Жеделдетілген нормалау– 1 сағат

Мақсаты: Қоршаған ортаның факторларын гигиеналық нормалау принциптеріне түсінік беру, гигиеналық сараптама мен жеделдетілген нормалаумен таныстыру.

Дәріс тезистері:Факторларды гигиеналық нормалау келесі принциптерге негізделеді.

1. Медициналық көрсетілімдердің біріншілік принципі, яғни нормативті техникалық қол жеткізбеу оны жоғарылатудың аргументі болуы мүмкін емес.

2. Биологиялық жауаптарды дифференциалдау принципі..

3. Фактордың әсеріне ағзаның жауап реакциясы оның биологиялық белсенділігі ме, фактордың мөлшеріне және ағзаның қарсылығына байланысты. биологиялық жауаптың 5 түрінен: өлімшілдік, аурушаңдылық, аурудың физиологиялық белгілері, табиғаты белгісіз ағзадағы жылжулар және олардың ағзада жиналуы-гигиеналық норматив алдыңғы 4 жауапты алып тастайды және тұрғындардың ең сезімтал топтарына бағытталады.

4. Қоршаған ортаның нысандарын бөлу принципі.

5. Бір ғана затқа арналған гигиеналық нормативте қоршаған ортаның әртүрлі нысандарына біркелкі емес. Бұлар әсер ету уақытының әртүрлілігімен, қатынас, әртүрлі ортада заттың физико-химиялық әсерлердің біркелкі еместігімен байланысты болып табылады.

6. Барлық қолайсыз факторларды еспке алу принципі, яғни норматив адамның ағзасына ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға да әсерін есепке алу қажет.

7. Табалдырықтық принципі. Әрбір факторға әсер ету табалдырығы бар- зиянсыз болып табылатын фактордың деңгейі.

8. «Доза-уақыт-тиімділік» принципі.

9. Зертханалық сараптама принципі. Сараптамада алынған мәліметтерге қарап норматив бекітіледі.

10. ШРЕК салыстырмалы принципі. Нормативтер кезеңді түрде қайта қарастырылып отырады, себебі жаңа әдістер пайда болады, олар алдыңғы әдістермен анықталынбаған өзгерістерді табуға мүмкіндік туғызады.

11. Гигиеналық нормалаудың кезеңділігі. Нормалау бірнеше кезеңдерде жүргізіледі. Бірінші кезеңдерде ақ қауіптілігі аз болатын заттарға нормативтерді дайындау барысында уақытты шектеуге мүмкіндік туғызады.

Гигиеналық нормативтерді орнатудағы дәстүрлік әдістер ұзақ уақытқа созылады, көп еңбектенуді және үлкен материалдық шығынды қажет етеді. Бұдан басқа, санитарлық регламентацияны қажет ететін химиялық заттардың саны зертхананың мүмкіндіктерін жоғарылатады.Осы аталған мәселенің бір шешімі жедлелдетілген нормалау әдісін енгізу болып табылады. Бұл кезде екі негізгі талап сақталуы қажет:

1. Зерттеулердің бағдарламалары ғылыми түрде қысқартылуы.

2. Нормаланатын шаманың анықтау мүмкіндігін сақтау. Негізінен мұндай жедел-әдістер есептеу болып табылады және есептеулер келесі көрсеткіштер бойынша есептеледі:

а) токсикометрия (LD50, LС50) көрсеткіштері бойынша,

б) басқа орталардағы нормативтер (ШРЕК) бойынша

в) заттың физико-химиялық қасиеті бойынша (молекулярлық салмағы, қайнау температурасы),

г) жасушадағы токсигенділігі бойынша,

д) гидробионттардағы токсигенділігі бойынша,

е) басқа елдерде дайындалған нормативтер бойынша,

ж)химиялық құрылымы бойынша.

Ең қолайлы есептеулер жедел-сараптауда және басқа ортаның нысандарына орнатылған ШРЕК негізделген есептеулер болып табылады. Басқа елдердің ШРЕК қолдану тек принцптер мен әдістемелік ұсыныстар толығымен біркелкі сәйкес келгенде ғана қолдануға болады.

Иллюстративті материал:мультимедийлі презентация.

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Гигиена / Под ред. акад. РАМН Г.И. Румянцева. - М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА,2000ж.309-360 беттер.

Қосымша:

3. Общая гигиена: Пропедевтика гигиены / Гончарук Е.И., Кундиев Ю.И., Бордов В.Г.и др. – К.: Вища шк., 1999ж. –155-162 беттер.

4. Неменко Б.А., Кенесариев У.И. Коммунальная гигиена. – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2003ж. – 34-42 беттер.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1. Ағзада заттардың жиналуын туғызған осы норматив жетілдірілген бе?

2.Барлық факторлар міндетті нормалауға жата ма?

3. Қоршаған ортаның әртүрлі нысандарында болатын бір заттың түріне сол бір ғана нормативті қолдануға бола ма

Мамандығы: Жалпы медицина

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Курс: 3

Пән: Жалпы гигиена

Растырған: м.ғ.к., аға оқытушы Ержанова А.Е.

Наши рекомендации