Интерн-терапевттердің Қорытынды Жылдық аттестация жүргізуіне арналған тест тапсырмалары 1 страница

«Қантүзу жүйесінің патологиясы кезіндегі аурулар мен синдромдар»

Анемии 30

1! Талассемия кезінде тағайындауға қарсы көрсетілген:

* Десферал

*+Феррум-лек

* Аскорбин қышқылы

* Жуылған эритроциттерді құю

* Мұздатылған эритроциттерді құю

2! Гемограммада түсті көрсеткіштің төмендеуі қай анемияға тән?

* Апластикалық

* Аутоиммунды

* В12-тапшылықты

*+Темір тапшылықты

* Фолий қышқыл тапшылықты

3! Гипохромды анемиямен 3 жыл бойы бақылауда болған 38 жасар науқаста қақпа венасының тромбозы дамыды.

Бұл көрініс БАРЫНША қай ауруға тән?

* Талассемия

* Теміртапшылықты анемия

* Антифосфолипидті синдром

* Аутоиммунды гемолитикалық анемия

*+Пароксизмальды түнгі гемоглобинурия

4! 72 жасар еркек қабылдау бөліміне жалпы әлсіздік, ентігу, жүрек қағуы, аяқтарын «мақта» тәрізді сезінуімен түсті. Объективті: тері және шырышты қабаттары боз? Сарғыш түстенумен№ Қан талдауында: гемоглобин - 46 г/л, эритроциттер – 1,3 х 109/л, лейкоциттер - 2,3 х 109/л, ТК – 1,1, ЭТЖ - 41 мм/час, базофилдер – 1%, эозинофилдер – 4%, таяқшаядролы – 6%, сегментоядролы – 65%, лимфоциттер – 16%, моноциттер – 8%, тромбоциттер – 110 х 109/л. Миелограммада: мегалобластическалық қан ағу.

Төменде көрсетілген тексерулердің қайсысын жасаған БАРЫНША ақпаратты?

* Кеуде қуысының рентгенографиясы

* Мықын сүйектің трепанобиопсиясы

* Құрсақ қуысының УДЗ

*+Асқазан эндоскопиясы

* ЭКГ

5! 47 жасар әйел қабылдау бөліміне жалпы әлсіздік, бас айналу, жүрек қағуымен түсті. Соңғы 1 жылда етеккірі 10 күннен, көп келеді. Объективті: тері мен шырышты қабаттары боз, тырнағы сынғыш, шашы көп түседі. Қанында: гемоглобин - 42 г/л, эритроциттер – 1,9 х 1012/л, ТК – 0,7, ЭТЖ - 36 мм/сағ, лейкоциттер - 5,8х109/л, базофилдер – 1%, эозинофилдер – 2%, таяқшаядролы – 4%, сегментоядролы – 69%, лимфоциттер – 18%, моноциттер – 6%, тромбоциттер – 420 х 109/л,.

Төменде келтірілгендердің қайсысы диагностиканың келесі қадамы болып табылады?

* Коагулограмма

* Шиллинг тесті

* Стернальді пункция

*+Сарысулық темірді анықтау

* Мықын сүйектің трепанобиопсиясы

6! 55 жастағы ер кісі көп мөлшерде ішімдік қабылдайды. Гиперхромды анемия, эритроциттер макроцитозы, тромбоцитопения, лейкоцитопения, гипербилирубинемия анықталды. Стернальды пунктатты ализаринді қызылмен бояғанда мегалобласттар боялмайды.

Төменде келтірілген анемияның қай түрі дамып жатыр?

* Гемолитикалық

* В12-тапшылықты

* Гипопластикалық

* Теміртапшылықты

*+Фолитапшылықты

7! 38 жасар әйел себебі белгісз анемиямен жатқызылды. Қан талдауында: Нв-42 г/л, ТК-0,9, ретикулоциттер-30%, лейкоциттер-7,8х109/л, тромбоциттер-360х109

Төменде келтірілген анемияның БАРЫНША қай түрі дамыған?

* Апластикалық

* В12-тапшылықты

*+Гемолитикалық

* Теміртапшылықты

* Фолитапшылықты

8! 26 жасар әйел әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуға, 1 жыл бойы меноррагияға шағымданып түсті. Объективті: тері және шырышты қабаттары боз. Қан талдауында: эритроцит -2,7 млн., Нв-68 г/л, ТК-0,79, лейкоцит-4,3 мың., тромбоцит-220 мың., ЭТЖ-13 мм/сағ, анизо-пойкилоцитоз, қан сарысудағы темір-6,9 мкмоль/л. Миелограммада : сидеробласттар -16%.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысына БАРЫНША сәйкес?

* Сидероахрестикалық анемия

* Фолитапшылықты анемия

*+Теміртапшылықты анемия

* В12-тапшылықты анемия

* Талассемия

9! 47 жасар аккумулятор заводының жұмысшысы бас ауру, жүрек айнуы, аузында металдың дәмінің шығуы, кіндік маңыйында толғақ тәрізді ауру сезімі, аяқ-қолдарының бұлшықеттерінің әлсіздігі. Қан талдауында: Нв–89 г/л, ТК-0,8, ретикулоцит-6%, ЭТЖ-8 мм/сағ, базофильді пунктация мен нысана тәрізді эритроциттер, қан сарысуындағы темір- 34 ммоль/л.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысына БАРЫНША сәйкес?

* Теміртапшылықты анемия

*+Темірге қаныққан анемия

* Спастикалық колит

* Гемохроматоз

* Талассемия

10! 18 жасар қыз бала соңғы 4 айда қызыл иектерінің, мұрнының қануы, бел аймағындағы терідегі геморрагиялар, тамағының ауруы, дене температурасының 38 жоғарлауына шағымданып келді. Қан талдауында: Нв-72 г/л, эритроциттер-2,1х1012/л, ТК-0,9, лейкоциттер-2,0х109/л, т/я-1%, с/я-40%, лимфоцит-53%, моноцит-6%, тромбоцит-40х109/л, ЭТЖ-48 мм/сағ.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША тән?

*+Апластикалық анемия

* Гемолитикалық анемия

* В12- тапшылықты анемия

* Теміртапшылықты анемия

* Тромбоцитопеникалық пурпура

11! 17 жасар балада атбұршақ жегеннен кейін сарғаю, зәрінің қараюы пайда болды Қанында- коньюгирленбеген гипербилирубинемия, нормохромды анемия, әлсіз лейкоцитоз.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША тән?

* Талассемия

* Микросфероцитарлы анемия

* Қылыш тәрізді жасушалы анемия

* Пароксизмальды түнгі гемоглобинурия

*+Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназы жетіспеушілігі салдарынан дамыған анемия

12! 34 жастағы ер адамда аяқ тамырларының қайталамалы тромбозы, қан сарысуында темірдің төмен деңгейі және бос гемоглобиннің жоғарлауы, панцитопения, миелограммада қызыл өсіндінің тітіркену көрінісімен қосарланған анемияның қандай түрі дамуы БАРЫНША ықтимал?

* Минковский-Шоффар

*+Маркиафава-Микель

* Аддисон-Бирмер

* Фанкони

* Кули

13! 19 жастағы жігіт абдоминальді криз және сарғаю клиникасымен түсті. Қанда - ретикулоцитозбен нормохромды нормоцитарлы анемия, ЭТЖ баяулауы; конъюгирленбеген гипербилирубинемия, НвS-гемоглобиннің электрофорезкезінде пайда болуы.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы ықтимал?

* Талассемия

*+Қылыш тәрізді жасушалы анемия

* Минковский-Шоффар ауруы

* Аутоиммунды гемолитикалық анемия

* Пароксизмальді түнгі гемоглобинурия

14! 45 жасар 12 елі ішектін жара ауруымен ауыратын ер адамда әлсіздік, бас ауруы, б ас айналуына, нәжісінің қара түсті болуына шағымданып түсті. Қанында– гипохромды анемия.

Дамыған асқынуды анықтауда БАРЫНША ең ақпаратты әдісті атаңыз?

*+Эндоскопия

* Рентгеноскопия

* Радиоизотопты тексеру

* Асқазан сөлін тексеру

* Нәжісті жасырын қанға тексеру

15! 36 ж ер адам тұмаумен ауырған соң пайда болған бел аймағындағы ауыру сезіміне, қызбаға, зәрінің қараюына, құсуға, әлсіздікке шағымданады. Объективті : терісі бозғылт, субиктерильді. Жүректің ұшында систолалық шу, тахикардия. Ұрғылау симптомы екі жағынан оң. Қан анализінде: эр.-2,1 млн. Нв-63 г/л, ТК-0,9 лейк.-3,4 мың. тромб.-96 мың. ретикулоциттер-6%, ЭТЖ-55 мм/сағ, билирубин-72,8 мкмоль/л, қалдық азот-60,2 ммоль/л. Лейкоцитурия, гемосидеринурия. Сахарозды сынама оң.

Берілген жағдайда қандай емдеу әдісі БАРЫНША тиімді болып табылады?

* Спленэктомия

* Десфералотерапия

* Қан құю

* Глюкокортикостероидтарды енгізу

*+Жуылған эритроциттерді енгізу

16! Ер кісі 70 жас аяқ-қолдарындағы әлсіздікке, аяғының жаурағыштығына, парестезияларға, қозғалыс координациясының бұзылысына шағымданып түсті. Анамнезінде – асқазанның резекциясы. Қан анализінде: Нв-70 г/л, эритроциттер 2,0х1012/л, ТК-1,2, лейкоциттер-3,0х109/л, тромбоциттер-140х109/л. В12 витаминотерапия тағайындалған..

Қолайлы нәтижеге жету үшін препараттың ең дұрыс тәуліктік дозасы қандай?

* 200 мкг

* 400 мкг

* 500 мкг

* 800 мкг

*+1000 мкг

17! 47 жастағы әйел кісі, қабылдау бөліміне жалпы әлсіздікке, бас айналуына, жүрек қағуына шағымданып түсті. 1 жыл көлемінде етеккірі 10 күн, көп мөлшерде келеді. Объективті: тері және шырышты қабаттары бозғылт, тырнақтары сынғыш және иректелген, шашының түсуі, тахикардия минутына 100 рет, АҚ 110/60 мм.с.б. Қан анализінде: гемоглобин - 62 г/л, эритроциттер - 2,6 х 1012/л, түстік көрсеткіш - 0,7, ЭТЖ - 36 мм/сағ, лейкоциттер - 5,8х109/л, тромбоциттер - 420 х 109/л. Гинеколог консультациясы:жатыр миомасы, 12 апта. Оперативті ем ұсынды.

Науқасқа оперативті ем алдында төменде көрсетілген әдістің қайсысы БАРЫНША тиімді?

* Жаңақатырылған плазма құю

* Парентеральды аскорбин қышқылын енгізу

*+Парентеральды темір препараттарын енгізу

* Парентеральды витамин В12 енгізу

* Фолий қышқылын per os беру

18! Ер адам 68 жаста қабылдау бөліміне айқын жалпы әлсіздікпен,ентігугмен,жүрек қағуымен, «мақта» тәрізді аяқтарын сезінуімен түсті. 6 жыл бұрын асқазан жарасы бойынша асқазан резекция жасалынған.Объективті:тері жамылғысы бозғылт,шырышты қабаттар сарғыш түсті.Қанда: гемоглобин - 46 г/л, эритроциттер – 1,3 х 109/л, лейкоциттер - 2,3х109/л, түстік көрсеткіш – 1,1, ЭТЖ - 41 мм/сағ, базофильдер – 1%, эозинофильдер – 4%, таяқшатәрізді – 6%, сегменттәрізді – 65%, лимфоциттер – 16%, моноциттер – 8%, тромбоциттер– 110 х 109/л. Миелограммада: қан түзудің мегалобласттық түрі.

Төменде келтірілген қандай емдеу әдісі БАРЫНША тиімді?

*+В12 витаминінің препараттары

* Аскорбин қышқылы

* Темір препараттары

* Преднизолон

* Десферал

19! 44 жасар әйел жалпы әлсіздікке, жүрек қағуға, сарғыштыққа, дене қызуының 37,8°С дейін көтерілуіне шағымданады. Объективті: әлсіз спленомегалия, гемоглобин - 52 г/л, ретикулоциттер – 28%, жалпы билирубин 87 мкмоль/л, тікелей билирубин 15 мкмоль/л, тікелей Кумбс сынамасы оң .

Берілген жағдайда қандай препаратты тағайындаған БАРЫНША маңызды?

* Витамин В12

*+Преднизолон

* Антибиотиктер

* Темір сульфаты

* Урсодезоксихоль қышқылы

20! Әйел 38 жас іштегі ауру сезіміне, іш қатулармен ауысатын, іш өтулерге, кезеңді түрде құсуларға шағымданады. Қарап-тексергенде жіңішке ішектің дивертикулы, гиперхромды макроцитарлы анемия, неврологиялық симптомдар анықталған.

Аталған препараттардың қайсысын емдеу бағдарламасына қосқан дұрыс?

* Тиогамманы

*+Витамин В12

* Темір сульфаты

* Фолий қышқылы

* Пиридоксальфосфат

21! 42 жастағы әйелдің қан анализінде: Нв-62 г/л, ТК-0,91, жалпы билирубин-89 ммоль/л, тікелей билирубин-15 ммоль/л, бос гемоглобин-72 мг/дл (нормада 1 мг/дл), Кумбстың тікелей сынамасы мен Вассерман реакциясы оң, ультрадыбысты зерттеуде – көкбауырдың көлемі - 50 см².

Қандай ем тактикасы БАРЫНША тиімді?

*+Глюкокортикостероидтарды тағайындау

* Эритроцитарлы массаны құю

* Сүйек тінінің трансплантациясы

* В12 витаминін енгізу

* Десфералотерапия

22! Әйел 69 жас асқазанының резекциясынан кейін бір жылдан соң әлсіздік, аяқтарының жансыздануы, үлкен дәреті мен кіші дәретінің ұстамауы мазалайды. Обьективті: аяқ бұлшықеттерінің атрофиясы, терең сезімталдықтың бұзылуы.

Ең тиімді емдеу әдісін таңдаңыз?

* Цианкобаламин 500 мкг, эритромассаны құю

* Цианкобаламин 1000 мкг, эритромассаны құю

* Цианкобаламин 500 мкг 300 мг сорбифермен бірге

*+Цианкобаламин 1000 мкг 500 мкг кобаламидпен бірге

* Цианкобаламин 500 мкг в 100 мг пиридоксальфосфатпен бірге

23! 18 жастағы жасөспірімде эритроциттердегі протопорфириннің төмен құрамы, қан сарысуындағы темірдің жоғары деңгейімен гипохромды анемия анықталды.

Берілген жағдайда аталған препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

*+Пиридоксальфосфат

* Фолий қышқылы

* Темір сульфаты

* Эритромасса

* Витамин В12

24! Қанында нормохромды анемия, лейкопения, тромбоцитопения және трепанобиоптатта сүйек тінінің орнын май тінінің басуы бар 52 жастағы ер кісіге БАРЫНША дұрыс тағайындауды көрсетіңіз?

*+Неробол преднизолонмен

* Пиридоксин ретаболилмен

* Темір препараттары С витаминімен

* Фолий қышқылы С витаминімен

* Цианокобаламин темір препараттарымен

25! 16 жастағы жасөспірім әлсіздікке, бас айналуына, жүрек қағуына, сарғаюға, зәрінің қараюына шағымданады. Объективті: терісі сарғайған, көкбауыры қабырға доғасынан 4 см шығып тұр. Қанында: эритроциттер-3,1 млн., Нв-87 г/л, ТК-0,9, лейкоциттер-7,9 мың., тромбоциттер -220 мың., ретикулоциттер-7%, ЭТЖ-29 мм/сағ. Билирубин-69,1 мкмоль/л, эритроциттердің қалыңдығы -2,8 мкм, микросфероциттер-42%.

Қандай емдеу тактикасы БАРЫНША дұрыс?

* Жуылған эритроциттерді құю

* Темір препараттарын тағайындау

* Кортикостероидты терапия

* В12 витаминін тағайындау

*+Спленэктомия

26! Ретикулоцитозбен нормохромды анемиясы бар, Кумбс сынамасы оң 38 жастағы әйелде гемолитикалық кризді басу үшін тағайындалады:

* Антиоксиданттар

* Криопреципитат

*+Глюкокортикостероидтар

* Анаболикалық стероидтар

* Жаңа мұздатылған плазма

27! Талассемиясы бар 16 жастағы жасөспірімнің қан анализінде лейкопения, тромбоцитопения; ультрадыбысты зерттеуде көкбауырдың көлемі 68 см2 құрайды.

Дамыған асқынуды басу үшін қандай емдеу әдісі БАРЫНША тиімді?

* Жуылған эритроциттердің трансфузиясы

* Темір препараттарымен терапия

* Кортикостероидты терапия

* Десфералотерапия

*+Спленэктомия

28! 17 жастағы жасөспірімде нормохромды нормоцитарлы анемия ретикулоцитозбен, тікелей емес гипербилирубинемиямен, электрофорезде НвS-гемоглобиннің болуы анықталды.

Инфекциялық асқынулардың алдын-алу үшін БАРЫНША не жүргізу қажет:

* Жуылған эритроциттерді құю

* Инфекция ошақтарын санациялау

* Фолий қышқылын қабылдау

* Антибиотиктерді қабылдау

*+Вакцинация

29! 42 жастағы әйелде лабораторлы зерттеулерде қан анализінде: Нв-62 г/л, ТК-0,91, жалпы билирубин-89 мкмоль/л, тікелей билирубин-15 мкмоль/л, бос гемоглобин-72 мг/дл (нормада 1 мг/дл), Кумбстың тікелей сынамасы және Вассерман реакциясы оң; ультрадыбысты зерттеуде - көкбауыр көлемі - 50 см2.

Қандай емдеу әдісі БАРЫНША тиімді?

*+Глюкокортикостероидтарды тағайындау

* Сүйек тінін трансплантациялау

* Эритроцитарлы массаны тағайындау

* В12 витаминін енгізу

* Десфералотерапия

30! 47 жастағы ер адамда лимфаденопатия, ЖҚА абсолютты лимфоцитоз, сүйек кемігінде диффузды лимфатикалық гиперплазия, емдеу барысында ретикулоцитоз, тромбоцитопения, гипербилирубинемия, оң Кумбс сынамасы анықталды.

Қандай емдеу жоспары осы жағдайда ең тиімді?

* Полихимиотерапияны жалғастыру

* Спленэктомия жүргізу

* Тромбомасса трансфузиясы

*+Преднизолон тағайындау

* Плазмаферезді қосу

ТШҚ синдромы 30

31! ТШҚ-синдромында гипокоагуляциялы фазаның лабораторлы көрсеткіші?

* Бірен- саран фрагменттелген эритроциттер

* Этанол тестінің теріс нәтижесі
* Фибриноген көлемінің өсуі
* Тромбоциттер санының өсуі
*+Фибриноген көлемінің төмендеуі

32! ТШҚ-синдромында гиперкоагуляциялы фазаның лабораторлы көрсеткіші?

* Лейкоциттер санының өсуі

* Фибриноген көлемінің өсуі
*+Этанол тестінің оң нәтижесі

* Этанол тестінің теріс нәтижесі

* Тромбоциттер санының өсуі

33! ТШҚ-синдромында полиорганды жетіспеушіліктің негізгі себебі болып табылады?

* Тромбинмен өмірге қажетті органдардың плазмалық мембранасының бітелуі

* Фибриногеннің деградация нәтижесінде тіндеодің тыныс алуының тежелуі

* +Тіндер мен мүшелердің микроциркуляторлы бөгемесі

* Тромбинмен лизосомды мембрананың зақымдануы

* Иммунокомплексты синдром

34!Төмендегі келтірілген көрсеткіштердің қайсысы ТШҚ-синдромының диагностикалық критериі болмайды?

*+Виллебранд факторы

* Эуглобулинды лизис

* Протромбинды индекс

* Фибрин-мономерлі комплекстер

* АЧТВ

35! 26 жастағы ер адам ІІІ дәрежелі күйікпен түсті. Жалпы жағдайы ауыр, терісі бозғылт. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 110 мин. АҚ– 70/50 мм.рт.ст. 2-ші тәулікте мұрнынан қан кету, гематома мен анурия пайда болды, ЖҚА: Нв–70 г/л, эр–2,6х1012, лейкоциттер–12,5х109, тромбоциттер- 40х109/л, ЭТЖ-46 мм/сағ. Коагулограммада: АПТВ-35 с, фибриноген – 1,2 г/л. ЖЗА: белок – 2,5 г/л, лейк.-3-4, эритр. - 8-9 к.а.

Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы науқаста БАРЫНША дамыды?

* Аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпура

* Екіншілік геморрагиялық васкулит

* Апластикалық анемия

* Гломерулонефрит

* +ТШҚ синдромы

36! 35 жастағы әйел адам қынаптан қан аралас бөлінділерге, қалтырау, температураның 39,6ºС жоғарлауына шағымданады. Анамнезінде – қылмысты жүктілікті үзу. Қарау кезінде: инъекция жасалған жерінде қанталау іздері. ЖҚА: эр-2,3 млн., Нв-63 г/л, тромб-150 мың. Коагулограмма: АКТ-12 мин, АПТВ-76 сек, фибриноген-6,3 г/л, этанол және протаминсульфатты тест оң. ПДФ-0,4 г/л, антитромбин III-67%, эфа уы тестінде - гиперкоагуляция.

Терапияның эффективтілігін бағалауда төменде көрсетілген гемостаз көрсеткіштерінің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?

* Фибриноген

* Тромбоциттер

* Этанол тесті

* +Антитромбин III

* Протаминсульфатты тест

37! 65 жастағы ер адамда үлкен ошақты миокард инфарктан 2 күннен кейін жедел өкпе артериясының тромбоэмболия симптомы дамыды. Объективті: акроцианоз, терісі «мрамор» тәрізді, салқын тер. Өкпесінде крепитация, ұсақ көпіршікті сырылдар. Пульс жіп тәрізді. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 130 рет мин., АҚ 70/50 мм сб б. ЖҚА: Эр-2,2 х1012, Hв-80 г/л, Тр-120х109. Коагулограмма: КТУ-3 мин, КФК-40 сек, АКГ-10 мин, протромбинді уақыт-20 мин, фибриноген-4,8 г/л, этанол тесті ++, антитромбин III-65%.

Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысы берілген асқынудың БАРЫНША себебі болуы ықтимал?

* Емізік тәрізді бұлшықеттің жұлынуы

* Дресслер синдромы

* Жедел пневмония

* Жедел анемия

*+ТШҚ-синдромы

38! 65 жастағы ер адамда үлкен ошақты миокард инфарктан 2 күннен кейін, жедел өкпе артериясының тромбоэмболия симптомы дамыды. Объективті: Акроцианоз, теріәсі «мрамор» тәрізді, салқын тер. Өкпесінде крепитация, ұсақ көпіршікті сырылдар. Пульс жіп тәрізді. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 130 рет мин., АҚ 70/50 ммртст. ЖҚА: Эр-2,2 х1012, Hв-80 г/л, Тр-120х109. Коагулограмма: КТУ-3 мин, КФК-40 сек, АКГ-10 мин, протромбинді уақыт-20 мин, фибриноген-4,8 г/л, этанол тесті ++, антитромбин III-65%.

Гемограмма ТШҚ-синдромының қай сатысына сәйкес келеді?

* III

* IV

* V

* II

*+I

39! 40 жастағы ер адам терминальды созылмалы бүйрек жетіспеушілігі сатысында бүйрек амилоидозымен асқынған өкпе туберкулезімен зардап шегеді. Мұрнынан қан кетуге, тері геморагияларына, меленаға шағымданады. ЖҚА: тромбоцитопения, анемия – жағынды да көптеген фрагменттелген эритроциттер. ЭФГДС: жедел эро­зиядан қан кету.

Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысы геморрагиялық синдромның БАРЫНША себебі болуы мүмкін?
* Липоидты-нефротикалық синдром

* Айқын холестеринемия

* Артериальды гипертония

* Айқын протеинурия

*+ТШҚ-синдромы

40! 45 жастағы ер адам ДТП-дан кейін бас ми жарақатымен жеткізілді. Жалпы жағдайы ауыр, есі жоқ. ЖСЖ-130 мин, АҚ- 80/50 ммрт.ст. ЖҚА: Нв–74 г/л, эр–2,0х1012/л, лейкоцит–15,5х109, тромбоцит- 60х109/л, ЭТЖ-45 мм/сағ. Коагулограмма: коагуляционды тестің әр-түрлі бағытта ығысуы, тромбоцитопения, антитромбин III төмендеуі, 4 - фактордың жоғарылауы.

Коагулограммдағы өзгеріс ТШҚ қай фазасына сәйкес келеді?

* Ауыр асқыну фазасы және летальды сатысы

* Қайта қалпына келу фазасы

* Гиперкоагуляция сатысы

* Гипокоагуляция сатысы

* +Өтпелі фазасы

41! Инфекционды эндокардитпен зардап шегетін 30 жастағы әйел 1,5 айдан бері мұрнынан, иектен қан кетуге, терісіндегі геморрагиялық бөртпеге шағымданады, олар ауырлық дәрежесіне байланысты үдеуде. Соңғы рет транзиторлы ми қан айналым бұзылысы болған. ЖҚА: тромбоцит – 350,0 мың, фибриноген 3 г/л, қан ұю уақыты- 3 мин., АКТ– 9 сек., протромбин уақыты -17 сек, антитромбин III -90 %, фибриннің деградация өнімі тесті (ПДФ) +++, фибринолитикалық активтілік айқын төмендеген.

ТШҚ-синдромың БАРЫНША қандай ағымы болуы мүмкін?

* Жедел

* Жеделдеу

* Латентті

*+Созылмалы

* Рецидивтеуші

42! Трансмуральды инфаркт миокардымен жатқызылған 67 жастағы ер адамда 4-тәулікте эпигастрий аймағында ауру сезімі пайда болды. Тағы 3 күн кейін жүрек айну, «кофе» тәрізді құсу, терісінде геморрагиялар, инъекция орындарынан қан кету байқалды.

ТШҚ-синдромды анықтауда төменде көрсетілген қандай зерттеу әдісі БАРЫНША көмектеседі?

*+Коагулограмма

* Нәжісті жасырын қанға зерттеу

* Қаннын КЩС –ты анықтау

* Құсық бөлінділерін зерттеу

* БҚА (биохимиқалық қан анализі)

43! 26 жастағы ер адам III дәрежелі күйікпен түсті. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, терісі бозарған. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 110 мин. АҚ- 70/50 мм с.б.б. Екінші тәуліктен бастап мұрнынан қан кету, гематома, олигурия пайда болды. ЖҚА : Нв–70 г/л, эритроциттер –2,6х1012, лейкоциттер –12,5х109, тромбоциттер - 40х109/л, ЭТЖ - 46 мм/сағ. Коагулограмада: АПТВ-35 с, фибриноген – 1,2 г/л.

Бүйректің қан айналымын жақсартып, ТШҚҰ синдромы көрінісінің азайту мақсатында қандай препарат БАРЫНША тағайындалады?

* Дротаверин бұлшықетке

* Седуксен бұлшықетке

* Адреналин тер астына

* +Допамин тамшылап көк тамырға

* Морфин көк тамырға

44! 60 жастағы әйел көп мүшелердің жетіспеушілігімен ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылардың айтуынша 4 күн құлаған үйдің астында басылып қалған. Есі анық емес, тежелген. Тері қабаты бозарған, суық, бүкіл денесі көгерген. Айқын тері қабаты мен сүйек – буындарының зақымдалуы байқалмаған. Өкпесінде әлсіреген тыныс. ЖСЖ – 127 мин, АҚ – 70/50 мм.с б.б. Пальпация кезінде іштің алдыңғы қабатының бұлшықетіне күш түскен. Катетеризация жасағанда инеде қан ұйыған.

Берілген жағдайда науқасты жүргізудің қандай тактикасы БАРЫНША дұрыс?

* Психоэмоциональды стресс жағдайына байланысты седативті терапия тағайындау.

* Медикаментозды терапия басталғанға дейін комплексті зерттеу жүргізу.

*+Тез арада шокқа қарсы қан алмастыру инфузия және ГКС терапиясы

* Мидың қан айналу жұмысын жақсартатын препарат тағайындау

Наши рекомендации