Интерн-бакалаврға арналған емтихан тапсырмалары. Бекет №8.Апгар шкаласы бойынша жаңа туылған нәрестенің жағдайын бағалау

Бекет №8.Апгар шкаласы бойынша жаңа туылған нәрестенің жағдайын бағалау

Тапсырма №8. Сіздің алдыңызда жаңа туылған нәресте – муляж. Оның жағдайын Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз.

Уақыт – 6 минут.

Интерн-бакалаврғ арналған нұсқау

Апгар шкаласы бойынша жаңа туылған нәрестенің жағдайын бағалау.

Сздің алдыңызда жаңа туылған нәресте – муляж. Жағдайын Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз және біріншілік өңдеуін жүргізіңіз.

Нәрестенің тері жамылғысы қызғылт, жүрек тондары анық, ырғақты, тынысы біртекті, бұлшықет тонусы мен рефлекстері сәл төмендеген, жоғарғы тыныс жолдарынан кілегейді сорғаннан кейін айқайы қатты.

4 қосымша

ОҚКЕ бағалау парағы.

Интерн-бакалавр № Бекет 8. Тапсырма 8.

Емтихан алушы___________________

Орындауды бағалау критерийлері:

Тапсырмалар, ретінің критерийлері 0-0,1 орындаған жоқ 0,2-0,3 ескертулермен орындады 0,4-0,5 толық орындады
Жаңа туылған нәрестенің жағдайын Апгар шкаласы бойынша бағалау критерийлері      
Жаңа туылған нәрестенің тыныс алуын бағалау      
Аускультация тәсілімен жүрек соғысын бағалау      
Тері жамылғысының түсін қарау      
Бұлшықет тонусын бағалау      
Рефлекстерін анықтау      
Жаңа туылған нәрестенің тыныс алуын, жүрек соғысын, тері жамылғысының түсін, бұлшықет тонусын, рефлекстерін 5 минуттан кейін бағалау.      
Жаңа туылған нәрестенің жағдайын қорытындылау      
  Қорытындысы      

Этап бойынша максимальды ұпай – 4,0

Әріп жүйесімен бағалау Бағаның сандық эквиваленті % мазмұны Дәстүрлі жүйемен бағалау
А 3,84 – 4,0 95-100 «өте жақсы»
А- 3,51 – 3,83 90-94
В+ 3,17 – 3,50 85-89 «Жақсы»
В 2,84 – 3,16 80-84
В- 2,51 – 2,83 75-79
С+ 2,17 – 2,50 70-74 «Қанағаттанарлық»
С 1,84 – 2,16 65-69
С- 1,51 – 1,83 60-64
D+ 1,17 – 1,50 55-59
D 1,0 – 1,16 50-54
F 0 – 0,99 0-49 «Қанағаттанарлықсыз»

Баға _______ Емтихан алушы қолы _____________

Бекет 8 Тапсырма 8

Емтихан алушыға ақпарат: Апгар шкаласы бойынша жаңа туылған нәрестенің жағдайын бағалауда интерн-бакалаврдың тәжірибелік дағдыларын төменде берілген критерийлерді ескере отырып бағалаңыз.

Тапсырмалар ретінің критерийлері 0-0,1 орындаған жоқ 0,2-0,3 ескертулермен орындады 0,4-0,5 толық орындады
Жаңа туылған нәрестенің жағдайы Апгар шкаласы бойынша туылғаннан кейін 1 минутта және 5 минуттан кейін тыныс алуын, жүрек соғысын, тері жамылғысының түсін, бұлшықет тонусын, рефлекстерді бағалайды.      
Жаңа туылған нәрестенің тыныс алуын, ырғағын, 1 минутта жиілігін бағалайды. Тыныс алуы болмаса – 0 ұпай; сирек, бірең-сараң тыныс алуы – 1 ұпай; тыныс алуы қалыпты, айқайы қатты – 2 ұпай.      
Аускультация тәсілімен жүрек соғысының ырғағын, жиілігін бағалайды. Жүрек соғуы болмаса – 0 ұпай, 1 минутта жүрек соғуы 100-ден төмен болса – 1 ұпай, 1 минутта жүрек соғуы 100-ден жоғары болса – 2 ұпай.      
Тері жамылғысының түсін тексереді: 0 ұпай – тері жамылғысы бозғылт немесе көгерген болса; тері жамылғысы ақшыл-қызғылт түсті және акроцианоз байқалса - 1 ұпай; тері жамылғысы ақшыл-қызғылт түсті–2 ұпай.      
Бұлшықет тонусын тексереді. 0 ұпай – бұлшықет тонусы анықталмаса; 1 ұпай – аяқтарын әлсіз бүксе; 2 ұпай – аяқ-қолдарының қозғалысы белсенді болса.      
Рефлекстерді тексереді. 0 ұпай – табандарын тітіркендіруге жауап болмайды; 1 ұпай –әлсіз қимыл; 2 ұпай - қозғалысы белсенді, айқайы қатты.      
Жаңа туылған нәрестенің тыныс алуын, жүрек соғысын, тері жамылғысының түсін, бұлшық еттонусын, рефлекстерін бағалау 5 минуттан соң қайталанады.      
Жаңа туылған нәрестенің жғдайын қорытындылайды. Апгар шкаласы бойынша 8-10 ұпай болса – бұл нәрестенің қанағаттанарлық жағдайын білдіреді; 7-6 ұпай – жеңіл дәрежелі асфиксияның белгісі; 5-4 ұпай – асфиксияның орташа дәрежесі; 4-0 ұпай – ауыр дәрежелі асфиксия.      
  Қорытындысы      

Осымша 3.

Интерн-бакалаврға арналған емтихан тапсырмалары.

Бекет 9. Ұрықтың вакуум-экстракциясы

Тапсырма 9.

Ұрықтың вакуум-.экстракциясы

Уақыт– 6 минут.

Интерна-бакалаврға арналған нұсқау

Сіздің алдыңызда қуыршақ фантом

Жүкті әйел 25 жаста, босанудың II кезеңі, ұрық жағдайының нашарлауы. Ұрықтың вакуум-экстракциясын жасау қажет. Қажетті құралдар бар, сізге қажетті құралдарды таңдаңыз.

Осымша 4.

Наши рекомендации