Тақырыбы: Стафилококтар және олар тудыратын ауруларды балау әдістері
Сабақтың мақсаты: Стафилококктардың морфологиясын,өсінділік, биохимиялық, антигендік, зардаптылық қасиеттерін игеру
Негізгі сұрақтар:
1. Стафилококктардың жіктелуі.
2. Стафилококтардың қасиеттері.
3. Стафилококтардың патогенді факторлары және аурудың патогенезі
4. Стафилококкоздардың зертханалық балау әдістері.
5. Иммунитет
6 Стафилококкоздарға қарсы қолданатын биопрепараттар. Стафилококктарды бірінші болып 1880 ж. Л. Пастер
фурункулдың іріңінен бөліп алды. Бұл зерттеулерді 1884 ж. Ф.Розенбах жалғастырды.
Стафилококктардың және микрококтардың токсономиясы бойынша халықаралық комитетпен (1976) стафилококктардың түрлік құрамы бекітілді:
Staphylococсus aureus, Staphylococсus epidermidis, Staphylococсus saprophyticus. Ең зардаптысы Staphylococсus aureus болып табылады.
Стафилококктар адам мен жануарларда абсцессті, флегмонаны, артритті, жарақаттардың іріңді қабынуларымен шақырылады. Сиырларда стафилококктік мастит пен эндометрит үлкен экономикалық шығынға ұшырайды. Жылқыларда, шошқаларда және сирек ірі қара малда стафилококктар піштірілгеннен кейінгі ен қанатшасында флюктуирленген іріңді ошақтардың түзілуімен сипатталатын батриомикозды шақырады.
Құстар стафилококктік індетке резистентті деп саналады. Бірақ та тауықтарда құстардың жаппай қырылуымен өтетін стафилококкпен шақырылған септикалық аурулар туралы жазылған.
Өнімдердің ластану нәтижесінде (сүт және ет өнімдері) экзотоксин (энтеротоксин) бөлетін уытты стафилококктармен адамдарда жаппай тағамдық улануы байқалады.
Морфологиясы.Стрептоккоктар шар тәріздес формалы дұрысемес жиналу түзетін, жүзім шоқтарын еске түсіреді. Бірақ та іріңді эксудатта кокктардың шоғымен қатар жеке, жұп, ал кейде кокктардың қысқа тізбекшелері кездеседі. Зардапты стафилококктардың диаметрі 0,5 – 1,5 мкм. шамасында болады. Сапрофитті стафилококктар ірі көлемді болып келеді. Капсула, спора, талшықтар түзбейді. Қозғалмайды. Грам оң. Стафилококкалар кәдімгі анилин бояуларымен оңай боялады.
Қоректік ортада өсуі.Стафилококктар аэробтар жәнефакультативті аэробтар. Қарапайым қоректік орталарда 7,2 – 7,4 pH-пен 35 – 37°C температурада жақсы өседі. Агардың бетінде 2 – 4 мм диаметрі дөңгелек алтын – сары, лимонды – сары және ақ
түстес шырынды тізбектер. Сорпада өсу ортаның айтарлықтай бұлыңғырлануымен және тұнбаның көбірек құлауымен өтеді.
Стафилококктардың көпшілігінің уытты штамдары қанды агарда тізбектердің айналасында гемолиздің сызылған зонасын түзеді. Стафилококктарды тығыз қоректік орталарда өсіргенде: агарда, желатинда, картопта, ұйыған сарысуында пигменттердің (ақ, алтын сияқты, сирек лимонды - сары) түзілуі кездеседі.
Стафилококктар мен бөлінетін пигментерде суда ерімейтін липохром (каротин тобынан) болады, олар спиртте, эфирде, хлороформда және бензинде ериді. Пигмент ауа оттегісі жеткенде ғана түзіледі. Стафилококктарға тән қасиет - 15% натрий хлоридінен немесе 40% өттен тұратын қоректік орталарда көпшілік штамдардың өсу қаблеті.
Биохимиялық қасиеттері.Стафилококктар қышқылдыңтүзілуімен газсыз глюказоны, фруктозаны, сахарозаны, мальтозаны, ксилозаны, маннитті ыдыратады, салицинді, дульцитті, инулиді, рафинозаны бөлмейді. Олар уреазаны, каталазаны, күкіртті сутекті продуцирлейді, нитраттарды нитриттерге айналдырады, крахмалды, инсулинді ыдыратпайды, индол түзбейді. Зардапты стафилококктарда протеолитикалық ферменттердің болуы олардың қасиеттерінің желатина мен ұйыған қан сарысуын сұйылтуға, сонымен қатар кәдімгі және лакмус сүтін пептондауға және ұйытуға себепкер болады.
Стафилококктардың жіктелуі.Бергидің(1974)
бактериаларды анықтайтын 8-ші басылымда Staphylococcus
қатарына 3 түрі кіреді: St. aureus, St. epidemidis, St. saprophyticus
олардың өздерінің ерекшелігі бар (1 – кесте). о классификации Берги, стафилококк относится к 14-й группе, включающей три семейства. Род Staphilococcus входит в семейство Micrococcacea.
Данный род включает три вида: St.aureus, St.epidermaticus,
St.saprophyticus. Вместе с тем, сейчас уже известно ещё 10 видов стафилококка, которые пока не включены в официальную систематику. Это St.xylosus, St.haemolyticus, St.cohnii, St.warneri,
St.cupitis, St.scinri, St.simulans, St.hominis, St.hyicus, St.intermedium
Бірқатар зерттеушілер ажыратылмаған (идентификацияланбаған) коагулазотеріс стафилококтардың жүйелі түріне жаңа токсиндерді енгізу жолымен жіктелуін ұсынды. Олар адамдардың, үй және жабайы жануарлардың терісінен бөлінген 8 жаңа коагулазотеріс стафилококтардың түрін жазды.
Кейбір атаулар түрлердің маңызды сипатын ашады, басқалары
– сәйкес штамдардың бөліну көздерін, үшіншілері – жеке тұлғалардың атын көрсетеді. Жіктелу микробиологтардың арасында барынша үлкен мәнге ие.
Төзімділігі.Барлық спора түзбейтін бактериалардың арасындастафилококтар физикалық және химиялық факторларға ең төзімдісі. Олар құрғатуды және қатыруды жақсы көтереді. Іріңді эксудатта, шаңда, қида ұзақ уақыт тіршілікке қабілеттілігін сақтайды. Тікелей түскен күн сәулесі оларды тек бірнеше сағаттардан кейін ғана өлтіреді. 70 - 80ºC-қа дейін қыздырғанда олар 20 – 30 минуттан кейін, ал қайнатқан кезде бірден өледі. Дезинфекциялаушы дәрілермен 1% - ті формалин ерітіндісі және 2% - ті күдіргіш натрдың ерітіндісі стафилококтарды 1 сағаттың ішінде, ал 15% - ті хлормен 2-5 минуттың ішінде өлтіреді.
Зардаптылығы.Стафилококтар–іріңдеудің негізгіқоздырғыштары. Олар ірі қара мал мен қойларда тері асты абсцессінің, фурункулдың, карбункулдың, флегмонанның, іріңді коньюктивиттің, стафилококтық маститтердің негізгі себепкерлері болып табылады. Стафилококтық індеттің ең ауыр түрлеріне: пневмония, менингит сонымен қатар сепсис және септикопиемия сияқты ішкі мүшелердің зақымдануымен байқалатын аурулар жатады.
Жануарлардан стафилококтық індетіне ең бейімдісі болып жылқы, одан кейін ит, ірі қара мал, қой, ешкі, шошқа сияқты реттілікпен айтуға болады, ал төзімдісі құстар болып табылады.
Зертханалық жануарлардың арасынан қоянды оңай жұқтыруға болады: стафилококтың уытты өсіндісін ішке енгізгенде олар екі тәуліктен соң өлімге ұшырайды. Сойып қарағанда бәрінен жиі бүйректе, миокардта, сүйек кемігінде, сирек өкпеде, буындарда көптеген абсцесстер байқалады. Абсцесстен стафилококтың таза өсіндісі оңай бөлінеді. Стафилококтың өсіндісін қоянға тері астына және тері ішіне енгізгенде егу орнында абсцесстер пайда болады.
Стафилококтардың уыттылығы бірқатар факторларға байланысты. Токсин түзу және плазмокоагуляция қабілеті бойынша стафилококктың бөлінген өсінділерінің уыттылығын анықтайды. Штамның улағыштық дәрежесі бойынша олардың зардаптылық қасиеттерін талдайды. Келесі стафилококтық токсиндерді ажыратады:
1) гемотоксин;
2) лейкоцидин;
3) өліммен аяқталатын токсин;
4) некротоксин;
5) энтеротоксин.
Гемотоксин–қоянның,қойдың және өзге де жануарлардыңэритроциттерін ерітуге қабілетті экзотоксин. Стафилококтардың қанды агарға сепкенде микробтардың тізбегін қоршаған гемолиздің интенсивті аймағы түрінде оның бар екендігін оңай табады (суретте көрсетілген). Келесі гемолизиндерді ажыратады: α (альфа), b (бетта), γ (гамма), δ (дельта). Осы гемотоксиндердің негізгісі (альфа) гемолизі болып табылады, оның түзілуі негізінен St. aureus
– қа тән.
Лейкоцидин–лейкоциттерді жояды,олар қозғалмалығынжойып, түйіршіктеніп, кейіннен ыдырайды және ериді. Лейкоцидин стафилококтың сорпалы өсіндісінде 7,2 – 7,4 pH 10 – 12-ші тәуліктен кейін жиналады. Лейкоцидин 56 – 58ºC температурада ыдырайды.
Өліммен аяқталатын токсин–немесе жалпы әсердегі токсин.Бұл токсин сорпалы өсінділерде жиналады. Оны сезімтал жануарларға (жылқы, қоян, тышқан және т.б.) вена ішіне енгізгенде аяқтардың парезімен және демікпемен өтетін, жіті токсемияның клиникалық белгілері байқалып өлімге әкеп соғады.
Некротоксин–ұлпалардың некрозын шақырады.Оның болуымен әсері қояндарға стафилококтық сорпалы өсіндіні тері ішіне енгізгенде айқын білінеді. Фильтраттың иньекция орнында 24 сағат өткеннен соң, некротикалық реакция басталады, некроз аймағы гиперемиялық белдеумен қоршалған.
Энтеротоксин–гастроэнтеритті шақырады.Сүт өнімдерінде(сүт, кілегей, сүзбе) бұл токсиннің болуы стафилококктық токсин індетіне себепші болады. Энтеротоксиннің ерекше белгісі оның жоғарғы термотұрақтылығы болып табылады.
Стафилококтардың токсиндерінің құрамы ақуыздан тұратындықтан, толыққанды антигендердің қасиетіне ие, сондықтан жануарларды олармен гипериммундағанда антитоксикалық емдік сарысуды алуға мүмкіндік береді. Соңғысы токсиндердің өлім, гемолитикалық, энтеротоксикалық, некротоксикалық және лейкоцитотоксикалық әсерін бейтараптайды.
Аталған токсиндерден басқа стафилококктар коагулазаны,
фибринолизинді, гиалуронидазаныпродуцирлейді.
Коагулаза.Стафилококтардың адам мен жануарлар қаныныңорталық плазмасын коагулирлеуі зардаптылықтың ең маңызды және тұрақты критерияларының бірі болып табылады.
Фибринолизин.Стафилококтармен түзілетін фабринолизиндіұйыған қанға қосқанда оны ерітіп жібереді. Фибринолизин – спиртпен немесе ацетонмен тұндыратын фермент.
Гиалуронидаза.Бұл фермент,стафилококтардың сорпалыөсінділерінің фильтраттарында кездесетін дәнекер ұлпаның гиалурон қышқылының гидролизін іске асыруға қабілеттілігімен зардапты микробтардың мүшеге жылжуын күшейтеді.
Стафилококтардың қасиеттерін көрсетуге А ақуызы белгілі бір маңызын атқарады. Оның Fc – фрагменттеріне тән емес әсерлесу қабілеті А ақуызы кешенінің түзілуіне алып келеді. Бұл кешен комплементтінің белсенділігін жояды, ол өзінің кезегінде фагоцитарлық реакцияны әлсіретеді. А ақуызының комплементпен әрекеттесуі тромбоциттердің зақымдануына әкеп соғады.
Патогенезі.Стафилококтар жануарларда әр түрлі ауруларшақырады, бұл жағдайда жергілікті іріңді қабынумен, басқа жағдайда қанның жалпы зарарлануымен сипатталады. Стафилококтық індеттің патогенезі қоздырушының қасиеті сияқты, микроорганизмдердің иммундық жүйесінің жағдайымен де анықталады. Жануарлар организміне зардапты стафилококктар әр түрлі жолдармен енуі мүмкін. Стафилококтық індеттің дамуы көбінесе тері және тері астыклетчаткасында өтеді, ол нәтижесінде пиодермитті, карбункуланы, флегмонаны, лимфангитті, жарақаттық індетті тудырады. Клегейлі қабықтың зақымдануында энтерит, эндометрит дамиды. Стафилококтық індеттің ауыр формаларына жекелеген мүшелердің зақымдануымен өтетін аурулар жатады: маститтер, пневмония, артриттер сонымен қатар септицемия және септикопиемия. Патологиялық процестердің дамуына зардапты стафилококктың тіршілік әрекетінің өнімдері мен организмнің улануы орын алады.
Антигендік құрлымы.Стафилококтар әр түрлі антигендерібар, олар негізінен торшаның қабырғасында шоғырланады. Антигендер болып шейхтық қышқылдар, пептидогликан, А ақуызы саналады.
Стафилококтардың энтеротоксиндері антигендік құрылымы бойынша 5 сероварға бөлінеді: А, В, С (С1 және С2), Д және Е. Олардың барлығы қарапайым, өсінділік сұйыққа ақуыздармен синтезделеді.
Стафилококтардың антигендері агглютинация, преципитация, тура емес гемагглютинация реакцияларында анықталады.
Диагностикасы.Диагноз бактериологиялық әдістің негізіндеқойылады. Стафилококтық індеттерді зертханалық диагностикасында зерттеу үшін материалдар болып абсцессің іріңдері, қан, мастит кезіндегі сүт, эндометритте жыныс мүшелерінен бөлінділер және т.б. саналады. Патологиялық материалдан жағынды дайындап, Грам бойынша бояйды және микроскопиялайды. Бір уақытты ет – пептонды агарда және 5% - ті қанды агарда стафилококтың таза өсіндісін бөлуді жүргізеді. Бөлінген өсіндіні идентификациялау өсінділік және биохимиялық белгілері бойынша жүзеге асырады. Стафилококтардың зардапты және зардапты емес штаммдарын ажыратқанда төменгіде көрсетілген белгілердің кешенін есепке алады.