Балалардың тістерінің тіс жегілерінің пайда болуының қауіп-қатерлері

Ж. 14 маусымдағы №6 НХ.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Бала жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология кафедрасы

ДӘРІС

Тақырып: «Балалардағы тісжегі. Тісжегінің пайда болуына әсер ететін факторлар. Балалар тісжегісінің Т.В. Виноградова әдісі бойынша жіктелуі, МКБ-Х. Балалардағы тісжегінің клиникалық ағымының, диагностикасының және емдеудің ерекшеліктері»

PSDVO4304 Балалар жасындағы стоматология және ортодонтия пропедевтикасы пәні

5В130200 «Стоматология» мамандығы

4 курс

1 сағат уақыты (ұзақтығы)

Қарағанды 2015

Кафедра отырысында бекітілген

«__»________ 2015ж. №__ хаттамасы

Кафедра меңгерушісі,доцент

_________ С.Т.Тулеутаева

ТАҚЫРЫБЫ: Балалардағы тісжегі. Тісжегінің пайда болуына әсер ететін факторлар. Балалар тісжегісінің Т.В. Виноградова әдісі бойынша жіктелуі, МКБ-Х. Балалардағы тісжегінің клиникалық ағымының, диагностикасының және емдеудің ерекшеліктері

МАҚСАТЫ: студенттерді балалардағы тісжегінің этиологиясы және патогенезімен, клиникалық ағымының, диагностикасының және емдеудің ерекшеліктерімен таныстыру

ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

1. Балалардың тістерінің тіс жегілерінің пайда болуының қауіп-қатерлері

2. Балалардың тістерінің тіс жегілерінің топтастырылуы

3. Балалардың тістерінің тіс жегілерін нақтамалау ерекшеліктері

4. Уақытша және тұрақты тістердің тіс жегілерінің клиникасы

5. Балалардың тістерінің тіс жегілерін емдеу принциптері

6. Жалпы патогенетикалық терапия

Балалардың тістерінің тіс жегілерінің пайда болуының қауіп-қатерлері

Тіс жегісі- тістер жарып шыққаннан соң пайда болатын көпфакторлы патологиялық процесс, тістің қатты тіндерінің деминерализация ошағымен сипатталып, қуысты ақаудың түзілуімен көрінеді.

Тіс жегісі 1963ж ДДҰ анықтамасы/-тістер жарып шыққанан кейін білінетін, тістердің қатты тіндерінің жұмсаруы байқалатын, этиологиясы белгісіз паталогиялық процесс.

Т.Ф.Виноградованың анықтамасы бойынша тіс жегісі - бұл тіс тіндерінің /ткандерінің/ ошақты деминерализациясының, тісте кариозды қуыстар пайда болатынын сипаттайтын, баланың өмір кезеңінде асқынатын, тұрақтанатын, әр түрлі белсенділікке ие болатын қабілеті бар, организмдегі созылмалы патологиялық процесс.

Тіс жегісінің пайда болуына себеп болатын басқа факторлар жайына тоқталатын болсақ онда екі үлкен топқа бөлуге болады - жалпы және жергілікті.

Жалпы себептер:

1. бұрынғы ауырған ауру салдарынан және науқастың басқа аурулары

2. тағам сапасының төмен болуы

3. экстремальды әсерлерден

Жергілікті себептер:

1. тістегі шөгінділер мен бактериялар

2. ауыз сұйығының қасиеті мен құрамының бұзылуы

3. тағамдағы көмірсулар қалдықтарының әсері

Тіс тіндерінің /ткандерінің /тұрақтылығының/резистенттілігің /бұзылуы.

1. құрылым сапасының толымсыздығы

2. химиялық құрамының бұзылуы

3. келеңсіз генетикалық код

Тіс жегінің патогенезінде эксперт комитетінің баяндамасы бойынша ДДҰ /1986/ бастаушы орынды тіс шөгінділерінің микрофлорасына, тағамдағы көмірсуларға, организмнің төзімділігіне ең басты орын беріп отыр. Олардың күрделі әрекеттесулерінің нәтижесінде кариес дамиды. Схемалы түрде оны былайша көрсетуге болады; тіс шөгіндісіндегі микроорганизмедр тағаммен түсетін тазартылған көмірсуларды, әсіресе қанттарға ферментативті ыдырату барысында қышқыл өндіреді. Қышқыл эмаль қабатының бетінде ошақты минералсыздандыру туындатады да осы процесс жалғаса берсе, онда тістің бұзылуы үдеп көлемі ұлғаяды. Организмнің төзімділігі экзо-сондай-ақ эндогенді фаторлар мен тістің қатты тіндерінің морфологиялық құрылысының дұрыс қалыптаспауы немесе олардың құрамының көптеген себептеріне байланысты. Боровский және Леус бойынша – бұл тіс тіндерінің резистенттілігінің бұзылуы. Сондықтан жүктіліктің физиологиялық жағдайда өтуін антенталь кезенде эмальдың жақсы минералдануына мүмкіндік тудырады, ал жүктілік кезеңінің токсикозында эмальдың кей бөліктерінің нашар минералданатыны анықталады. Бұл жағдай дәл осы бөліктерде одан кейін краиес ауруының дамуына әсер етеді. Уақытша тістердің қатты тіндерінің алғашқы минералдануын бұзылу дәрежесі қолайсыз (жағымсыз) факторлардың әсер ететін уақытына байланысты (жүктілітің мерзімі) оның ұзақтығы мен ана организмнің осы фактор әсеріне қарсы тұра алу мүмкіншілігіне байланысты.

Қазіргі кезде тіс жегісі адамзаттың кең тараған ауруы. Көптеген көрсеткіштер бойынша, экономикалық дамыған елдерде тұрғындардың тіс жегісімен зақымдануы 95-98 пайыз. Әлемде тіс жегісімен зақымдану өсуде, соның ішінде балалар арасында. Қазір 6-7 жастағы балалардың 80-90 пайызы ішінде жегіленген тістер бар. Балалар мен жасөспірімдердің тіс жегісімен зақымдалуы медико-географиялық және тұрмыстық жағдайға, жасына, ағза жағдайына, тамақтану түріне, ауыз қуысын күту дәрежесіне байланысты.

ДДҰ жіктемесіне сәйкес тіс жегісімен зақымдалуды бағалау үшін негізгі көрсеткіш қолданылады: аурудың таралуы, зақымдалу жиілігі және жиіліктің өсуі. Тіс жегісінің таралуы ол тұрақты тістесудегі жегеленген, пломбаланған және жұлынған тістері бар адамдардың пайызбен көрсеткіші, уақытша тістесуде ол жегіленген және пломбаланған тістер және аралас тістесуде – жалпы қаралған балалар санының ТПЖ+тп суммасы.

Зақымдалу жиілігі – бір тексерілген баладағы тіс жегісі мен оның асқынуы (Т,т), пломбаланған (П,п) жіне жұлынған (Ж) тістердің орташа саны. Балаларда тіс жегісінің жиілік көрсеткішін сүттістердің тұрақты тістерге толық ауысқанға дейін анықтайды, ол екі индекспен (ТПЖ+тп) белгіленеді, сүт тістесуде жұлынған тістер есептелінбейді, себебі олардың ауысуы патологиялық процессіз, физиологиялық құбылыс.

Жиіліктің өсуі – бірдей жастағы балалар тобында бір жылда ТПУ, тп немесе ТПЖ+тп индексінің жоғарлауы. ДДҰ-на сәйкес балалар жасындағы тіс жегісінің жиілігін әр жас тобында бөлек анықтайды.

Эпидемиологиялық зерттеу кезінде көбірек мағлұматты топтар 12 және 15 жастағылар. 12 жастағы пародонт жағдайы алдын-алу шараларының нәтижесін бағалауға негіз береді. Тіс жегісінің жиілік индексі (ТПЖ, тп, ТПЖ+тп) тіс жегісінің таралуы көрсеткішіне қарағанда мағлұматы көбірек.

Әр ауданда тіс жегісін салыстырмалы бағалау үшін ДДҰ (1980) 12 жастағы балаларда зақымдалудың 5 дәрежесін бөліп берді, ол бұзылған, пломбаланған жоқ тістер санына байланысты:

өте төмен – 0,0-1,1;

төмен – 1,2-2,6;

орташа – 2,7-4,4;

жоғары – 4,5-6,5;

өте жақсы – 6,6 және одан көп.

Балаларда тіс жегісімен зақымдалу себебі ауыз суы мен тағамда фтордың мөлшері.

Балалардың тістерінің тіс жегілерінің топтастырылуы

Әдебиетте жедел және созылмалы тіс жегісі деген атаулар кездеседі. (Гофунг,Пеккер). Созылмалы тіс жегінің бір түрі-тоқтатылған,стационарлы кариес /тіс жегісі/ тұрақтанған.

Жедел (гүлденген) - Оврукций,Сейфуллина, Т.Ф.Виноградова жіктелуі бойынша декомпенсирленген түрі.

Жеке, көптеген, жүйелі (Боровский,Леус)

Кариозды процестің белсенділік дәрежесін анықтау үшін әрбір регионның әр жастағы максималды ауытқуын есептеу қажет. М+-3

І топ – компенсирленген түрі ТПЖ+тп=М-3, 1 “А”топ-ТПЖ+тп М төмен,бірақ М-3 көп

ІІ топ- субкомпенсациялық түрі ТПЖ+тп= М+3

ІІІ топ- декомпенсациялық түрі, ТПУ+тп М+3-тен жоғары және ошақты деминерализациясы бар, сондай-ақ ТПУ+тп 5-тен көп 9 жастағы балалар

Т.Ф.Виноградова бойынша тістердің тіс жегілерінің топтастырылуы

1. Ауру белсенділігінің дәрежесі бойынша тіс жегіні жіктеу:

- компенсациялық түрі (1а және 1 “А”топтар);

-субкомпенсациялық түрі =М+3;

-декомпенсациялық түрі ошақты минералсыздану және 9 жастағы баланың ТПЖ=5;

2. Тістің кариозды бұзылуының жіктелуі:

А. орналасуы бойынша:

- фиссуралық;

-апроксималдық;

-мойын жанындағы ұрт, ерін, тіл беттеріндегі тіс жегісі үйлесімді орналасқан.

Б. Зақымдану терендігі бойынша :

-бастапқы алғашқы тіс жегісі;

-беткей;

-орта;

-терең.

В. Пайда болу кезектілігі бойынша:

-бірінші;

-екінші қайталанған немесе қайталануы (пломбаның шекарасында).

Г. Патоморфологиялық өзгерістері бойынша:

-дақ сатысындағы тіс жегісі: ак,сұр, ашық, қоңыр, қара, қоңыр дақтар;

-кіреуке тіс жегісі;

- орташа тіс жегісі;

- орташа-тереңдетілген (терең тіс жегісінің клиникасына сәйкес)

-терең перфораторлық (пульпит және периодонтитқа сәйкес)

Кариозды процестің белсенділік дәрежесін анықтау үшін әрбір аймақтың әр жастағы максималды ауытқуын есептеу қажет. М+3 δ

І топ – компенсирленген түрі ТПЖ+тп=М-3;

1 “А”топ-ТПЖ+тп М төмен,бірақ М-3 көп;

ІІ топ - субкомпенсациялық түрі ТПЖ+тп= М+3;

ІІІ топ - декомпенсациялық түрі, ТПЖ+тп М+3-тен жоғары және ошақты деминералдануы бар, сондай-ақ ТПЖ+тп 5-тен көп 9 жастағы балалар.

Балалардың тістерінің тіс жегілерін нақтамалау ерекшеліктері. Топтастырылуды рациональды қолдану үшін баланы бірінші қабылдауда қосымша зерттеу әдістерін қолданып толық зерттеу қажет (витальды бояу, гигиеналық индексін анықтау, кариозды процесстің белсенділік дәрежесін анықтау, тістердің қатты тіндерінің электрөткізгіштігін және т.б.). осы аталған берілулерді негіздей отырып диагноз қоюға және емдеу жоспарын құруға болады.

Кариес ауруының диагностикасында негізгі және қосымша тексеру әдістері қолданылады. Негізгі тексеру әдістеріне мыналар жатады: сұхбаттасу, жалпы мәлімет, науқастың шағымы, аурудың даму тарихы, науқас адамның өмір тарихын қарап зерттеу (жалпы стамтологиялық статус пен жергілікті статус).

Қосымша тексеру әдістеріне:

- витальді,эмальды бояу, ірі молекулярлы қоспалар үшін жартылай минералсызданған эмальдың өткізгіштігіне негізделген. Витальды бояу үшін : 2% көк метилен ерітіндісі; 3-5% азот-қышқыл күміс ерітіндісі,рН 2,5-5,0 ацетатты буфердегі,соңынан 10% аммоний ерітіндісімен немесе 4% гидрохинон ерітіндісімен (Р.ММамедов 1986) қалыптастырып қолданады.

- люминесцентті диагностика кариестің бастапқы кезеңінде бұзылған эмальдың бөліктерін табуға мүмкіндік береді. Қаранғыланған бөлмеде тістердің құрғатылған беттеріне ульракүлгін жарық шоғырын бағыттайды. Бұл кезде кариозды бұзылудың әсерінен сәуленің жарқырауы төмендейді.

- транслюминесцентті әдіс, организмге зиянсыз, тіс арқылы суық жарық шоғыры өткенде айқындалатын көлеңке түзуіне негізделген. Бұзылудың бастапқы сатыларында, олар жай секпіл тәрізді, әр түрлі көлемді болады, нүктеден тары дәнінің көлеміне дейін және одан да үлкен шеттері түзу болмай, ашық түстен қара түске дейін жіне одан да үлкен шеттері түзу болмай, ашық түстен қара түске дейін,тістің жарқыраған тіс тәжінің жалпы келбетінде анық білінеді.

- ЭОД -электроодонтодиагностика -жалпы қолданылатын әдіс- балаларда ЭОД- электроодонтодиагностика,даму деңгейі бірдей тістерде ғана жүргізу қажет,

- рентгендиагностика

- колорометриялық тест кариозды дақтың өауіп-қатер факторын анықтау үшін қолданылады: ауыз қуысы 1% глюкоза ерітіндісімен, одан кейін 0,1% метилен қызыл ерітіндісімен боялады, ол тіс шөгіндісін сары түске бояйды; шөгіндінің рН 5,0-ден төмен болса сары түс бірнеше минуттардан соң қызылға боялады

- гигиеналық индекстерді анықтау (Федоров-Володкина бойынша)

- эмальдің структуралы-функциональды резистенттілігін клиникалық бағалау әдісі (ТЭР-тест)

- эмальдың реминералдану жылдамдығын клиникалық бағалау әдісі (КОСРЭ-тест)

Наши рекомендации