Йодтың ағзадағы маңызы

Бәріміз де йодтың спиртті ерітіндісі жайлы білеміз, оны түрлі жарақаттарға пайдаланамыз. Енді оның басқа да түрі барын, атмосфералық ауада, ауыз суы мен тағам өнімдерінде өте аз мөлшерде болатынын білеміз. Осы йод органикалық және органикалық емес қосылыстар күйінде ауамен, тағаммен, сумен бірге ішек-қарын жолдарына түсіп, қанға, жасушалар мен тіндерге және осы минералсыз қызмет ете алмайтын мүше- қалқанша безінің жасушаларына жеткізіледі.

Пішіні көбелекке немесе қалқанға ұқсас (аты осыдан шыққан) қалқанша безі мойынның алғы жағында орналасқан, «қанатшалары» көмейді алқымдайды (13 сурет). Қалқанша безінің қызметіне жүрек соғысының жиілігі, дене температурасы, тағам өнімдерін «жағу» жылдамдығы тәуелді, ал бездің өзінің қызмет етуі ағзаға түсетін йодтың көлеміне байланысты.

Ағзадағы шоғырланған йодтың 80% (15–20 мг) қалқанша безінде болады. Йод осы маңызды мүшенің гормондарының түзілуі үшін қажет. Мұнда әрекет ететін бастауышы йод болатын тироксин мен трийодтиронин гормондары түзіледі. Йодты гормондардың қызметі әр түрлі. Қарапайым мысал : қалқанша безінде гормондар болмаған жағдайда бақашабақ бақаға айналмайды. Бұл - гормондардың жануарлар әлемінде негізді мәні бар екенінің куәсі.

Йодты гормондардың биологиялық ролі келесідей :

ü нәрестелік ұрықтың өнуі, дамуы үшін ықпал етеді;

ü сары дененің қызметін ынталандырып, жүктіліктің алғашқы кезеңін қорғайды;

ü төтемелік жүйенің қалыптасуына ықпал етеді;

ü эмбриогенез үрдістерін реттейді;

ü мидың құрсақішілік дамуын қамтамасыз етеді;

ü анаболикалық әсері бар, сондықтан, тіндердің өсуі мен бөлінуін бақылайды;

ü барлық алмасу үрдістерін реттеуге қатысады.

Қалқанша бездің гормондары ағзаның барлық жүйелерінің қызметін : су-тұз алмасуын, жылу пайда болуын, зат алмасу қарқынын, нәруыздар, көмірсулар мен дәрумендер алмасуын бақылайды. Атап айтқанда қалқанша безінде негізгі өкілі бета–каротин болып табылатын өсімдік тектес ізашарлары – каротиноидтардан А дәрумені пайда болады.

Йод ағзаның жұқпаларға қарсы тұруын арттырады, фагоциттерді – ақ қандық денешіктерді (И.И.Мечников ашқан) белсендіруінің нәтижесінде қан ауру қоздырғышардан тазарып, бөгде элементтерден арылады. Йод вирустарды, бактерияларды, микроскопиялық саңырауқұлақтарды жояды. Сондықтан қалқанша безден өткен қан оған енген микроағзалардан тазарады. Қалқанша бездің қарқынды қан айналымды мүшелерге жататынын айту қажет.

Йодтың көзі:теңіз өнімдері, балық, шпинат, брокколи қырыққабаты, сәбіз.

Тәуліктік қажеттілігі – 50-200 мкг.

МЫС ролі: қан түзуге, сүйек кемігіне темірдің өтуіне ықпал етеді. Ішкі секреция бездерінің қызметіне әсер етеді. Адам бойында 150 мг. мыс кездеседі. Әсіресе бауыр, бүрек, жүрек, бұлшық етте шоғырланған.

Мыстың жоғарғы концентрациясы сүйек және бұлшық ет тінінде кездеседі. Мыс ащы ішекте сіңіріледі. Мыстың сіңірілуі – белоктың қатысуымен жүретін өте күрделі процесс. Мыс белок пен ферменттердің маңызды құрам бөлігі болып табылады. Мыс әртүрлі мүшелер мен тіндерге церулоплазмин көмегімен жеткізіледі. Церулоплазмин екі валентті темірдің үш валентті темірге тотығуына қатысады (тек осы түрінде ғана темір организмге қол жетімді). Мыс АТФ түзілуіне қатысады, яғни кері энергия жинақтаушы қызметін атқарып, белок тіндерінің синтезі, организмнің антиоксидантты құрамына кіреді. Мыс көптеген азық-түліктерде кездеседі, организмде оның жеткіліксіздігі аз кездеседі. Жеткіліксіздігінде неврологиялық және қандағы бұзылыстар байқалады.

Мыс көзі: бауыр, балық, теңіз өнімдері, жұмыртқа сары уызы, жасыл көкөністе, бұршақ тұқымдастары және қарақұмық жармасы.

Тәуліктік қажеттілігі – 2-3 мг.

Стронций – табиғи микроэлемент болып табылады. Өсімдік, микроорганизмдер, жануар және адам организмінің құрамына кіреді. Стронций кальцийдің аналогы б.т., сүйек тінінде кездеседі.

Төрт жасқа дейінгі балалар организмінде өте жоғары жиілікпен жиналады. Осы жаста организмде сүйек тінінің құрылымының қалыптасуы қарқынды жүреді. Стронций сүйекте, тісте көп жиналады, бұл микроэлемент кальцийді алмастырады. Стронций табиғатта да кездеседі. Теңіз суында оның мөлшері 7-ден 50 мг/л. Теңіз балдырларында 26-140 мг стронций бар.

Стронций адам организміне сумен, азық-түліктермен түседі.

Стронций көзі: қызылша, томат, ақжелек (петрушка), бидай, аскөк (укроп), арпа, шомыр (редька), пияз, шалғам (редиска), қара бидай, орамжапырақ.

Стронций организмге тері, өкпе арқылы түседі. Азық-түлікпен түсетін стронцийдің сіңірілуі төмен (ішекте сіңіріліп, организмнен зәрмен шығады).

Адам организмі үшін стронцийдің маңызы. Стронций организм үшін маңызы толық анықталмады. Тіс эмалінің түзілуі мен мықтылығы үшін өте маңызды. Сүйектің қалыптасуының қалыпты өтуіне маңызды.

Стронций остеопороз және кариес ауруларының дамуына жол бермейді. Асқазан-ішек жолдарының, жүрек-қан тамыр жүйелерінің ауруларының салдарынан организмде стронций алмасуы өзгереді. Ересек адамдардың стронцийге деген тәуліктік қажеттілігі 1мг. Зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, ересек адам организмінде 320мг стронций кездеседі. Организмде қор ретінде сүйек пен тісте жиналады. Бұл микроэлементтердің көп мөлшері адам организмінде, яғни, лимфа түйіндері, өкпе, аталық бездер, бауыр мен бүйректе кездеседі. Дәлелді мәліметтер бойынша, 0,8-5мг стронцийді күнделікті тағаммен алып отырамыз.

Стронций жеткіліксіздігі. Өсудің баяулауы, сүйек пен тістің зақымдалуы, тіс жегінің даму қарқындылығының жоғарлауы.

Стронцийдің артық болуы. Стронций алмасуының бұзылуынан, организмде стронцийдің артық болуы байқалып, тістің және сүйек тінінің бұзылыстары, бауырда, қанда өзгерістер болады. Осы кезде Уров ауруы (Кашин-Бек ауруы) дамиды. Бұл ауру сүйек тінінен стронций иондарының кальций иондарын шығарумен байланысты. Организмде кальцийдің жеткіліксіздігі кезінде стронций көп мөлшерде түсуі де осы ауруды тудыруы мүмкін.

Стронцийдің адам организміне жақсы сіңірілуіне әсер ететіндер: лактоза, Д витамині, лизин, амин қышқылдары, аргинин.

Стронцийдің сіңірілуін төмендететіндер: натрий сульфаты, барий сульфаты, тағамдық талшықтарға бай тағамдар.


Наши рекомендации