а) бөлімнен, систоликалық (аі) бөліктен және төмендеген диастоликалық (с ) бөлімнен қалыптасады.
Артерия қан тамырларын зерттеу әдістері.
Артерия кан тамырларының формасы мең қабырғаларындағы өзгерістер, қан ағуының жылдамдығын зерттеу үшін қолданылып келген оссиллография мен реовазографияның орнына қазіргі уақытта ультрадыбыспен зерттеу қолданылуда. Ультрадыбысты допплерография магистральды артериялар саңлауының тарылу (стеноз) немесе окклюзия (бітеу,тыгындау) деңгейін анықтау үшін қолданылады. Анықталған өзгерістер спектрограммада көрсетіледі.
2. Ультрадыбысты сканерлеу.
Бетта сканерлеу қолқаның өрлеу бөлігі мен құрсақ қолқасы
және мықын мен шеткі аймақтық артерия тамырларының
зақымдалуын зерттеу диагностикасында қолданылады. Сканер
көмегімен артерия қан тамырларыны қалыңдығы,қабырғаларындағы өзгерістер атап айтқанда қолқа аневризмасы мен қолқа атеросклерозы нақты анықталады.
3.Транскраниальды допплерография. Аталған зерттеу әдісі ми артериялары қан тамырлары ауруларының диагностикасьшда қолданылады.
4. Ультрадыбысты ангиография.Артерия қан тамырларының орналасқан орны, орташа диаметрі, жүрекгің толық жұмыс істеу циклі кезінде қанның орташа ағу жылдамдығы мен уақытқа қарай орташа таралу жылдамдығы ультрадыбысты ангиография көмегімен анықталады.
5. Хирургиялық ем жоспарланған науқастардың диагнозы
анықталмаған жағдайда рентгеноконтрасты тексеру тәсілдерінен:
А). Аортаграфия ( Сельдингер әдісі бойынша ) .
Б). Қолқаны транслюмбальды пункция жасау.
В). Шеткіартериялардыңпункциялықартериографиясы.
Г). Артериянемесевенаарнасынаконтрастызатжіберуарқылыангиографияетужүргізіледі. Ангиографиякөмегіменартерияарнасыныңкезкелгенсегментітуралымәліметалынады.
Венакантамырларжүйесінзерттеу.
І.Веноздық қысымды анықтау.
Вена қысымын Вальдман аппаратын пайдаланып, венаны пункция жасау тәсілімен анықтайды. Қалыпты жағдайда шынтақ венасындағы қысым су бағанасы бойынша 80-100 мм тең. Аяқ веналарында ол 20-30 мм жоғары болады. Вена қысымының өзгерістеріне оның көтерілуі мен төмен түсуі жатады. Вена қысымының жалпы және жергілікті көтерілуі болады. Шынтақ венасы қысымының көтерілуі кеуде қуысының артқы бөлігінде орналасқан ісіктің және экссудативті перикардиттің әсерінен жоғары қуыс венасында қан іркілгеннен болады. Аяқ веналарының кысымының көтерілуі аяқ веналарының варикозды кеңеюінен, іш қуысындағы ісіктің, асциттің әсерінен төменгі қуыс венасында қанның іркілуіне байланысты. Вена қысымының жалпы көтерілуі оң қарыншаның жетіспеушілігінде болады.
Вена қысымының төмен түсуі вена тонусының әлсіреуінде, жүрекке келетін қан азайғанда және қанның жалпы мөлшері азайғанда байқалады. Вена тонусының әлсіреуі жұқпалы ауруларда, уланғанда және наркоздан болады.
А).Фотоплетизмография. Бұл әдіс көмегімен веноздық жүйенің өткізгіштігі туралы мәлімет алынады.
Б). Ауалы плетизмография. (воздушная плетизмография). Плетизмография көмегімен аяқ балтырының көлемі, оныңжаттығулардан кейін өзгеруі, қуылған веноздық қанның көлемі мен сынақ жүргізгендегі қалдық көлемі тексеріледі.
В). Флебография.
Жүрекке жақын жайғасқан веналарды қан кернегенде туындайтын олардың іргесінің тербілісі венаның соғуы (вена пульсі) деп аталады. Қалыпты жағдайда вена пульсі кері (теріс) көрсеткішті вена пульсі (отрицательный венный пульс) депте аталады. Оны арнайы аспап-флебограф қолданып, график түрінде сызып алуға болады. Көбінесе төс ойық көк тамырының пульсі жазылады. Алынған флебограммаға қарап жүректің оң жүрекшесі мен қарыншасының қызметі туралы түсінік алынады. Жүрек ауруларының салдарынан артериальдық және веноздық жүйенің бір мезетте толуы болымды немесе оң вена пульсі деп аталады. Кейде болымды вена пульсі қарыншалық деп те аталады, себебі веналардың толуы оң қарыншаның систоласы мен диастоласына байланысты. Болымды вена пульсі үш жармалы қақпақша жетіспеушілігінде байқалуы мүмкін. Оң жүрекшеде қысымның жоғарылауына байланысты қанның төс ойық көк тамырларынан ағуына кедергі пайда болады. Флебограммада «а» тісшесі кішірейеді, оң жүрекшенің жиырылуы әлсірегенде тегістеледі. Оң жүрекшеде үлкен көлемді қан іркілу пайда болғанда флебограммада х- коллапс (қайтуы) жойылып, қан оң қарыншада іркілгенде(v) және (у) тісшелері тегістеледі.
Ультрадыбысты допплерография.
Ультрадыбысты допплерографияны магистральды веналардың; бұғана асты, мықын, сан, төс ойық, тақым көк тамырлары мен сирек жағдайда үлкен және кіші жілік шыбық көк тамыры өткізгіштігін анықтау үшін қолданады.
3. Дуплексті сканерлеу. Сканерлеу магистральды веналардың
көлемін, диаметрін, қызметін, қанның ағу сипаты мен жылдамдығын,
тамырлардағы тромбтарды, қақпақшалардың жағдайын анықтауда
қолданады. Көк тамыр қақпақшаларының жағдайы науқастың түрлі
(отырған, жатқан, тұрған) қалпында тексеріледі.
4.Флебография. ( өрлеу- восходяшая) . Қан тамырларға контрасты зат жіберіп, аяқ, қол көк тамырларын зерттеуде өрлеу флебографиясы жүргізіледі.
5.Ретроградты илеокавография. Бұл әдіс төменгі қуысты вена жүйесіне катетер енгізіп, мықын, сан, қуыс веналарының деңгейіндегі тромбозды анықтау үшін қолданады.
6.Сүйек ішілік флебография. Жоғарыда аталған тексеру тәсілдері көмек бермеген жағдайда ғана өте сирек қолданатын тәсіл.
Қан айналу жүйесіндегі биофизикалық процесстерді обьективті бағалау үшін ФКГ, ЭКГ, УДЗ -н басқа баллис- токардиография, векторкардиография, эхокардиография қолданады. Аталған тексеру тәсілдерінің көмегімен жүректің зақымдалу дәрежесін нақты анықтауға болады.
Жүрек және ірі қан тамырларды ультрадыбыспен зерттеу.
Арнайы дайындықтың қажеті жоқ.Науқасты шалқасынан кушеткаға жатқызып, кеуде тұсына датчик қойылады.Ультрадыбыс толқындарының жүрекке ену терендігі 21 см. Эхокардиография жүрек ісігінің, жүрек ақауының диагностикасында кеңінен қолданады. Эхокардиография көмегімен жүректің жұмыс істеу (систола, диастола) фазаларының ерекшелігі,жүрек камераларының көлемі, жүрек қақпақшаларының анатомиясы, жүрек қабаттарының өлшемі толық тексеріледі.
Жүрек қан тамырлар жүйесі патологияларын радионуклидті зерттеу.
Жүрек қан тамырлар жүйесі патологияларын радионуклидті зерттеуде және ірі қан тамырлардағы патологиялық процесстің орналасқан орны,қан айналудың минуттық көлемі,оң және сол қарыншадағы гемодинамика көрсеткіштері,инфаркт кезінде некроз ошағы,инфаркте дейінгі ишемия ошақтары анықталады.Көлемі кішкене инфаркт ошақтарын анықтау қиын .Радиоактивті изотоп көк тамырға енгізіледі.