Кардиологиядағы шұғыл жағдайлар

Нұсқа

1.! Кардиогенді шоктың III дәрежесіне ЕҢ тән артериалдық қан қысымының деңгейі?

A. 70-60 мм.с.б.б.

B. 80-60 мм.с.б.б.

C. 100-90 мм.с.б.б.

D. 110-100 мм.с.б.б.

E. 60 мм.с.б.б. төмен

2.! Кардиогенді шоктың I дәрежесіне ЕҢ тән артериалды қан қысымы:

A. 70-50 мм.с.б.б.

B. 60-40 мм.с.б.б.

C. 90-80 мм.с.б.б.

D. 110-90 мм.с.б.б.

E. 40 мм.с.б.б. төмен

3.! Миокард инфарктінің асқынуы кардиогенді шокта ЕҢ тиімді тағайындалатын дәрілік препарат?

A. изадрин

B. допамин

C. эпинефрин

D. преднизолон

E. натрий нитропруссиді

4.! Сол жақ қарыншаның жедел жетіспеушілігі кезінде ЕҢ ТИІМДІ мәжбүрлі қалып :

A. ішпен

B. арқасымен

C. ортопное

D. сол жақ қырымен

E. үнемі ауысып отыру

5.! Жүрек-өкпе реанимациясы кезінде компрессияның ауа үрлеуге қатынасы:

A. 4 : 1

B. 5 : 1

C. 30 : 2

D. 15 : 2

E. 20 : 6

6..! Жүрекке тікелей емес массаж жасағанда оң нәтижені көрсететін ЕҢ ТИІМДІ белгі:

A. көз қарашығының тарылуы

B. мәйіттік дақтар

C. тері цианозының азаюы

D. көз алмасы склерасының құрғауы

E. ұйқы артериясында пульстің пайда болуы

7.! Жүрек-өкпе реанимациясын жасауға ЕҢ айқын көрсеткіш:

A. анизокория

B. патологиялық тыныс

C. аз уақытқа естен тану

D. тері қабатының диффузды цианозы

E. ұйқы артериясында пульстің пайда болмауы

8.! Жүрек-өкпе реанимациясында ЕҢ тиімді желдендіру әдісі:

A. ауыздан-ауызға тыныс

B. ауыздан мұрынға тыныс

C. тыныс аналептиктерін енгізу

D. трахеяның интубациясы және ӨЖЖ

E. В және С тобының дәрумендерін енгізу

9.! Жүрек-өкпе реанимациясын жасағанда қанайналымының қалпына келгенін көрсететін ЕҢ ТИІМДІ критерийлері:

A. тахипноэ

B. қарашықтың тарылуы

C. диурездің қалпына келуі

D. ұйқы артериясында пульстің пайда болуы

E. тері және шырышты қабаттың түсінің қызаруы

10.! Тыныс жолы өткізгіштігін қамтамасыз ететін «Алтын стандарт»:

A. Геймлих әдісі және ауа өткізгіш

B. трахея интубациясы және коникотомия

C. микроконикотомия және оксигенация

D. Сафардың үштік әдісі және коникотомия

E. Сафардың үштік әдісі және трахея интубациясы

11.! Қанайналымның бұзылысына ЕҢ жиі әкелетін себеп:

A. асистолия

B. қарыншалардың фибрилляциясы

C. қарыншалардың экстрасистолиясы

D. электромеханикалық диссоциация

E. суправентрикулярлы пароксизмалды тахикардия

12.! ЭКГ да зақымдалған аймақты көрсетеді:

A. Т тісшесінің өзгеруі

B. R тісшесінің өзгеруі

C. Q тісшесінің кеңеюі

D. ST сегментінің өзгеруі

E. РQ сегментінің өзгеруі

13.! ЭКГ да ишемиялық ошақты көрсетеді:

A. Т тісшесінің өзгеруі

B. Q тісшесінің кеңеюі

C. R тісшесінің өзгеруі

D. ST сегментінің өзгеруі

E. QRS комлексінің өзгеруі

14.! Күштемелі стенокардия ФК II бар науқастарда ұстама жиі пайда болуы:

A. тыныштық жағдайда

B. ауыр физикалық күштеме түсіргенде

C. баспалдақпен көтерілгенде бірінші қабатқа жетпей

D. баспалдақпен көтерілгенде бірінші қабаттан асқанда

E. әртүрлі жағдайда, тіпті өте аз физикалық күштемеде

15.! Вариантты стенокардиясы бар науқастарда ұстама жиі пайда болады:

A. түнде немесе таңда

B. күннің екінші жартысында

C. физикалық күштемеден кейін

D. нитроглицерин қабылдағаннан кейін

E. қандай да бір уақытқа байланысты емес

16.! ЭКГ да миокардтың некроз ошақтарын көрсететін белгі:

A. Q тісшесінің кеңеюі

B. Т тісшесінің өзгеруі

C. R тісшесінің өзгеруі

D. ST сегментінің өзгеруі

E. QRS комплексінің өзгеруі

17!ST сегментінің 2 мм-ге дейін көтерілуі жәнеI, аVL, V3-V6 әкетілімдеріндегі теріс Т тісшесі, Rтісшесінің амплитудасы кішіреюі тән:

A. Оң қарынша

B. Ірі ошақты бүйірлі

C. Трансмуральды алдыңғы

D. Интрамуральды төмен бүйірлік

E. Ошақты алдыңғы бүйірлік

18.! АҚҚ үнемі жоғары, 165/95мм.с.б.б., артериальды гипертензияның қайсы дәрежесіне тән:

A. 0

B. I

C. II

D. III

E. IV

19! Асқынбаған гипертониялық криз кезіне ЕҢ тән шағымдар:

A. ентігу, тат тәрізді қақырықпен жөтел

B. әлсіздік, құрсақтағы ауру сезімі, суық тер

C. бас айналу, ауыздың құрғауы, сөйлеудің бұзылуы

D. бас ауру, құлақтағы шуыл, көз алдында шіркейлердің болуы

E. бас ауру, белдің ауруы, дизуриялық белгілер

20.! Гипертониялық криздің II типіне ЕҢ тән белгілер:

A. қалтырау

B. ісіну

C. қозу

D. бірден басталу

E.жүрек ырғағының бұзылысы

21.! Гипертониялық кризде нитроглицеринмен басылмайтын төс артындағы күйдіріп ауру сезімінің ЕҢ ЖИІ себебі:

A. истерия

B. стенокардия

C. жүрек демікпесі

D. миокард инфаркты

E. қабырғааралық невралгия

21.! Алғашқы артериалдық гипертензияда зақымданатын нысана ағзалар?

A. бауыр, көкбауыр, бүйрек

B. өкпе-бронх жүйесі

C. сүйек-буын жүйесі

D. жүрек, бас-ми, бүйрек

E. қантамырлар, перифериялық жүйке жүйесі

22.! Егде жастағы науқаста кенеттен төс артында жедел ауру сезімі, аздан соң құрғақ жөтел, бас айналу басталды. Бірнеше уақыттан кейін инспираторлы типті ентігу және терінің бозаруымен цианоз дамыды. Визуальды қарағанда эпигастрий аймағында патологиялық пульсация анықталды. Перкуторлы- жүректің оң жақ шекарасы кеңейген, аускультация жасағанда II тонның акценті және өкпе артериясының үстінен естіледі.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы дұрыс?

A. миокард инфаркты

B. астматикалық статус

C. крупозды пневмония

D. оң жақ өкпенің ателектазы

E. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

23.! Диффузды токсикалық жемсаумен ауыратын 34 жастағы науқаста тіс дәрігерінің қарауынан кейін әлсіздік, ентігу, көз алдында шіркейлердің пайда болуы байқалды. Есін жоғалтты. Жүрек тондары қатаң, ырғағы дұрыс. ЖСС- 62 рет минутына. Пульс- 60 рет минутына, ырғақты. АҚҚ 80/60 мм с.б.б.

Науқасқа ЕҢ ТИІМДІ диагноз:

A. есінен тану

B. миокард инфаркты

C. пароксизмальды аритмия

D. гипогликемиялық кома

E. жедел ми қан-айналым жетіспеушілігі

24.! 63 жастағы ер адам төс артындағы ауру сезіміне, ентігуге шағымданады. Қарап тексергенде терісі бозарған және ылғалды. Жүрек тондары тұйықталған. АҚҚ 85/60 мм с.б.б., ЖСЖ 108 рет минутына. ЭКГ-да I, II, avL, V1-V4 тіркемелерінде ST интервалы жоғарылаған, V1-V4 на 5 мм, QRS комлексі 0,09 секунд.

Алдын-ала қандай диагноз қоюға болады:

A. жүрекшенің фибрилляциясы

B. ЖМИ, жүрекшенің тыпырлауы

C. артқы қабырғасының ЖМИ, кардиогенді шок

D. алдыңғы қабырғасының ЖМИ, кардиогенді шок

E. артқы қабырғасының ЖМИ, пароксизмальды тахикардия

25.! Науқас 59 жаста. Жүрек тұсының 40 минутқа созылған қысып ауру сезіміне, аралас сипаттағы ентігуге, өлімнен қорқу сезіміне және қатты әлсіздікке шағымданады. Жағдайы ауыр дәрежеде. Басы көтерінкі мәжбүрлі қалыпта отыр. Тері қабаты бозғылт және ылғалды. ЖСЖ – 120 рет минутына. АҚҚ-90/70 мм с.б.б. ЭКГ-да III, avF тіркемелерінде ST сегменті көтерілген, QRS комплексі 0,09 сек.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ тиімді?

A. миокардит

B. перикардит

C. сол жақ артқы қабырғасының ЖМИ

D. қарыншалық пароксизмальды тахикардия

E. қарыншаүстілік пароксизмальды тахикардия

26.! 46 жастағы науқас таңертең төсектен бірден тұрған. Қатты әлсіздік және бас айналу байқалған. Есін жоғалтқан. Анамнез: Жиі қыжылдау, тамақтан соң эпигастрий аймағында ауру сезімі, жүрек айну мазалаған. Есі – ес-түссіз. Тері қабаты бозарған, құрғақ. АҚҚ 100/60 мм с.б.б. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақты. Өкпесінде сырыл жоқ. Іші жұмсақ және эпигастрий аймағында ауру сезімімен. Бауыры ұлғаймаған, ауру сезімінсіз.

Төменде көрсетілген қайсысы есінен тануға әкелуі мүмкін:

A. гипогликемия

B. гипергликемия

C. миокард инфаркты

D. ортостатикалық коллапс

E. ми-қанайналым бұзылысы

27.! Науқас 22 жаста. Тіс дәрігерінің қабылдауында. Ауыз қуысын қарап бастағанда кенеттен әлсіздік және бас айналу байқалған. 1 мин кейін есінен танған. Анамнез: Қоғамдық көлікте есінен танған. Әдеттегі АҚҚ 100/60 мм с.б.б. Объективті: Жағдайы орташа ауырлықта. Ес-түссіз. Тері қабаты суық және бозғылт. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТАЖ-18 рет минутына. АҚҚ 90/50 мм с.б.б.

Есін жоғалтудың ЕҢ ТИІМДІ себебі:

A. есінен тану

B. эпилепсия

C. гипогликемия

D. гипертониялық криз

E. ми-қанайналым бұзылысы

28.! Науқас 67 жаста. Шағымы: бас айналуына, әлсіздікке, жүрек айнуына. Анамнез: Артериалды гипертензиямен 10 жыл шамасында ауырады. Әдеттегі АҚҚ 160/90 мм с.б.б. Өздігінен АҚҚ түсіру үшін нифедипин, арифон қабылдаған. Жедел жәрдем бригадасы энап енгізген. Жалпы жағдайы горизонтальды қалыптан вертикальды қалыпқа ауысқан кезде күрт нашарлаған. Қарап тексергенде: Есі анық, тері қабаты бозғылт. Өкпесінде сырыл жоқ. ТАЖ 20 рет минутына. Жүрек үні анық, ырғақты. ЖСЖ 104 рет минутына. АҚҚ 90/60 мм с.б.б. ЭКГ: Ритмі ырғақты синусты 106 рет минутына. ЖЭӨ солға ығысқан.

Жағдайының нашарлауына алып келген ЕҢ ЖИІ себеп:

A. естен тану

B. миокард инфаркты

C. ортостатикалық коллапс

D. пароксизмальды тахикардия

E. жедел ми-қанайналым бұзылысы

29.! Науқас 72 жаста. Шағымы: ауа жетіспеу сезіміне, ентігуге, әлсіздікке, басының айналуына, жүрек айнуға. Анамнез: 20 жылдан аса артериальды гипертензиямен ауырады. Әдеттегі АҚҚ 160/100 мм с.б.б. Өздігінен капозид, диротон қабылдайды. Жағдайы 1 сағат бұрын кенеттен нашарлаған. Қарап тексергенде: есі анық. Мәжбүрлі қалыпта-ортопты. Ауыз қуысынан және мұрнынан ал-қызыл түсті көпіршік бөлінуде. Өкпесінде қатаң тыныс, өкпенің барлық аймағынан майда, орташа және ірі көпіршікті сырыл естіледі. ТАЖ-28 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 108 рет минутына. АҚҚ 190/100 мм с.б.б. ЭКГ: Алдыңғы жасалынған ЭКГ-дан соңғы жасалынған ЭКГ-нің динамикада айырмашылығы жоқ.

Науқаста дамыған асқынудың түрі:

A. өкпе ісінуі

B. миокард инфаркты

C. гипертониялық криз

D. пароксизмалды аритмия

E. жедел оң қарыншаның жетіспеушілігі

30.! Науқас 56 жаста. Шағымы ауа жетіспеуіне, ентігуге, әлсіздікке, кеуде қуысында үнемі ауру сезімі, тыныс алумен байланысты емес және басқа жерге берілмейді. Анамнез: Аяқтың тромбофлебиті. Әдеттегі АҚҚ 140/90 мм с.б.б. Жағдайы 2 сағат бұрын кенеттен нашарлаған. Қарап тексергенде: Есі анық. Төсекте горизонталды қалыпта. Тері қабаты бозарған сұрғылт түстес. Өкпесінде қатаң тыныс. ТАЖ-32 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, тахикардия. ЖСЖ 110 рет минутына. АҚҚ 120/80 мм с.б.б. Пульсі 118 рет минутына қанағаттанарлық толумен және қысыммен. Балтырында кеңейген тері астылық көктамырлар байқалады. ЭКГ: Ырғағы 110 рет минутына. ЖЭӨ вертикалды. P тісшесі II тіркемеде R тісшесінің 1/3 дейін ұлғайған. QIIISI. синдромы.

Алдын ала қоюға болатын ЕҢ тиімді диагноз:

A. перикардит

B. жедел миокардит

C. миокард инфаркты

D. пароксизмалды тахикардия

E. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

31.! Науқас 78 жаста. Шағымы: Төс артындағы қысып, басып ауру сезіміне және 30 минуттан аса жалғасуына, ентігуге, өлімнен қорқу сезіміне, әлсіздікке және тершеңдікке. Анамнезінен ЖИА, 2 рет миокард инфарктын өткерген, АГ, қант диабеті. Қарап тексергенде: Жағдайы ауыр, тері қабаты бозғылт,ылғалды. Жүрек үні тұйықталған, ырғақты. АҚҚ 70/45 мм с.б.б. ЭКГ: ЖСЖ-110 рет минутына. I, II, AVL, V1-V4 тіркемелерінде QS комплексі.

Қоюға болатын ЕҢ тиімді диагноз:

A. аорта аневризмасының жыртылуы

B. күштемелі пневмоторакс

C. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

D. жедел миокард инфаркты кардиогенды шок

E. жедел миокард инфаркты, жедел сол қарыншаның жетіспеушілігі

32.! Науқас 63 жаста. Шағымы: тұншығуға, ауаның жетіспеуіне, әлсіздікке, төс артындағы басып ауру сезіміне. Анамнез: АГ көп жылдан бері, ЖИА стенокардия. Жағдайының күрт нашарлауы 1 сағат шамасында. Валидол, эуфиллин қабылдаған, әсер етпеген. Қарап тексергенде: Жағдайы ауыр. Мәжбүрлі қалыпта- ортопноэ. Тері жабындылары бозарған, цианозды. ЖСЖ-32 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия 106 рет минутына. АҚҚ 110/70 мм с.б.б. Өкпесінде барлық аймақта ірі көпіршікті сырыл естіледі. ЭКГ: Синусты тахикардия 106 рет минутына. I, II, AVL, V1-V4 тіркемелерінде ST сегментінің 4 мм жоғарылауы.

Қойылатын ЕҢ тиімді диагноз:

A. жедел перикардит

B. спонтанды пневмоторакс

C. аорта аневризмасының жыртылуы

D. жедел миокард инфаркт өкпе ісінуі

E. жедел миокард инфаркты кардиогенді шок

33.! Науқас 24 жаста. Шағымы: Қиын дем алумен ентігуге, кеуде қуысында қысып тұру сезіміне, жоғарғы тыныс жолдарынан ал-қызыл түсті көбіктің бөлінуіне. Анамнез: ревматизм, митральды қақпашаның стенозы. Физикалық күштемеде тұншығу сезімінің күшеюі. Қарап тексергенде: Жағдайы ауыр, ортопноэ қалыпта, тері жабындысы диффузды цианоз. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, өкпе артериясының үстінен II тоның акценті, жүрек ұшының үстінен қатаң систоликалық шуыл. ЖСЖ-120 рет минутына. Өкпенің барлық аймағынан үлкен көпіршікті ылғалды сырыл естіледі. ТАЖ-36 рет минутына. Бауыр 2 см, тығыз. Аяқ басы ісінген.

Негізгі ауруының қандай асқынуы ЕҢ тиімді:

A. эндокардит

B. өкпе ісінуі

C. жедел перикардит

D. пароксизмалды аритмия

E. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

34.! Науқас 57 жаста. Науқасты қарап тексергенде кенеттен есінен танды, қысқа уақытты клонико-тоникалық тырысулар пайда болды және тері қабаты көгерді. ЭКГ- да хаотикалық дұрыс емес ритм, QRS комплексі және Т тісшесі көрінбейді.

Ырғақтың бұзылысының ЕҢ тиімдісі:

кардиологиядағы шұғыл жағдайлар - student2.ru

A. пируэтті тахикардия

B. жыпылықтаушы аритмия

C. қарыншалардың фибрилляциясы

D. жылдамдатылған идиовентрикулярлы ырғақ

E. жүрекшелік пароксизмалды тахикардия

35.! Науқас А., 45 жаста. Жүрек жұмысының бұзылысына, жүрек қағысына және әлсіздікке шағымданады. ЭКГ-да: Р тісшесі жоқ, ретсіз үлкен және кіші толқынды изолиниядан ауытқулар. Жүрекшелік толқындар жиілігі 350-600 минутына, қарыншалардың жиырылу жиілігі 100-180 минутына.

Ырғақ бұзылысының ЕҢ тиімдісі:

кардиологиядағы шұғыл жағдайлар - student2.ru

A. жүрекшенің тыпырлауы

B. жыпылықтаушы аритмия

C. ырғақ өткізгіштігінің миграциясы

D. жылдатылған идиовентрикулярлы ырғақ

E. пароксизмалды жүрекшелік тахикардия

36.! Науқас А., 45 жаста. Жүрек тұсында басып ауру сезіміне шағымданады. ЭКГ-да: Кезексіз, кеңейген (> 0,12 с) және деформацияланған QRS комплексі. QRS комплексіне ST сегменті және Т тісшесі дискордантты. Р тісшесі экстрасистоламен байланыспаған. Алдыңғы және кейінгі эктрасистолалық Р тісшесінің арасының интервалы РР интервалына тең.

Ырғақ бұзылысының ЕҢ дұрысы:

кардиологиядағы шұғыл жағдайлар - student2.ru

A. пируэтті тахикардия

B. жыпылықтаушы аритмия

C. АВ-түйінді экстрасистола

D. қарыншалық экстрасистола

E. пароксизмалды жүрекшелік тахикардия

37.! Науқас С., 40 жаста. Шағымы: әлсіздікке, бас айналуына, қысқа уақытқа естен тануға, тырысуларға, еріксіз кіші дәретті жіберуге. 1 жыл бұрын өткерген миокардиттен кейінгі брадикардиялық ұстамалардың болуы. Предуктал және кордафен қабылдайды. Қарап тексергенде: Жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық. Тері қабаты бозарған және құрғақ. Өкпесінде везикулярлы тыныс сырыл жоқ, ТАЖ-18 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ-26 рет минутына. АҚҚ 110/70 мм с.б.б. ЭКГ: Жүрекшенің жиырылу жылдамдығы 80 рет минутына, ырғақты, қарыншалар 26 рет минутына ырғақты. QRS - 0, 14 сек.

ЭКГ-да ырғақ бұзылысының қандай түрі:

A. а-v блокада I дәр

B. а-v блокада III дәр

C. синоаурикулярлы блокада IIдәр

D. а-v блокада II дәр. Мобитц I типі

E. а-v блокада II дәр. Мобитц II типі

38.! Ер адам 67 жаста. Әлсіздікке және бас айналуға шағымданады. ЭКГ-да: Мобитц II типі бойынша АВ-блокада II дәрежесі.

ЕҢ тиімді ЭКГ-дағы өзгеріс?

A. РР интервалының әртүрлігі

B. Р тісшесінің және QRS комплексінің толық жалпылануы

C. QRS комплексінің біреуінің немесе бірнешеуінің түсіп қалуы

D. қарыншалық комплекстің түсіп қалуының алдында РQ –ң біртіндеп ұзаруы

E. қарыншалық комплекстің түсіп қалуының алдында РР –ң біртіндеп қысқаруы

39.! Ер адам 52 жаста. Жедел миокард инфарктіне байланысты 3 апта бойы ауруханада ем қабылдауда. ЭКГ-да: QRS комплексінің кейде түсіп қалуымен P-Q интервалының біртіндеп ұзаруы байқалады.

Ырғақ бұзылысының қандай түрі ЭКГ-ға ЕҢ тән:

A. а-v блокада I дәр

B. а-v блокада III дәр

C. синоаурикулярлы блокада II дәр

D. а-v блокада II дәр Мобитц II типі

E. а-v блокада II дәр Мобитц I типі

40.! Ер адам 70 жаста айқын әлсіздікке, бас айналуға, бас ауруына және төс артының басып ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінен миокард инфаркті 2 жыл бұрын болған. ЭКГ-да: Қарыншалық комплекстің түсіп қалуымен P-Q интервалының айтарлықтай ұзаруы және осыдан кейін ұзақ үзіліс анықталады.

Ырғақ бұзылысының қандай түрі ЭКГ-ға ЕҢ тән:

A. а-v блокада I дәр

B. а-v блокада III дәр

C. синоаурикулярлы блокада II дәр

D. а-v блокада II дәр Мобитц I типі

E. а-v блокада II дәр Мобитц II типі

41.! Жас жігітте жаттығу үстінде кенеттен жүрек тұсында ауру сезімі, жүрек қағуы, қатты әлсіздік байқалған. Қарап тексергенде: Тері қабаты бозарған, ес түссіз, ұйқы артериясында пульс анықталмайды, көз қарашығы аздап кеңейген, жарыққа реакциясы әлсіз.

Төменде аталған механизмнің қайсысында қанайналымның тоқтауы ЕҢ сенімдісі?

A. асистолия

B. жүрекшенің тыпырлауы

C. қарыншалар фибрилляциясы

D. электромеханикалық диссоциация

E. қарыншалық пароксизмалды тахикардия

42.! 63 жасар ер адам жүрек тұсында басып ауру сезіміне шағымданады. ЭКГ-да: Кезексіз, кеңейген (> 0,12 с) және деформацияланған QRS комплексі. QRS комплексіне ST сегменті және Т тісшесі дискордантты. Р тісшесі экстрасистоламен байланыспаған. Алдыңғы және кейінгі эктрасистолалық Р тісшесінің арасының интервалы РР интервалына тең.

Ырғақтың бұзылысына ЕҢ тән:

кардиологиядағы шұғыл жағдайлар - student2.ru

A. пируэтті тахикардия

B. жыпылықтаушы аритмия

C. АВ-түйінді экстрасистола

D. қарыншалық экстрасистола

E. пароксизмалды жүрекшелік тахикардия

43.! Ер адам 76 жаста, физикалық күштемеден кейін жүрек жұмысының бұзылысына шағымданады. ЭКГ-да: Дұрыс ырғақты, ЖСЖ< 100 мин. Синусты және синусты емес Р тісшелері. PQ интервалы 0,12 сек аса ұзақтықпен ауытқиды.

Ырғақ бұзылысының ЕҢ сенімдісі:

кардиологиядағы шұғыл жағдайлар - student2.ru

A. жыпылықтаушы аритмия

B. жүрекшенің тыпырлауы

C. синусты брадикардия

D. ырғақ өткізгізтігінің миграциясы

E. қалыпты синусты ритм

44.! Ер адам 66 жаста. Физикалық күштемеден кейін жүрек тұсының басып ауру сезіміне шағымданады. ЭКГ-да: ST сегментінің көтерілуі, қарыншалық комплекстің формасы QS типті. ST сегментінің және Т тісшесінің өзгеруі тұрақты түрде.

Қойылатын ЕҢ дұрыс диагноз:

кардиологиядағы шұғыл жағдайлар - student2.ru

A. перикардит

B. миокардит

C. күштемелі стенокардия

D. жедел миокард иинфаркты

E. сол жақ қарыншаның аневризмасы

45.! Егде кісіде физикалық күштемеден кейін кенеттен төс артында ауру сезімі пайда болды. Нитроглицерин қабылдағаннан кейін де басылмады. Жедел жәрдем бригадасымен ЭКГ түсірілді: QRS> 0,12 с, I әкетуде V5, V6 тіркемелерінде R тісшесі үшкірленген және кеңейген. V1, V2 тіркемелерінде S тісшесі тереңделген. I әкетуде V5, V6 тіркемелерінде Q тісшесі анықталмайды.

ЕҢ тиімді ЭКГ қорытындысы:

кардиологиядағы шұғыл жағдайлар - student2.ru кардиологиядағы шұғыл жағдайлар - student2.ru

A. Гисс шоғырының оң аяқшасының толық блокадасы

B. Гисс шоғырының сол аяқшасының толық блокадасы

C. Гисс шоғырының оң аяқшасының толық емес блокадасы

D. Гисс шоғырының сол аяқшасының толық емес блокадасы

E. Гисс шоғырының оң аяқшасының және сол аяқшасының бір бұтағының блокадасы

46.! 44 жастағы науқаста ауыр физикалық күштемеден кейін әлсіздік, ентігу және төс артында басып ауру сезімі (сол иыққа берілетін) пайда болды. Ауру сезімі 40 минутқа созылды. ЭКГ-да: Синусты тахикардия 108 рет минутына. I, II, avL, V1-V4 тіркемелерінде ST сегменті 3мм аса жоғарылаған. ЕҢ сенімді диагноз:

A. спонтанды стенокардия

B. үдемелі стенокардия

C. алғаш пайда болған стенокардия

D. ЖКС ST сегментінің жоғарылауымен

E. сол жақ қарыншаның алдыңғы бетінің жедел миокард инфаркты

47.! 73 жастағы ер адамда төс артындағы ауру сезіміне және 1 сағаттан аса ентігуге шағымданады. Қарап тексергенде: Тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Жүрек тондары тұйықталған. АҚҚ 105/80 мм с.б.б. ЭКГ-да: ЖСЖ-108 рет минутына., I, II, avL, V1-V4 тіркемелерінде ST сегментінің 5 мм жоғарылауы, I, II, avL тіркемелерінде патологиялық Q тісшесі, QRS комплексі 0,09 сек.

Алдын ала қоюға болатын ЕҢ сенімді диагноз:

A. үдемелі стенокардия

B. аортаның аневризмасы

C. алдыңғы қабырғаның ЖМИ

D. ST сегментінің жоғарылауымен ЖКС

E. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

48.! Науқас 59 жаста. Шағымы: 40 минуттан асатын жүрек тұсындағы қысып ауру сезіміне, аралас сипаттағы ентігуге, өлімнен қорқу сезіміне, қатты әлсіздікке. Жалпы жағдайы аса ауыр. Басын көтерумен мәжбүрлі қалыпта отыр. Тері жабындысы бозғылт, ылғалды. ЖСЖ 120 рет минутына, АҚҚ 90/70 мм с.б.б. ЭКГ-да: III, avF тіркемелерінде ST сегментінің жоғарылауы, III, avF тіркемелерінде Q тісшесі кеңейген,терең. QRS комплексі 0,08 сек.

Төмендегі көрсетілген диагноздардың ЕҢ сенімдісі?

A. үдемелі стенокардия

B. спонтанды стенокардия

C. ST сегментінің жоғарылауымен ЖКС

D. сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының ЖМИ

E. пароксизмалды қарыншалық тахикардия

49.! Науқас 46 жаста. Ұзақтығы 10 минуттан аспайтын ұстама тәрізді ауыратын сол жақ кеуду қуысындағы ауру сезіміне және жауырын аралығына ортасына берілетін, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Ауру сезімі стресстен кейін алғаш рет пайда болған. Анамнез: Жүйелі түрде АҚҚ 170/100 мм с.б.б. жоғарылап отырады. Дәрі қабылдамаған. Есі анық. Тері қабаты бозғылт, құрғақ. АҚҚ 130/90 мм с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Өкпесінде сырыл жоқ. ЭКГ-да: ритм синусты 84 рет минутына. Қалыпты ЖЭӨ.

ЕҢ тиімді диагноз

A. үдемелі стенокардия

B. спонтанды стенокардия

C. қабырғааралық невралгия

D. алғаш пайда болған стенокардия

E. ST сегментінің жоғарылауынсыз ЖКС

50!57 жастағы ер адам 1 тәулікке созылған төс артындағы айқын ауру сезімімен жедел жәрдем көмегіне жүгінген. ҚЕБ бригадасының дәрігері түсірген ЭКГ-да былай жазылған:

Қандай диагноз қою ЕҢ ТИІМДІ?

кардиологиядағы шұғыл жағдайлар - student2.ru

A. перикардит

B. топталған экстрасистолалар

C. жасанды ырғақ өткізгіштігі

D. Гисс шоғырының оң аяқшасының бөгемесі

E. оң жақ қабырғасының жедел миокард инфаркты

Нұсқа

1.! Гипертониялық кризде нитроглицеринмен басылмайтын төс артындағы күйдіріп ауру сезімінің ЕҢ ЖИІ себебі:

A. истерия

B. стенокардия

C. жүрек демікпесі

D. миокард инфаркты

E. қабырғааралық невралгия

2! Алғашқы артериалдық гипертензияда зақымданатын нысана ағзалар?

A. бауыр, көкбауыр, бүйрек

B. өкпе-бронх жүйесі

C. сүйек-буын жүйесі

D. жүрек, бас-ми, бүйрек

E. қантамырлар, перифериялық жүйке жүйесі

3! Асқынған гипертензиялық кризде гипотензивті дәрілік препараттарды тиімді енгізу жолы:

A. теріастына

B. пероральды

C. көктамыр ішіне

D. тері ішіне

E. бұлшықетке

4! Асқынбаған гипертензивті кризде гипотензивті дәрілік препараттарды енгізу жолы:

A. теріастына

B. тері ішіне

C. пероральды

D. бұлшықетке

E. көктамыр ішіне

5! Екіншілік артериалды гипертензияға алып келетін ЕҢ жиі себептер:

A. феохромоцитома

B. аорта коарктациясы

C. созылмалы пиелонефрит

D. Бүйрек артериаларының гипоплазиясы

E. біріншілік гиперальдостеронизм

6 ! Өкпе ісінуі симптомы:

  1. қиын тыныс шығарумен түншығу ұстамасы
  2. өкпедегі ылғалды сырылдар
  3. инспираторлы ентігу
  4. дауыс қарлығу
  5. қанды қақырық

7! Жүрек өкпелік реанимация жүргізген кездегі қанайналым қалпына келуін бағалауда ең дұрыс критерий:

  1. тахипноэ
  2. көз қарашығының тарылуы
  3. диурез қалпына келуі
  4. ұйқы артериясында пульс пайда болуы
  5. тері жабындылары мен шырышты қабат цианозы

8! Миокард инфарктын асқындыратын, кардиогенді шок кезінде қолдануға ең тиімді препарат:

  1. изадрин
  2. допамин
  3. эпинефрин
  4. преднизолон
  5. натрий нитропруссиді

9 ! Шынайы миокард инфарктында тура ЭКГ белгілері тіркеледі:

  1. V7-V9
  2. aVL, V1V2
  3. II, III, aVF
  4. I, аVL, V1-V4
  5. I, aVL, V5-V6

10 ! Төменгі миокард инфарктында ЭКГ белгілері тіркеледі:

  1. V1-V6
  2. aVL, V1V2
  3. II, III, aVF
  4. I, аVL, V1-V4
  5. I, aVL, V5-V6

11! Алдыңғы перделі жүрек ұшына берілетін миокард инфаркты ЭКГ- да тіркеледі:

 
  1. V1-V6
  2. aVL, V1-V2
  3. II, III, aVF
  4. I, aVL,V1-V4
  5. I, aVL, V5-V6

12 ! ЭКГ-да Вольф-Паркинсон-Уайт белгісі:

  1. ”Дельта-толқын”
  2. PR интервалының қысқаруы
  3. QRS комплексінің кеңеюі
  4. Гис шоғырының оң аяқша блокадасы
  5. ST сегментінің дискордантты ығысуы

13 ! Морганьи-Адамс-Стокс синдромы бақыланады:

  1. синусты аритмияда
  2. синусты брадикардия
  3. синусты тахикардия
  4. толық атриовентрикулярлы блокада
  5. Гисс шоғырының оң аяқшасының толық блокадасы

14 ! Iдәрежелі атриовентрикулярлы блокада ЭКГ да:

  1. PQ интервалының ұзаруы
  2. мерзімді QRS түсуі ,P тісшесі сақталған
  3. жүрекшелік және қарыншалық ритмнің толық ажырауы
  4. PQ Біртіндеп ұзаруы және мерзімді QRS түсуі
  5. әрбір 2-ші QRS комплексінің түсуі сақталған синусті ритмде

15 ! I дәрежелі атриовентрикулярлы блокада Мобитц I типті ЭКГда:

  1. PQ интервалының ұзаруы
  2. мерзімді QRS түсуі ,P тісшесі сақталған
  3. жүрекшелік және қарыншалық ритмнің толық ажырауы
  4. PQ біртіндеп ұзаруы және мерзімді QRS түсуі
  5. Әрбір 2-ші QRS комплексінің түсуі сақталған синусті ритмде

16 ! II дәрежелі атриовентрикулярлы блокада Мобитц II типті ЭКГда:

  1. PQ Интервалының ұзаруы
  2. Мерзімді QRS түсуі ,P тісшесі сақталған
  3. жүрекшелік және қарыншалық ритмнің толық ажырауы
  4. PQ Біртіндеп ұзаруы және мерзімді QRS түсуі
  5. әрбір 2-ші QRS комплексініңтүсуісақталғансинустіритмде

17 ! IIIдәрежелі атриовентрикулярлы блокада ЭКГда:

  1. PQ Интервалыныңұзаруы
  2. мерзімді QRS түсуі ,P тісшесі сақталған
  3. жүрекшелік және қарыншалық ритмнің толық ажырауы
  4. PQ біртіндеп ұзаруы және мерзімді QRS түсуі
  5. әрбір 2-ші QRS комплексінің түсуі сақталған синусті ритмде

18!«А», «В», «С» тармақтары бар , антиаритмиялық класс препараттары:

  1. 1-ші
  2. 2-ші
  3. 3-ші
  4. 4-ші
  5. 5-ші

19! Синусты түйін әлсіздігі синдромы бар науқастарға мына препараттар қарсы көрсетілген:

  1. адреномиметиктер
  2. бета-блокаторлар
  3. антиагреганттар
  4. диуретиктер
  5. нитраттар

20! АҚҚ көрсеткіштері 145/95 мм.с.б.б. Көтерілген тұрақсыз қысым көбінесе ықтимал артериялық гипертензия қай дәрежесі:

  1. 0
  2. I
  3. II
  4. III
  5. IV

21! АҚҚ көрсеткіштері 195/115 мм.с.б.б. қысымы тұрақты көтерілген, анамнезінде инфаркт миокарды. Көбінесе ықтимал артериальды гипертензияның дәрежесі?

  1. 0
  2. I
  3. II
  4. III
  5. IV

22! Гипертониялық криздің І типіне ЕҢ тән симптомдар:

A. ісіну

B. ұйқышылдық

C. қозу

D. біртіндеп басталу

E. жүрек ырғағының бұзылысы

23 !53 жасар ер адам жедел жәрдем көмегіне 6 сағатқа созылған арқаға берілетін төс артының ауру сезіміне шағымданып жүгінген және ЭКГ түсірілген.

Қай диагнозды қою ЕҢ ТИІМДІ?

кардиологиядағы шұғыл жағдайлар - student2.ru

A. перикардит

B. жедел коронарлық синдром

C. аорта аневризмасы

D. артқы қабырғасының ірі ошақты миокард инфаркты

E. алдыңғы қабырғасының трансмуралды миокард инфаркты

23!49 жастағы ер адам жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Анамнезінен 24 сағат бұрын басталған кеуде қуысындағы ауру сезіміне, бірақ қазіргі уақытта басылған, ентігу байқалады.

Қай вариант ЕҢ ТИІМДІ?

кардиологиядағы шұғыл жағдайлар - student2.ru

A. алғаш пайда болған стенокардия

B. алдыңғы-жайылмалы ишемия

C. сол жақ қарыншаның созылмалы аневризмасы

D. алдыңғы-бүйір қабырғасының жедел миокард инфаркты

E. сол жақ қарыншаның алдынғы қабырқасының субэндокардиалды миокард инфаркты

24! Науқастың электрокардиограммасында бірінші рет пайда болған қысып ауыратын көкірек тұсындағы ауыру сезімі, әлсіздік, тершеңдік шағымдарымен бірге Гисс шоғырының сол аяқшасының толық блокадасы анықталады.

Төмендегі берілген патологияның қайсысы ЕҢ дәлірек?

A. жедел миокард инфаркті

B. созылмалы өкпе текті жүрек

C. инфарктіден кейінгі кардиосклероз

D. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

E. жүрекшеаралық дефекті

25! Ер кісі 53 жаста. Мынандай шағымдармен жедел жәрдемге жүгінді: төс артындағы қатты ауыру сезіміне, 4 сағаттың ішінде ауыру сезімі арқасына берілуіне. ЭКГ көріністері:

ЕҢ болжама диагноз?

кардиологиядағы шұғыл жағдайлар - student2.ru

A. қабырғааралық невралгия

B. аорта аневризмасының жарылуы

C. жедел коронарлық синдром

D. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

E. жедел миокард инфарктының төменгі артқы қабырғасы

26!88ж. науқас кеуде артындағы қысылған ауыру сезіміне, ауыру сезімінің 30 минут бойы жалғасуына, ентігуге, қорқыныш сезіміне, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданды. Анамнезінде ЖИА, 2 рет инфаркт миокарты болған, АГ, қант диабеті. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, тері түсі бозарған, ылғалды. Жүрек тондары мылқау, ырғақты. АҚҚ 90/70мм.сбб. ЭКГ: ЖСЖ- 110 минутына. QS комплексы I, II, AVL, V1-V4 әкетулерінде.

ЕҢ болжама диагноз:

A. күштемелі пневмоторакс

B. аорта аневризмасының жарылуы

C. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

D. жедел трансмуральді инфаркт миокарды, кардиогенді шок

E. жедел инфаркт миокарды, жедел сол жақ қарыншалық жетіспеушілік

27! Науқас 53ж. Жүрек аймағындағы 50 минутқа созылған қысқан, басқан ауыру сезіміне, ентігуге, қорқыныш сезіміне, тез әлсіздікке, психоэмоциональді стресстен кейін алғашқы тершеңдікке шағымданды. Объективті: жалпы жағдайы өте ауыр, тері жабындылары болғызт, цианозды, суық тер басқан. ТАЖ-22 минутына. Жүрек тондары: тұйықталған, ритмды. АҚ 100/70мм.сбб. ЭКГ: синусты тахикардия 120 минутына. ІІІ және АVF әкетулерінде Q тісшесі терең, R тісшесі ½ бөлігі, ST сегменті изолиниядан 4мм жоғары және кең.

ЕҢ болжама диагноз:

A. күштемелі пневмоторакс

B. аорта аневризмасының жарылуы

C. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

D. жедел миокард инфактының артқы қабырғасы

E. жедел трансмуральді миокард инфарктының алдыңғы қабырғасы

28!60 жастағы науқаста физикалық күш түскеннен кейін аяқ асты төс артындағы күйдіріп ауыру сезіміне, әлсіздікке, суық терге шағымданды. Нитроглицеринге басылмайтын ауыру сезімі. Қарап тексергенде: жүрек тоны кенет тұйықталған, тахикардия 108 минутына. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ.

ЕҢ болжама диагноз:

A. пневмония

B. астматикалық статус

C. қабырғааралық невралгия

D. спонтанды превмоторакс

E. жедел коронарлық синдром

29! Науқас 58 жаста. Бір аптадан бері бас ауыруына, бас айналуына, құлақ түбіндегі шуылға, сол жақ шеткі мүшелердің әлсіздігіне шағымданды. Бүгін таңертең төсегінен құлаған. Қарап тексергенде: есі анық, мұрын-ауыз қыртыстары тегістелген, оң жақ жоғарғы кірпігінде птоз байқалады. Сол жақ шеткі мүшелердің бұлшық еті әлсіреген. Жүрек тондары анық, аортада 2 тонның акценті байқалады. АҚҚ 190/100 мм.сн.б. Өкпеде қатты тыныс, сырыл жоқ.ТАЖ минутына 22 рет.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсы ЕҢ дұрыс?

A. бет нервісінің невриті

B. артериалдық гипертензия, криз

C. артериалдық гипертензия, өкпе ісінуі

D. артериалдық гипертензия, криз, геморрагиялық инсульт

E. артериалдық гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия

30! Науқаста артериялдық гипертензияның 1 дәрежесі, аяқ астынан жағдайы нашарлаған. Басының ауруы, бас айналу, көз алдының торшалануы, жүрек тұсының ауруы. Ысыну сезімі және денесінде қызыл дақтар байқалады. АҚҚ 210/110 мм.сн.б.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсы ЕҢ дұрыс?

A. есекжем

B. стенокардия

C. инфаркт миокардасы

D. гипертоникалық криз

E. гипогликемиялық кома

31! Науқас әйел 36 жаста. Басының қатты ауруына, жүрегінің соғуына, төс артындағы ауру сезіміне, жалпы әлсіздігіне шағымданды. Қарап тексергенде: қозғыштығы байқалды. Пульс 115 соқ/мин, АҚҚ 190/110 мм.с.с.б. Жүрек тондары анық, қатты, аортада 2 -ші тонның акценті.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?

A. өкпе ісінуі

B. кардиогенді шок

C. гипертониялық криз

D. жіті коронарлы синдром

E. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

32! Науқас К. 45 жаста. Бас ауруына, тітіркенгіштігіне, шаршағыштығына шағымданады. Анамнезінде: 6 жылдан бері АҚҚ 190/110 мм.с.б. болып келген. Эналаприл, нифекард қабылдайды. Қарап тексергенде: жүрек шекарасы бұғана ортаңғы сызығына дейін ұлғайған. Пульс 76 соқ/мин. қатты, ұзақ. АҚҚ 180/100 мм.с.б. ЭКГ: жүректің электрлік осі солға ығысқан. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы.

ЕҢ негізгі болатын қорытынды диагноз?

A. феохромоцитомо,гипертониялық криз

B. артериальды гипертензия Iсатысы гипертониялық криз

C. артериалды гипертензия IIсатысы гипертониялық криз

D. артериальды гипертензия IIIсатысы гипертониялық криз

E. тиреотоксикоз орташа дәреже ауырлықта, гипертониялық криз

33! Ер кісі 59 жаста. Бастың шүйде бөлімінің ауру сезіміне, басының айналуына, құлақ тұсындағы шуылға және жалпы әлсіздікке шағымданды. Анамнезінде:7 жылдан бері АҚҚ жоғарылауы, жағдайының соңғы бір аптада нашарлауын айтады. Қарап тексергенде: есі анық, тері жамылғысы және көзге көрінетін шырышты бөлімдері таза. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТАЖ 21 мин, жүрек шекарасы 1 см. солға ығысқан. Жүрек тондары анық, аортада 2 тонның акценті. Пульс 90рет/мин.,АҚҚ 195/100 мм.сн.б.

ЕҢ негізгі болатын қорытынды диагноз?

A. ЖИА. Үдемелі стенокардия

B. феохромоцитома. Гипертониялық криз

C. артериальды гипертензия Iсатысы. гипертониялық криз

D. артериальды гипертензия IIсатысы гипертониялық криз

E. артериальды гипертензия III сатысы гипертониялық криз

34! Науқас К. 45 жаста. Басының ауруына шағымданды. 2 жылдан бері өзін аурумын деп санайды. Өзінің жағдайын психоэмоционалдылық күйімен байланыстырады. Қарап тексергенде: жүрек тондары бәсеңдеген, дұрыс ритмді. Пульс 90 соқ/мин., АҚҚ 180/100 мм.с.б.. ЭКГ: жүректің электрлік осінің солға жылжуы байқалады.

ЕҢ негізгі болатын қорытынды диагноз?

A. миокардит

B. артериальды гипертензия

C. НҚД гипертониялық типте

D. ЖИА. Үдемелі стенокардия

E. созылмалы пиелонефрит, симптоматикалық гипертония

35! Науқас Б. 62 жаста. Басының ауруына, айналуына, жүрек айнуына және жүрек тұсындағы жайсыздыққа шағымданады. Өзін 2 күннен бері жайсыз сезінеді. 2 жыл бұрын инфаркт миокарда алған. Қарап тексергенде: тері жамылғысы бозарған, құрғақ. Жүрек шекарасы 1,5 см. солға ұлғайған. Жүрек тоны төмендеген. Жүрек ұшында систолалық шу және аортада 2 тонның акценті, дұрыс ритмді. Пульс 120 соқ/мин., АҚҚ 260/120 мм.сн.б. ЭКГ: горизонтальді жағдайда ЖЭӨ. RV4≺RV6, ST сегменті V4-V6 бойында 1мм изоэлектрлік линияда.

ЕҢ негізгі болатын қорытынды диагноз?

A. ЖИА. Үдемелі стенокардия

B. феохромоцитома. Гипертониялық криз

C. артериальды гипертензия Iсатысы гипертониялық криз

D. артериальды гипертензия IIсатысы гипертониялық криз

E. артериальды гипертензия IIIсатысы гипертониялық криз

36! Науқас К. 54 жаста. Тыныш күйдегі ентігуге, оттегінің жеткіліксіздігіне, жөтелгенде көп мөлшерде шығатын жасыл бөліндіге шағымданды. Анамнезінде: 7 жылдан бері артериалдық гипертензиямен ауырған, тұрақты ем қабылдамаған. Жалпы жағдайы ауыр, есі анық, қозғыш. Өкпесінің барлық аймағында ылғалды ірі көпіршікті сырыл. Тыныс алуы 30 рет/мин. Жүрек тондары естілмейді, дұрыс ритмді. Пульс 100 соқ/мин., АҚҚ 210/100 мм.с.б..

ЕҢ негізгі болатын қорытынды диагноз?

A. спонтанды пневмоторакс

B. созылмалы обструктивті бронхит өршу фазасы

C. өкпе артериясының тромбоэмболиясы, жіті тыныс жетіспеушілігі

D. бронх демікпесі, инфекциялық- аллергиялық форма, тұншығу ұстамасы

E. гипертониялық криз, жіті солқарыншалық жетіспеушілік, өкпе ісінуі

37! Науқас 58 жаста. Шағымдары: бас ауру,бас айналу,бастағы шуылдар.Сол аяқ-қолында жедел әлсіздік сезіледі. Жағдайының нашарлауы 1 апта көлемінде байқалған.Таңертең төсектен тұрып құлап қалған. Объективті қарағанда оң жақ ерін-мұрын қатпары тегіс, оң жақ қабақ птозы. Сол аяқ- қолының бұлшықетінің күші шұғыл азайған. Жүрек тондары анық, қатты, аорта үстінен 2- ші тонның акценті. АҚ \190\100 мм.сын.бағ. Өкпесінде қатқыл тыныс, сырыл жоқ.

Мүмкін болатын ЕҢ дұрыс болжама диагноз?

A. бет нервісінің невриті

B. дисциркуляторлы энцефалопатия

C. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

D. артериальді гипертензия, криз, инсульт

E. артериальді гипертензия,криз,жедел гипертониялық энцефалопатия

38!45 жастағы А есімді науқастың, шағымдары: бас ауру, бас айналу, жүрек соғысы, дененің дірілдеуі, мазасыздану, әлсіздік. Өзін 2-3 сағат көлемінде нашар сезінген. Бұл жағдайды психо-эмоциональді стресспен байланыстырады. Валидол 1\2, адельфан таблеткаларын қабылдаған. Эмоциональді лабильді қозған. Тері жабындылары гиперемияланған, құрғақ. Көз склера қантамырлары инъекцияланған. Жүрек тондары анық. Аорта үстінен 2-ші тонның акценті, ритм дұрыс, ЖСЖ 110, пульс күшейген, АҚ 220\120 мм.сын.бағ. ЭКГ: ЖЭӨ горизонтальді, сол қарынша гипертрофиясы .

Мүмкін болатын ЕҢ дұрыс болжама диагноз?

A. гипогликемиялық жағдай

B. нейроциркуляторлы дистония

C. артериальді гипертензия, 1 дәр гипретониялық криз 2 тип

D. артериальді гипертензия 2 дәр, гипертониялық криз 1 тип

E. тиреотоксикоз, орта ауырлық дәрежелі, гипертониялық криз 2 тип

39!68 жастағы ер адам 2-ші дәрежелі артериальді гипертензиямен ауырады, соңғы бірнеше күнде дәрі қабылдамаған. Жағдайы нашарлауы кеше кешкісін басталған. Бас ауруы мен жүрек аймағындағы аурусыну сезімі пайда болған. Пульс минутына 72 рет, АҚ 170\100 мм.сын.бағ.

Мүмкін болатын ЕҢ дұрыс болжама диагноз?

A. нейроциркуляторлы дистония

B. феохромацитома, гипертониялық криз 1 тип

C. артериальді гипертензия 2дәр, гипертониялық криз 2 тип

D. артериальді гипертензия 2 дәр, гипертониялық криз 1 тип

E. тиреотоксикоз, орта ауырлық дәрежелі, гипертониялық криз 2 тип

40!1-ші дәрежелі артериальді гипертониямен ауыратын науқас жағдайының кенеттен нашарлауы байқалды, бас ауруы күшейген, бас айналуы көз алдында тор болуы. Объективті мазасыз, тітіркенгіш. Ысыну сезімі байқалады. Беттің тері жабындыларында қызыл дақтар, пульс минутына 96, АҚ 210\110 .

Мүмкін болатын ЕҢ дұрыс науқастағы болжама жағдай?

A. өкпе ісінуі

B. кардиогенді шок

C. гипертониялық криз

D. жедел коранарлы синдром

E. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

41!65 жастағы науқас АҚ 190\100 дейін жоғарылауынан пайда болған жүрек айну ,бас ауыру бас айналуына шағымданады. Пульс 76 рет минутына. Осы жағдайға дейін 3 күн бұрын антигипертензивті препараттарды қабылдауды тоқтатқан.

Мүмкін болатын ЕҢ дұрыс науқастағы болжама жағдай?

A. өкпе ісінуі

B. кардиогенді шок

C. гипертониялық криз

D. жедел коранарлы синдром

E. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

42!66 жастағы науқас АҚ 190\100 мм.сб. дейін жоғарылауынан пайда болған жүрек айну, бас ауыруына, бас айналуына шағымданады. 2 жыл бұрын ишемиялық инсультты басынан өткерген. Пульс 92 рет минутына. ЭКГ да синусты ритм, сол қарынша гипертрофиясыны белгілері.

Мүмкін болатын ЕҢ дұрыс болжама диагноз?

A. АГ 1сатысы, криз

B. АГ 2 сатысы, криз

C. АГ 3 сатысы, криз

D. ЖИА, Стенокардия 3ФК

E. симптоматикалық АГ

43! Науқас 56 жаста, көп жыл бойы артериялық гипертониямен, АҚҚ 230/130 мин с.б көтерілуімен зардап шегеді, интенсивті ентігу пайда болды. Пульс 92 рет мин. Аускультацияда: екі жақты ылғалды, ұсақ көпіршікті сырылдар. ТАЖ 26 рет мин.

Мүмкін болатын ЕҢ дұрыс болжама диагноз?

A. екі жақты пневмония

B. созылмалы обструктивті бронхит өршу сатысы

C. өкпе артериясының тромбоэмболиясы, аллергиялық форма, тұншығу ұстамасы.

D. бронхиальды астма, инфекционды аллергиялық форма, тұншығу ұстамасы.

E. гипертониялық криз, жедел сол жақ қарыншаның жетіспеушілігі, өкпе ісінуі.

44! Науқас 22жаста, Қоғамдық көлікте кенеттен әлсіздік пайда болды, бас айналу, 2-3 минутқа есінен танды . Анамнез: қалыпты АҚ 100/60 мм.с.б. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық. Тері жабындысы суық,бозарған. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 18 мин Жүрек тондары анық,ритмді, ЖСЖ 100 мин . АҚ 90/50мм.с.б.

Ең мүмкін болжама диагноз:

  1. естен тану
  2. эпилепсия
  3. гипогликемия
  4. гипертониялық криз
  5. ми қанайналым бұзылысы

45! Әйел 79жаста, анамнезінде жатыр рагы терминалды сатысында. Жағдайы өте ауыр, есі жоқ. Тері жабындылары мен шырышты қабаттары бозарған. Патологиялық тыныс, Чейн –Стокс типті, 25 мин. АҚ 40/0мм.с.б. Arteria radialis пульс жоқ, ұйқы артериясында 48мин.

Ең мүмкін болжама диагноз:

  1. ми өлімі
  2. клиникалық өлім
  3. агональді жағдай
  4. биологиялық өлім
  5. предагональді жағдай

46! Әйел 64 жаста, анамнезінде ЖИА, ЖМЖ дәрігері қарап тексеру кезінде есін жоғалтты. Тері жабындыларының цианозы дамыды, қарашықтары орташа кеңейген, ұйқы артериясында пульс және тынысы жоқ.

Ең мүмкін болжама диагноз:

  1. ми өлімі
  2. клиникалық өлім
  3. агональді жағдай
  4. биологиялық өлім
  5. предагональді жағдай

47!46 жасар науқаста, бұрын дәрігерге қаралмаған,3 сағат бұрын төс артында басып ауыру сезімі пайда болды,нитроглицерин қабылдаудан басылмайды, 2-3 мин бұрын есінен танды. ЖМЖ дәрігері қарап тексергенде есі, ұйқы артериясында пульс және тынысы жоқ.

Ең мүмкін болжама диагноз:

  1. ми өлімі
  2. агональді жағдай
  3. биологиялық өлім
  4. предагональді жағдай
  5. кенет каронарлы өлім синдромы

48! ЖМЖ дәрігерінің қарап тексеруі кезінде 49жасар науқаста есі, ұйқы артериясында пульс және тыныс жоқ. Көрген адамдардың айтуы бойынша таңғы жүгіру кезінде әлсіздік, бас айналу және ауа жетіспеген сезім пайда болған және 4 мин бұрын есінен танған.

Ең мүмкін болжама диагноз:

  1. ми өлімі
  2. агональді жағдай
  3. биологиялық өлім
  4. предагональді жағдай
  5. кенет өлім синдромы

49! Бала, 6 айлық, ЖМЖ дәрігерінің қарап тексеруі кезінде есі, ұйқы артериясында пульс және тыныс жоқ. Ата анасының айтуы бойынша 3 сағат бұрын температурасы көтерілген, жөтел пайда болған, 5 мин бұрын есін жоғалтқан.

Ең мүмкін болжама диагноз:

Наши рекомендации