V.Iii.Қан топтары, қан құю.

5.8. стандарт «Стандартты сарысу арқылы қан топтарын анықтау техникасы»

Мақсаты: қан тобын анықтау.

Көрсеткіштері: қан құюдың қажеттілігі: операция кезінде, операциядан кейін кезеңде, қан аурулары кезінде.

Ресурстар: арнайы планшеттер, изотоникалық ерітінді, пипеткалар, шыны таяқшалар, бір рет пайдаланатын скарификатор, зарарсыздандырылған шарик, 70% спирт, стандартты сарысудың 2 сериясы, құм сағаты, қолғаптар, КБУ шөлмек.

Іс алгоритмі:

1.Стандартты сарысудың сапасын тексеру: түрін (ақшыл мөлдір), ампуланың бүтіндігін, қан тобы және титр жазылған заттаңбасын, жарамдылық мерзімін.

2.Іс-шаралардың мақсатын, негізін науқасқа түсіндіру.

3.Науқасты қалпын бақылауға жарайтын түрде орналастыру.

4.Гигиеналық деңгейде қолдарды өндеу.

5.Қолғапты кию.

6.Бөлек пипеткалармен стандартты сарысудың 2 сериясын 1 тамшыдан планшеттің ұйяшықтарына құю (I, II, III топтар).

7.Спиртке малынған мақта тампонымен науқастың сол қолының 4-ші саусағының алақан жағының шеткі бөлігін өндеу.

8.Скарификатормен тесіп қанның 1-ші тамшысын зарарсыздандырылған шарикпен сүртіп алу.

9.Бөлек шыны таяқшамен қан тамшысын алу.

10.1 тамшыдан планшеттің ұйяшықтарына қанды сарысудың қасына құю (1:10 үйлесіммен).

11.Қанмен сарысуды араластырып шамалап шайқау.

12.Реакцияны 5мин бақылау.

13.Агглютинация болған ұйяшықтарға 1 тамшыдан изотоникалық ерітіндіні қосу.

14.Нәтижесін бағалау: агглютинация болған ұйяшықтарда реакция оң, болмаса - теріс.

15.6 ұйяшықтарда да агглютинация болса, АВ(IV) топтың сарысуымен бақылау зерттеу жүргізу.

16.Қолғапты шешіп КБУ шөлмекке салу.

0(I) A(II) B(III) AB(IV) Қан тобы
- - - + 0(I)
+ - + + A(II)
+ + - + B(III)
+ + + - AB(IV)

(+)агглютинация бар, (-)агглютинация жоқ

5.9. стандарт «Цоликлон арқылы қан топтарын анықтау техникасы»

Мақсаты: қан тобын анықтау.

Көрсеткіштері: қан құюдың қажеттілігі: операция кезінде, операциядан кейін кезеңде.

Ресурстер: анти-А, анти-В, анти-АВ цоликлон ампулалары, зерттелетін қан, арнайы планшеттер, изотоникалық ерітінді, пипеткалар, шыны таяқшалар, бір рет пайдаланатын скарификатор, зарарсыздандырылған шарик, 70% спирт, құм сағаты, қолғаптар, КБУ шөлмек.

Іс алгоритмі:

1.Цоликлонның сапасын тексеру: түрін (ақшыл мөлдір), ампуланың бүтіндігін, қан тобы және титр жазылған заттаңбасын, жарамдылық мерзімін.

2.Іс-шаралардың мақсатын, негізін науқасқа түсіндіру.

3.Науқасты қалпын бақылауға жарайтын түрде орналастыру.

4.Гигиеналық деңгейде қолдарды өндеу.

5.Қолғапты кию.

6.Бөлек пипеткалармен анти-А, анти-В, анти-АВ цоликлонды 1 үлкен (0,1мл) тамшыдан планшеттің ұйяшықтарына құю.

7.Скарификатормен саусақты тесіп қанның 1-ші тамшысын зарарсыздандырылған шарикпен сүртіп алу.

8.Басқа шыны таяқшамен қанның тамшысын алу.

9.Қанды планшеттің ұйяшықтарына цоликлонның қасына құю, таза шыны таяқшамен араластыру.

10.Шамалап шайқап, реакцияны 3мин бақылау.

11. Қолғапты шешіп КБУ шөлмекке салу.

Анти-А Анти-В Анти-АВ Қан тобы
- - - 0(I)
+ - + A(II)
- + + B(III)
+ + + AB(IV)

Ескерту: жалған агглютинацияны болдырмас үшін ауаның температурасы 15-25 градус аралығында болуы қажет.

5.10.стандарт «Экспресс-метод арқылы резус-факторды анықтау техникасы»

Мақсаты: резус-факторды анықтау.

Көрсеткіштері: қан құюдың қажеттілігі: операция кезінде, операцияға дейінгі кезеңде.

Ресурстар: пипеткалар, пробиркалар, физраствор, әмбебап антирезус-реагент, бір рет пайдаланатын скарификатор, зарарсыздандырылған шарик, 70% спирт, құм сағаты, қолғаптар, КБУ шөлмек.

Іс алгоритмі:

1.Цоликлонның сапасын тексеру: түрін (ақшыл мөлдір), ампуланың бүтіндігін, қан тобы және титр жазылған заттаңбасын, жарамдылық мерзімін.

2.Іс-шаралардың мақсатын, негізін науқасқа түсіндіру.

3.Науқасты қалпын бақылауға жарайтын түрде орналастыру.

4.Гигиеналық деңгейде қолдарды өндеу.

5.Қолғапты кию.

6.Конус тәрізді пробиркаға сарысудың 2 тамшысын құю.

7.Скарификатормен саусақты тесіп қанның 1-ші тамшысын зарарсыздандырылған шарикпен сүртіп алу.

8.Пипеткамен қанның 1 тамшысын қосу.

9.5мин сілкіп-шайқау.

10.Пробирканың қабырғаларын бақылап нәтижені бағалау.

11.Агглютинация болса - науқаста резус оң фактор.

12.Агглютинация болмаса - науқаста резус теріс фактор.

13.Жалған агглютинацияны анықтау үшін пробиркаға 2 тамшы физраствор қосу қажет.

14.Қолғапты шешіп КБУ шөлмекке салу.

Ескерту: жалған агглютинацияны болдырмас үшін ауаның температурасы 15-25 градус аралығында болуы қажет.

5.11. стандарт «Жеке сәйкестікті анықтауға арналған сынаманың техникасы»

Мақсаты: донор мен реципиенттің қандарының сәйкестігін анықтау.

Көрсеткіштері: қан құюдың қажеттілігі: операция кезінде, операцияға дейінгі кезеңде.

Ресурстар: донорлық қан, реципиенттің қанының сарысуы, шыны таяқшалар, пипеткалар, Петри тостағаны, шприц, ине, зарарсыздандырылған шарик, 70% спирт, зарарсыздандырылған пинцет, құм сағаты, қолғаптар, КБУ шөлмек.

Іс алгоритмі:

1.Іс-шаралардың мақсатын, негізін науқасқа түсіндіру.

2.Науқасты қалпын бақылауға жарайтын түрде орналастыру.

3.Гигиеналық деңгейде қолдарды өндеу.

4.Қолғапты кию.

5.Науқастың көктамырынан 5мл қан алып пробиркаға құю.

6.Центрифугаға қойып қанның сарысуын бөліп алу.

7.Петри тостағанына науқастың сарысуымен донорлық қанды 1 тамшыдан тамызу.

8.Шыны таяқшамен аралыстыру.

9.Реакцияны 5мин бақылау.

10.Агглютинация болса - қанды құюға болмайды.

11.Жалған агглютинацияны анықтау үшін пробиркаға 1 тамшы физраствор қосу қажет.

12.Агглютинация болмаса сынама теріс болып саналады - қан сәйкес, құюға болады.

13.Қолғапты шешіп, КБУ шөлмекке салу.

5.12. стандарт «Резус-тиістілік бойынша жеке сәйкестікті анықтауға арналған сынамасының техникасы»

Мақсаты: донор мен реципиенттің қандарының сәйкестігін анықтау.

Көрсеткіштері: қан құюдың қажеттілігі: операция кезінде, операцияға дейінгі кезеңде.

Ресурстар: донорлық қан, реципиенттің қанының сарысуы, шыны таяқшалар, пипеткалар, Петри тостағаны, шприц, ине, зарарсыздандырылған шарик, 70% спирт, зарарсыздандырылған пинцет, құм сағаты, қолғаптар, КБУ шөлмек.

Іс алгоритмі:

1.Іс-шаралардың мақсатын, негізін науқасқа түсіндіру.

2.Науқасты қалпын бақылауға жарайтын түрде орналастыру.

3.Гигиеналық деңгейде қолдарды өндеу.

4.Қолғапты кию.

5.Науқастың көктамырынан 5мл қан алып пробиркаға құю.

6.Центрифугаға қойып қанның сарысуын бөліп алу.

7.Петри тостағанына науқастың сарысуымен донорлық қанды 1 тамшыдан тамызу.

8.Шыны таяқшамен аралыстыру.

9.Петри тостағанын 5 минутқа су моншасына орналастыру.

10.Агглютинация болса - қан сәйкессіз.

11.Жалған агглютинацияны анықтау үшін пробиркаға 1 тамшы физраствор қосу қажет.

12.Агглютинация болмаса сынама теріс болып саналады - қан сәйкес, құюға болады.

13.Қолғапты шешіп КБУ шөлмекке салу.

5.13. стандарт «Цоликлон арқылы резус-факторды анықтау техникасы»

Мақсаты: қан тобын анықтау.

Көрсеткіштері: қан құюдың қажеттілігі: операция кезінде, операциядан кейін кезеңде.

Ресурстар: анти-Д цоликлон, арнайы планшет, изотоникалық ерітінді, шыны таяқшалар, зерттелетін қан, құм сағаты, қолғаптар, КБУ шөлмек.

Іс алгоритмі:

1.Цоликлонның сапасын тексеру: түрін (ақшыл мөлдір), ампуланың бүтіндігін, қан тобы және титр жазылған заттаңбасын, жарамдылық мерзімін.

2.Іс-шаралардың мақсатын, негізін науқасқа түсіндіру.

3.Науқасты қалпын бақылауға жарайтын түрде орналастыру.

4.Гигиеналық деңгейде қолдарды өндеу.

5.Қолғапты кию.

6.Планшетке анти-Д (0,1мл) құю.

7.1 тамшы (0,2мл) қанды реагентпен (анти-Д) аралыстыру 1:5 үйлесіммен.

8.Шамалап шайқап, реакцияны 3мин бақылау.

9.Нәтижесін бағалау.

10.Агглютинация болса - қанның резус реакциясы оң.

12.Агглютинация болмаса - қанның резус реакциясы теріс.

13.Қолғапты шешіп КБУ шөлмекке салу.

5.14. стандарт «Полиглюкин арқылы резус сәйкестік сынаманы қоюдың техникасы»

Мақсаты: донор мен реципиенттің қандарын резус сәйкестікке зерттеу.

Көрсеткіштері: қан құю.

Дайындау қажет: донорлық қан, 33%полиглюкин ерітіндісі, реципиент қанының сарысуы, шыны таяқшалар, су моншасы, пипеткалар, Петри тостағаны, шприц, ине, зарарсыздандырылған шарик, 70% спирт, зарарсыздандырылған пинцет, құм сағаты, қолғаптар, КБУ шөлмек.

Іс алгоритмі:

1.Пробирканың түбіне 2 тамшы науқастың қанының сарысуы, 1 тамшы донорлық қан, 1 тамшы 33% полиглюкин ерітіндісі құйылады.

2.Пробирканы сілку.

3.Пробирканы 90 градусқа дейін еңкейтіп 5мин шамасында баяу айналдыру.

4.Пробиркаға 3-4мл изотоникалық ерітіндісін қосу.

5.Пробирканы 2-3 рет аударыстырып араластыру (шайқамай)

6.Жарыққа ұстап нәтижесін бағалау.

7.Агглютинация болса қанды құюға болмайды.

8.Агглютинация болмаса сынама теріс болып саналады, құюға болады.

9.Қолғапты шешіп КБУ шөлмекке салу.

Ескерту: жалған агглютинацияны болдырмас үшін ауаның температурасы 15-25 градус аралығында болуы қажет.

5.15. стандарт «Биологиялық сынаманы жасау техникасы»

Мақсаты: донор мен реципиенттің қандарының сәйкестігін анықтау.

Көрсеткіштері: қан құю.

Ресурстар: донорлық қан, қан құю жүйесі, зарарсыздандырылған шарик, 70% спирт, зарарсыздандырылған пинцет, зарарсыздандырылған қолғаптар, КБУ шөлмек.

Іс алгоритмі:

1.Іс-шаралардың мақсатын, негізін науқасқа түсіндіру.

2.Науқасты қалпын бақылауға жарайтын түрде орналастыру.

3.Гигиеналық деңгейде қолдарды өндеу.

4.Қолғапты кию.

5.Жүйені дайындау (стандарт бойынша!)

6.10-15мл қанды науқастың көк тамырына сорғалатып құю.

7.Жүйені 3 минутқа жабу.

8.Науқастың жағдайын бақылау.

9.10-15мл қанды сорғалатып құю.

10.Жүйені 3 минутқа жабу.

11.Науқастың жағдайын бақылау.

12.10-15мл қанды сорғалатып құю.

13.Науқастың жағдайын бақылау.

14.Қалған қанды 8-10 тамшы/мин жылдамдықпен құю.

15.Қолғапты шешіп КБУ шөлмекке салу.

Ескерту:

-қан құюдан кейін қалған 10-15мл қанды тоңазытқышта сақтау;

-флаконның таңбасын ауру тарихына жабыстыру;

-зәрдің алғашқы мөлшерін лабораторияға тапсыру (жалпы қан анализі);

-қан құю кезінде науқастың қасында болу қажет;

-науқастың дене қызуын 3 рет өлшеу.

Іш қуысының, кеуденің, белдің, бастың ауруында, ентігуде, жүрек соғуында, терінің бөртпесінде қан құюға болмайды!

Сынама кезіндегі алғашқы көмек(қосымша кер әсерінің көрсеткіштері пайда болғанда):

-жүйені жауып қан құюды тоқтату;

-инені қалдырып шөлмек пен жүйені алып тастау;

-дәрігерге хабарлау;

-инені басқа жүйеге қосу - тұзды ерітіндісімен;

-жағдайы жақсарғаннан кейін 2 сағат бақылау.

V.IV.Десмургия

5.16.стандарт «Бинт таңғыш салу техникасы»

Мақсаты: денеде таңғышты бекіту, жарақат кезінде қозғалмас жағдайды жасау, жараны микробтық ластанудан қорғау, қан ағуды тоқтату.

1.Науқасты ыңғайлы жағдайдада орналастыру.

2.Таңғыш салушының науқасқа қарсы орналасуы.

3.Таңуды шеттен ортаға қарай (төменнен жоғарыға), сағат тіліне қарсы жасау (таңғыштың кейбір түрлерінде - керісінше).

4.Таңуды бекіту орамынан бастау.

5.Әрбір келесі орам алдыңғы орамның ½ немесе 1/3 бөлігін жабу қажет.

6.Таңғанда бинтті денеден ажыратпау қажет.

7.Таңуды екі қолмен жасайды: бір қолмен бинтті жайып, екіншісімен орамдарды тегістеу.

8.Бинтті сол қолмен ұстап, оң қолмен таңатын аймаққа жаю.

9.Орамдары жылжымау және денеден ажырамау үшін бинтті біркелкі созу қажет.

10.Таңғыш салынатын мүше таңу салынған кезде таңғаннан кейін болатын жағдайда болу қажет.

11.Конус тәріздес мүшелерге таңғыш денеге қонып түру үшін әрбір 1-2 орамнан кейін бинтті айқастыру қажет.

12.Бинт өз мақсатын орындау қажет.

13.Таңғыш көрнекті болу қажет.

14.Ұштары жараға қарсы жақта байланады.

Ескерту: дұрыс салынған таңғыш тиісті: келесі таңуға дейін таңғыш материалды қатты ұстау; қан-, лимфаайналымын бұзбау; қимылға кедергі жасамау; науқастың ажарын бұзбау (таңғыш көрнекті болу қажет).

5.17.стандарт ««Милықтата» таңғыш салудың техникасы»

Мақсаты: таңғыш материалды баста бекіту.

Көрсеткіштері: бастың маңдай және желке аймақтарының жарақаты.

Ресурстар: ені 10см бинт, қайшы.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызып, тыныштандырып, іс-шаралардың мақсатын, негізін түсіндіру.

2.Ұзындығы 80-100см бинт дайындау (бау).

3.Баудың ортасын бастың төбесіне орналастыру; шеттерін науқастың немесе көмекшінің қолына беру.

4.Шеттерін төбеден құлақтың алдымен төмен түсіру.

5.Ені 10см бинтпен басты айналып циркулярды орам жасау.

6.2-ші орамды бауға жеткізіп, оны айналып, желке мен төбені жауып бинтті қиғаш жүргізу.

7.Бинтті бау арқылы қарсы жаққа ауыстырып, қиғаш жүргізіп маңдай мен төбені жабу (3-ші орам).

8.Бас күмбезі жабылғанша 2-3 орамдарды қайталау.

9.1-2 рет циркулярды ораммен бекіту.

10.Бинттің шетін баудың шетіне қосып, баудың шеттерін иектің астына байлап таңуды аяқтау.

5.18.стандарт ««Жүген» таңғыш салудың техникасы»

Мақсаты: төменгі жақты қозғалтпау.

Көрсеткіштері:төменгі жақтың, беттң жарақаты.

Ресурстар: ені 10см бинт, қайшы.

Іс алгоритмі:

1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызып, тыныштандырып, іс-шаралардың мақсатын, негізін түсіндіру.

2.Бинттің шетін сол қолға, басын - оң қолға алу.

3.Маңдай мен желке арқылы басты айналып бекіту циркулярды орам жасау - 1 тур.

4.Бинтті желкеден иекке түсіріп, тіке төбе арқылы екі жақтың самайын жауып бастапқы орынға қайтып келу - 2 тур.

5.2-ші турді 3-4 рет қайталау.

6.Бинтті сол жақтан желкеге түсіріп бекіту турға айналу.

7.Бекіту турімен таңуды аяқтау.

8.Бинттің шетін маңдайда бекіту.

Наши рекомендации