НефритикалыҚ (жедел нефритикалыҚ) синдром
«Жедел нефритикалық синдром» симптомдар кешеніі мыналармен сипатталады:
· Гематуриямен (макро, микрогематурия)
· Протеинуриямен (орташа)
· Ісіну (жиі орташа)
· Артериялық гипертония
· Шумақтық фильтрация жылдамдығының тез төмендеуі және азотемиямен
Толық клиникалық-лабораторлық комплекспен бірге кейбір науқастарда тек жекеленген көріністер байқалуы мүмкін. Мысалы шамалы көз астының ісінуі және несептік синдром. Ісіну және гипертензия айқын болмай және аурудың қысқаша көрінісі түрінде өтуі мүмкін. Жедел нефритикалық синдромның себебі - инфекция (жедел стрептококктан кейінгі ГН, басқа да инфекциядан кейінгі ГН). Жүйелі аурулармен ажырата білу керек (жүйелі қызыл жегі, жүйелі васкулиттер, Гудпасчер синдромы және т.б.) (3-кесте).
3-кесте. Нефритикалық синдром себептері
Біріншілік ГН |
|
Жүйелі аурулар |
|
Жедел түтікшелік-интерстициялықі нефрит |
Негізгі симптомдар патогенезі – ісіну және гипертензия ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуінен және су мен тұздың ұсталуынан дамиды (3-сурет).
Созылмалы гломерулонефрит кезінде біртіндеп шумақтардың зақымдануы баяу түрде протеинурияның өсуіне, гематурияға, артериялық гипертензияға және бүйрек қызметінің төмендеуіне әкеледі (бүйректің созылмалы ауруының 1-ден 5-ке дейінгі сатылары).
3-сурет. Нефритикалық синдром патогенезі
Тез үдемелі ГН – шумақ ауруының бір түрі, бұл кезде бүйрек жетіспеушілігінің тез үдеуі, олигуриямен протеинурия және гематурияның қосарласа жүруі байқалады, нефротикалық синдром белгілері байқалмайды. Тез үдемелі гломерулонефриттің морфологиялық белгісіне экстракапиллярлы өзгерістер жатады («жарты ай тәрізді» өзгерістер >50 % шумақтарда кездеседі).
Балалар мен жасөспірімдердегі нефритикалық синдромның ең жиі себебіне стрептококктан кейінгі және инфекциядан кейінгі ГН жатады. Созылмалы ағым кезінде жиі IgA нефропатия анықталады. IgA нефропатия жедел нефритикалық синдром түрінде басталып балалар мен жасөспірімде узақ уақыт бойы гематурия және протеинуриямен көрінуі мүмкін. Бірақ уақыт өте келе (10 және одан көп жыл) бірінші орынға артериялық гипертензия және бүйрек қызметінің терминальді сатыға дейін төмендеуі (БСА 5- сатысы) шығады. Бұл ауру Қазақстанда және басқа да Азия елдерінде жиі кездеседі.
Жедел нефритикалық синдром асқынулары - эклампсия және жедел жүрек жетіспеушілігі, гипертонияның тез өрістеуінен және су мен тұздың ұсталуынан дамиды. Өтпелі азотемиямен бірге олигурия кезінде бүйректің жедел жетіспеушілігі дамып, гемодиализ емін қажет етуі мүмкін.
Тәжрибеде жедел нефритикалық синдромды жарты ай тәрізді зақымданумен жүретін тез үдемелі ГН-тен (бүйрек биопсиясы керек) ажырата білу керек, өйткені бұл аурулар кезінде емдеу жолы мен болжамы өзгеше.