ОҚиҒа болҒан жерді, сол жерде мӘйітті Қарап тексеру.

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Медицина факультеті

Адам патологиясы кафедрасы

«БЕКІТЕМІН »

Кафедра меңгерушісі, доцент

Н.А.Жуманазаров

хаттама №_ ”__ ” _____2016 ж.

Сот медицинасы курсы

Дәріс: №1

Тақырып: Сот медицинасы пәні. Сот медицинасының заңдық және ұйымдастыру негіздері.

Түркістан 2016 ж.

1.Дәріс тақырыбы: СОТ МЕДИЦИНАСЫ ПӘНІ. СОТ МЕДИЦИНАЛЫҚ

ЭКСПЕРТИЗАНЫҢ ПРОЦЕССУАЛЬДІ НЕГІЗДЕРІ

2.Дәріс жоспары:1. Кіріспе.

2. Сот медицинасы пәніне сипаттама.

3. Процессуальды негіздері.

4. Оқиға болған жерді сот медициналық сараптаудың маңызы.

5. Қорытынды.

3. Дәрістің мақсаты: Студенттерге сот медициналық сараптаманың құрылымы мен ұйымдастырылу принциптерін үйрету. Сот медидициналық сараптаманың процессуальдық негіздерін білу.

4. Дәрістің мазмұны:Сот медицинасы пәні. Сот медицинасы құқық және сот тәжірибесінде туындайтын медициналық және биологиялык сұрақтарды қарастырып шешеді. Сот медицинасының дербес ғылым саласы ретінде пайда болуы, дамуы әрбір мемлекеттің сот және құқық саласының дамуымен тікелей байланысты, немесе сот медицинасы құкык саласынын кажеттілігінен туындаған медицина тарамы деп атауға да болады. Бұл тығыз байланыс пәннің аталуынанда көрініс тапқан. Сот медицина пәнінің медициналык білім беру жүйесінде құкықтық тәжірибе сұрақтарын шешуде атқаратын орнының маңыздылығын, сот медицинасының негізін қалаушы ғалымдар да атап көрсеткен. Сот медицинасының дамуына үлкен үлес қосқан орыстың ұлы ғалымы Мухин Е.О. сот медицинасының маңыздылығын былайша көрсетеді: «Сот медицинасы соттар үшін жарық шам қызметін атқарады, соның көмегімен сот қызметкерлері шындықпен жалғандықты айна қатесіз шынайы түрде көре алады». Осындай үлкен жауапкершілікті атқару үшін сот медицина сарапшысына ол төмендегі талапты қояды: «Сот медицина сарапшысы өзінің жұмысын атқару үшін философ, медик. хирург, акушер және заңгер бола білуі керек; сонымен қатар өз жұмысының маңыздылығын жан дүниесімен түсіне біліп, әділде, қайсар болып, нақты тұжырым беруге тиісті...»

Сот медициналық және басқа да сараптамаларды тағайындау Қазақстан Республикасының Қылмыстық істерді жүргізу кодексінде аталып көрсетіледі. Осы кодекстің 241-бабы. Сараптаманы міндетті түрде тағайындау себептері:

1) өлімнің себептерін, денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін анықтау үшін;

2) іс үшін маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмағанда
немесе күмән туғызғанда сезіктінің, айпталушынын жәбірленушінің жасын анықтау үшін;

3) ақыл-есінің дұрыстығы немесе қылмыстық іс жүргізуде өз
құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеті жөнінде
күмән туғанда сезіктінің, айыпталушының психикалық немесе тәнінің жай- күйін анықтау үшін.

Сот медициналық сараптамаға жіберілетін обьектілерге: тірі адамдар /жәбірленуші, айыпталушы, сезікті ж.т.б., зорлық өлімнің белгілері бар мәйіттер, қылмысты айғақтай тын заттар және қылмыстық іс-құжаттары жатады. Бұл объектілерді сот медициналық тексеруге бағыттау, тек тергеу орындарының құзырында. Сот медицина сарапшысының статусы, міндеттері мен құқықтары Казақстан Республикасының Қылмыстық істерді жүргізу кодексінің 83-ші бабында беріледі. Сарапшы. ... Іске мүдделі емес, арнаулы ғылыми білімі бар адам - сарапшы ретінде шақыртылуы мүмкін... Сарапшының құқықтары:

- қылмыстық іс материалдарымен танысуға;

- қосымша материалдарды беру туралы өтініш білдіруге;

- кылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен тергеу
әрекеттерін жүргізуге және басқа да іс-жүргізу әрекеттеріне қатысуға
және сараптама жүргізуге қатысты сұрақтар қоюға;

- өзінің арнаулы білімінен тыс мәселелер бойынша сондай-ақ, егер
өзіне берілген материалдар қорытынды беру үшін жеткіліксіз болған
жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға.

Сарапшының міндеттері:

- кылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуге;

- өз алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген және
объективті жазбаша қорытынды беруге;

- жүргізілген зерттеулер мен берілген қорытындыға байланысты
мәселелер бойынша жауап беруге;

-сараптама жүргізуге байланысты өзінебелгілі болған істің жағдайы туралы мәліметтеді және өзге де мәліметтерді жарияламауға;

Осы аталғандарды орындаудан бас тартса немесе жалған мәлімет берсе, сарапшы қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық істерді жүргізу кодексінде сараптың төмендегідей түрлері келтіріледі:

249 бап «Жеке және комиссиялы сарап» сараптаманы сарапшы немесе сарапшылар коммиссиясы жүзеге асырады.

250 бап «Кешенді сараптаманы» әртүрлі білім саласының мамандары жүргізеді.

255 бап «Қосымша және қайталама сарап» алғаш өткізіген сарап толық болмағанда немесе қосымша мәселелерді шешуге тағайындалады.

Сарапшы зерттерулерінің нәтижесі арнайы құжатқа: «Сот медицина сарапшысының қорытындысына»түсіріледі.

Қазақстанда сот медицина ісінің негізін қалаушы, оның дамуына үлкен үлес қосқан Сидоров С. М. болып таабылады. Қазақстанда сот медицина саласы С.М. Сидоровтың ұйымдастыруымен 1934 жылдан бастап жұмыс істей бастаған. Қазіргі таңда біздің Республикамызда сот медицина ісінің құрылымы төмендегідей: Ең төменгі саты: аудандық сот медицина саласы, келесі саты облыстық сот медицина саласы, жоғарғы басқару орны Сот медицина орталығыболып табылады. Сот медицина орталығы Денсаулық сақтау

Министрлігіне қарасты.

Сот медицина мекемелері төмендегідей бөлімдерден тұрады.

• Мәйіттерді тексеру бөлімі - танатология бөлімі, мәйіттер мәйітханада зерттеледі;

• Жәбірленушіні, айыпталушыны, сезіктіні тексеру бөлімі – сот медициналық амбулатория;

• Қылмысты айғақтайтын биологиялық заттарды, мәйіттен, жәбірленушіден,

айыпталушыдан, сезіктіден алынатын биологиялық объектілерді зерттейтін зертханалар бөлімі:

· ағзалардың, тіндердің кесінділерін гистологиялық тексеруге арналған «сот- гистологиялық» зертхана;

•ағзалардың, биологиялық сұйықтықтардың құрамындағы улы заттарды анықтауға арналған «сот-химиялық» зертхана;

•«сот-биологиялық" зертхана;

•"медициналық криминалистика" бөлімшесі.

ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ, СОЛ ЖЕРДЕ МӘЙІТТІ ҚАРАП ТЕКСЕРУ.

Наши рекомендации