Балықтар,қосмекенділер және жыландар
Кіріспе
Салқынқандылар және омыртқасыздар
Салқынқанды жануарлар-пойкилотермді жануарлар (грек. poіkіlos — әр түрлі, өзгермелі және therme — жылу) — дене температурасы тіршілік ортасы температурасына байланысты өзгеріп отыратын жануарлар. Салқынқандыжануарларға барлық омыртқасыздар, омыртқалы жануарлардан — балықтар,қосмекенділерС артық не сол шамада болады. Салқынқанды жануарлардың дене температурасының көтерілуі күн сәулесін сіңіруден °, бауырымен жорғалаушылар жатады. Бұлардың дене температурасы, әдетте, айналасындағы температурадан бар болғаны 1 — 2жылан, кесіртке не бұлшық еттерінің белсенді әрекет етуінен ұшатын жәндіктер мен тез жүзетін балықтар болады. Бұл жағдай оларда жылу реттеу процесінің жетілмегенін көрсетеді. Тіршілік ортасының температурасы аса төмендеп не жоғарылап кеткенде cалқынқанды жануарлар ұзақ ұйқыға кетеді.
Омыртқасыздар
Омыртқасыздар-омыртқа жотасы жоқ жәндіктер тобы. Омыртқасыз жануарлар басқа организмдермен қоректену арқылы тіршілік етеді. Олардың жасушасы да қатты қабықпен қоршалмаған. Жыныстық жолмен өрбитін омыртқасыздар түрі көп. Оларда қозғалатын кішкене аталық жасушасы мен қозғалмайтын ірі аналық жасушасын шығару үшін мейозға ұшырайтын бірнеше арнайы жыныс кілеткасы бар.Аналық жасушасының және аталық жыныс жасушасының қосылуы зиготаны түзеді. Ал бұл өз кезегінде жаңа ағзаның пайда болуына алып келеді.Тасқа айналған жануарлардың ішінде омыртқасыздар да бар. 665 миллион жыл бұрын алғашқы тасқа айналған алғашқа губкалар еді. Кейбір палеонтологтар жануарлар әлде қайда ерте, "1 миллиард жыл бұрын пайда болы мүмкін" деген болжамдар айтады.Тониан дәуірінде табылған іздер мен індер секілді, тасқа айналған жануарлардың белгілері метазондар сияқты триплобласты құрттарды сол замандарда да тіршілік еткенін дәлелдейді. Олардың ені-5 мм шамасында, үлкен және жер құрты тәрізді күрделі
Сусыз тіршілік жоқ екені белгілі. Омыртқасыздардың көптеген түрін әлемдік мұхиттардан, сулы өңірлерден, жағалаулар мен ылғалды ормандардан көптеп кездестіруге болады. Топырақ асты немесе жер беті, ағаш-дарақтардың тамырлары, діңі.жапырағында да омыртқасыздардың мекен ортасы бола алады. Өрмегін тоқыған өрмекші, илеуіндегі құмырсқа, жапырақ астындағы түрлі құрттар мен топырақ астындағы ұя қазған шылаушындар-бәрін қоршаған ортадан көптеп кездестіресің. Адам мен жануарлардың тәнін мекендейтін омыртқасыздар-паразиттер де көп.
Омыртқасыздар өздерінің мүмкіндіктеріне қарай әртүрлі жолмен тамақтанады. Олардың бірі жапырақ немесе өлексенің шіріндісімен қоректенсе, адам немесе жануарлардың қанын соратын немесе тірі ағзаларға жабысып тіршілік ететін паразиттер де бар. Жеміс-жидек, гүл шырынын, дәндер, көптеген ұсақ жануарларды жейтін омыртқасыздар да жеткіліті. Әрине, омыртқасыздардың дене құрылысы омыртқалыларға қарағанда қарапайымдау. Бұл олардың қоректену ерекшелігіне деәсерін тигізеді.Омыртқасыздырдың жасушалы қорғанысы туралы алғашқы баяндама теңіз жұлдызының дернәсілі мен фагоцитозды зерттеуі жайында еді. Фагоцитоз-бір жасушалы жануарлардан бастап сүтқоректілерге дейін жануарлар эволюциясының барлық кезеніңде қорғау механизмі маңызды рөл атқарды. Омыртқасыздар сонымен бірге жағымсыз иіс шығару, электр тоғын шығару, т.б. тәсілдермен қорғанады. Омыртқасыздардың кейбір түрі пайдалы болғанымен, адам-затқа кері әсерін тигізетін зиянкестері де жетерлік.Теңіз омыртқасыздары теңізде, әлемдік мұхиттарда тіршілік етеді. Өздерін қорғау үшін олар қабыршақты немесе қатты экзоқаңқаны жетілдіреді, алайда бұл барлық теңіз омыртқасызына тән емес. Теңіз омыртқасыздарының етінде ақуыздар өте көп екені белгілі, яғни ол адам ағзасына пайдалы, сондықтан теңіз омыртқасыздарын көптеген халық ас мәзірінде пайдаланады. Сонымен қатар теңіз омыртқасыздары марганец, йод, кобальт т.б. микроэлементтерге де бай. Теңіз омытрқасыздарынан даярланған тағам ағзадағы зат алмасуды жақсартады.
Теніз жұлдыздары немесе теңіз жұлдыздарының дене пішіні әртүрлі. Теңіз жұлдыздары мен теңіз кірпілерінде сутүтікшелі аяқтар болады. Ондай аяқтарда сорғыш табан бар. Тікентерілер сутүтікшелі аяқтарымен баяу жылжып, теңіз түбімен жүре алады. Теңіз кірпілері денесінің үстіңгі бөлігінде, теіәз жұлдыздарының ұшында ұарапайым құрылысты көзшелері бар. Бұл көзшелермен олар жарықтың аз-көптігін ғана сезіне алады. Теңіз жұлдыздары мен теңізкірпілері тері желбезектері арқылы тыныс алады.
Негізгі бөлім
Балықтар,қосмекенділер және жыландар
Балықтар негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар тұзды суларда, не болмаса тұщы суларда өзен – көлдер мен су қоймалары тіршілік ете алады. Жыланбалық сияқты кейбір балықтар тұзды суда да, тұщы суда да өмір сүреді. Теңіз балықтары тұщы су балықтарыннан әдетте ірілеу болып келеді.Балықтар — хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бір бөлігі тұщы суда өмір сүреді. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсы шеміршекті және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 – 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балықтар девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері 500 мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтардың мекен ету аумағы биік тау суқоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар –2°С-тан арктикалық суда 50°С ыстық бұлақтарда температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70‰ суға төзетін балықтар да бар. Балықтар дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 граммнан 12 – 14 тоннаға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен тұрады.
Атлантик-Ляхс балығы.
Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балықтар жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. 1 – 2 жыл, тіпті 100 жылға дейін тіршілік ететін балықтар да бар. Жүрегі 2 камералы, қан айналу шеңбері – біреу. Миының құрылысы қарапайым. Көптеген балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде денесінің тепе-теңдігін сақтау қызметін атқаратын торсылдағы болады. Ал кейбір балықтарда торсылдақ – тыныс алу органы. Балықтардың әдетте дара жынысты, қос жынысты түрлері де бар. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де болады. Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да бар. Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балықтар жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған километрге дейін өрістейді. Балықтар – адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі XX ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтардың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері көмегімен қамқорлық жасалады. Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балықтардың түрлері мен түр тармақтары халықаралық және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (мысалы, ақ балық, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий албырты, көкбас, т.б
Осмекенділер
Қосмекенділер немесе Амфибиялар (лат. Amphіbіaхордалылар типі, омыртқалылар тип тармағының бір класы.Қосмекенділердің 2 класс тармағы: доғаомыртқалылар (Apsіdospondylі) жұқаомыртқалылар (Lepospondylі), 3 отряды, 25 – 30 тұқымдасына бірігетін 4 мыңнан астам түрі белгілі. Тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда таралған. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, ал дернәсілдері суда тіршілік етеді, тек түрленіп дамығаннан кейін оларда ересектеріне тән морфология-физиологиялық ерекшеліктер қалыптасады. Дернәсілдерінің анатомиялық құрылыстары балықтарға ұқсас. Ересектері өкпе және терісі арқылы тыныс алады. Қосмекенділер жоғары девонда саусаққанатты балықтардан пайда болған, балықтар мен “нағыз” құрлықтағы омыртқалылардың арасынан орын алады. Бұларға жерде жүруге бейімделген буыны шар тәрізді, бірнеше бөлімдерден тұратын, бес саусақты жұп аяқтар тән. Бас қаңқасы аутостилиялық Жүрегі екі жүрекше мен бір қарыншадан тұрады. Сол жақ жүрекшеде таза артерия қаны, ал оң жақ жүрекшеде вена қаны мен теріден келетін қаны болады. Қарыншада артерия және вена қандары араласады.
Алдыңғы мидың 2 жарты шар күмбезінде жүйке клеткаларының жиынтығы болады. Зәр бөлу жүйесі мезонефростық типке жатады. Денесінің ұзындығы 2 – 3 см-ден 180 см дейін жетеді. Терісі жұмсақ, жалаңаш денесі шырыш бездері бөлетін шырыштан дымқылданып тұрады. Тіршілігіне қажетті оттектің едәуір бөлігін терісі арқылы сіңіреді. Көпшілік қосмекенділердің сероз бездері бар, ол кейбір тропиктік түрлерінде өте улы келеді. Балықтардан айырмашылығы тері бездері ірі, көп клеткалы болады. Ересек қосмекенділер негізінен жәндіктермен, ал дернәсілдері су өсімдіктерімен де қоректенеді. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі кездеседі, оның 3 түрі жетісу аяқтыбалығы, даната құрбақасы, қызылаяқ бақа, Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген. Кейбір түрлерінін тіршілігі сумен байланысты. Олар ерте девонда балықтардан бөлініп шығып, құрлық жануарларымен балықтардың ортасындағы жануарлар тобына айналған. Қазіргі уақытта Қ. 25-30 тұқымдастарының 4000 дейін түрі белгілі. ТМД-да 13 тұқымдастың 34 түрі таралған. Олардың көпшілігі суда көбейеді. Көпшлігі жұмыртқа салады, бірақ кейбір түрлері тірі туады немесе жұмыртқада тірі туады. Дамуы өзгеріспен өтеді. Бақашабақтары ересектеріне ұқсамайды. Ересектері омыртқасыздармен, бақашабақтары несекомдармен және өсімдіктермен қоректенеді. Қосмекенділер табиғатта өте маңызды экожүйе мүшесі, өйткені олар көптеген жәндіктердің санын реттеумен қатар өздеріде басқа жануарлардың азықтық қоры болып есептеледі. Көптеген түрлер саны күрт төмендеуде. Оның басты себебі су қоймаларының ластануыналықтар туралы ғылым ихтиология деп аталады
Жыландар
Денесі жұмыр, ұзын ұзындығы 8 см-ден 12 м-ге дейін жетеді. Денесін мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар, арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орналасқан, ромбы тәрізді қабыршақтар жапқан. Бауыры көлденең жатқан ірі қалқаншалармен жабылған, олар бір-бірімен жұмсақ тері қатпарлармен жалғасқан. Ірі денелі жемтіктерді жұтқанда тері қатпарлары жазылып, құрсақ қалқаншаларының ұзына бойы созылуына мүмкіндік береді. Көздерінде қозғалмалы қабақтары болмайды, олар мөлдір қабықпен жабылған. Күндіз белсенді тіршілік ететін жыландардың көз қарашығы дөңгелек болса, ымыртта, түнде белсенді тіршілік ететіндерінде – тік бағытта орналасқан саңылау тәрізді.Сыртқы құлақ тесігі және дабыл жарғағы болмайды. Сондықтан жыландар ауадағы дыбысты естімейді. Тілі ұзын, ұшы – айыр. Сезу қызметін тілі мен бір жұп Якобсон мүшесі атқарады. Якобсон мүшесі – кеңсіріктің ішкі жағындағы ауыз қуысына ашылатын, екінші ұшы тұйықталып біткен екі қуыс; бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілерде болатын иіс сезу мүшесі жоқ. Бұны дат анатомы Людвиг Якобсон ашқан. Тістері жіңішке, өткір, артқа қарай иілген, усыз жыландарда тістері жемтігін ұстау қызметін атқарады.
Аяқтары жоқ, тек айдаhарда, ұршық тәрізді жыландарда, соқыр жыландарда, бүрме ауызды жыландардың кейбір түрлерінде ғана жамбас белдеуінің қалдығы мен артқы аяқтарының тырнақ тәрізді жұрнағы сақталған. Иық және жамбас белдеулерінің болмауына байланысты омыртқа жотасы бөлімдерге анық жіктелмеген: қысқа әрі жуан жыландарда омыртқасының саны – 141, ал ұзын әрі жіңішкелерінде – 435-ке жетеді. Жыландар жылына 2 – 4 мәрте түлейді. Сыдырық тұтастай түседі. Тіршілік ететін ортасына сәйкес реңі алуан түрлі келеді.Жыландар Жер шарына кең тараған, 3 мыңға жуық түрі белгілі. Олар 12 тұқымдасқа бірігеді. Ең көбі – сарыбас жыландар, олардың 1500-дей түрі бар.
· Қазақстанда 5 тұқымдасқа жататын:
· соқырлар тұқымдасы 1 түрі,
· айдаhарлар тұқымдасы 2 түрі,
· сарыбас жыландартәрізділер 12 түрі,
· сұржыландар 2 түрі,
· бозша жыландардың 1 түрі 18 түрі белгілі. Жыландардың көпшілігі құрлықта, әдетте, қалың шөп өскен жерлерде, ағаш басында, шөлді аймақтарда, кейбір түрлері тұщы сулар мен теңіз-мұхиттарда тіршілік етеді.
Жыртқыштүрлері тышқантәрізділермен, бақалармен, омыртқасыздармен қоректенеді. Жылына бір рет көбейеді. Көпшілік жыландар жұмыртқа салады, ал кейбіреулері тірі туып көбейеді. Жеке дара немесе топтанып қыстайды. Топтанып қыстайтын түрлерін халық «ордалы жыландар» деп атайды. Жылан зиянды кеміргіштер, моллюскілер және жәндіктермен қоректеніп пайда да келтіреді. Кейбір түрлерінің терісі әсемдік бұйымдар, еті тамақ жасау үшін, ал уы медицинада қолданылады.Денесі ұзыншақ, 8 см ден 10 м, мүйізді қалқанша және қабыршақтарымен қапталған. Омыртқа саны әртүрлі, 141 ден 435 дейін. Кеуде сүйегі жоқ, дене омыртқалары жылжымалы қабырғаларымен қосылған. Көздері бірігіп кеткен мөлдір қабықпен қапталған Сыртқы құрақ тесігімен дауылпаз жарғағы жоқ. Ұзын тілінің ұшы айр Бас сүйектері бір-бірімен жұмсақ жалғамаларымен қосылған. Соның нәтижесінде жылан ірі жануарларды аузын кең керіп жұта алады. Тістері өткір, жіңішке, артқа қарай майысқан. Улы жыландардың жоғарғы улы тістері бар. Олардың қуыс у келетін өзегі болады. Өкпесі біреу. Қуығы жоқ. Аталықтарының копулятивтік мүшесі құйрығының түбінде тері астына орналасқан. Жылына бірнеше рет түлейді.
Жыландардың 13 тұқымдасы бар: сарбас жыландар, улы жыландар, теңіз жыландары, сұр жыландар, шұңқырбастылар, соқырлар тұқымдасы, тарауыздар, айдахарлар, аномалипидилер, біліктәрізділер, қалқан құйрықтылар, сәулелілер; 3000 түр. ТМД-да, 60 түрі белгілі. Көпшілік түрі құрлықта тіршілік етеді. Орманды жерде, шөл далада, өзендермен теңіздерде көптеген түрлері бар. Жыртқыштар. Қорегін тұтасымен жұтады. Жұмыртқа салып немесе жұмыртқада тірі туатын жануарлар. Кемірушілер, ұлулар және жәндіктердің санын реттеу зор маңызы бар. Кейбір түрлерінің терісі бағалы. Уы медицинада дәрі ретінде пайдаланылады. 16 түрі КСРО Қызыл кітабына енгізілген.
Орытынды
Кесіртке (Saurіa) – қабыршақтылардың бір отряд тармағы.Қазба қалдықтары триас кезеңінен сақталған, жыландардың арғы тегі болып саналады. Кесіртке Жер шарының суық аймақтарынан басқа жерінің бәріне дерлік таралған. Бұлардың қазіргі кезде 20 тұқымдасқа, 350 туысқа бірігетін 4000-нан астам түрі бар.Қазақстанда 6 тұқымдасы, 13 туысы, 30 түрі кең таралған. Кәдімгі кесіртке тұқымдасының республикамызда 2 туысы бар:
1. кесіртке (Lacerta), оған тән белгі – құрсағындағы қабыршақтар ұзынынан қатарласа орналасқан. Танау тесігінің қалқаны жоғары көтерілмеген. Маңдай қалқанында ұзын, терең ойысы болмайды;
2. кесірт (Eremіas), олардың құрсақ қабыршағы қиғаш қатпарласып орналасқан. Танау тесігі жоғары көтеріңкі келеді, маңдай қалқанында ұзынша ойысы болады.
Бұлардың Қазақстанда 11 түрі кездеседі. Кесірткелердің көптеген түрі жерде жүреді, ағашқа, бұтаға өрмелей алады, құмға батып кететін түрлері де бар. Галапагос игуанасы мұхит жиегіне жақын жердегі суда кездеседі. Денесі жалпақ, қысқа не ұзынша келеді. Денесінің тұрқы 3,5 см-ден 4 м-ге жетеді. Тері қабыршағының пішіні, құрылысы, үлкендігі әркелкі, оның түрлік жіктелімге бөлгенде үлкен мәні бар. Аяғы кейбір түрінде өте жақсы жетілген, кейбіреуінде редукцияға ұшыраған. Тісі бірқырлы кейде көпқырлы болады. Тілінің құрылысы да әр түрлі. Мысалы, жармасқы мен ешкіемерде – жалпақ, қалың етті; кеселде – ұзын, ұшы екіге айрылған; хамелеонда – өте ұзын, түп жағына қарай жуандайды. Көздерінің қабағы қозғалмалы, ойнақшып тұрады. Қауіп төнгенде көбі құйрығын үзіп тастап қашады, бірақ көп кешікпей жаңадан құйрық пайда болып бұрынғы қалпына келеді. Сарлан, аяғы болмағандықтан, кесірткеден гөрі жыланға көбірек ұқсайды.Кесірткелер – ауыл шаруашылығына зиянды жәндіктерді жеп, негізінен, пайда келтіретін жануарлар, бірақ Кесірткелердің арасында денелерінде жәндіктердің, кененің қансорғыш түрлері тіршілік етіп, адамға, жануарларға, малға қауіпті ауру қоздырғыштарын тарататын түрлері де бар. Кесірткелердің терісінен түрлі бұйымдар жасалады. Кейбір түрлері улы келеді.Кесірткелер көп ауланған, олардың санының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, 36 түрі мен түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына»,19-ы бұрынғы КСРО-ның Қызыл кітабына, Қазақстанның«Қызыл кітабына» енгізілген.