Вакцинацияға қарсы көрсеткіштер

Қатаң сақталуын қажет ететін әр вакцинға тән аз-кем қарсы көрсеткіштер бар. Қарсы көрсеткіштер тізімін (4.1 кесте) ҚР Денсаулық сақтау министрлігі анықтайды, олар Ұлттық профилактикалық егулер күнтізбесімен басқарушы материалдармен бірге жарияланады.

Вакцинацияға қарсы көрсеткіштік жағдайдың 2 түрі бар:

1. Вакцинациядан кейін сәтсіз оқиғалардың даму қаупінің жоғарлауы;

2. Вакцинациядан кейінгі кезеңдегі елеулі сәтсіз оқиғалар дамыған жағдайда олардың шығу себептерін түсінуде туындайтын қиындықтар;

Ауру фонында жүргізілген вакцинация елеулі жанама көріністерге жеткізу мүмкін және оның өтуін айқын ауырлататын аурулар 1-категорияға кіреді. Бұл категорияға прогредиентті неврологиялық патологиясы не табиғаты анықталмаған афебрильді ұстамалары бар балаларды АКДС-пен егу мысал ретінде келтіруге болады. Бұл жағдайда құрысулардың даму қаупі жоғарлайтыны дәлелденбеген. Тағы бір мысал-анамнез жинау барысында анықталған немесе вакцинаның алдыңғы дозасын енгізгенде көрінген вакцина компоненттеріне аллергия болуы.

Иммунды -тапшылықты адамдарға тірі вакцианалар жайылған инфекциялар туындатуы мүмкін, сондықтан олармен егу жүргізілмейді не бірқатар шектеулермен жүргізіледі (мысалы, АИВ-инфекциялыларда).

Қарсы көрсеткіштердің (уақытша) 2-категориясына өз-өзінен жағымсыз даму ала алатын егілушіні жай-күйі кіреді, оларды ескеру медициналық қызметкерлерді орынсыз айыптардан қорғайды. Бұларға қауіптілігі көңіл аударарлық жіті және созылмалы аурулардың өршуі жатады (дегенмен тәжірбие көрсеткедей осындай кезеңде жүргізілген егулер негізінен қауіпсіз болсада), осындай кезеңде дамыған аурудың өз асқыныстары мен сәтсіз аяқталулары -егу әсерінен болған деп ұсынылуы мүмкін. Сонымен қатар жүкті әйелдерді вакцинациялау да қажетсіз (вакциналардың, соның ішінде тірі вакциналардың тератогендік әсері дәлелденбесе де) асқыныстар мен кемшін балалардың туылуы вакцинациямен бацланыстырулары мүмкін.

Асқыныстар себептері жөнінде білімнің артуы және вакциналарды баланстық (керексіз) заттардан, консерванттардан және аллергендерден тазарту (кесте 4.2) -егуге қарсы көрсеткіштер санын қысқартуға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта вакциналарға жататын балалар мен ересектердің басым көпшілігі қарсы көрсеткіштері болмаса қандайда болмасын алдын ала зерттеулер мен анализдерсіз жүргізіледі.

Кесте 4.1. Иммунды алдын алудың Ұлттық Күнтізбелік егулердің жүргізілуіндегі медициналық қарсы көрсеткіштер тізбесі

Вакцина Қарсы көрсеткіштер
Барлық вакциналар Вакцинацияның алдыңғы енгізілуінде дамыған күшті реакциялар мен асқыныстар
Тірі вакциналар барлығы Иммунды-тапшылық күй (біріншілік) Иммуносупрессия:қатерлі ісіктер. Жүктілік
БЦЖ Жаңа туылған баланың салмағы 2000 г төмен Келоидтық тыртық
АКДС Нерв жүйесінің үдемелі аурулары Афебрильді құрысулар- анамнезінде
Тірі вакциналар: қызылшалық (ТҚВ), паротиттік (ТПВ), қызамықтық, сонымен қатар ди- және тривакциналар Аминогликозидтерге (гентамицин, канамицин және т.б) аллергиялық реакцияның ауыр формасы Тауық эмбрионынан дайындалған вакцина үшін : тауық жұмыртқасының ақуызына (белогына) анафилактикалық реакция
Гепатит В вакцинасы (ГВВ) Наубайхана ашытқыларына аллергиялық реакция

Жіті жұқпалы және жұқпалы емес аурулар, созылмалы аурулардың күшеюі егулерді жүргізуге уақытша қарсы көрсеткіш болып табылады. Жоспарлы егулер жазылғаннан кейін 2-4 апта өткесін немеме сауығу не ремисия кезеңдеріңде жүргізіледі. Ауры емес ЖРВИ, жіті ішектік аурулардан кейін температура қалыпқа түскен бойда егулер жасалады.

Қарсы көрсеткіштер тізіміне созылмалы аурудардың басым көпшілігі шығарылып тасталды, оған қоса бірқатар созылмалы ауруларда қосымша егулер жүргізу ұсынылады. Қарсы көрсеткіштер санының азаюына және егулермен қамтудың артуына қарамастан қауіпті реакциялар мен асқыныстардың өсуі байқалмайды, олардың дамуы адамның жеке басы жағдайына байланысты, сондықтан алдын ала болжауға келмейді. Төменде келтірілген ерекше топтарды және денсаулығында ауытқулары бар адамдарды вакцинациялау ережелері егулердің қауіпсіздігін арттырады.

Наши рекомендации