Мимикалық бұлшықеттердің салдануы

Стоматологтың тәжірибесінде бет жүйкесінің әртүрлі зақымдануы жиі кездеседі. Әсіресе оның жарақаттанып зақымдануы, бүтіндігінің бұзылмай зақымдануы жиі байқалады. Нәтижесінде мимикалық бұлшықтердің салдануы мен парезі түрінде қимыл бұзылыстары пайда болады.

Бет жүйкесінің біріншілік невриті (Белл салдануы)ангина, тұмау және т. б. аурулардың нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайдың ақыры жақсы, 1-3 аптадан соң бұл құбылыс жоғалып кетеді. Жүйке қызметінің бұзылуы ортаңғы құлақтың іріңді қабынуы, арахноидиттің салдарынан дамиды.

Клиникалық көрінісі.Беттің аталған жағында барлық бұлшықеттер қимылсыз қалады. Ерін-ұрт қатпары тегістеліп, ауыздың бұрышы төмен түскен одан сілекей ағып тұрады, беттің табиғи сайлары — әжімдер жойылған, көз саңылауы кеңіген. Бұл құбылыстар — дәм сезудің бұзылуы, көзден үнемі жастың ағып тұруы немесе көздің құрғауы. Кейде парезден бұрын ауыру сезімі болады. Ол көбіне сезімталдықтың жойылуымен ұштасады.

Емі.Негізі күш бет жүйкесі невритін тудыратын негізгі ауруды емдеуте бағытталады. Аурудың бірінші күндері ыстықты және ауыру сезімін басатын (амидопирин, анальгин, ацетилсалицил қышқылы) дәрілер белгіленеді. В тобының витаминдері, антихолинэкстеразалық препараттар: прозерин ішке 0,015 күніне 3 рет, және тері астына 1 мл-0,05% ерітіндісі, 1 мл 1% галатамин ерітіндісі, барлығы 20-30 инъекция және биогенді стимуляторлар белгіленеді.

Аурудың бірінші күндерінде жергілікті құрғақ жылумен, парафин қолданылады. 5-6 күн өткен соң қысқа толқынды диатермия, салицилат-тар, кальций хлоридімен гальванизациялауға болады. Жеңіл массаж, ем-дік денешынықтыру және электростимуляция қолданған жөн.

Ымдау бұлшықеттерінің қайтпайтын тұрақты салдануында хирургиялық ем қолданылады. Ол бұлшықеттердің қызметін қалпына келтіруге және босаңсыған тіндерді статикалық және кинетикалық ұстатуға бағытталады. Зақымданған бұлшықеттерді коллатеральды қанмен қамтамасыз ету үшін зақымданған жүйке ұштарын басқа жүйкемен біріктіріп тігеді (мысалы, қосымша, диафрагмальды немесе тіласты), жүйке-бұлшықеттік пластика, яғни кез келген жүйкені салданған бұлшықетке тігеді және сау бұлшықетті салданған бұлшықетке тігеді.

Қазіргі кезде М. Э. Ягизаров бойынша ымдау бұлшықеттердің салдан-уы кезінде босаңсыған жұмсақ тіндерді жақ бұтағының тәжді өсіндісіне кинетикалық іліп қою әдісі және бұлшықеттік пластика қолданады. Бұлшықет пластикасында шайнау бұлшықетін төменгі жаққа бекіген жерінен ажыратып, аяқша тәрізді етіп ауыздың босаңсыған бұрышына тігеді немесе барлық шайнау бұлшықеттерін бекіген жерінен кесіп алып ауыз бұрышы аймағына орын ауыстырады (П. В. Наумов).

Ауыз бұрышының миопластикасы үшін төс-бұғана-емізікше және самай бұлшықеттерін қолданады.

Көз саңылауын (лагофтальм) азайту үшін жоғарғы және төменгі қабақтың латеральды бөліктері тігіледі. Сонымен бірге склероблефарорафия отасы жасалады (М. Э. Ягизаров).

Тұжырым:Қазіргі кездегі көзқарас бойынша үшкүл жүйке жүйесінің

невралгиясы көпэтиологиялық болып есептеледі. Көптеген ғалымдар этиологиялық факторлардың көбісін жүйке шығатын сүйек көзінің тарылуынан деп есептейді, Өйткені үшкүл жүйкенің екінші тармағында кездесетін невралгия ауруларының ішінде 31% көзасты тесігінің тарылуынан пайда болған, ал үшкүл жүйкенің үшінші тармағының невралгиясында 0,25% төменгі жақ өзегінің тарылуы-стенозы байқалған. Кейбір жағдайда ұстамалы ауыру белгілі біртригерлік немесе алгогендікдеп аталатын аймақты қоздырғанда пайда болады. Бұл аймақты «шүріппе аймағы» деп те атайды. Олар бет, терісінде, ауыз қуысының кілегей қабығында, тіптен тістерде де орналасуы ықтимал. Бұл нүктелерді сәл ғана сипаса, тіптен аздап жел тисе болғаны ауру ұстамасы басталып кетеді. Сол себептен ұстама кезінде бұл науқастар сөйлей алмай, ауру қоздыратын нүктені тек саусақпен нұсқап көрсетеді. Үшкүл жүйкенің II, III тармақтары қосылып ауыруы мүмкін, ал I тар-мағы бөлек ауырады. Бірінші тармақ невралгиясының нақтамасын-диаг-нозын қойғанда өте мұқият болу керек. Өйткені онда фронтит, тромбоз, жергілікті қабыну процесстерінің белгілері болуы мүмкін. Негізі күш бет жүйкесі невритін тудыратын негізгі ауруды емдеуте бағытталады. Аурудың бірінші күндері ыстықты және ауыру сезімін басатын (амидопирин, анальгин, ацетилсалицил қышқылы) дәрілер белгіленеді. В тобының витаминдері, антихолинэкстеразалық препараттар: прозерин ішке 0,015 күніне 3 рет, және тері астына 1 мл-0,05% ерітіндісі, 1 мл 1% галатамин ерітіндісі, барлығы 20-30 инъекция және биогенді стимуляторлар белгіленеді.

Аурудың бірінші күндерінде жергілікті құрғақ жылумен, парафин қолданылады. 5-6 күн өткен соң қысқа толқынды диатермия, салицилат-тар, кальций хлоридімен гальванизациялауға болады. Жеңіл массаж, ем-дік денешынықтыру және электростимуляция қолданған жөн.

Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:

1. Бет-жақ аймағында кездесетін ......... нейро-стоматологиялық аурулар деп атайды.

А) жүйке жүйесі ауруларын

Б) бас ауруларын

В) желке ауруларын

Г) жамбас ауруларын

Д) самай ауруларын

2. жүйке жүйесі ауруларын зерттейтін медицина ғылымының саласын

.................. деп атайды.

А) нейростоматология

Б) психология

В) психиатария

Г) гематология

Д) урология

3. Жүйке жүйелері ауруларынан пайда болатын беттің ауыруын.........

деп атайды.

А) прозопалгия

Б) соматоалгия

В) симпатоалгия

Г) нейростоматология

Д) паразитология

4. В.Е.Гречко (1990) барлық нейростоматологиялық аурулармен

белгілерді-синдромдарды, физиологиялық принципті негіз ете отырып

...... бөледі.

А) 6 топқа

Б) 5 топқа

В) 4 топқа

Г) 3 топқа

Д) 7 топқа

5. көзқарас бойынша үшкүл жүйке жүйесінің невралгиясы ........ болып

есептеледі.

А) көпэтиологиялық

Б) бір этиологиялық

В) этиологиялық жағдайларға жатпайды

Г) зат алмасудың күшеюі

Д) зат алмасудың азаюы

6. Үшкүл жүйке жүйесі невралогиясының негізі..... бұзылуынан болады.

А) афференттік, анималдық, вегетативтік жүйке тіндерінің

Б) шеткі, артқы, жанама жүйке тіндерінің

В) вегетативтік, орталық жүйке тіндерінің

Г) анималдық, шеткі, алдыңғы, орталық жүйке тіндерінің

Д) афференттік, орталық, жанама жүйке тіндерінің

7. В. А. Карлов (1991 ж.) жүйке жүйесінің невралгиясын компрессия-

лы ....... деп атайды.

А)радикулоневропатия

Б) гепатология

В) этиологиялық жағдайларға жатпайды

Г) шеткі, артқы, жанама жүйке тіндерінің

Д) афференттік, анималдық, вегетативтік жүйке тіндерінің

8.невралгияны келесі ....... топтарға бөледі:

А) эссенциалды, идиопатиялы, таға тәрізді, әдеттегі және симптома-

тикалық.;

Б) таға тәрізді, еңбекке жарамсыз, әдеттегі

В) симптоматикалық, ауыру сезімі айтарлықтай емес, таға тәрізді

Г) идиопатиялық, еңбекке жарамсыз, ауыру сезімі айтарлықтай емес

Д) эссенциалды, таға тәрізді, әдеттегі

9. В.Е.Гречко үшкүл жүйе жүйесінің невралгиясын ....... топқа бөледі:

А) негізгі екі

Б) негізгі үш

В) негізгі төрт

Г) негізгі бес

Д) негізгі жеті

10. В.Е.Гречко үшкүл жүйе жүйесінің невралгиясын ...... топқа бөледі

А) себебі орталық және шеткі жүйке жүйесінде орналасқан невралгия

Б) себебі алдыңғы және шеткі жүйке жүйесінде орналасқан невралгия

В) себебі артқы және орталық жүйке жүйесінде орналасқан невралгия

Г) себебі жанама және шеткі жүйке жүйесінде орналасқан невралгия

Д) себебі жанасқан, орталық жүйке жүйесінде орналасқан невралгия

11. Кейбір жағдайда ұстамалы ауыру белгілері......... деп аталатын

аймақты қоздырғанда пайда болады.

А) біртригерлік немесе алгогендік

Б) Павлов нүктесінде

В) Пирогов нүктесінде

Г) Сағатбаев нүктесінде

Д) Төлеуов нүктесінде

12. .................. шүріппе аймағын қоздырғанда пайда болады.

А) ұстамалы ауыру белгілері

Б) созылмалы ауыру белгілері

В) өткір ауыру белгілері

Г) жанама ауыру белгілері

Д) доңғалақ ауыру белгілері

13. Науқас ұстама кезінде үрейлі қорқыныш сезімімен ........ қалады.

А) бір орнында жылжымай тұрып

Б) есінен таңып

В) жылжи береді

Г) арылы-берілі

Д) екпеттеп және шалқасынан жатаып алады

14. Одонтогендік невралгияның ......... сезімі болып табылады.

А) негізгі клиникалық белгісі тұрақты ауыру

Б) негізгі клиникалық белгісі өткір, жанама

В) негізгі клиникалық белгісі жедел, созылмалы

Г) негізгі клиникалық белгісі жеделдеу, жайылмалы

Д) негізгі клиникалық белгісі жасырын, созылмалы

15.Үшкүл жүйке жүйесінің қозғағыш тобының бұзылу себептері .......

болып табылады.

А) негізгі белгісі салдану, жақтың қарысуы (тризм)

Б) негізгі белгісі сыну, жақтың қарысуы (тризм)

В) негізгі белгісі жақ денесінің бойымен

Г) негізгі белгісі жарылу, жақтың қарысуы (тризм)

Д) негізгі белгісі жақтың буын өсіндісінің арт жағында

16. Бұл невралгия патологиялық процесстердің үшкүл жүйкенің

............... болады.

А) әрбір бөлігіне әсер етуінен пайда

Б) негізгі белгісі салдану, жақтың қарысуы (тризм)

В) негізгі белгісі жарылу, жақтың қарысуы (тризм)

Г) қинап, сіресіп,

Д) негізгі белгісі жақ денесінің бойымен

17. Тризм .......... белгі-синдромының бірі болып есептеледі.

А) үшкүл жүйке жүйкесінің невралгиясы қозуының, сіреспенің,

құтыру ауруларының

Б) негізгі белгісі жақтың буын өсіндісінің арт жағында

В) қинап, сіресіп,

Г) негізгі белгісі салдану, жақтың қарысуы (тризм)

Д) әрбір бөлігіне әсер етуінен пайда

18. Бұл уақытта шайнау бұлшықеттері жанды ....... жиырылады.

А) қинап, сіресіп,

Б) гиперестезия, гипоестезия

В) негізгі белгісі жақтың буын өсіндісінің арт жағында

Г) анестезия, парестезия

Д) ауырған жағына, тәріздес

19. үшкүл жүйке тармақтарының сезімталдық қасиеті ....... болып

табылады.

А) гиперестезия, гипоестезия, анестезия немесе парестезия тәріздес

Б) ауырған жағына, тәріздес

В) қинап, сіресіп,

Г) әрбір бөлігіне әсер етуінен пайда

Д) өзгеруінің негізгі белгісі

20. бет әлпет өзгеріп мимика қозғалысы кезінде ........ тартылады.

А) ауырған жағына

Б) ауырған жағына, тәріздес

В) қинап, сіресіп,

Г) гиперестезия, гипоестезия

Д) анестезия, парестезия

21. Дәмнің сезімталдығын білдіретін тілдің алдыңғы ..... т.б. белгілер

пайда болады.

А) 2/3 бөлігі бұзылып, көзден жас ағады

Б) көзден жас ағады, ¼ бөлігі қосылған

В) 2/5 бөлігіне кемейген, мұрыннан қан ағады

Г) мұрыннан қан ағады, құлақ ауырады

Д) құлақ ауырады, көз көрмейді

22. Барлық жағдайда мимикалық еттер жұмысының....болып табылады.

А) өзгеруі негізгі белгі

Б) тегістеліп

В) ауыз бұрышы төмен түсіп

Г) сілекей ағып

Д) ангина, тұмау

23. Бұл жағдайда бет қатпарлары .......... қиындайды.

А) тегістеліп, ауыз бұрышы төмен түсіп, сілекей ағып, ас алу

Б) ангина, тұмау

В) көзден жас ағады, ¼ бөлігі қосылған

Г) мұрыннан қан ағады, құлақ ауырады

Д) 2/5 бөлігіне кемейген, мұрыннан қан ағады

24. Бет жүйкесінің біріншілік невриті (Белл салдануы)........ нәтижесінде

пайда болады.

А)ангина, тұмау және т. б. аурулардың

Б) буындардың, желке

В) іш, иық және т. б. аурулардың

Г) жамбас және т. б. аурулардың

Д) көкірек және т. б. аурулардың

25.Ымдау бұлшықеттерінің қайтпайтын тұрақты салдануында ........ ем

қолданылады.

А) хирургиялық

Б) физиоем

В) элетрофорез

Г) физикалық

Д) химиялық

26. Көз саңылауын (лагофтальм) азайту үшін ............. латеральды

бөліктері тігіледі.

А) жоғарғы және төменгі қабақтың

Б) көз асты және төменгі қабақтың

В) көз үсті және төменгі қабақтың

Г) көз асты және жоғарғы қабақтың

Д) көз үсті және жоғарғы қабақтың

27. Ауыз бұрышының миопластикасы үшін ............ бұлшықеттерін

қолданады.

А) төс-бұғана-емізікше және самай

Б) қарын, жақ асты

В) мойын, сорушы

Г) құлақ маңы, шайнау

Д) қосқарыншалы, иық

28. Негізі күш бет жүйкесі невритін тудыратын ......... емдеуте

бағытталады.

А) негізгі ауруды

Б) физикалық

В) химиялық

Г) элетрофорез

Д) хирургиялық

29. Жүйке қызметінің бұзылуы ......... салдарынан дамиды.

А) ортаңғы құлақтың іріңді қабынуы, арахноидиттің

Б) бас сүйегінің шіруі

В) қарақұс сүйегінің қабынуы

Г) көз алмасының қанталауы

Д) мұрыннан қан кету

30. Алдымен невритке себеп болған ........ емдеу қажет.

А) жалпы ауруды

Б) қабынуға қарсы

В) шіруге қарсы

Г) сіріспеге қарсы

Д) қарысуға қарсы

ХV ТАРАУ

Наши рекомендации