АКУШЕРИЯ ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯДА КҮТТІРМЕЙТІН ЖАҒДАЙЛАР тақырбына арналған тестілер
1. Лапароскопия кезінде сол жақты түтікті жүктіліктің ампулярлық бөлігінде түтіктік аборт ретінде үзілгені байқалды. Кеткен қанның мөлшері 400,0. Операциялық шаралардың көлемі:
a. аналық безге диатермокоагуляция жүргізу
b. овариэктомия
c. аднексэктомия
d. +тубэктомия
e. жатырдың қосалқыларымен ампутация жүргізу
2. Әйелдің етеккірі 3 аптаға кідірген, жүктілікке сынама оң болды. Шағымдары жоқ. Гинекологиялық тексеру мәліметтері: жатыр көлемі сәл үлкейген, жұмсақ, оң жақ қосалқыларының орналасатын жерінде жұмсақтау, сезімтал түзіліс байқалады. Қынап күмбездері бос. Сіздің диагнозыңыз:
a. +үдемелі оң жақ түтіктік жүктілік
b. оң жақ аналық бездің апоплексиясы
c. созылмалы сальпингоофорита өршуі
d. оң жақ түтіктік жүктіліктің үзілуі
e. ерте мерзіміндегі жатырлық жүктілік
3. 25 жастағы әйелге үдемелі түтіктік жүктілік диагнозы қойылды. Анамнезінде ө бұрын жүктілік болмаған. Оперативті емнің ең тиімдісін айтыңыз:
a. аднексэктомия
b. овариэктомия
c. лапаротомия, тубэктомия
d. +лапароскопия, сальпинготомия
e. жатыр экстирпациясы
4. Наиболее частая локализация внематочной беременности:
a. +маточные трубы
b. яичники
c. шейка матки
d. рудиментарный рог матки
e. брюшная полость
5. Жатырдан тыс жүктіліктің ең жиі кездесетін себебі:
a. аналық бездің ісігі
b. эндометриоз
c. жатыр ішілік контрацепция
d. инфантилизм
e. +созылмалы сальпингит
6. Түтіктік жүктілікке күмәнданып дәрігер диагностикалық жатыр қуысын қыру жүргізді. Түтіктік жүктілік болған жағдайда гистологиялық зерттеудің мәліметі қандай болады: Пациентке с подозрением на трубную беременность с диагностической целью произведено выскабливание полости матки. Какой из результатов гистологического исследования соскоба подтверждает диагноз трубной беременности:
a. +хорион шашақшаларсыз децидуалді тін
b. эндомтерий гиперплазиясы
c. эндометридің атрофиясы
d. эндометридің атипиялық гиперплазиясы
e. децидуалді тін, хорион шашақшалары
7. Пациентке жатырлық немесе жатырдан тыс жүктілікті анықтау үшін диагностикалық жатырды қыру жүргізілді. Жүктілік жатырлық болған жағдайда гистологиялық зерттеудің мәліметі қандай болады:
a. хорион шашақшаларсыз децидуалді тін
b. эндомтерий гиперплазиясы
c. эндометридің атрофиясы
d. эндометридің атипиялық гиперплазиясы
e. +децидуалді тін, хорион шашақшалары
8. Эктопиялық жүктілікті нақты анықтайтын тексеру әдісі:
a. кульдоцентез
b. эндометрий биопсиясы
c. + лапароскопия
d. хориогонадалық гонадотропинді бірнеше рет тексеру
e. кіші жамбас УДЗ-і
9. 29 жастағы әйелдің шағымдары: тік ішекке таралатын ауру сезім, етеккірінің 2 аптаға кідіруі, жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалуы. Қынаптық зерттеу мәліметтері: жатыр көлемі үлкендеу, жұмсақ, оң қосалқы орынында жұмсақтау түзіліс пальпацияланады. Артқы күмбез тайыздалған, ауыру сезімді. Сіздің диагнозыңыз:
a. аналық без апоплексиясы
b. аналық без кистасының аяқшасының бұралуы
c. +жатырдан тыс жүктілік
d. аналық без кистасының жарылуы
e. жедел аднексит
10. Жатыдан тыс жүктіліктің клиникалық белгілері:
a. + толғақ тәрізді іштің төменгі аймағындағы ауыру сезім, етеккірдің кідіруі, құрсақ ішілік қан кету белгілері
b. етеккірдің кідіруі, жатыр көлемінің өсуі
c. құрсақ ішілік қан кету белгілері, етеккір кідірмейді
d. етеккір циклінің ортасында болатын құрсақ ішілік қан кету белгілері
e. көлемі үлкейген, консистенциясы жұмсақ жатыр
11. Тубэктомия операциясы кезінде қысқыш түтіктің жатыр бөлігіне және қай жерге салынады:
a. + мезосальпинкске
b. сегізкөз-жатырлық байламына
c. аналық бездің өзіндік байламына
d. жатырдың шымыр байламына
e. оймыш-жамбас байламына
12. Құрсақ ішілік қанкету себебінен болған «Жедел іш» қандай ауруға тән:
a. +жатырдан тыс жүктілік
b. аналық без аяқшасының бұралуы
c. миома түйінінің қанайналымының бұзылуы
d. жедел аппендицит
e. жедел сальпингит
13. Қабыну процесіне байланысты «Жедел іш» қандай ауруға тән:
a. жатырдан тыс жүктілік
b. аналық без аяқшасының бұралуы
c. миома түйінінің қанайналымының бұзылуы
d. аналық без апоплексиясы
e. +тубоовариалді түзілістің тесілуі
14. Жатырдан тыс жүктілікті анықтау үшін қандай қосымша тексеру жүргізу керек:
a. метросальпингография, пельвиография, жатыр сцинтиграфиясы
b. + артқы күмбездің пункциясы, ультрадыбысты тексеру, лапароскопия
c. цервикал канал шырышын бактериологиялық зерттеу
d. гистероскопия, кольпоскопия, цистоскопия
e. кольпоскопия, жағындыны цитологиялық зерттеу
15. Жатырдан тыс жүктілікті анықтайтын жатыр құысы қырындысының гистологиялық зерттеу мәліметтері:
a. эндометридің безді гиперплазиясы
b. эндометрий пролиферациясы
c. + хорионы жоқ децидуалді тін
d. хорионы бар децидуалді тін
e. эндометридің қабынуы және некрозы
16. Жатыр жүктілікті анықтайтын жатыр құысы қырындысының гистологиялық зерттеу мәліметтері:
a. эндометридің безді гиперплазиясы
b. эндометрий пролиферациясы
c. хорионы жоқ децидуалді тін
d. +хорионы бар децидуалді тін
e. эндометридің қабынуы және некрозы
17. «Аборт тәрізді үзілген жатырдан тыс жүктілік» диагнозын анықтау үшін көрсетілген тізімнен керекті тексеруді көрсетіңіз:
a. + артық күмбездің пункциясы
b. жатыр қуысын диагностикалық қыру
c. жатыр қуысын зондпен тексеру
d. гистероскопия
e. метросальпингография
18. Етеккірі кідірген әйелдің қынаптық тексеру мәліметтері: сыртқы ернеуі сәл ашылған, жатыр көлемі 8 апталық жүктілікке сай, қосалқылары пальпацияланбайды, қанды бөлінділер байқалады. Болжам диагнозы:
a. түтіктік аборт
b. + үзілген жатырлық жүктілік
c. аналық без апоплексиясы
d. жатыр қосалқылары қабынуының өршуі
e. үдемелі түтіктік жүктілік
19. 23 жастағы науқаста үдемелі түтіктік анықталды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігердің тактикасы:
a. + жедел операция жүргізу
b. жоспармен операция жүргізу
c. консервативті ем жүргізуге болады
d. әйелдер консультациясының дәрігері бақылау қажет
e. емдеу әдісін әйелдің жағдайына қарай жүргізу керек
20. Жатырдан тыс жүктілікті анықтау үшін қандай тексеру әдістерін қолдану керек:
a. +УДЗ, лапароскопия
b. кульдоскопия
c. гистеросальпингография
d. гистероскопия
e. пневмопельвиография
21. Артқы күбез пункциясын жүргізгенде жатырдан тыс жүктілікке тән белгі болып саналады:
a. ал-қызыл қан, ұйыған қан аралас
b. +ұйымайтын қошқыл қан
c. серозды-геморрагиялық экссудат
d. серозды экссудат
e. іріңді экссудат
22. Жатырдан тыс жүктілік түтік жыртылуы әдісімен үзілген кездегі ауыру сезімін сипаттаңыз:
a. қайталайтын ұстама ауыру сезімі
b. тұрақты немесе мезгіл-мезгіл болатын бел және іштің төменгі бөлігіндегі ауыру сезім
c. іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауыру сезімі
d. +іштің төменгі бөлігіндегі айқын пайда болған қатты ауыру сезімі, тік ішек және оң жақ иыққа таралады
e. өте қатты емес бара-бара күшее түсетін іштің төменгі бөлігіндегі ауыру сезімі
23. Жатырдан тыс жүктілік түтіктік аборт әдісімен үзілген кездегі ауыру сезімін сипаттаңыз:
a. +қайталайтын ұстама ауыру сезімі
b. тұрақты немесе мезгіл-мезгіл болатын бел және іштің төменгі бөлігіндегі ауыру сезім
c. іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауыру сезімі
d. іштің төменгі бөлігіндегі айқын пайда болған қатты ауыру сезімі, тік ішек және оң жақ иыққа таралады
e. өте қатты емес бара-бара күшее түсетін іштің төменгі бөлігіндегі ауыру сезімі
24. Жатырдан тыс жүктілік кезінде эндометриде болатын ерекше өзгеріс:
a. атрофия
b. пролиферация
c. безді-кистозды гиперплазия
d. +децидуалді трансформация
e. эндометридің полипі
25. 29 жастағы науқастың стационарға түскендегі шағымдары: толғақ тәрізді, тік ішекке таралған ауыру сезімі, жыныс жолдарынан байқалған қанды бөлінділер. Жалпы жағдайы қанағанаттарлық. Айнамен тексергенде: қынап және жатыр мойынының шырышты қабаты көкшіл түсті, аз мөлшерде қанды бөлінділер. PV: жатыры сәл үлкейген, жұмсақтау, қозғалмалы. Оң жақ қосалқы маңында шекаралары анық емес, жұмсақтау түзіліс пальпацияланады. Артқы күмбезі түсіп тұр, ауыру сезімді. Болжамалы диагноз:
a. жедел метроэндометрит
b. созылмалы жатыр қосалқылар қабынуының өршуі
c. +жатырдан тыс жүктілік
d. ұрық жұмыртқасының қалдығы
e. жедел оң жақтылық параметрит
26. Науқас шағымдары: іштің төменгі жағында кенет пайда болған ауру сезімі. Ауру сезімі белге, шапқа және тік ішекке беріледі. Тік ішекке басу сезімі бар. Объектвті қарағанда: науқас бозарған. АҚ 80/50 мм. сын. бағ. Пульс – 100 рет/мин. Құрсақ қабырғасы кернелмеген, бірақ сол жақтан іш перде тітіркену синптомы бар. Алдын ала диагнозды қою үшін анамнезде қандай мәліметтерді анықтау қажет:
a. Қашан соңғы рет тамақ ішкенін
b. + Соңғы етекір қашан болғанын
c. 12 елі ішек немесе асқазан жарасымен ауырған болса
d. Калькулезді холециститпен ауырған болса
e. Бүйрек – тас ауруымен ауырған болса
Жедел жәрдем дәрігері науқасты қарағанда ішкі қан ағуды байқаған. Қараған кезде АҚ 80/50 мм.сын.бағ. Пульс 110 рет/мин, ритімді. Альговер индексі– 1,3.
a. Бұзылған жатырдан тыс жүктілік. Геморрагиялық шоктың I сатысы.
b. +Бұзылған жатырдан тыс жүктілік. Геморрагиялық шоктың II сатысы.
c. Бұзылған жатырдан тыс жүктілік. Геморрагиялық шоктың III сатысы.
d. Бұзылған жатырдан тыс жүктілік.
e. Бұзылған жатырлық жүктілік Геморрагиялық шоктың I сатысы.
28. Тізімде келтірілген аурулардың ішінен қандай ауруды түіктің жыртылу түрі бойынша болған жатырдан тыс жүктілікті ажырату керек:
a. Жедел холецистит
b. Жедел аппендицит
c. +12 елі ішек жарасының тесілуі
d. Жатыр қосалқыларының жедел қабынуы
e. Аналық без кистасының аяқшасында айналуы
29. Тізімде келтірілген аурулардың ішінен қандай ауруды түіктік аборт түрі бойынша болған жатырдан тыс жүктілікті ажырату керек:
a. Жедел холецистит
b. Жедел аппендицит
c. 12 елі ішек жарасының тесілуі
d. +Жатыр қосалқыларының жедел қабынуы
e. Аналық без кистасының аяқшасында айналуы
30. Жатырдан тыс жүктілік кезінде жедел жәрдем дәрігері қай этапта геморрагиялық шокты емдеудә бастау керек:
a. Госпитализацияға дейінгі этапта (яғни жедел жәрдем машинасына жеткенге дейін)
b. Жедел жәрдем машинасында
c. Стационар қабылдау бөлімінде
d. Интенсивті терапия палатасында
e. +Оперциялық үстелде
31. Бұзылған жатырдан тыс жүктілігі бар науқасты қандай жағадайда стационарға жеткізу керек:
a. Ішіне жатқызып
b. Жартылай отырған жағдайда
c. Аяғын түсіріп, жатқан жағдайында
d. Отырған жағдайда
e. +Басын түсіріп, жатқан жағдайында
32. Геморрагиялық шоктың инфузионды-трансфузионды терапияның ең негізгі шарасы:
a. Донор қанын енгізу
b. +Қан алмастырғыш сұйықтарды енгізу
c. Натрий хлор изотониялық ерітіндіні енгізу
d. Этамзилат немесе дицинонды енгізу
e. Ацидозбен күресу үшін натрий бикарбонатын енгізу